444
ете алмайды. Олардың жиырылу қабілетінің жеткіліксіз болуы не-
месе мүлдем жиырыла алмауы ауырлық күшіне қарсы тұра аяқтан
жүрекке қарай кан ағымын жеңілдететін «бұлшық ет насосы»
қызметінің жойылуына əкеледі. Осы «перифериялық (шеткі) жүрек»
жақтан көмектің болмауы жүректің қан айдау жұмысын одан əрі
қиындата түседі. Қан айналым уақыты айтарлықтай арта түседі. Қан
айналымдағы қан көлемі азаяды.
Төмен дене жүктемелері мен тыныс алу тереңдігінің біраз
ұлғаюы орын алған жұмыс кезінде қан ағымына «тыныс алу насо-
сы» да септігін тигізе алмайды. Өйткені кеуде қуысында төменгі
қысымның сору əсері мен диафрагма жұмысы жойылған. Қозғалыс
белсенділігінің төмендеуінің барлық аталмыш салдары қазіргі
əлемде жүрек-тамыр ауруларының аса көбеюіне əкеліп соғып отыр.
Эндокриндік жүйеде ішкі секрециялық бездер қызметінің
төмендеуі байқалады жəне олардың гормондар өндіруі азаяды.
Акинезия
жағдайларында
организмнің
барынша
ауыр
зақымдалуы жүреді жəне жүрек соғу жиілігі, дене температурасы
жəне т.б. қызметтер тəуліктік биоырғағының деңгейлестіруі орын
алады.
Достарыңызбен бөлісу: