Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Субмаксималды аэробты жұмысқа қабілеттілік



Pdf көрінісі
бет186/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   258
Субмаксималды аэробты жұмысқа қабілеттілік
Ерлер мен əйелдер бірдей максималды емес аэробты (О
2
пайдала-
ну жылдамдығы шамалас) жүктемелерді орындау кезінде əйелдерде 
физиологиялық өзгерістер артықтау, себебі (ОМП % жоғары) əйел 
организміне салыстырмалы физиологиялық жүктеме көп бола-
ды. Алайда, əйелдер мен ер адамдарда тіпті, бірдей салыстырмалы 
(ОМП пайызы тең келетін) жүктемелерді орындауға жүрек-тамыр 
жүйесінің бейімделуі де бірдей болмайды. 
Əйелдерде қандағы гемоглобин мөлшері төмен болғандықтан, 
бірдей абсолютті жəне салыстырмалы аэробты жүктемелерді 
орындау кезінде ер адамдарға қарағанда, АВА-О
2
де аз болады. 
Сəйкесінше, ер адамдардағыдай оттегі мөлшерін тасымалдау үшін 
əйелдердің жүректері қанның көп мөлшерін айдауы тиіс. Осыған 
орай ерлерге қарағанда əйелдерде аэробты жұмыс кезінде пайдала-
нылатын О
2
-нің əр литріне жүректің қан айдауы орта есеппен 10-
15%-ға артық болады. 
Ер адамдарға қарағанда əйелдерде систолалық көлемнің аз бо-
луынан жүректің қан айдауының артуы көбінесе ЖЖЖ артуы 
есебінен орын алады. Тіпті, бірдей салыстырмалы аэробты жүктеме 
кезінің өзінде ерлерге қарағанда əйелдерде ЖЖЖ орта есеппен, 
10 екп/мин-қа артық болады. Бірдей абсолютті аэробты жүктемені 
орындау кезінде ЖЖЖ айырмашылығы 20-40 екп/мин. құрайды. Ер 
адамдардағыдай бірдей субмаксималды аэробты жұмысты орын-
дау кезінде жаттықпаған əйелдерге қарағанда жаттыққан əйелдерде 
ЖЖЖ төмен мəнге ие. 
Бірдей абсолютті қуаттылықты максималды емес аэробты 
жұмысты орындау барысында ер адамдарға қарағанда əйелдерде 
қандағы лактат концентрациясы жоғары келеді. Бұл жағдайда 
əйелдер ер адамдарға қарағанда О
2
пайдалануы (ОМП %) едəуір 
жоғары салыстырмалы деңгейде, яғни «оттектік төбеге» тақау жұ-
мыс атқарады. Осыған орай дене қуаттылығы бірдей жұмыс кезінде 
физиологиялық жүктеме əйелдерде анаэробтық табалдырықтан 
жоғары, ал ер адамдарда одан төмен болуы мүмкін. Спорттық 


368
жаттықтыру аэробты мүмкіндіктерді жоғарылатады жəне тиісінше, 
анаэробты табалдырық бойынша бірдей аэробты жұмысты орындау 
барысында жаттықпаған əйелдерге қарағанда спортшы əйелдерде 
қандағы лактат концентрациясы төмен болады. Осымен қатар ма-
мандануы бір болып келетін ерлерге қарағанда əйелдерде анаэробты 
табалдырық кем келеді. 
Ер адамдарға қарағанда əйелдерде ОМП-дан 80-85%-ға төмен 
деңгейде аэробты жүктемелер кезінде жұмыс атқарушы бұлшық 
еттердің майларды (тотығуы) пайдалануы артық (ДК төмен) бола-
ды.
Əйелдер мен ер адамдарда бірдей аэробты жұмыстың энергиялық 
құндылығын сəйкестендіру кезінде бірнеше факторларды ең алды-
мен, əсіресе бірдей сол жаттығуларды орындау техникасындағы 
айырмашылықтардан əртүрлі болатын жұмыстың механикалық 
тиімділігін ескеру қажет.
Мəселен, əйелдер мен ер адамдарда велосипед тебудің энергия-
лық құндылығын анықтау кезінде айтарлықтай айырмашылықтар 
байқалған, алайда, жұмыстың калориялық құндылығын дене 
салмағына шаққанда ол айырмашылықтар жоғалған. Сайып келген-
де, адамның жасы да, дене құрылысы да немесе композициясы да 
энергиялық шығынға айрықша ықпал етпейді. 
Сонымен қатар дене салмағына шаққандағы калориялық 
шығындар ер адамдарға қарағанда əйелдерде түрлі қашықтыққа 
жүру кезінде 6-7%-ға, ал жүгіруде 10%-ға жоғары болған. Басқа 
қырынан алып қарағанда, дене салмағына шаққандағы О
2
пайдала-
ну жылдамдығы бірдей тредбанда жүгіру кезінде əйелдерде жеке-
дара көрсеткіштердің вариациялығы артық болғанымен, екі жыныс 
өкілдерінде де айтарлықтай ерекшеліктер байқалмаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет