Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Қан айналу жүйесіндегі өзгерістер



Pdf көрінісі
бет162/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   258
Қан айналу жүйесіндегі өзгерістер. Биіктікте болудың алғашқы 
күндері жүректің минуттық қан көлемі субмаксималды аэробтық 
жүктемені орындау кезінде теңіз деңгейіне қарағанда көбірек бола-
ды. Одан соң ол біртіндеп төмендейді жəне бірнеше апта барысында 
жазық жағдайына тəн мөлшерге жетеді. Оның градуалды төмендеуі 
қанның оттектік сыйымдылығының (гемоглобин концентрациясы) 
жоғарылауы бойынша жүреді. 
ЖЖЖ салыстырмалы аз жүктеменің əсер етуі кезінде 
биіктікте болудың алғашқы кезеңінде жоғарылайды, бірақ 
акклиматизацияның соңғы сатыларында теңіз деңгейіндегідей бо-
лады. Бұл көрсеткіш қуаттылығы өте үлкен жұмыстарды орындау 
кезінде акклиматизацияланған адамдарда жазықтағы мөлшерге 
қарағанда тіпті, төменірек болады. 
Максималды жүректің минуттық қан көлемі орта биіктік 
жағдайының бастапқы кезеңдерінде өзгермегенмен, алайда биіктікте 
болу барысында біршама төмендейді. Бұл систолалық көлемнің аза-
юы нəтижесі болып табылады, өйткені максималды ЖЖЖ көбіне, 
өзгеріссіз қалады. Осымен қатар үлкен биіктікте систолалық 
көлемнің азаюымен қатар ЖЖЖ төмендеуі есебінен максималды 
жүректің минуттық қан көлемі айтарлықтай төмендейді. Биіктік 
гипоксия жағдайында максималды ЖЖЖ төмендеуі биіктікке 
бейімделу механизмдерінің бірі – парасимпатикалық белсенділіктің 
күшеюімен байланысты.


323
Биіктікке акклиматизацияланған жазық тұрғындарында тау-
ларда болу кезінде перифериялық тамыр кедергісі төмен бола-
ды. Коронарлық тамырлар, ми тамырлары жəне т.б. тамырлардың 
кеңеюіне гипоксия стимул жасайды. Мұндай өтемелі тамыр-
лар кеңеюі болмаса, қан көлемінің артуы, оның тұтқырлығының 
жоғарылауы жəне оттегімен төмен қанығуы жүрек жұмысына 
өте көп жүктеме түсіруші еді. Биік таулы жердің тұрғылықты 
тұрғындарында жазық тұрғындарына қарағанда артериялық қан 
қысымы біршама төмен болады. 3000 м жоғары биіктікте өмір 
сүретін адамдарда өкпе тамырларында кедергінің жоғары болуы-
мен жəне жүректің оң жақ қарыншасының гипертрофиясымен 
жүретін кіші (өкпелік) қан айналу шеңберінде қысым жоғарылайды. 
Бұл өкпедегі вентиляция мен перфузияның неғұрлым бірқалыпты 
қатынасын қамтамасыз етеді. Осының салдарынан альвеолалық ауа 
мен артериялық қан арасындағы О
2
қысымы айырмашылығы азая-
ды. Жоғарыда көрсетілген өзгерістер жазыққа оралған кезде тек өте 
біртіндеп барып жоғалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет