Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет81/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   258
41-сурет. Бұлшық ет талшықтары типтері жəне олардың даму барысы. 
ГБК- гистосəйкестіктің басты кешені түрлері (A. Giovanelli мəліметтері 
бойынша)
Моторлық бірліктегі барлық талшықтар дəл сондай талшықтар 
типінен, мəселен, баяу қимыл бірліктері сəйкесінше, баяу бұлшық 
ет талшықтарынан тұрады. Бұл кезде миозин сəйкесінше, АТФ 
қышқылын баяу жылдамдықпен пайдаланады. Митохондриялардың 
көп болуы себепті АТФ толықтырып отыруға əкелетін жоғары 
сыйымдылық тəн. Изометриялық жиырылу кезінде күшті үнемдеп 
пайдалану мен қайталама баяу изотониялық жиырылудың тиімді 
орындалуы тəн. Ал жылдам қимыл бірліктері сəйкесінше, жылдам 
бұлшық ет талшықтарынан құралады. Мұнда миозин энергияны 
циклдік жылдам темпте пайдаланады. Неғұрлым жоғары қуаттылық 
немесе изометриялық жиырылу кезінде баяу қимыл бірліктерінің 
күші жеткіліксіз болады. Бұл баяу бұлшық ет типтері төзімділік 
жаттығулары, ал екіншісі күштік-жылдамдық жаттығулары үшін 
бейімді келеді. Мұндағы баяу бірліктер жиырылуға ұзақ уақыт 
қабілетті, алайда өте төмен күш тудырады. Ал жылдам бұлшық 
ет талшықтары жоғары күшке ие болғанымен, бірақ тотығусыз
сондықтан қажу да тез орын алады (42-сурет).
Бұл суретте көрсетілген 3 қимыл бірліктерінің жоғарыдан төмен 
қарай (жылдам қажитыннан баяуға дейін) максималды күш салу 
деңгейі кеміп отырса, керісінше, төменнен жоғары қарай (баяу-
дан жылдам қажитын бірлікке дейін) сіресе жиырылу уақыты азая 
түскен. Сонымен Бурке зерттеулері бойынша ең жоғары күшке 
жылдам қажитын бірліктер, ал ең төмен күшке баяу бірліктер ие. 


159
Уақыт бойынша баяу қимыл бірліктері бірінші, ал жылдам қажитын 
бірліктер соңғы орынды иеленген. Жылдам қажитын-резистентті 
бірліктер екі көрсеткіш бойынша да орташа мəнді көрсеткен. 
Координациялық (орталық-жүйкелік) факторларға бұлшық 
ет аппаратын басқарудың орталық-жүйкелік координациялық 
механизмдері – бұлшық ет ішілік жəне бұлшық ет аралық координа-
ция механизмдері жиынтығы жатады.
Бұлшық ет ішілік координация механизмдері сол бұлшық 
еттердегі мотонейрондар импульсациясы саны мен жиілігін жəне 
олардың импульсациясының уақытпен байланысын анықтайды. 
ОЖЖ осы механизмдер көмегімен сол бұлшық еттердің максимал-
ды ерік күшін (МЕК) реттеп отырады, яғни осы бұлшық еттердің 
ерікті жиырылу күшінің қаншалықты оның максималды күшіне 
(МК) жуықтығын анықтайды. Кез келген бұлшық ет тобының, тіпті, 
бір буынның МЕК көрсеткіші көптеген бұлшық еттердің жиырылуы 
күшіне тəуелді болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет