Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет243/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   258
Жылдамдықты-күштік спорт түрлері
Ауыр атлетика (АА) – штанга көтеруден бəсеке, бұл дене күші 
мен техника қатар шешуші рөл атқаратын спорт түрлеріне жатады. 
Жұмыс динамикалық сипатта, ал штанганы көтерген жəне бекіткен 
кезде статикалық сипатқа ие болады. Штанганы көтергенде дене 
тепе-теңдігін сақтап тұру маңызды болып табылады. 
Ауыр атлетика күш пен шапшаңдықты дамытады. Штанга 
қозғалысы координация бойынша күрделі болып келеді. 
А. Н. Воробьев мəліметтері бойынша штанга көтерушілерде 
негізгі алмасу күйінде энергия шығыны (салмақ категорияларына 
тəуелділіктен тыс) стандартты өлшемдердің 86-96%-ын құрайды. 
Бұл тотығу үдерістерінің үнемділігін көрсетеді. Жаттығу кезіндегі 
жиынтық энергия шығыны салмақ категориясына байланысты 
3700-ден 6000 ккал-ға дейін болады. ОМП 56 мл/мин/кг тең келеді. 
Штанга көтергенде тыныс алу күштенген жəне тынысты кідірткен 
кезде жүреді. Бұл кезде құрсақ ішілік жəне веноздық қан қысымы 
жоғарылайды. 
Штанга көтерген кезде өкпелік вентиляция мен оттегіні сіңіру аса 
жоғары болмайды. Бұлшық ет жұмысы штанга көтергенде көбіне, 
анаэробты жағдайларда өтеді, осыған орай оттектік қарыздылық 
оттектік қордың 80-90%-ға жетуі мүмкін. 
ЖЖЖ штанга салмағына, тəсілдің қайталануына жəне 
спортшының жаттығу дəрежесіне байланысты болады. Ол 160-
185 екп/мин жетуі ықтимал. ЖЖЖ жиіленуі көбіне, штанганы 
түсіргенде байқалады. Тыныштық күйде штанга көтерушілердің 
пульсі 60-70 екп/мин болады. Оларға артериялық қан қысымының 
жоғарылау тенденциясы тəн. Бұл жаттығу кезінде тыныстың кідіруі 
мен күштенуге байланысты. Жаттығудан кейін систолалық сияқты 
диастолалық қан қысымының да төмендеу тенденциясы тəн.
Штанга көтерген кезде күштену (ышқыну) жүрек қызметіне 
қандай да бір қиындықтар тудырады, мұның жүрек бұлшық еті 
гипетрофиясының дамуына əкелуі сирек құбылыс емес. 


491


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет