Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Күрделі техникалық спорт түрлері. Гимнастиканың



Pdf көрінісі
бет244/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   258
Күрделі техникалық спорт түрлері. Гимнастиканың 
физиологиялық сипаттамасы
Спорттық гимнастика – денсаулықты нығайтуға, адамның 
қимыл қабілеттерін жетілдіруге жəне дененің үйлесімді дамуына 
бағытталған арнайы дене жаттығуларының жүйесі. «Гимнастика» 
түсінігі аясына спорттық жəне көркем гимнастика, спорттық акро-
батика кіреді. 
Спорттық гимнастикада ер адамдар алты, ал əйел адамдар төрт 
снаряд қолданады. 
Гимнасшы жаттығулары қозғалыс аппаратын жетілдіруге 
бағытталған. Энергия шығыны гимнастикалық жаттығулардың 
қысқа мерзімде орындалуына байланысты айтарлықтай болмайды. 
Тек жаттығуларды көп рет қайталағанда, күніне жаттығуды 2-3 рет 
орындаған кезде ғана əйел адамдарда 3000-3600 ккал, ал ерлерде 
3600-4200 ккал тең болады. Ер адамдарда ОМП 60 мл/мин/кг.
Қозғалыстың сан алуан болуымен, кеңістіктегі дене күйімен 
жəне статикалық қалыптың болуымен байланысты тыныс алу 
аппаратының жұмысына белгілі бір қиындықтар туындайды. Ты-
ныс жиілігі, тереңдігі, ырғағы орындалатын жаттығу техникасының 
ерекшеліктеріне байланысты келеді. Кейбір жаттығулар тыныстың 
кідіруі жəне күштену кезінде орындалады. Гимнастикалық 
жаттығуларды орындау кезіндегі газ алмасу мөлшері қозғалыс си-
патына жəне жұмысқа тартылған бұлшық еттер топтарына тəуелді 
келеді. 
Жаттығуларды орындауға жүрек-тамыр жүйесінің реакциясы 
əртүрлі. Мəселен, акробатика, секіру, жүгірулері көп құралдарсыз 
жасалатын гимнастикалық қозғалыстарды (еркін жаттығуларды) 
орындау кезінде пульс 160-180 екп/мин жəне одан жоғары мəнге 
дейін жиілейді, артериялық (систолалық) қан қысымы 130-150 мм 
сынап бағанасы дейін жоғарылайды. 
Сыртқы тыныс алу қызметі жоғары көрсеткіштер көрсетпейді, 
бұл статикалық күйдің көп болуымен байланысты, ал динамикалық 
жаттығулардың қысқа мерзімде орындалатыны белгілі. Құралдарсыз 
жасалатын гимнастикалық қозғалыстар кезінде ТЖ соншалықты 
организмнің оттегіге сұранысымен емес, сол немесе басқа да 
жаттығуларды орындаудан туындаған тыныс алу мүшелерінің 
биохимиялық өзгерістерімен анықталады. Оттектік қарыздылық 


492
құралдарсыз жасалатын гимнастикалық қозғалыстардан кейін 85%-
ға жетсе, ал снарядтармен орындалатын жаттығулар кезінде 98%-ға 
дейін жоғарылайды. 
Мəнерлеп сырғанау. Мəнерлеп сырғанауда орындалатын 
элементтердің темпі, ырғағы, күрделілігі музыканың қостауымен 
қатар жүреді. Мəнерлеп сырғанау жеке сырғанау (ерлер мен əйелдер), 
жұптасып сырғанау мен мұзда орындалатын спорттық билерден 
тұрады. Энергия шығыны орындалатын жаттығулардың түріне, 
олардың күрделілігіне, темпіне жəне т.б. басқа факторларға байла-
нысты. Мысалы, мұзда билеуге қарағанда жеке сырғанауда (еркін 
программа) жəне жұптасып сырғанауда (ерлерде) энергия шығыны 
жоғары болады. 
Энергия шығыны 3000-4100 ккал дейін болуы ықтимал. ОМП 58 
мл/мин/кг тең. Өкпелік вентиляция 80-160 л/мин. жəне одан жоғары 
болуы мүмкін, оттегіні пайдалану 4,0-4,5 л/мин. болады. Əсіресе, 
жеке сырғанаудағы сияқты жұптасып сырғанудағыдай еркін про-
граммаларды орындау кезінде оттектік қарыздылық тəн келеді. 
ЖЖЖ тыныштық күйде 45-50 екп/мин, ал сырғанау кезінде 160-180 
екп/мин жəне одан да жоғары мəнге жетуі ықтимал. Қандағы лактат 
концентрациясы 14-18ммоль/л жəне одан жоғары мəнге дейін арта-
ды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет