310
ына пропорциялы түрде атмосфералық ауаны құрайтын газдардың
парциалдық қысымы төмендейді. Адам үшін оттегінің парциалдық
қысымының төмендеуінің жəне осымен байланысты дем алған
ауа көлеміндегі оның молекулалары
санының төмендеуінің, яғни
гипоксиялық күйдің басты маңызы бар. Биіктікте адам өспелі
гипобаралық гипоксия күйіне түседі. Мұндай жағдай герметикалық
барокамерада ондағы қысымды төмендету жолымен жасалуы
мүмкін. Кейде оларды қоспалардың
қалыпты жалпы барометрлік
қысым кезінде О
2
мөлшері төмендетілген газ қоспаларымен тыныс
алдыру жолы арқылы модельдейді.
Биіктіктің артуымен атмосфералық ауадағы оттегі тапшылығы
альвеолалық ауада оттегі парциалдық қысымының төмендеуін,
артерия қанындағы оның мөлшерінің азаюын жəне
соның салда-
ры ретінде ұлпалардың оттегімен қамтамасыз етілуінің нашарла-
уын тудырады. Сондықтан тауда болу организмнің оттегімен ба-
рабар қамтамасыз етілуін ұстап тұру үшін
арнайы физиологиялық
бейімделуді қажет етеді.
Биіктікте атмосфера тығыздығының төмендеуінің басқа əсері
қозғалатын денеге
ауаның сыртқы кедергісінің азаюы болып та-
былады. Сондықтан бірдей жылдамдықпен орын ауыстыру кезінде
сыртқы жұмыс жазыққа қарағанда биіктікте азырақ болады. Əсіресе,
бұл жоғары жылдамдықпен орын
ауыстыру арқылы орындала-
тын спорттық жаттығуларда көрінеді. Қысқа қашықтыққа жүгіруде
(спринтер), конькимен шапшаң жүгіруде, қысқа арақашықтағы ве-
лосипед спортында жазыққа қарағанда биіктікте неғұрлым жоғары
нəтижелерге қол жеткізу мүмкін болады.
Ауа температурасы биіктік артқан сайын төмен болады. Егер
теңіз деңгейінде орташа температура 15°С-қа тең болса, ол биіктік
əр 1000 м артқан сайын 6,5°С-қа тіпті,11000 м жуық биіктікке дейін
көтерілу барысында төмендеуі мүмкін.
Биіктікте
сонымен қатар ауаның салыстырмалы ылғалдылығы
да төмендейді. Тауда ауа неғұрлым құрғақ болғандықтан, бұл
жағдайларда теңіз деңгейіне қарағанда дем шығарған ауамен судың
жоғалуы көбірек болады. Егер жоғары биіктікте ұзақ жұмыс орын-
далатын болса, онда судың көп жоғалуы дегидратацияға жəне ауыз
қуысының кеберсінуі сезіміне əкелуі мүмкін.
Тауда
күн жəне ультракүлгін радиациялары əсері
жазыққа
қарағанда неғұрлым қарқындылау болғандықтан қосымша
қиындықтар, яғни күюді, қардан көздің қарығуын тудыруы мүмкін.
311
Тартылыс күші биіктік артқан сайын азаяды. Сондықтан орта
биіктік жағдайында секіру, лақтыру сияқты спорттық жаттығуларды
орындау барысында жоғары жетістіктерге жету қолайлы келеді.
Альпинизмнен
(шыңға
өрмелеуден)
басқа
спорттың
барлық түрлерінде жаттықтыру мен жарыстар 2500-3000 м-ге
дейінгі биіктікте өтеді. Осыған орай спорттық практика үшін
1500-3000 м-ге дейінгі орта таулы аймақ
биіктігінің организмге
физиологиялық ықпалының қаншалықты екенін білу өте маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: