Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет146/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   258
59-сурет. Альдостерон концентрациясы мен плазма көлемінің 2 сағаттық 
циклдік жаттығулар кезіндегі өзгерістері (A. Giovanelli мəліметтері 
бойынша)


291
Қан айналу жүйесі. Жоғары ауа температурасы кезінде (мы-
салы, күн ыстық күндері) дененің тікелей қызып кетуі жағдайында 
адамның тыныштық күйінде тері қан айналысы күшейеді жəне 
ЖЖЖ жоғарылауынан жүректің минуттық қан көлемі артады. 
Мұнда систолалық көлем өзгеріссіз қалады. Жалпы перифериялық 
тамыр кедергісі жəне артериялық (систолалық) қысым төмендейді. 
Мəселен, құрғақ ыстық ауа болатын фин моншасына (саунаға) түсу 
шамамен, жүректің минуттық қан көлемінің 70%-ға жəне ЖЖЖ 
60%-ға аса артуын тудырады. 
Бұл артқан жүректің минуттық қан көлемі жылу шығаруды 
күшейту үшін тері тамырларына бағытталады. Бұдан басқа тері 
қан айналысы құрсақ қуысы мүшелері мен бұлшық ет арқылы (аз 
дəрежеде) қан айналысының азаюымен жүретін жүректің минуттық 
қан көлемінің қосымша қайта таратылуы есебінен артады. Жатыр 
жəне бүйрек қан айналысы тері температурасының жоғарылауына 
тура пропорциялы төмендейді. 
Аэробтық қуаттылықты жұмыс кезінде көбіне, жоғары ауа тем-
пературасы О
2
пайдаланудың жалпы жылдамдығына елеулі ықпал 
жасамайды. Тек ыстық жағдайда жеңіл жұмысты орындау кезінде 
бейтарап жағдайға қарағанда оттекті пайдалану біршама жоғары бо-
луы мүмкін. 
Жоғары ауа температурасы ұзақтығы 4-6 мин-қа дейін қысқа 
мерзімдік жұмысты орындау кезінде жүрек-тамыр жүйесі 
қызметінің көрсеткіштеріне айтарлықтай ықпал етпейді. Максимал-
ды аэробтық жұмыс кезінде (ОМП деңгейінде) ыстық жəне бейта-
рап жағдайларда максималды жүректің минуттық қан көлемі, ЖЖЖ 
жəне жүйелік АВА-О
2
бірдей болады. ОМП ыстық жағдайларда да 
азаймайды, бірақ ОМП деңгейінде жұмыстың шекті ұзақтығы күшті 
қысқарады. 
Ыстық жағдайда ұзақ мерзімдік жұмысты орындау кезінде 
жүрек-тамыр жүйесі жұмыс атқарушы бұлшық еттерге қажетті 
оттегі мөлшерін жеткізу үшін (метаболизмдік сұраныс) олардың 
адекватты (барабар) қанмен жабдықталуын жəне жылу шығару 
жоғары болу үшін (жылу реттеуші сұраныс) тері қан айналысының 
күшеюін бір мезгілде қамтамасыз ету қажет. Бұл міндет одан əрі қан 
айналымдағы қан көлемінің азаюынан жəне оның тұтқырлығының 
жоғарылауынан барынша күрделене түседі. 
Ыстық жағдайларда жүректің жиырылу жиілігі жəне жүректің 


292
минуттық қан көлемі ортаның бейтарап жағдайында осындай 
жұмысты орындау кезіне қарағанда жоғары болады. Жүректің жиы-
рылу жиілігіне температурадан басқа жоғары ауа ылғалдылығы 
да ықпал етеді. ЖЖЖ артуы ыстық жағдайда жұмыстың жаңа
басталған кезінен байқалады. Жүректің минуттық қан көлемі 
жұмысты орындау үдерісінде біртіндеп артады, ал систолалық көлем 
прогрессивті (ілгерілей) азаяды. Жүректің минуттық қан көлемінің 
артуы жылу шығарудың күшеюі үшін тері тамырлары арқылы 
қосымша қан айналысын қамтамасыз етеді. 
Орындалатын жұмыс қуаттылығының артуымен жүректің минут-
тық қан көлемінің «жылылық» өсуі азаяды. Ыстық жағдайларда суб-
максималды жəне максималдыға жуық аэробтық жүктемелерді 
орындау кезінде жүректің минуттық қан көлемі шамамен, бейтарап 
температуралық жағдайдағы сияқты болады. Дегенмен, жоғары ауа 
температурасы кезінде ЖЖЖ қосымша жоғарылауымен өтелетін 
систолалық көлемнің елеулі төмендеуі жүреді. Жүректің минуттық 
қан көлемі одан əрі арта алмайтындықтан, тері қан айналысының əрі 
қарайғы күшеюі тек жүректің минуттық қан көлемінің қайта тара-
тылуы есебінен қамтамасыз етіледі. Нəтижесінде жұмыс атқаратын 
бұлшық еттер арқылы қан айналысы азаяды, олардың оттегімен 
жабдықталуында тапшылық туындайды, бұлшық еттердің энергия 
өндіруде анаэробтық үлесі артады. Сондықтан сол бірдей субмак-
сималды жəне максималдыға жуық аэробтық жүктемелер кезінде 
қандағы лактат концентрациясы бейтарап жағдайларға қарағанда 
ыстық жағдайларда жоғары болады. 
Жұмыс атқарушы бұлшық еттердің қанмен жабдықталуының на-
шарлауы – ыстық жағдайларда жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуінің 
басты себептерінің бірі. Жоғарыда айтылғандар бойынша бұлшық 
ет қан айналысының нашарлауы екі негізгі себептердің салдары-
нан болып табылады: біріншіден, жылу шығарудың күшеюі үшін 
тері тамырларына бағытталған жүректің минуттық қан көлемінің 
үлесі артады, екіншіден, дегидратацияның даму өлшемі бойын-
ша қан айналымдағы қанның жалпы жəне орталық көлемдерінің 
төмендеуінен веналық қайтарылудың түсуімен туындаған 
систолалық көлемнің азаюы нəтижесінде жүректің минуттық қан 
көлемі азаяды. 
Тері қан айналымының мүмкін болатын максималды көлемді 
жылдамдығы – 7-8 л/мин. Сонда да тіпті, өте жоғары ауа темпера-


293
турасы кезінде де тері қан айналысы 3-4 л/мин-тан аспауы ықтимал. 
Сəйкесінше тіпті осы жағдайларда да тері тамырлары біршама 
тарылған (белсенді тамыр тонусы күйі). Жұмыстың жалғасуы бо-
йынша біртіндеп тамыр тонусының төмендеуінен тері тамырлары 
кеңейеді. Нəтижесінде тері тамырлары торларына қанның одан əрі 
көп мөлшері бағытталады, ал жұмыс атқарушы бұлшық еттердің 
қанмен жабдықталуы одан əрі нашарлайды. 
Тері тамырларының кеңеюімен жалпы перифериялық тамырлар 
кедергісі азаяды. Өзгермеген жүректің минуттық қан көлемі кезінде 
бұл тіпті, тамырлық коллапсты (талуды) тудыратын деңгейге дейін 
біртіндеп төмендейтін артериялық қан қысымының түсуіне əкеледі. 
Əсіресе, жүректің минуттық қан көлемінің төмендеуінен артериялық 
қан қысымы дереу төмендейді. Бұл ЖЖЖ сол адам үшін максимал-
ды мүмкін болатын деңгейге жеткенде жүреді, ал систолалық көлем 
төмендеуі жалғасады. 
Ыстық жағдайларда жұмыс кезінде жатырлық қан айналысы 
дереу төмендегендіктен құрсақ қуысы мүшелерінің, ең алдымен, 
бауырдың жеткіліксіз қанмен жабдықталуымен байланысты орга-
низм үшін қосымша қиындықтар туындайды. Жоғары ауа темпе-
ратурасы кезінде жұмыс бүйректік қан айналысының да күшейе 
төмендеуін тудырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет