Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет215/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   258
Дене сапаларының тұқымқуалауы
Түрлі дене сапаларына тұқым қуалау ықпалы бір типті емес. Олар 
генетикалық тəуелділіктің түрлі дəрежелерінде көрініс береді жəне 
онтогенездің əртүрлі кезеңдерінде байқалады. Ең жоғары дəрежеде 
генетикалық бақылауға бірінші кезекте жүйке жүйесінің ерекше 
қасиеттерін, яғни жоғары лабилділік (қозудың өту жылдамдығы) пен 
жүйке үдерістерінің қозғалғыштығын немесе ширақтығын (қозудың 
тежелуге алмасуы жəне керісінше) талап ететін жылдам қозғалыстар, 
сонымен қатар организмнің анаэробтық мүмкіндіктерін дамуы мен 
қаңқа бұлшық еттерінде жылдам талшықтардың болуы қасиеттері 
ұшырайды. 
Жай жəне күрделі қимыл реакцияларының уақыты, қозғалыстың 
максималды темпі, жекеленген қимыл актілері жылдамдығы (соққы, 
секіру, лақтыру) арқылы көрініс беретін шапшаңдық сапасы үшін 
тұқымқуалаушылықтың жоғары көрсеткіштері тəн болған. Егіздік 
жəне генеалогиялық шежіре əдісі арқылы қысқа арақашықтыққа 
жүгіру, теппинг-тест, максималды темпте қысқа уақытта велоэр-
гометр тебу, орнында тұрып секіру жəне т.б. жылдамдықты жəне 
жылдамдықты-күштік жаттығулардың туа біткен қасиеттермен 
(Н=0,70-0,90) аса тəуелділікте болатындығы дəлелденген. Соны-
мен қатар иілгіштік (икемділік) дене сапасының да тұқым қуалау 
коэффициенті жоғары болған. 
Генетикалық ықпалдың аз дəрежесі абсолюттік бұлшық ет 
күші көрсеткіштері үшін тəн. Мысалы, оң қолдың динамометрлік 
көрсеткіштері үшін тұқым қуалау коэффициенті Н=0,61, сол қол 
үшін Н=0,59, сонымен қатар уақыт көрсеткіштері ретінде қарапайым 
қимыл реакциясы үшін Н=0,84, күрделі қимыл реакциялары үшін 
Н=0,80 болған. 


422
Тұқымқуалаушылықтың ең аз дəрежесі ұзақ циклдік жұмысқа 
төзімділік жəне ептілік сапасы (үйреншікті емес жағдайларда 
жаңа қимыл актілерін қалыптастыру қабілеті мен координациялық 
мүмкіндіктер) көрсеткіштері бойынша байқалады. 
Басқаша айтқанда, ең көп жаттықтыруға «көнетін» дене сапала-
ры ептілік пен жалпы төзімділік, ал ең аз жаттығуға «көндігетін» 
шапшаңдық пен иілгіштік болып табылады. Күш сапасы ор-
таша «көндігеді». Бұл Н. В. Зимкиннің көп жылдық спорттық 
жаттықтыру үдерісінде түрлі дене сапаларының өсімі дəрежесі ту-
ралы мəліметтерімен дəлелденген. Мəселен, шапшаңдық сапасы 
көрсеткіштері (спринтерлік жүгіруде, 25 жəне 50 м жүзуде) 1,5-2 есе, 
жергілікті бұлшық ет топтарымен орындалатын жұмыс кезінде күш 
сапасы 3,5-3,7 есе ұлғайса, 75-150%-дық ауқымды жұмыс кезінде 
төзімділік сапасы ондаған есеге артқан. 
Генетикалық ықпалдардың көрініс табуы жасқа да байланысты. 
Олар егде тарта бастаған жас кезеңдерімен салыстырғанда жастық 
шақта (16-24 жаста) көбірек байқалады. Генотип ықпалы, сонымен 
қатар жұмыс қуаттылығына да байланысты, яғни жұмыс қуаттылығы 
артқан сайын олар өсіп отырады.
Тұқымқуалаушылықтың адамның дене сапасы қасиеттері мен 
морфологиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне ықпалы онтоге-
нез кезеңдерімен байланысты болып келеді. Сыни жəне сенситивті 
кезеңдер болады. 
Сыни 
кезең 
қандай 
да 
бір 
организм 
белгілерінің
дамуын бақылайтын жекелеген гендер мен олардың кешендерінің 
жоғары белсенділігімен сипатталады. Бұл кезеңдерде нəтижесінде 
организмнің тіршілік етуінің жаңа деңгейіне бейімделуі мен оның 
сыртқы ортамен өзара əрекеттесуі мүмкіндігіне əкелетін ретте-
лу үдерістерінде айтарлықтай қайта құрылулар, жеке мүшелер 
мен физиологиялық жүйелер дамуындағы сапалық жəне сандық 
кенет өзгерістер орын алады. Мұндай қайта құрылулар организм 
бостандығы дəрежесінің санын ұлғайтады, адам мінез-құлығының 
жаңа көкжиектерін ашады. 
Сенситивті кезеңдер – генетикалық бақылаудың төмендеу 
жəне сыртқы орта, соның ішінде педагогикалық пен жаттықтыру 
ықпалдарына организмнің жекеленген белгілерінің сезімталдығы-
ның жоғары кезеңі. 
Сыни жəне сенситивті кезеңдер тек ішінара сəйкес келеді. Егер 


423
сыни кезеңдер өмірдің жаңа жағдайларына (мысалы, жасөспірімнің 
өтпелі кезеңі кезінде) организмнің тіршілік етуінің морфологиялық-
физиологиялық негізін құрса, онда сенситивті кезеңдер осы 
мүмкіндіктерді қоршаған ортаның жаңа жағдайларына, талаптары-
на сай организм жүйелерінің барабар қызмет етуін қамтамасыз ете 
отырып, жүзеге асырады.
Дене тəрбиесі мен спорт саласындағы жаттықтырушылар мен 
педагогтар үшін сенситивті кезеңдерді білу аса маңызды, мəселен 
сол бір дене жүктемесінің көлемі, жаттығу сабақтарының мөлшері, 
жабдықтарды қолдану жəне т.б. тек сенситивті кезеңде ғана басқа 
жас кезеңдерінде қол жетімді болмайтын ең жоғары жаттығу əсерін 
қамтамасыз етеді. Сонымен қатар сенситивті кезеңдерді ескеру 
спортшының дене сапасының ерекшеліктері мен организм күйін 
дұрыс бағалау мақсатында спорттық іріктеу жүргізу кезінде де қажет. 
Түрлі 
дене 
сапалары 
үшін 
сенситивті 
кезеңдерге 
гетерохрондылық тəн, яғни дене сапалары дамуы бір мезгілде 
жүрмейді. Алайда, олардың басталу мерзімдерінің жеке дара 
нұсқалары бар болғандықтан орта есеппен жалпы заңдылықтарды 
бөліп көрсету мүмкін болады. Мəселен, шапшаңдық сапасының 
түрлі көрсеткіштерінің сенситивті кезеңі 11-14 жаста байқалып, 15 
жаста ол максималды деңгейге жетеді. Осыған жуық көрініс онтоге-
незде ептілік пен иілгіштік сынды дене сапаларының көрінуінде де 
байқалады. 
Біраз кейінірек күш сапасының сенситивті кезеңі байқалады. 
Мектепке дейінгі жəне бастауыш мектеп жасында жылдан жылға 
біраз артып отыратын күш өсімінің салыстырмалы қарқындарынан
кейін 11-13 жаста олардың біраз баяулауы орын алады. Содан соң 
бұлшық ет күші дамуының сенситивті кезеңі спорттық жаттықтыру 
кезінде əсіресе, күш өсімі маңыздырақ болып келетін 14-17 жас 
аралығында басталады. 18-20 жастағы бозбалаларда (қыз балалар-
дан 1-2 жас ертерек) негізгі бұлшық еттер күші максималды мəнге 
жетеді. Төзімділіктің сенситивті кезеңі шамамен, 15-20 жаста бас-
талып, осыдан кейін оның максималды көрінуі мен рекордтық 
жетістіктері стайерлік арақашықтықта жүгіру, жүзу, ескек есу, шаңғы 
жарысы жəне басқа да төзімділікті қажет ететін спорт түрлерінде
байқалады. 


424


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет