Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Биіктікке байланысты қандағы эритроциттер мөлшері



Pdf көрінісі
бет161/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   258
Биіктікке байланысты қандағы эритроциттер мөлшері
Биіктік (м)
0
1000 1500
2500
3500
4500
5500
6500
Эритроциттер 
мөлшері (млн/
мм
3
)
5,3
5,4
5,5
5,8
6,2
6,6
7,3
8,2
Эритроциттердің жалпы саны (массасы) артуы есебінен биіктікке 
акклиматизацияланған адамдарда қан айналымдағы қан көлемі 
жоғары болады. 


321
Биіктікке акклиматизацияның бастапқы кезінде жүретін гемо-
концентрация жəне одан кешірек байқалатын қан айналымдағы 
эритроциттер санының шынайы артуы гематокрит пен қан 
тұтқырлығының жоғарылауына əкеледі. Ал бұл өз кезегінде 
перифериялық тамыр кедергісінің жоғарылауына əкеле отырып, 
осылайша гемодинамикаға ықпал етеді. Эритроциттер мөлшерінің 
(гематокрит) біраз өзгерістері қан тұтқырлығына елеулі ықпал жа-
самайды. Тек олардың концентрациясының (мысалы, биік таулы 
аудандардағы тұрғындарда байқалатын) айтарлықтай артуы қан ай-
налымына белгілі теріс ықпал ете алады.
16-кесте
Əртүрлі биіктіктерде тыныштық күйде 
акклиматизацияланған адамдардың қан жүйесі көрсеткіштері
Биіктік, 
м
Қан 
айналымдағы 
қан көлемі 
(ҚАҚК), 
мл/кг дене 
салмағына
Гемоглобин 
концент-
рациясы, 
г %
Қанның 
оттектік 
сыйымды-
лығы,
%
О
2
қанығу 
пайызы, 
%
Артерия-
лық 
қандағы О
2
мөлшері, %
0 (теңіз 
деңгейі)
79,6
15,3
20,0
97
20,0
3100
83,0
16,8
22,5
91
20,5
3600
96,0
18,8
25,2
87
21,9
4600
104,0
20,7
27,8
81
22,4
6500
-
24,8
33,3
65
21,7
Гемоглобиннің қосымша мөлшерінің түзілуі басында эритроцит-
тер санының өсуімен салыстырғанда біршама кідіреді. Бірақ аккли-
матизация үдерісінде біртіндеп күшейеді, қандағы гемоглобин кон-
центрациясы артады, осылайша қанның оттектік сыйымдылығы 
жоғарылайды (16-кесте).
Мұнда эритроциттердегі гемоглобиннің орташа концентрация-
сы өзгеріссіз қалады. Гемоглобин концентрациясының жоғарылауы 
оның оттегімен қанығу пайызының төмендігіне қарамастан 
артериялық қандағы оттегінің қалыпты немесе тіпті, біршама 
жоғары мөлшерін ұстап тұруға мүмкіндік береді. 
Орта биіктік жағдайында эритроциттер саны мен гемоглобин 
концентрациясының артуы өте баяу жүреді. Ол неғұрлым биіктік 


322
жоғары жəне онда ұзақ уақыт болған сайын соғұрлым көбірек бо-
лады. Өте үлкен биіктіктерде қандағы гемоглобин концентрациясы 
жылдам жəне айтарлықтай мөлшерде өседі. Ол таудың тұрғылықты 
тұрғындарында 20 г %-дан асады. Əр 300 м биіктік артқан сайын 
қандағы гемоглобин концентрациясы ер адамдарда орта есеппен 
2,1%-ға жəне əйел адамдарда 1,8%-ға артады. 
Оксигемоглобин диссоциациясы қисық сызығы биіктікке аккли-
матизация үдерісінде оңға жылжиды, бұл ұлпалардың оттегімен 
жабдықталуын жеңілдетеді. Бұл əсіресе, жұмыс атқарушы бұлшық 
еттер үшін маңызды. Мұндай ығысу механизмдерінің бірі тауда 
үнемі мекендейтін адамдарда байқалатын эритроциттердегі 2,3-
ДФГ концентрациясының жоғарылауы болуы мүмкін. Бірақ тіпті, 
биіктікке толық акклиматизациядан кейін де əсіресе, бұлшық ет 
жұмысы кезінде артериялық қандағы О
2
парциалдық кернеуінің 
төмендеуінен ұлпалардың оттегімен жабдықталуы қиындайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет