Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет3/364
Дата10.02.2022
өлшемі4,76 Mb.
#25208
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   364
АЛҒЫ СӨЗ

«Информатиканы  оқыту  əдістемесі»  курсы  болашақ  информа-

тика  мұғалімдерін  кəсіби  дайындаудың  5В011100-Информатика 

мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жалпы-

ға міндетті білім стандартының жоғары кəсіби білім беру пəндерінің 

негізгілерінің  бірі  болып  табылады.  Бұл  курстың  аты  (бұрынғы 

ЖАК  бойынша)  ғылыми  мамандық  атымен  түгелге  дерлік  сəйкес, 

тек қана, айырмашылығы «оқыту»-дан кейін «жəне тəрбиелеу» де-

ген  сөзден  тұрады.  Жалпы,  айта  кетерлік  нəрсе,  қандай  да  бір  оқу 

пəнін  оқытудың  əдістемесі  курсын  (ғылыми  мамандығын  қоса), 

ғылыми дəйектілік тұрғысынан қарағанда, «(пəн) дидактикасы» не-

месе, тіпті, «(пəн) педагогикасы» (батыс елдерінде солай аталады да) 

деп те атау дұрыс болар ма еді, бірақ, дəстүрдің аты дəстүр, аталмыш 

курсты, оның ресми атына тəуелсіз, оқытушылар да, студенттер де 

күнделікті өмірде «Информатика əдістемесі», ары барса, «Информа-

тиканы оқыту əдістемесі» деп қысқаша атайды. Сондықтан да оқулық 

мазмұнын  баяндауда  осы  ескі  дəстүрге  сай  аттарды  «сескенбей» 

пайдаланатынымызды  атап  өткен  абзал.  Оның  үстіне,  ұсынылып 

отырған оқулық мазмұнында жоғарыда келтірілген құраушылардың: 

теория, əдістеме мен тəрбиелеудің өз орынын тапқаны.

Осы  уақытқа  дейін  баспадан  шыққан  оқулықтар  мен  оқу 

құралдар  санаулы  ғана.  Алдымен,  орыс  тілінде  Ресейде  шыққан 

М. П. Лапчик  пен А. И. Бочкиннің [1, 2], М. П. Лапчикпен бірлескен 

авторлар ұжымының  оқу құралдарын [1, 3-11] атап өтуге болады. 

Ал, қазақ тілінде М. П. Лапчиктің ең алғаш, информатиканы мектеп-

ке енгізіп, оқушылар үшін алғашқы оқу кітаптары мен мұғалімдер 

үшін  əдістемелік  жетекшілер  бойынша  жұмыстар,  іс  жүзінде,  біте 

салысымен  шыққан  оқу  құралының  (М.  П.  Лапчиктің  «Методика 

преподавания информатики» педагогикалық институттарға арналып 

жазылған КСРО ағарту Министрлігі шығарған оқу құралы, 1987) ау-

дармасын (аударған Қ. С. Əбдиев, редакциялаған Е. Ы. Бидайбеков) 

айтуға  болады.  Онымен  қоса,  жоғарыда  көрсетілген  М.  П.  Лапчик  




4

пен А. И. Бочкиннің  оқу құралдарының төңірегінде құрастыра жазы-

лып шыққан жəне М. П. Лапчикпен бірлескен авторлар ұжымы оқу 

құралдары негізінде жеделдете жазылған тираждары көп емес оқу 

құралдарының, кемшіліктеріне қарамастан, біздің еліміз көлемінде 

алатын өз орны бар.

Осы уақытқа дейін информатиканы оқыту əдістемесі курсы бо-

йынша мемлекеттік тілде жүйелі оқу құралын жасау қолға алынған 

емес. Оның түрлі себептері бар. Оның бірі – мектеп оқу жоспарындағы 

информатика  курсының  орны  жəне  соған  сəйкес  оның  мақсаттары 

мен мазмұны төңірегіндегі бітпестей сенімсіздік жағдай. Бұл жағдай 

жалпы білім беретін орта мектеп стандарты 2002 жылдан кейін ресми 

түрде қайта қарастырылмауынан (2013 жылы қайта толықтырылып 

бекітілуінен), 12 жылдық  мектеп  стандарты,  бірнеше  рет  жасауға 

ұмтылыс  болғанымен,  қолға  алынбауынан,  сонымен  қатар,  білімді 

ақпараттандыру,  оның  ішінде,  электрондық  оқыту  мəселелері 

ойдағыдай көтеріліп, іске асырылуы аясында информатиканы оқыту 

мəселелері  көлеңкеде  қалып  қойғандай  əсер  қалдыратындығынан 

туындаған  болуы  да  мүмкін.  Бұл  оқулық  мектепте  информатика 

пəні бар деп қана емес, информатика пəні болды деген жəне білімді 

ақпараттандыру жағдайында да информатика пəнінің орны мен мəні 

бұрынғыдан да артар деген үмітпен жазылып, ұсынылып отыр. Ке-

лешекте 12 жылдық мектептің оқу жоспарының ендірілуіне көп үміт 

артуға болады. Оқулық мазмұнына, авторлардың өз зерттеулері бо-

йынша жазылған «12 жылдық мектеп оқу жоспарындағы информа-

тиканы  оқыту  құрылымы  жайында»  атты  параграфтың  енуі  бекер 

емес.

Педагогика  ғылымының  жаңа  бағыты  информатиканы 



оқыту  теориясы  мен  əдістемесінің  теориялық  негізін  ұғынып 

қалыптастырудағы əлі де болса алынбаған қиындықтар баршылық. 

Қазіргі жағдайда, жаңа əдістемелік ғылымның теориясы мен прак-

тикасы  өз  қалыптасуының  бастапқы  кезеңінен  өтті  деуге  болады. 

Сондықтан  бəрін  жүйелеп  толық  қамтыдық  деуден  аулақпыз,  не 

дегенмен  бұл  кітаптың  дүниеге  келуі  жаңа  педагогикалық  ғылым 

–  информатиканы  оқыту  теориясы  мен  əдістемесінің  теориялық 

негізі мазмұндық-əдістемелік толықтырылуы бойынша да  дамуына 

ықпалы болатындығына сенеміз.

Оқулықтың  бірінші  бөлімі  жалпы  білім  беретін  орта  мектепте 

информатиканы оқыту əдістемесінің жалпы мəселелері (информати-



5

каны оқыту əдістемесінің пəні, орта мектепте информатика курсын 

енгізу тарихы, оқыту мақсаттары мен міндеттері, мазмұнын таңдап 

алу  принциптері,  мектепте  информатиканы  оқытуды  ұйымдастыру 

жəне  əр  түрлі  білім  беру  деңгейлерінде  информатиканы  оқыту 

мəселелері  жəне  т.б.)  қарастырылған.  Информатиканы  оқытудың 

жалпы  əдістемесі  негізгі  мағлұматтардан  тұратын  он  тараудан 

тұрады. Əрбір тарауда семинар сабақтарын жүргізуге нұсқаулар мен 

кең көлемде библиография берілген.

Оқулықтың 

екінші 

бөлімінде 

информатиканың 

негізгі 


мазмұндық желілерін оқытудың нақты əдістемелері қарастырылған, 

сонымен  қатар    жаратылыстану-математикалық  жəне  қоғамдық-

гуманитарлық    бағыттардағы  жоғары  сыныптарда  информатиканы 

оқыту мəселелері мен жоғарғы сыныптарда информатиканың таңдау 

курстарының  мазмұндары  берілген  он  тараудан  тұрады.  Əрбір  та-

раудан  кейін  студенттерге  арналып  зертханалық  практикумдардың 

тапсырмалары берілген.

Қосымшада  информатиканың  мазмұндық  желілерін  оқытудың 

білім  жүйесі  сызба  түрінде  келтірілген  жəне  информатиканы 

оқыту  əдістемесі  курсы  бойынша  тест  тапсырмаларының  үлгілері 

келтірілген.

Оқулық  педагогикалық  жоғарғы  оқу  орындарының  5В011100-

Информатика  мамандығында  оқитын  студенттерге,  информати-

ка  пəні  бойынша  сабақтарды  жоспарлап  жүргізуге  жетекші  құрал 

ретінде  жалпы  білім  беретін  мектеп  мұғалімдері  мен  арнайы  орта 

оқу  орындары,  колледж  оқытушыларына,  сонымен  қатар,  магис-

транттар мен докторанттарға арналған.



6



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   364




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет