Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Спортшының жаттығу дəрежесін ескеру



Pdf көрінісі
бет217/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   258
Спортшының жаттығу дəрежесін ескеру.
Адамның мүддесі мен мүмкіндіктеріне жауап беретін барабар 
спорт түрін таңдау оның жоғары спорттық жетістіктерге жетуіне 
толық кепілдік бере алмайды. Спорттық шеберліктің өсуінде 
спортшының жаттығу дəрежесі немесе спорттық бапталуы деп ата-
латын, яғни жүйелі түрде жаттықтыру ықпалынан оның функциялық 
жəне арнайы спорттық мүмкіндіктерін жоғарылату қабілеті 
айтарлықтай рөл атқарады. 
Спортшының жаттығу дəрежесі (немесе бапталуы):
1. Көп жылдық спорттық дайындық үдерісінде организмдегі 
түрлі белгілердің өсімі дəрежесі;
2. Организмдегі аталмыш өзгерістердің жылдамдығы сияқты 
екі көрсеткіштің жиынтығымен қамтамасыз етіледі.
Спортшы организмі түрлі көрсеткіштерінің өсімі дəрежесін 
қарастырайық. Адамның дене сапалары мен функциялық жеке 
көрсеткіштерінің өзгергіштігі шамасы туа пайда болған реак-
ция қалыптарына (норма), яғни жеке дара даму жағдайы мен 
сыртқы орта факторларының өзгерістеріне жауап беретін, бұл 
белгілерді бақылауда ұстайтын гендер қабілеттілігіне байла-
нысты (Түрлі физиологиялық қызметтер деңгейін анықтауда 
тұқымқуалаушылықтың рөлі 8-тарауда қарастырылған болатын).
Көрсеткіштердің бір тобына реакцияның тар көлемді нормала-
ры тəн. Олар орташа алғанда, тіпті, сыртқы жағдайлардың елеулі 
ауытқулары кезінде де, соның ішінде ұзақ уақыттық жаттығу ба-


428
рысында да айтарлықтай өзгерістерге ұшырай қоймайды. Оларға 
бой ұзындығы, қанның гомеостатикалық қасиеттері, қаңқа бұлшық 
еттеріндегі бұлшық ет талшықтарының құрамы, жүйке жүйесінің 
типтік ерекшеліктері жəне т.б. жатады. Ал басқа көрсеткіштерге 
фенотипте айтарлықтай өзгерістердің орын алуымен көрінетін 
реакцияның кең көлемді нормасы тəн. Оларға дене массасы, бұлшық 
еттегі митохондрия мөлшері, сыртқы тыныс алу, қан айналым 
жүйесінің көптеген көрсеткіштері жəне т.б. 
Спорттық іріктеу кезінде бірінші кезекте ең жоғары болжа-
малы болатын, себебі жаттықтыру үдерісінің оларға ықпалы аз 
болатындықтан аз өзгерістерге ұшырайтын көрсеткіштерге мəн 
беру қажет. Нақ осы көрсеткіштер жаттықтыру үдерісінде спорттық 
жетістіктерді лимиттейтін болады. 
Көптеген жылдар бойы жүйелі түрде спортпен айналысу немесе 
кəсіби шұғылдану барысында адамның генетикалық ерекшеліктерін 
айқындайтын мидың электрлік белсенділігі амплитудалық-жиілікті 
сипаттамалары – электроэнцефалограмма (ЭЭГ) еш өзгеріске 
ұшырамайды. Жеке адамның (индивид) реакцияның тар көлемді 
нормалы бұл табиғи қасиеттерін бастапқы іріктеуде-ақ ескеру қажет. 
Мəселен, шапшаңдық сапасының өте жақсы дамуы талап етілетін 
ситуациялық (стандартты емес-үзілістік) спорт түрлеріне іріктеу 
кезінде ЭЭГ альфа-ырғағының жоғары жиілігі тəн тұлғаларға көңіл 
бөлу қажет (α Альфа-ырғақ немесе Бергер ырғағы – мидың 8-13 Гц 
жиіліктегі жəне 50мкВ-ге дейінгі амплитудасы болатын жиынтық 
потенциалының тербелістері, ЭЭГ-де адамның сергек күйінде басым 
болып байқалатын тербелістер). Жоғары білікті баскетболшылардың 
ЭЭГ зерттеу оларда бұл тыныштық ырғақтың жиілігінің секунды-
на 11-12 тең, яғни жоғары екендігін, ал шаңғышы-жарыскерлерде 
бар болғаны секундына 9-10 тербелісті құрағандығын көрсеткен.
Бұған қарама-қарсы спорттық жаттықтыру ықпалынан ми қыртысы 
потенциалдарының кеңістіктік-уақыттық қатынастары айтарлықтай 
өзгерістерге ұшырайды. Е. Б. Сологуб жəне əріптестерінің 
мəліметтері бойынша үлкен ми сыңарларының қыртысында 
таңдаулы спорт түрлерінде қалыптасқан қимыл дағдыларының 
ерекшеліктерін бейнелейтін өзара байланысты белсенділіктің ар-
найы жүйелері пайда болады. Бұл ерекшеліктер спортшылардың 
функциялық дайындығы деңгейін көрсетеді жəне оларды іріктеудің 
жоғарырақ кезеңдерінде ескеру керек. 


429
Қаңқа бұлшық еттеріндегі талшықтар композициялары 
(құрамы) маңызды болжамалы белгілердің бірі болып табылады. 
Тұқымқуалаушылық коэффициенті баяу немесе жылдам талшықтар 
үшін ер адамдарда 0,99 жəне əйелдерде 0,92 тең екендігі белгілі.
Осыған орай адамда спортпен көпжылдық шұғылдану барысында 
оған тəн баяу жəне жылдам бұлшық ет талшықтарының санында 
өзгерістер болмайды. Сондықтан бұл көрсеткіш іріктеудің бастапқы 
сатыларында ескерілуі қажет көрсеткіштер қатарына жатқызылады. 
Санның төрт басты бұлшық еті талшықтары композицияларын 
зерттеу нəтижелері орта есеппен алғанда адамдарда І типті баяу 
(тотығатын) талшықтардың таралуы аталмыш бұлшық еттегі 
барлық талшықтар санының 50-60%-ын құрайтындығын көрсеткен. 
Мысалы, академиялық есумен ұзақ уақыт шұғылдану барысында 
жеке тұлғалардың өздеріне лайық талшықтарының арақатынасы 
өзгермейді. Ю. И. Афанасьев, С. Л. Кузнецов мəліметтері бойынша 
біліктіліктері төмен (І санаттағы ересектер мен бозбалаларда) ескек 
есушілерде санның төрт басты бұлшық етіндегі баяу талшықтардың 
саны 44-82% құрайды жəне ол жоғары білікті спортшыларда (спорт 
шеберлігіне кандидат жəне спорт шеберлері) 47-73%-ға жуық бола-
ды. Осымен қатар баяу немесе жылдам талшықтардың айтарлықтай 
басым келуі тəн субпопуляциялар (халықтың аздаған тобы) да бар. 
«Ұлы стайерлер туа бітеді» дегендей баяу талшықтар басым келетін 
бірінші топтан болашақ стайерлерді, ал екінші топтан спринтерлерді 
(«Ұлы спринтерлер туа бітеді») іздеу қажет. 
Осы іспеттес организмнің аэробты мүмкіндіктеріне қатысты сол 
бір көрсеткіш – ОМП мөлшері бойынша реакцияның кең көлемді 
нормасы мен тар көлемді нормасы тəн жеке тұлғалар (индивид) 
да бар. Оларда жаттығу үдерісінде бұл көрсеткіш өсімінің орта-
ша популяциялық мəннен аса зор айырмашылығы болады. Əдетте, 
көпшілік адамдарда ОМП өсімі орта есеппен бастапқы деңгейдің 
30%-ға жуығын құрайды. Алайда, канадалық ғалымдардың 
(Bouchard С жəне əріпт.) егіздерді зерттеу нəтижелері велоэрго-
метрде бірдей аэробты жұмыстарды орындау кезінде жаттығу 
дəрежесінің генетикалық тəуелділігін көрсетті. 
Жеке адамдардың 5-10%-ын құрайтын бір тобында ОМП 
мөлшерінің жоғарылауы 15 апталық жаттығу циклдері ықпалынан 
60%-ға жетсе, ал бақыланған топтың тек 4%-ынан тұрған басқа 
топ өкілдерінде сол кезеңдегі өсім 5%-дан аспаған. Бұл жеке дара 
ерекшеліктер туа біткен қасиет болып табылады. 


430
С. Альварес бойынша көп сатылы іріктеу үдерісінде дене 
жүктемелеріне жауап берудің гипокинетикалық типі (олар шама-
мен, 21%-ға жуық) мен гипокинетикалық топпен салыстырғанда 
неғұрлым жоғары жаттығу əсерін көрсететін жауап берудің 
гиперкинетикалық типін (26%) ажыратады.
Л. Р. Кудашева (1997) мəліметтері бойынша да осы шамалас 
жоғары дəрежеде шыныққан спортшылар саны да аэробты жəне 
анаэробты мүмкіндіктері жоғары мобилденетін жəне ең қуатты 
ситуациялық спорт түрлері өкілдері арасында байқалған. Мысалы, 
волейболшылар арасында – 10%, баскетболшылар – 18%, футбол-
шылар – 33% болған. 
Е. Б. Сологуб, 3. Ю. Бедрина жүргізген жоғары білікті баскетбол-
шыларда тактикалық ойлауды зерттеу тактикалық тапсырмаларды 
шешуде ақпаратты қайта өңдеу қабілетінің ұлғаю дəрежесі бойынша 
спортшыларды 3 топқа жіктеуге мүмкіндік берген. 
1. Жоғары қабілетті баскетболшылар барлық зерттелінген 
спортшылардың 30%-ын құраған. Олар 12 рет жүргізілген жаттығу 
сабақтарынан кейін мидың өткізу қабілетінің өсімі (С) 1,8 бит/с 
болған. Мұнда, ойын кезінде өткізу қабілетінің орта есеппен 
бастапқы деңгейі С=2 бит/с;
2. Барлық бақыланған спортшылардың 44%-ын құраған орташа 
деңгейлі баскетболшылар С=1.5 бит/с;
3. Үйретудің төмен деңгейі тəн баскетболшыларда (26%) С=1,2 
бит/с болған. 
Тактикалық міндеттерді шешуде жоғары деңгей тəн спортшы 
баскетболшыларды іріктеу үшін ақпараттық психофизиологиялық 
көрсеткіштер анықталған. Олар өзін-өзі бағалаудың Спилбергер-Ха-
нин шкаласы бойынша мазасыздықтың төмен деңгейімен, өзін-өзі 
сезіну мен көңіл-күйін бағалауда сынның жоғары болуымен жəне 
зейін концентрациясы мен таңдаудың жоғарылығымен сипатталады. 
Жоғарыдағы мəліметтерді саралай келе, морфологиялық-
физиологиялық көрсеткіштер мен спорттық жетістіктерінің орташа 
көрсеткіштері тəн болып келетін негізгі тұлғалармен қатар жаттығу 
кезінде бұл көрсеткіштер өсімінің жоғары немесе төмен деңгейіне 
ие тұлғалардан құралған топтар (10-30%) да бар деп тұжырымдауға 
болады. Жоғары жаттыққан тұлғаларды іздеу спорттық іріктеудің 
басты міндеті болып табылады. Бұл міндетті шешу барысын-
да əрбір таңдаулы спорт түрі үшін ақпараттық физиологиялық, 


431
морфологиялық, психофизиологиялық жəне психологиялық пара-
метрлер үлгісін жасау қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет