Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Суық жағдайларда дене жұмыс қабілеттілігі



Pdf көрінісі
бет153/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   258
Суық жағдайларда дене жұмыс қабілеттілігі. Суық жағдайлар-
да бұлшық ет жұмысы кезінде дененің жылу оқшаулауы айтарлықтай 
төмендейді жəне жылу жоғалту (конвекциямен) күшейеді. Бұл 
тыныштық күйге қарағанда жылу балансын сақтау үшін көп жылу 
түзілу қажет екенін білдіреді. Сыртқы температураның төмендеу 
мөлшері бойынша, яғни дене мен қоршаған орта арасындағы 
температуралық градиенттің артуы барысында бұлшық ет жұмысы 


307
кезінде жылу өндіру арту керек. Егер қосымша жылу түзілуді 
қамтамасыз ететін бұлшық ет əрекеті жеткіліксіз дəрежеде қарқынды 
болса, дене температурасы қалыптағы мөлшерден төмен түседі (ги-
потермия). 
Аз қуаттылықты жүктеме кезінде (оттегі пайдалану 1,2-1,4 л/
мин-қа дейін) оттегі пайдалану жылдамдығы төменгі ауа темпера-
турасы жағдайында комфортты температуралық жағдайға қарағанда 
жоғары болады. Неғұрлым жоғары жүктеме кезінде (оттегі пайда-
лану 1,4 л/мин-тан жоғары) оттегі пайдалану жылдамдығы сыртқы 
температураға тəуелді болмайды. Суық жағдайда бірдей оттегі пай-
далану жылдамдығы кезіндегі жұмыс термобейтарап жағдайдағы 
осындай жұмыспен салыстырғанда ЖЖЖ біраз төмендеуін жəне 
систолалық көлемнің жоғарылауын тудырады.
Суық жағдайда салыстырмалы аз қуаттылықты жұмыс кезінде 
жоғары энергиялық шығындар (оттегі пайдалану жылдамдығы 
неғұрлым жоғары) суықтық дірілмен байланысты. Ол жүктеменің 
айтарлықтай дəрежеге дейін артуымен жоғалады. Жеңіл жүктемелер 
кезінде ректалды температура төмендейді, ал ауыр жүктемелерде 
комфортты жағдайлардағы сияқты деңгейде қалады. Сонымен кейбір 
қуаттылықты дене жүктемесінен (оттегі пайдалану жылдамдығы 
2 л/мин-қа жуық) бастап жылу жоғалтуға сəйкес жылу өндірудің 
критикалық деңгейіне жеткенде суықтық діріл жоғалады жəне 
дененің жұмыс температурасының реттелуі тұрақталады. 
Қалыпты немесе (бұлшық ет əрекеті нəтижесінде) жоғары дене 
температурасы кезінде суық жағдайларда ОМП жəне максималды 
ЖЖЖ өзгеріссіз қалады. Бірақ өкпе вентиляциясы біршама күшейеді, 
ал ОМП деңгейінде жүгірудің шекті уақыты төмендейді. Гипотермия 
ОМП төмендеуіне əкеледі: дене ядросы температурасы 37,5°С-тан 
төмен кезде дене температурасының əр градусы бойынша түсе оты-
рып, ол 5-6%-ға азаяды. ОМП мұндай төмендеуінің негізінде мак-
сималды ЖЖЖ түсуінен жүректің минуттық қан көлемінің азаюы 
жатыр. Гипотермия жағдайында адамның төзімділігі төмендейді: 
жүктеме ауырлығын субъективті бағалау дене температурасы-
на тəуелді болмаса да тұрақты аэробтық қуаттылықты жұмысты 
орындаудың шекті уақыты азаяды. 
Максималды динамикалық күш белгілі шамада бұлшық ет тем-
пературасымен тура байланысты. Сондықтан көп динамикалық 
күштің көрінуімен орындалатын жаттығуларда (спринт, секіру) 


308
бұлшық ет температурасының төмендеуін тудыратын ортаның суық 
жағдайларында нəтижелер төмендейді. 
Кейбір спорт түрлері (коньки жарыс, шаңғы, т.б.) жарыстары 
мен жаттықтыру сабақтары көбіне, суық ауа райында өтеді. Деген-
мен, күшті аяз бен желді күнді қоспағанда суық жағдайлар кезінде 
көбіне, спортшының жұмыс қабілеттілігі мен дене температура-
сын реттеуде ең алдымен, спортшы денесінде өте көп мөлшерде 
метаболизмдік жылудың түзілуімен жүретін қарқынды бұлшық ет 
əрекеті арқасында елеулі проблемалар туындамайды. Осы жылу 
есебінен тіпті, суық жағдайлардың өзінде дененің айтарлықтай 
қызуын жəне оның жоғары жұмыс температурасын ұстап тұру 
мүмкін болады. Мəселен, егер еріксіз түрдегі суықтық діріл негізгі 
алмасуды максималды 2-5 есе арттырса, онда күш сала орындала-
тын бұлшық ет əрекеті 20-30 есеге жоғарылатады. Суық жағдайда 
жылудың атмосфераға берілуі конвекция жəне радиация есебінен, 
ал тер бөліну кезінде тердің булануы есебінен жеңіл жүреді. Осы-
мен бірге қоршаған ортаның төмен температурасы (бірақ аяз емес) 
жағдайында ыстық жағдайдағы жұмыс кезіне қарағанда жылу 
шығару үшін жеңілдетілген жағдайлар төзімділікке жаттықтыру 
кезінде жоғары жұмыс қабілеттілігі үшін алғышарттар жасайды. 
Мысалы, 12°С жуық температура кезінде марафондық жүгіруден 
кейін спортшының ректалды температурасы, тіпті, жүгіруге дейінгі 
кезге қарағанда төмен (сəйкесінше, 37,3°С жəне 37°С) болады. 
Белгілі бір проблемалар суықта болудың бастапқы кезінде не-
месе осы жағдайларда жоғары бұлшық ет белсенділігі мен тынығу 
кезеңдерін кезектестіре қайталау жұмыстары орындалғанда ту-
ындайды. Бұл жағдайларда жылдам жылу жоғалту салдарынан 
суықтанудың алдын алатын спорттық киімнің маңызы зор. Тек өте 
суық жағдайларда ғана жоғалған жылу мөлшері гипотермия күйінің 
дамуымен бұлшық ет əрекеті кезінде өндірілген жылудан асып кетуі 
мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет