Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет218/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   258
Таңдаулы спорт түріне бейімделудің даму жылдамдығы 
мəселелері
Теплов-Небылицин дифференциациялы психология мектебінде 
жүйке үдерістерінің күші, қозғалғыштығы жəне лабилділігімен 
қатар туа біткен маңызды қасиеттердің бірі – жүйке жүйесінің 
біріншілік қасиеті ретінде динамикалық немесе үйрету қасиеті 
жайында мағлұматтар келтірілген (В. Д. Небылицын 1963-1972). 
Үйрету шартты рефлекстердің түзілу жылдамдығы ретінде 
түсіндірілген. 
П. К. Анохиннің қызметтік жүйе туралы ілімінің дамуы 
үйрету туралы мағлұматтарды өзгертті. В. М. Русалова (1989) 
анықтамасы бойынша динамикалылық немесе үйрету – организм-
де жаңа қызметтік жүйелердің қалыптасу шапшаңдығы. Адапто-
логияда спорттық жаттығу үдерісінде жүктемелерге спортшының 
физиологиялық жүйелерінің бейімделуі жəне оның бейімделу 
жылдамдығының рөлі жайында мағлұматтар бар. 
Мұнда организм қызметтерінің қайта құрылу дəрежесі əр адам 
үшін генетикалық белгілі бір нормамен, яғни организм түрлі 
белгілерінің өзгергіштігі аясында, ал жылдамдық уақыт бойынша 
белгілердің өзгерістерін бақылап отыратын арнайы (темпоралды) 
гендермен шек қойылып отырылады. 
Əрбір индивид үшін бұл гендер белсенділігінің өзіндік хроно-
логиясы, яғни уақытты санау жүйесі бар. Ол организмнің жеке дара 
өсуі мен дамуын, жасуша ядросындағы генетикалық ақпараттың 
берілу ұзақтығын, жасушада қажетті белоктардың синтезін, же-
келенген гендердің белсенділігінің қосылуы мен өшірілуін, жеке 
белгілердің дамуының сыни жəне сенситивті кезеңдерінің басталу 
моментін, олардың өту ұзақтығын, организмнің түрлі жүйелерінің 
функциялық белсенділігі қарқынын, адамның оқып үйрену 
жылдамдығын жəне т.б. тіршіліктің уақыттық параметрлерін 
анықтайды. Мысалы, жасөспірімдердің бір тобында өтпелі кезең 5-6 
жыл бойына, ал басқаларында небəрі 1,5-2 жыл ішінде өтуі мүмкін.
Егіздерге зерттеу жүргізу нəтижелері оқып үйренудің генетикалық 
табиғатын көрсетті. Vogel F., Motulsky A. (1990) жүргізген түрлі түсті 
пішіндер жұбын 30 с-та біріктіру арқылы орындалатын арнайы тест 
қолдану кезінде бір жұмыртқалы егіздерде меңгеру жылдамдығы 


432
бірдей болған, ал екі жұмыртқалы егіздер арасында нақтылы елеулі 
айырмашылықтар орын алған. 
Демек, жоғары жəне төмен дəрежеде жаттыққан спортшы-
лар тек жұмысқа қабілеттіліктерінің өзгерістері, дене сапасы мен 
функциялық көрсеткіштердің мөлшері бойынша ғана емес, соны-
мен қатар барлық осы көрсеткіштердің өзгеру жылдамдығы мен 
сəйкесінше, жоғары спорттық нəтижелерге жету уақыты бойынша да 
бір-бірлерінен ерекшеленеді. Жаттықтыру əсерінің даму мөлшері мен 
жылдамдығы тəуелсіз өзгермелі болып табылады. Бұл факторларға 
байланысты шыныққандықтың 4 нұсқасы бар (шыныққандық ту-
ралы толығымен жаттығу жүктемелерінің жіктелуін, спорттық 
жаттығулардың қағидаларын жəне жоспарлануын физиологиялық 
негіздеу 8-тарауда толығымен баяндалған): 
1. Жоғары жылдам шыныққандық: жүйелі жаттығудың алғашқы 
кезеңдерінде барынша жылдам өсіп барып, содан соң «қанығу 
деңгейіне» (мүмкіндігінше максималды жаттығу əсеріне) баяу 
(асимптотикалық-нышансыздық) жуықтай отыра аз өзгеретін үлкен 
əсер. 
2. Жоғары баяу шыныққандық: біртіндеп, баяу өсіп отыратын 
үлкен жаттықтыру əсері.
3. Төмен жылдам шыныққандық: жүйелі жаттығудың салыс-
тырмалы қысқа кезеңінде-ақ көрінетін жəне тез артатын, əрі қарай 
аз өзгеріске ұшырайтын үлкен емес жаттықтыру əсері. 
4. Төмен баяу шыныққандық: жүйелі түрде жаттықтыру 
үдерісінде баяу өсетін азғантай жаттығу əсері.
Осы 
іспеттес 
жеке 
дара 
физиологиялық-генетикалық 
ерекшеліктердің болуы көп жылдық спорттық жаттықтыру 
үдерісінде көп сатылы іріктеу қажеттілігін негіздейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет