Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


-БӨЛІМ МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ



Pdf көрінісі
бет4/364
Дата10.02.2022
өлшемі4,76 Mb.
#25208
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   364
1-БӨЛІМ

МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ 

МЕН ƏДІСТЕМЕСІНІҢ ЖАЛПЫ МƏСЕЛЕЛЕРІ

1-ТАРАУ

ОРТА МЕКТЕПКЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ЕНГІЗУ 

КЕЗЕҢДЕРІ

Информатика  жаңа  оқу  пəні  ретінде  барлық  типтік  мектептер-

ге 1985 жылдың 1 қыркүйегінде  енгізіліп,  ол  пəн  «Информатика 

жəне есептеуіш техника негіздері» (ИЕТН) деп аталды. Жалпы білім 

беретін мектепте бұл пəн жоғарғы екі сыныпта оқытылды (ол кезде 

бұл 9-10 сыныптар болатын).

Информатика  жалпы  білім  беретін  мектептің  оқу  жоспа-

рына  біртіндеп  енуі  айтарлықтай  бұрын  басталып,  бұл  үдеріс 

оқушылардың  кибернетика  жəне  программалау  элементтерін  оқып 

үйрену тəжірибелерінен бастау алды. Сол кездегі кеңес білім беру 

тарихында  мектептің  білім  беру  жүйесінде  ғана  емес,  сонымен 

қатар,  қоғамда  да    маңызды  орын  аларлық  ілгерілеуді  сипаттай-

тын, бірнеше барынша нақтылы кезеңдерді атап өтуге болады. Осы 

ілгерілеу  (дүниетанымдық,  оқу-əдістемелік,  ұйымдастырушылық, 

тағы  тағылар)  өткен  ғасырдың 1980 жылдарының  ортасын-

да  информатиканың  жеке  оқу  пəні  ретінде  мектепке  енгізу  мен 

қалыптасуын  қамтамасыз  ететіндей  жағдай  жасалды.  Төменде 

бұрынғы  кеңестік  социалистік  республикалар  одағы  (КСРО) 

елдерінің  барлығында  дерлік,  орта  мектептеріне  ИЕТН  пəнін 

енгізудің алғышарттарына қысқаша шолу жасалынған. 



1.1 Бастама

Алғашқы  электрондық  есептеуіш  машиналар  бұрынғы  КСРО-

да  ХХ  ғасырдың 50 жылдарының  басында  пайда  болды [12, 13]. 

Бұған қоса адамзат қызметінің жаңа саласы – электрондық есептеу 

машиналарына (ЭЕМ)  программа жасау – программалау қарқынды 

дами    бастады.  Өзінің  қалыптасуының  бастапқы  кезеңінде-ақ,  тіл 

құралдары  мен  əдістерінің  жетілмегендігіне  қарамастан,  ЭЕМ-де 



7

программалау оқушылардың оны түсініп, қабылдау мүмкіндіктеріне 

шек  қоятындай  қандай  да  бір  түбегейлі  қиыншылықтарды 

қамтымағандығын айта кеткен жөн, өйткені ЭЕМ үшін күрделі емес 

оқу  программаларын  құру  жеткiншек  жастағы  оқушының  шамасы 

келетiн,  қарапайым  жəне  жалпыға  бірдей  ұғымдардың  шектеулі 

ауқымына сүйенеді. 

Алғашқы  ЭЕМ-дердің  ғылыми-зерттеу  мекемелерінде  жəне 

жоғарғы  оқу  орындарының  iрi  орталықтарында  пайда  бола 

салысымен-ақ,  оған мамандардың құлшынысы жəне оқушылармен 

ізденушілік жұмыс жүргізуге деген қызығушылықтары ЭЕМ-де про-

граммалау бастамаларын оқып үйренетін оқушылар (көбіне əртүрлі 

жастағы) топтары құрылды.

Осы сияқты практика ең алғаш рет қай жерде іске асырылғанды-

ғын  анықтау  қиын.  Мысалы,  бізге 50-жылдардың  соңына  қарай 

осындай  тəжірибе  КCРО  Ғылым  Академиясының  болашақ  акаде-

мигі  жəне  мектеп  информатикасының  алғашқы  нұсқасын  жасауды 

ұйымдастырушы,  математиктер  мен  программалаушылардың  ең 

əйгілі өкілі А. П. Ершовтың  қатысумен (1931-1988) жəне ол кісінің 

басшылығымен  Академқалашыққа  тиесілі  Новосібірдің  бірқатар 

мектептерінiң есептеуіш техника базасында даму алғандығы белгілі 

[14]. Қысқа мерзім ішінде осындай бағыттағы жұмыстарға еліміздің 

ғылыми-зерттеу 

институттарынан 

жəне 

университеттерінен 



жаңашыл-оқымысты ғалымдары қосылды. Бұл алғашқы қадамдардың 

оқушыларға жүйелі программалау оқу курсының жасалуына тікелей 

қатысы болмаса да, олар оқушыларға программалауды оқыту идея-

сын түбегейлі жүзеге асыруға болатындығын көрсетті.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   364




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет