Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет159/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   258
Байланысты:
О улы Алматы, 2014 2 аза стан Республикасы Білім ж не ылым ми

ОМП төмендеуі. Биіктікте болған бетте (немесе гипобаралық 
камерада көтерілу кезінде) тыныс алатын ауадағы О
2
парциалдық 
қысымына немесе барометрлік қысымына тура тəуелділікте ОМП 
төмендеуі байқалады. ОМП елеулі төмендеуі тек 1500 м биіктіктен 
бастап (барометрлік қысым 650 мм сынап бағанасынан төмен) 
жүреді. Осы деңгейден кейін ОМП əр 100 м биіктік сайын неме-
се тыныс алатын ауамен О
2
парциалдық қысымының əр 5 мм сы-
нап бағанасына түсуіне шамамен, 1% азаяды. «Жазықтағы» ОМП 
қатысты 2000-2300 м биіктікте (Мехико-сити, Цахкадзор деңгейі) 
ОМП орта есеппен 10-17%, 3000 м биіктікте 20%, 4000 м биіктікте 
30% төмендейді. Барометрлік қысым теңіз деңгейіндегі қалыпты 
атмосфералық қысымның жартысына жуығын құрайтын 6000 м 
биіктікте теңіз деңгейіне қарағанда ОМП орта есеппен екі есе төмен 
болады. 
Биіктікте ОМП төмендеуі артериялық қандағы О
2
мөлшерінің 
азаюымен анықталады.
Теңіз деңгейінде де байқалатын ОМП-да өте үлкен жеке 
айырмашылықтар биіктіктің артуымен өсіп отырады. Неғұрлым 
жаттыққан адамдарда биіктікте болған сəтте-ақ олардан азырақ 
жаттыққан адамдарға қарағанда ОМП-дың тіпті, көп төмендеуі 
жүреді.


317
Биіктік акклиматизациясы (Биіктікке бейімделу)
«Биіктік акклиматизациясы» термині биіктікте ұзақ уақыт 
үзіліссіз көбірек немесе азырақ болу үдерісінде туындайтын ар-
найы физиологиялық бейімделудің жиынтығымен түсіндіріледі. Бұл 
бейімделу адам организміне тыныстайтын ауадағы оттегінің төмен 
қысымы ықпалын төмендетеді жəне осы арнайы жағдайларда оның 
жұмыс қабілеттілігін жоғарылатады. 
Биіктік жағдайларына табиғи бейімделудің негізгі механизмде-
рін екі категорияға бөлуге болады. Біріншісі, дене ұлпаларына 
оттегі тасымалдануының күшеюін қамтамасыз етеді, екіншісі, 
ұлпалық деңгейде əсер ете отырып, энергияның аэробтық түзілуі 
үшін жасушалардың оттегіні тиімді пайдалануының күшеюіне 
бағытталады. 
Неғұрлым биіктікте болу кезеңі ұзағырақ болса, соғұрлым оған 
бейімделу жетіле түседі жəне соғұрлым сол биіктікте жұмысқа 
қабілеттілік жоғары болады. Биіктік акклиматизациясы үшін қажетті 
уақыттың минималды кезеңі ең алдымен, оның биіктігіне байланыс-
ты болады: 2000-2500 м биіктікте шамамен, 7-10 күн, 3600 м биіктікте 
15-21 күн, 4500 м биіктікте 21-25 күн. Бұл тек болжамды мерзімдер, 
өйткені көпшілігі адамның жеке бас ерекшеліктеріне байланысты 
болады. Сонымен бірге, тауларда болудың кез келген ұзақтығы 
кезінде теңіз деңгейіндегі сол адамға тəн жұмысқа қабілеттілік 
деңгейіне жетпейді. Биіктікте болған жазық тұрғындарында 
таудың тұрғылықты тұрғындарына тəн оттегіні тасымалдаудағы 
жəне утилдеудегі үнемдеу деңгейіндей болмайды. Кейбір адамдар 
биіктікке мүлдем акклиматизацияланбайды жəне биіктік ауруынан 
зардап шегеді. Кейде бұл тіпті, тауда дүниеге келген адамдарда да 
байқалады. 
Биіктікте болу ұзақтығы бойынша акклиматизацияның төрт 
деңгейін ажыратады: 
1. Жедел – 30 мин. дейін;
2. Қысқа мерзімдік – бірнеше апта;
3. Ұзақ – бірнеше ай;
4. Тұрақты – биіктікте үнемі мекендеу.
Гипобаралық гипоксия жағдайына бейімделудің негізгі 
механизмдеріне: 
– өкпе вентиляциясының артуы жəне қан мен басқа ұлпалардың 
қышқыл-сілтілік тепе-теңдігіндегі өзгерістер;


318
– өкпенің диффузиялық қабілетінің күшеюі;
– қандағы эритроциттер мен гемоглобин мөлшерінің жоғары-
лауы;
– ұлпалық деңгейдегі өзгерістер жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет