154
Бұлшық еттің максималды статикалық күші жəне мак-
сималды ерікті статикалық күші. Бұлшық еттің жиыры-
лу күші тітіркендіргіштің күшіне, жиілігіне жəне еттің құрылыс
ерекшелігіне, функциялық күйіне байланысты. Бұлшық ет мыңдаған
ет талшықтары шоғынан (топтарынан) тұратыны белгілі. Бұлшық ет
құрылымы, қызметі туралы
2-тарауда толығымен баяндалған бола-
тын
(8-15-суреттерді қараңыз).
Бұлшық ет изометриялық жиырыла отырып, ол үшін мүмкін бо-
латын максималды ширығуы:
1) сол бұлшық еттердің барлық моторлық бірліктерінің (бұлшық
ет талшықтары) белсенуінде;
2) оның барлық қозғалыс бірліктерінің толық тетанусы (сіресіп
жиырылуы) режимінде;
3) тыныштықта ұзындыққа бұлшық ет жиырылуында сияқты 3
жағдай бір мезгілде орындалғанда дамиды.
Осы жағдайларда бұлшық еттің
изометриялық ширығуы оның
максималды статикалық күшіне сəйкес келеді.
Бұлшық еттердің аз бөлігі ғана ерікті əрекет ете алады. Қаңқа
бұлшық еттерінің күш градациясы негізінен жүйке жүйесімен коор-
динацияланады. Қимыл бірліктерінің саны бұлшық ет ширығуын
бақылауда маңызды рөл атқарады.
Моторлық бірліктегі барлық
бұлшық ет талшықтары бір мезгілде байланысатындықтан
жүктемелер күші, жиілігі, т.б. барлық бұлшық ет талшықтарға
бірдей (идентивті) болады
(38-сурет).
Жұлын
Бұлшық ет талшықтары
Мотонейрондар
38-сурет. Моторлық бірліктер: мотонейрондар мен олар жабдықтайтын
бұлшық ет талшықтары (From Matthews GG Cellular Physiology of Nerve
and Muscle Blackwell Scientifi c Publications)
155
Белгілі бір бұлшық еттің қозу табалдырығын анықтаған соң
тітіркендіргіш күшін
біртіндеп көбейтсе, бұған сəйкес бұлшық
еттің жиырылу күші біртіндеп өседі, бірақ тітіркендіргіштің күші
белгілі бір деңгейге жеткен соң бұлшық еттің жиырылу күші одан
əрі күшеймейді.
Осыған орай тітіркендіргіштің ең төмен (минималдық) жəне
ең жоғары (максималдық) табалдырық күші болады. Бұлшық еттің
құрамындағы моторлық бірліктің əрқайсысының қозу табалдырығы
əртүрлі. Сол себепті минималдық табалдырық ең қозғыш моторлық
бірлікті
қоздырады, ал максималдық табалдырық бұлшық еттегі
барлық миоциттердің қозу табалдырығынан жоғары болатындықтан
бəрін жиырылтады. Мұнымен бірге бұлшық еттің жиырылу күші
тітіркендіргіштің жиілігіне байланысты. Еттің оптимум жəне песси-
мум жиілігі болатыны жəне оның себептері белгілі. Ұзын бұлшық
ет талшықтары қысқаларына қарағанда, қаттырақ жиырылады.
Қажыған еттің жиырылу күші біртіндеп азаяды.
Моторлық бірліктердің мөлшері
адамның қартаюы барысында
кеми түседі (
39-сурет жəне
12-тараудағы 73-суретте көрсетілген).
Дегенмен, жекелеген бұлшық ет талшықтарының атрофиясын
ішінара алдын алуға жəне жаттығулар арқылы қалпына келтіруге
болады. Ал жоғалған талшықтарды қалпына келтіру мүмкін емес.
Достарыңызбен бөлісу: