Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Физиологиялық қызметтің жасқа сай ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет194/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   258
Байланысты:
О улы Алматы, 2014 2 аза стан Республикасы Білім ж не ылым ми

Физиологиялық қызметтің жасқа сай ерекшеліктері
Организмнің өсуі мен қалыптасуы, оның сыртқы ортамен өзара 
əсерінің тиімділігі көбінесе, жүйке жүйесінің дамуына, ең бастысы 
оның жетекші бөлімі – ми қыртысына байланысты. 


382
Жоғары жүйке қызметінің жасқа байланысты ерекшеліктері
Балалар дамудың жас кезеңдерінің жеке сатыларында жоғары 
жүйке қызметінің арнайы ерекшеліктерімен сипатталады. 
Бастауыш мектеп жасында жоғары жүйке қызметінің жетілуі 
тəн. Бұл кезеңде жүйке үдерістерінің күші мен жылдамдығы артады, 
ішкі тежелу күшейеді, нəтижесінде қозу мен тежелу үдерістерінің 
өзара əсері мектеп жасына дейінгі балаларға қарағанда жоғары тепе-
теңділікпен (салмақтылықпен) сипатталады. Оларда шартты мен 
өшу сияқты ішкі тежелулер түрлері 5-7 жастағы балаларға қарағанда 
айтарлықтай жылдамырақ түзілетіні байқалған. Мысалы, шартты 
тежелу 5 жастағы балаларда 30 рет бекітілмей барып бірақ түзілсе,
ал 12 жастағы балаларда 4 рет бекітілмеген соң түзіледі. 
Бастауыш мектеп жасында шартты рефлекстік байланыс 
түзу қабілеттілігі жоғарылайды. Мəселен, 10-12 жастағы ба-
лаларда қарапайым (жай) тітіркендіргіштерге сияқты күрделі 
тітіркендіргіштерге де оң шартты рефлекстер жедел қалыптасады 
жəне айтарлықтай тұрақтылықтарымен сипатталады. Осылармен 
қатар балаларда рефлекстік реакциялар көбіне жайылған сипатта 
болады. Бұл – қозу үдерісінің айқын иррадиациясының нəтижесі. 
Осының салдарынан ішкі тежелу күші əлі жеткіліксіз, ересектерге 
қарағанда дифференциациялау (ажырату) қиынырақ қалыптасады. 
Аса күшті əсер еткен кезде балаларда шектен тыс тежелу салыстыр-
малы жылдам дамиды. 
10-12 жаста ересектерге тəн, яғни секундына 10-12 тербеліс 
болатын мидың биоэлектрлік белсенділігінің альфа-ырғағы 
жиілігі көрінеді. Сонымен қатар балалар электроэнцефалограм-
масы айтарлықтай вариабелдікпен сипатталады, мидың түрлі 
аймақтарында электрлік белсенділік жиіліктерін таратуда едəуір 
айырмашылықтар байқалады.
Бастауыш мектеп жасында сөйлеу қызметі белсенді жүреді, ойлау 
қарқынды дами бастайды, бірінші жəне екінші сигналдық жүйелердің 
өзара байланысы жетіле түседі. Сөздік ақпарат неғұрлым нақтырақ 
жəне толық болады. Тітіркендіргіш ретінде сөз бен қозғалыс қызметі 
арасында уақытша байланыстар күшейе түседі. Осының арқасында 
өз қозғалыстарын тереңірек əрі алуан түрлі сөзбен жеткізу қабілеті
жоғарылайды. 
Дене тəрбиесі мен спорттық жетілдіру сигналдық жүйелердің 


383
барынша нəзік өзара қатынастарына əкеледі жəне сөз бен ойлаудың 
қозғалыс қызметіне ықпалын кеңейтеді. 
Жасөспірімдік жас (орта буын) жыныстық жетілуге сай 
бой мен дене дамуының қарқынды дамуына сəйкес келеді. Бұл 
үдеріс қыздарда 11-12 жас, ал ұлдарда 13-14 жастарда басталады. 
Жыныстық жетілу үдерісіне байланысты:
1-фаза – препубертанттық немесе жыныстық жетілу алды кезеңі;
2-фаза – жыныстық жетілудің күшеюі мен сыртқы белгілерінің 
көрінуімен сипатталатын пубертантты (жыныстық жетілу кезеңі);
3-фаза – жоғары мектеп буын жасында жалғасатын жыныстық 
жетілудің аяқталуымен байланысты постпубертантты (жыныстық 
жетілуден кейінгі) кезеңдер деп 3 фазаны бөліп қарастырады. 
Жасөспірімдік шақ бірнеше айрықша ерекшеліктерімен си-
патталады. Жасөспірімдерде қозу үдерістері басымырақ болады, 
дифференциациялық тежелу едəуір нашарлайды, тітіркенуге шарт-
ты рефлекстік реакциялар азырақ адекватты (барабар) келеді жəне 
барынша айқын көрінетін «екпінді, ағынды, қызулы» сипат тəн. 
Осымен бір жағынан, жасөспірімнің қимыл əрекеттерінің қажет 
емес бұлшық еттердің жиырылуымен қосымша қозғалыстарының 
көп болуымен жиі ерекшеленуі түсіндіріледі. Бұл жастағы бала-
ларда шартты рефлекстер мен ажыратудың (дифференциалдаудың)
түзілуінде уақытша қиындықтар байқалуы мүмкін. 
Жасөспірімдер қуаныштан жабырқаңқылыққа (көңілсіздікке) 
немесе керісінше қуанышты күйге тез ауысуымен көрінетін 
психикалық тұрақсыздықпен сипатталатын мінез-құлықтарындағы 
жоғары эмоциялық күймен ерекшеленеді. Бұл өзгерістер уақытша 
сипатта болады, аталмыш жас кезеңіне тəн нейро-гуморалдық 
өзгерістердің салдары болып табылады. 
Жыныстық жетілу кезеңі ретінде жасөспірімдік жас жы-
ныс бездерінің ішкі секрециялық қызметтерінің белсенуімен 
ерекшеленеді. Гипофиз бен қалқанша бездермен жыныс бездерінің 
өзара əсерлесуінен алдыңғы балалық шаққа тəн организмдегі 
нейроэндокриндік жəне нейро-гуморалдық қатынастар өзгеріске 
түседі. 
Кəмелеттік (жігіттік) немесе жоғары мектеп жасына өту жоғары 
жүйке қызметінің əрі қарай жетілдірілуімен байланысты. Ми 
қыртысының анализ-синтездік қызметтерінің деңгейі жоғарылайды, 
жалпылау қызметі күшейеді, сөз сигналдарының рөлі артады, сөздік 


384
тітіркендіргіштерге латенттік кезең азаяды. Ішкі тежелу күшейеді, 
жүйке үдерістері барынша тепе-теңділікпен, салмақтылықпен си-
патталады. Ми қыртысының электрлік белсенділігінің қалыптасуы 
аяқталады, 17-18 жаста оның қызметі жеткілікті дəрежеде жетіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет