р/с
Жас кезеңдері
Жасы
Қысқаша сипаттамасы
1
Құрсақта даму (антенаталдық)
1.1
Эмбриогенез –
ұрықтық даму
2 айға жуық
1.2
Фетогенез –
нəрестелік даму
2-9 ай
2
Балалық шақ (постнаталдық құрсақтан тыс даму)
376
18-кестенің жалғасы
2.1
Жаңа туған
(неонаталдық)
немесе нəрестелік
шақ
Туған күннен
4 апта
(қырқынан
шыққанша
созылады)
Организм сыртқы ортаның
жаңа жағдайларына
бейімделеді. Плацентарлық
қан айналысы өзгеріп, өкпе
арқылы тыныс қалыптасады.
Осы алғашқы 1 аптаға жуық
мерзім тез бейімделу кезеңі
деп аталады
2.2
Еметін немесе
бөбектік шақ
1 жасқа дейін Бөбек анасынан организмге
қажетті тағамдық заттар өте
мол болатын нəрлі уыз сүтін
емеді, көп уақыты ұйқымен
өтеді. Қозғалыс əрекеттері
дамиды: мойны бекиді,
отырады, еңбектейді, жүруге
талпынады. Сүт тістері шыға
бастайды, жеке сөздерге тілі
келеді, омыртқа жотасында
иілімдер пайда болады, қол-
аяқ бұлшық еттері де дами
бастайды
2.3
Алғашқы балалық
немесе сəбилік шақ
1-3 жас
Жаңадан қозғалыс
дағдылары қалыптаса
бастайды, сəби еркін жүреді,
сөйлейді. Айналасындағы
заттарға əуестігі артады, əр
нəрсені білгісі келеді, ойлау
қабілеті дамиды,жаңадан
шартты рефлекстер
қалыптасады, 20 сүт тістері
шығады
2.4
Бірінші балалық
немесе естиярлық
шақ
4-7 жас
Баланың айналасындағы
болып жатқан жағдайларға
қызығушылығы артады. Бұл
не? деген сұрақтарға жауап
іздейді. Ми көлемі артып,
дами түседі, анық сөйлейді.
Маңызы зор, оның ішінде
қимыл əрекетін қажет ететін
ойындар арқылы қаңқасы
мен бұлшық еттері дұрыс
жетіле түседі
377
18-кестенің жалғасы
2.5
Екінші
балалық немесе
бүлдіршіндік шақ
8-12 жас
(ұлдар)
8-11 жас
(қыздар)
Бұл кезеңде мектепке
барумен байланысты
баланың іс-əрекетінде
сапалық өзгерістер
байқалады, жаңа
дағдылар қалыптасады,
жауапкершілікті, тəртіпті
сезінеді. Ойлау қабілеті дами
бастайды. Бойлары шамамен,
140-150 см, салмағы 30 кг –
нан асады
2.6
Жеткіншектік
немесе
жасөспірімдік
шақ (балиғаттық-
пубертаттықшақ)
13-16 жас
(ұлдар)
12-15 жас
(қыздар)
Баланың өсуі мен дамуында
жаңа өзгерістер пайда
болады. Бұл кезеңде
жыныстық жетілумен
байланысты ұлдар мен
қыздардың дене бітімінде
айырмашылықтары айқын
байқалады. Қыздарда
алғашқы етеккір 12-13
жаста басталады. Дене
өседі, бұлшық еттері
дамиды, тері астындағы май
қабаты қалыңдай түседі.
Кеудемен тыныс алу түрі
айқын білінеді. Ұлдардың
дауысы жуандайды,
жыныстық жетілу белгілері
пайда болады. Зат алмасу
қарқындылығы артып,
қозғалыс əрекеттердің
үйлесімділігі жетіледі.
Барлық физиологиялық
үдерістер жедел жүреді
2.7
Кəмелеттік немесе
жігіттік шақ
17-21 жас
(бозбалалар)
16-20 жас
(бойжеткен-
дер)
Барлық мүшелер мен
мүшелер жүйесінің
қалыптасуы толығымен
жетіледі. Жүйке жүйесі мен
ішкі секреция бездерінің
қызметі бірімен-бірі
үйлесімді жүреді.Ми
қыртысының реттеу қызметі
378
18-кестенің жалғасы
артады. Тежелу үдерісінің
басымдылығы байқалады.
Жұмысқа қабілеттіліктері
арта түседі. Жеке
мүшелердің өсуі тоқтайды.
Жыныстық тұрғыдан да
толық жетіледі
Достарыңызбен бөлісу: |