Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет160/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   258
Өкпе вентиляциясының артуы. Адаптациялық гипервенти-
ляция биіктікте болған алғашқы бірнеше сағаттарда-ақ байқалады. 
Бірнеше күн барысында сол жүктемені орындау кезінде өкпе 
вентиляциясының əрі қарай артуы жүреді. Осы биіктікте бір аптадан 
соң ӨВ жоғарылаған деңгейі тұрақтанады. Гипобаралық гипоксия 
жағдайына ұзақ мерзімдік акклиматизация тыныс алу реттелуінің 
хеморецепторлық механизмі сезімталдығын азайтады: тыныс 
алу орталығына рефлекстік ықпалы жəне оның гипоксиялық пен 
гипокапниялық стимулдарға реакциясы əлсірейді. 
Жазық жағдайға оралғанда ӨВ кəдімгі деңгейге жетуі үшін 
бірнеше апта қажет болады. 
Өкпенің диффузиялық қабілеттілігінің жоғарылауы. Өкпе-
нің диффузиялық қабілеттілігі биіктік акклиматизациясы үдерісінде 
баяу өзгереді. Тіпті, 5800 м биіктікте 6 ай болғаннан кейін өкпенің 
диффузиялық қабілетінде елеулі өзгерістер байқалмайды. Сонымен 
бірге ол жоғары биіктіктің тұрғылықты тұрғындары мен ұзақ өмір 
сүрушілерінде жазық жердің тұрғындарына қарағанда жоғары бола-
ды. 
Биіктікте ұзақ өмір сүретін адамдарда газдар диффузиясы үшін 
өкпенің жалпы беткейі біршама артады, ол ең алдымен, өкпе капил-
лярлары көлемі мен альвеола ауданының олардың үнемі созылуы 
– дилятациясы арқасында артуы есебінен жүреді. Бұл альвеолалық-
капиллярлық мембрананың жұқаруына əкеледі. Нəтижесінде ол 
арқылы О
2
молекулаларының диффузиясына қолайлы жағдай туады. 
Кеңейген өкпе капиллярлары арқылы қан айналысының баяулауы да 
О
2
диффузиясы үшін жағдайды жақсартады. 
Биік таулы аймақтың тұрғылықты тұрғындарында жазық жердің 
тұрғындарымен салыстырғанда барлық өкпе сыйымдылықтары 
(жалпы, тіршілік, функциялық қалдық) көрсеткіштері мен өкпенің 
қалдық көлемі ұлғайған. 
Қан жүйесіндегі өзгерістер. Қан жүйесіндегі негізгі адапта-
циялық өзгерістер оның оттегі тасымалдау мүмкіндіктерінің 
жоғарылауына бағытталған. 
Биіктікке акклиматизация қан жəне басқа ұлпалардағы төмен 


319
О
2
мен СО
2
парциалдық кернеуіне бейімделу болып табылады. 
Биіктік гипервентиляциясы альвеолалық ауадағы жəне сəйкесінше, 
артериялық қандағы О
2
парциалдық қысымының түсуіне кедергі 
келтіреді. Бірақ биіктікте болған сəтте байқалған артериялық 
қандағы О
2
парциалдық кернеуінің төмендеу дəрежесі бірнеше 
апта бойы акклиматизация барысында тұрақты болып қалады. 
Биіктікте қысқа мерзімдік болу кезінде ӨВ өсуімен бірге артериялық 
қандағы СО
2
парциалдық кернеуінің төмендеуі жалғаса береді. Де-
генмен, биіктікке ұзақ мерзімдік акклиматизация нəтижесінде ол 
жоғарылайды. Ол тыныштық күйдегі сияқты əсіресе, бұлшық ет 
жұмысы кезінде айқындалады. 
Қан мен дененің басқа сұйықтықтарындағы қышқылдық-
сілтілік тепе-теңдік биіктікте бірнеше күн болу барысында қаннан 
бүйректер арқылы (бикарбонаттардың) сілтілердің күшті экскре-
циясы мен олардың зəрмен кетірілуі арқасында біртіндеп қалпына 
келеді. Қаннан бикарбонаттардың күшті экскрециясы оның рН 
қалыпты (7,40 жуық) мөлшерге дейін қалпына келгенде тоқтайды. 
Алкалоздың төмендеуі өкпе вентиляциясының əрі қарай күшеюіне 
əкеледі. 
Жоғары биіктікке акклиматизацияланған адамдар қанында 
буферлік негіздер (сілтілік резерв) мөлшерінің азаюының теріс əсері 
бар: метаболизмдік қышқылдардың (ең алдымен, сүт қышқылының) 
түзілуімен жəне олардың қанға бөлінуімен байланысты бұлшық 
ет жұмысы кезінде туындайтын ацидозға қарсы тұру қабілеті 
төмендейді. Бұл жұмыс қабілеттіліктің төмендеуі себептерінің бірі 
болуы мүмкін. 
Артериялық қандағы лактат концентрациясы стандартты 
субмаксималды аэробтық жүктемені орындау кезінде биіктікке ак-
климатизация барысында төмендейді. Əрі сол адамға тəн қандағы 
лактаттың максималды концентрациясы да ұзақ мерзімдік биіктікке 
акклиматизация үдерісінде біршама азаяды. 
Қан плазмасының көлемі биіктікте алғашқы бірнеше күндер 
болу барысында жазықтағы көлеммен салыстырғанда төмен болады. 
Сондықтан гематокрит көрсеткіші артқан жəне қандағы эритроцит-
тер мен гемоглобин концентрациясы жоғарылаған. Мұнда неғұрлым 
биіктік жоғары болса, соғұрлым плазма жоғалту күштірек (гемокон-
центрация дəрежесі жоғары) болады. 
Плазма көлемінің бас кезінде төмендеуі гипервентиляция мен тер 


320
бөлінудің күшеюі нəтижесінде жалпы дегидратация салдарынан бо-
лады. Тауларда болғандағы алғашқы күндері суды жеткіліксіз пайда-
лану дегидратацияны күшейтуі мүмкін. Бұл кезеңдерде қатты шөлдеу 
сезімі болмайтындықтан тіпті, сұйықтыққа субъективті қажеттілік 
туындамаса да оны қабылдау керек. Биіктікте əрі қарай болу 
үдерісінде қан айналымдағы плазма көлемі бастапқы («жазықтағы») 
деңгейге дейін қалпына келеді. Орта биіктік жағдайында бұл үшін 
бірнеше ай қажет болады. 
Қандағы эритроциттер мен гемоглобин мөлшері биіктікте 
болудың алғашқы күндері гемоконцентрациямен байланысты 
жоғарылайды. Гемоконцентрация артериялық қандағы оттегінің 
қалыпты мөлшерін ұстап тұруды қамтамасыз етеді жəне осыған 
орай организмнің гипоксиялық жағдайға тез бейімделуінде маңызды 
рөл атқарады. 
Тауда алғашқы күндері болғанда қандағы эритроциттер санының 
шынайы артуына əкелетін эритропоэз күшейеді. Ол 3000 м-ден 
жоғары биіктікте 3-4 күн болғанда-ақ байқалады. Қан айналымдағы 
үлкен өлшемдегі эритроциттер мен ретикулоциттер саны арта-
ды. 4800 м-ге дейінгі биіктікте эритроциттердің жалпы саны мен 
сəйкесінше концентрациясының артуы дəрежесі таулардың биіктігі 
жəне онда болу ұзақтығымен сызықтық тəуелділікте болады. 6000 
м-ге дейінгі биіктіктің артуы кезінде эритропоэз төмендейді. Шыңға 
өрмелеушілерде (альпинистерде) 7000 м-ден асатын биіктікте 
бірнеше күн болған соң эритроциттер мөлшері 8,5 млн/мм³-ге жетеді. 
15-кестеде көрсетілгендей таудың тұрғылықты тұрғындарында 
неғұрлым мекен орнының биіктігі артқан сайын соғұрлым эритро-
циттер мөлшері көбірек болады.
15-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет