Оқулық Алматы, 014 Əож 159. (075. 8) Кбж 88. 37 я 73 б 24



бет110/146
Дата13.10.2022
өлшемі0,87 Mb.
#42890
түріОқулық
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   146
Байланысты:
ДАМУ ПСИХОЛОГИЯСЫ кітап (1)

Қарттық кезеңі (зейнетке шыққан соң денсаулығының күрделі нашарлауына дейінгі кезең), адам өз үшін жаңа əлеуметтік мəртебені меңгеріп, төмендегідей сипаттамалармен айшықталады:

  1. Дамудың əлеуметтік жағдайы:

  • Негізінен өзі сияқты қарттармен араласады.

  • Қарттың бос уақытын «пайдаланатын» немесе оған

«қамқорлық» көрсететін отбасы мүшелерімен араласуы.

  • Кейбір зейнеткерлер қоғамдық істе өздері үшін жаңа қатынастарды орнату мүмкіндігіне ие болады (тіптен, кəсіби қызметін жалғастыруы мүмкін).

  • Кейбір зейнеткерлер үшін өзге адамдармен араласудың мəні өзгеруі мүмкін, мысалы, кейбір авторлардың пікірінше, қарт үшін бұрында жақын болған байланыстар біртіндеп, «бұрынғы жақындығынан айырылып, анағұрлым жалпылана бастайды».

  1. Жетекші іс-əрекеті:

  • Бос уақытта іспен айналысу.

  • Дербес ар-намыс сезімін дəлелдеуге тырысу.

  • Көптеген қарт адамдардың бұл кезеңдегі жетекші іс-əрекеті о дүниеге аттануға даярлық болуы мүмкін. Олар дінді дəріптеп, бейіт басына барғыштауы мүмкін.
  1. Денсаулығы күрт нашарлауы жағдайындағы ұзақ өмір сүру кезеңі денсаулығы тың кезеңнен түбегейлі өзгеше келеді.


  1. Дамудың əлеуметтік жағдайы:

  • Негізінен туысқандарымен сондай-ақ дəрігерлермен, пала- талас науқастармен (егер қарт стационарлық ем-дом қабылдаған болса) қарым-қатынаста болу.

  • Қарт адамдарға арналған үйдегі палаталас көршілерімен қарым-қатынас.

  • Өкінішке орай, көптеген қарттар үйінде үйдегі жағдайдан гөрі тым нашар болуы мүмкін.

  1. Жетекші іс-əрекеті:

  • Емделу, сырқатымен қалай да күресуге ұмтылысы.

  • Өз өмірінің мағынасын ұғыну кезеңі.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет