Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Оттегі-тасымалдау жүйесінің максималды мүміндіктері



Pdf көрінісі
бет185/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   258
Оттегі-тасымалдау жүйесінің максималды мүміндіктері
Əйелдердегі неғұрлым төменірек ОМП əйел организмдерінің 
оттегі-тасымалдау мүмкіндіктерінің төмен болуымен негізделеді. 
Артерия 
қанымен 
тасымалданатын 
оттегінің 
максималды 
мөлшері ер адамдарға қарағанда əйелдерде азырақ болады. Бұл 
айырмашылық əйелдерде қан айналымдағы қан көлемінің, қандағы 
гемоглобин концентрациясының, АВА-О
2
, жүрек көлемінің, макси-
малды жүректің қан айдау мөлшерлерінің аз болуымен байланысты
(17-кесте). 
17-кесте
Жас ер адамдар мен əйелдердегі тыныштық күйде жəне макси-
малды жұмыс кезіндегі орташа қан көрсеткіштері
Көрсеткіштер
Əйелдер
Ерлер
Тыныштық 
күйде
Макси
малды 
жұмыс 
кезінде 
Тыныш
тық күйде
Макси
малды 
жұмыс 
кезінде
Қан 
айналымдағы 
қан көлемі 
(ҚАҚК) (л)
4,3
4,0
5,7
5,2
Эритроциттер 
концентрациясы 
(млн/мм
3
)
4,6
5,0
5,4
5,9
Лейкоциттер 
концентрациясы 
(мың/мм
3
)
7,0
15,0
7,0
15,0
Гемоглобин 
концентрациясы 
(г%)
14,0
15,4
16,0
17,6
Гематокрит (%)
42,0
45,0
47,0
50,0
Артерия 
қанындағы 
О
2
мөлшері 
(мл/100мл)
16,8
17,7
19,0
20,0
Вена (сан 
венасы) 
қанындағы О
2
мөлшері
9,0
3,0
9,0
3,0


364
17-кестенің жалғасы
Оң жақ 
жүрекшедегі 
аралас вена 
қанындағы О
2
мөлшері
12,0
6,2
14,0
6,0
Жүйелік 
АВА-О
2
(мл/100мл)
4,8
11,5
5,0
14,0
Фик теңдеуі бойынша ОМП максималды жүрек қан айдауы мен 
максималды жүйелік АВА-О
2
арқылы анықталады, яғни ОМП= 
ЖҚ
макс
*(АВА – О
2
)
макс
. Бұл екі көбейткіш те ер адамдарға қарағанда 
əйелдерде төменірек келеді. 
Ұлдар мен қыздарда жыныстық жетілуге дейін қандағы гемогло-
бин концентрациясы шамалас мəнге ие. Ол əйелдерде ер адамдарға 
қарағанда орта есеппен 10-15% аз. Сондықтан əйелдерде қанның 
оттектік сыйымдылығы жəне сəйкесінше, артерия қанындағы 
О
2
мөлшері де төмен келеді. Максималды аэробты жұмыс кезінде 
жұмыс атқарушы бұлшық еттерден келетін вена қанында, аралас 
вена қанындағы сияқты О
2
мөлшері ер адамдар мен əйелдерде шама-
мен, бір деңгейлес болады. Сонымен, ерлерге қарағанда əйелдерде
қандағы гемоглобин концентрациясы төмен болуымен байланысы 
бар максималды жүйелік АВА-О
2
кем келеді. 
Ер адамдармен салыстырғанда əйелдерде қан айналымдағы қан 
көлемі (800 жəне 600 мл), сонымен қатар жүректің жалпы көлемі де 
(12 жəне 9 мл/кг дене салмағына) аз болады. Бұл ерлерге қарағанда 
əйелдерде жүрек қуысы (қарыншалары) мөлшерінің орта есеппен 
төмен екендігін көрсетеді. Осылардың барлығы ер адамдармен са-
лыстыра қарағанда əйелдерде максималды систолалық көлемнің де 
аз болуына əкеледі. Жаттықпаған əйел адамдарда ол орташа 90 мл-
ге, ал жаттықпаған ер адамдарда 120 мл-ге жуық келеді. 
Жаттықпаған əйел адамдарда (205 екп/мин) максималды 
ЖЖЖ (жүректің жиырылу жиілігі) жаттықпаған ерлерге (200 екп/
мин) қарағанда орта есеппен біраз жиірек болады. Алайда, ол аз 
систолалық көлемді өтей алмайды, сондықтан орташа максималды 
жүректің қан айдауы жаттықпаған əйелдерде (18 л/мин) жаттықпаған 
ер адамдармен (24 л/мин) салыстырғанда айтарлықтай төмен мəнге 


365
ие. Осылайша, əйелдерде аз болатын максималды жүректің қан 
айдауы ер адамдармен салыстырғанда төменкелетін систолалық 
көлеммен лимиттеледі. 
Организмнің оттегі тасымалдау мүмкіндіктері ӨТС (өкпенің 
тіршілік сыйымдылығы) мен максималды өкпелік вентиляциямен 
(желденуімен) байланыста болады. Əйелдерде ӨТС орта есеппен 
1 л-ға, ал максималды өкпелік желдену шамамен, 30%-ға аз. Дене 
мөлшеріне коррекция жыныстық ерекшеліктерді азайтады, деген-
мен, толығымен оларды жоймайды. Одан басқа əйелдерге бұлшық 
еттік жұмыс кезінде тыныс алуды реттеуде белгілі бір физиология-
лық ерекшеліктер тəн. Осылай əйел адамдар тыныс алу жиілігі мен 
тереңдігінің барынша тиімсіз қатынасымен ер адамдардың өкпелік 
вентиляция өлшеміне жетеді. Белгілі бір шамада бұл əйелдердегі 
өкпелік көлемнің азаюымен жəне барынша əлсіз тыныс бұлшық 
еттерімен негізделген. Бұдан басқа əйелдерде О
2
үшін өкпенің 
диффузиялық қабілеті айтарлықтай төмен болып келеді. 
Төзімділікке жаттықтыру организмнің оттегі тасымалдау 
мүмкіндіктерін жоғарылатады. Алайда, оның түрлі буындарындағы 
бұл өзгерістер бірдей емес. 17-кестеде көрсетілген гематологиялық 
көрсеткіштер арасынан төзімділікке жаттықтыру нəтижесінде тек 
қан айналымдағы қанның жалпы көлемі ғана өзгеретінін, яғни арта-
тынын көреміз. Қан айналымдағы гемоглобиннің жалпы саны про-
порциялы жоғарылайды, сондықтан қандағы оның концентрациясы 
өзгеріссіз қалады. 
Спортшы-əйелдерде артерия қанындағы О
2
мөлшері тыныштық 
күйде де, максималды аэробты жұмыс кезінде де жаттықпаған 
əйелдердегі деңгейдей болады. Осымен қатар максималды аэроб-
ты жұмыс кезінде жұмыс атқарушы бұлшық еттерден келетін вена 
қанындағы О
2
мөлшері төзімді спортшы-əйелдерде 1,8 мл О
2
/100мл-
ге (спортшы-ер адамдарда орта есеппен, 1,4 мл/О2 /100мл қанға) 
дейін, ал аралас вена қанында 4 мл О
2
/100 мл-ге дейін (спортшы-
ерлерде орташа осы деңгейлес) төмендейді. Бұл цифрлар спортшы-
əйелдерде жаттықпаған əйелдерге қарағанда бұлшық еттің қаннан 
оттегіні утилдейтін жəне жүректің қан айдауын барабар (адекватты) 
тарату қабілетінің жоғары екендігін көрсетеді. Спортшы-ер адам-
дар да осылай болады. Спортшы-əйел адамдарда спортшы-ерлерге 
қарағанда артерия қанындағы О
2
мөлшерінің төмен, АВА-О
2
мəнінің 
кем болғанымен жаттықпаған əйелдерге қарағанда олардың мөлшері 


366
жоғары болып табылады. Төзімділікті жаттықтырған білікті спорт-
шы əйелдерде максималды жүйелік АВА-О
2
 орта есеппен 13 мл О
2
/100 мл қанға келсе, ал спортшы ер адамдарда 15,5 мл О
2
/100мл-
ді құрайды. Жоғарыда айтылып өткендей, бұл айырмашылық 
əйелдердің артерия қанындағы О
2
мөлшерінің төмендеуіне əкелетін 
олардың қанындағы гемоглобиннің барынша төмен концентрация-
сымен айқындалады.
Жүрек көлемі спортшы-əйелдерде жаттықпаған əйелдерге 
қарағанда орта есеппен алғанда айтарлықтай үлкенірек болады жəне 
жаттықпаған ер адамдардың жүрек мөлшеріне дейін жетеді. Макси-
малды жүрек көлемі шаңғышы-əйелдерде – 1150 мл жəне ватерпол-
шыларда – 1700 мл байқалған. Дене салмағына шаққандағы жүрек 
көлемі спортшы-əйелдерде ер адамдардың көрсеткіштеріне (16 мл/
кг дейін) тақау келеді.
Максималды систолалық көлем спортшы-əйелдерде жаттықпа-
ған əйелдерге қарағанда айтарлықтай жоғары. Ол айтулы стайерлер-
де (ұзақ қашықтыққа жүгірушілерде) 140-150 мл-ге дейін жетеді. 
Максималды ЖЖЖ спортшы-əйелдерде (195 екп/мин. жуық) 
спортпен шұғылданбаған əйел адамдарға (205 екп/мин. жуық) 
қарағанда төмен болады.
Алайда, систолалық көлемнің ұлғаюы есебінен максимал-
ды жүректің қан айдауы спортпен айналыспайтын əйелдерге 
қарағанда көбірек. Ол айтулы шаңғышы əйелдерде 28-30 л/мин-
ге жетеді. Сонымен, төзімділікті жаттықтыратын ер адамдардағы 
сияқты əйелдерде де систолалық көлемнің көп болуы организмнің 
оттегі тасымалдау мүмкіндіктерін жоғарылатудың басты механизмі 
болып саналады. 
Ер адамдарға да қатысты іспеттес айтулы спортшы-əйелдердің 
жоғары аэробтық мүмкіндіктері оттегі тасымалдау мен оттегі 
утилдейтін жүйелерді жаттықтыру нəтижесі ме, əлде осы жүйелердің 
жоғары мүмкіндіктері тұқым қуалай (генетикалық) беріле ме, оны 
нақты топшылау қиын. 
Бірнеше апта жəне ай бойы жүйелі түрде төзімділікке жаттықты-
ру ОМП-дың айтарлықтай (бұрын жаттықпаған əйелдерде 25-30%-
ға дейін) артуына əкеледі. Мұнда ОМП-дың салыстырмалы өсуі 
мен оның бастапқы деңгейі арасында кері тəуелділік орын алады, 
яғни, неғұрлым бастапқы ОМП төмен болған сайын, ол жаттықтыру 
нəтижесінде соғұрлым көбірек арта түседі. Осы мəліметтерді 


367
талқылай келе, əйелдер мен ер адамдардың максималды аэробты 
мүмкіндіктерінің жаттықтырылу дəрежесі негізінен бірдей деу-
ге болады, дегенмен, ерлерге қарағанда əйелдерде абсолютті өсу 
азырақ болса, ал жаттықтыру əсерінің индивидуалды өзгерістері 
(вариациялығы) басымырақ келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет