Оқулық Алматы, 014 Əож 159. (075. 8) Кбж 88. 37 я 73 б 24



бет107/146
Дата13.10.2022
өлшемі0,87 Mb.
#42890
түріОқулық
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   146
Байланысты:
ДАМУ ПСИХОЛОГИЯСЫ кітап (1)

Қарттық жайлы қазіргі заманғы пікірлер

Қарттық (психологияда) – бастапқы кезеңі адамның қоғамның өндірістік өміріне тікелей мүшелік етуден алшақтауына байланыс- ты адам өмірінің қорытынды кезеңі болып табылады. Қарттықты егде жас шамасынан ажырататын шекараның хронологиялық белгіленуі қарттықта орын алатын белгілердің көрініс беруіндегі жеке-даралық үлкен айырмашылықтардың салдарынан өз шешімін таппауда. Ол белгілер адам ағзасының қызмет ету мүмкіндіктерінің біртіндеп төмендеуімен анықталады. Алайда, денсаулықтың үдемелі əлсіреуінен, дене қуатының төмендеуінен басқа, қарттық ішкі жан дүниесіне зияткерлік жəне эмоциялы үңілу, өткен өмірді бағалау жəне мағынасын ұғынумен байланыс- ты күйзелістер сияқты психологиялық өзгерістермен сипаттала- ды. Д. И. Фельдштейн көрсеткендей, дəл қазіргі кезеңде қарттық жайлы түсініктер бұрынғы мəнінен өзге сипатқа ие болуда. Адам өмірінің ұзақтығын, соның ішінде индивидтің өз-өзін іштей дамытудың есебінен арттыру мүмкіндіктері барған сайын дəлелді болуда. Сонымер бірге, қарт адамның істері үлгі-өнеге, тəлім- тəрбие, озық тəжірибені кейінгі ұрпаққа берумен ғана шектел- мей, болашаққа деген эстафета іспеттес. Адам қартайғандықтан, өмірден қол үзіп, ойларын, істерін аяқсыз, тоқтаусыз кезеңде қалдыратын дамудың шектен тыс қорлары болады. Ол адамның бүкіл өмірлік дамуында қолданылуы мүмкін əрі қолданылуы тиіс қор. Осыған байланысты қартықтың даму кезеңі ретінде өзіндік болашағы бар əрі ол қарттыққа деген ізгі қатынасты орнату бетбұрысында – мүсіркеумен емес, сыйлаумен жəне масаттану- мен көрініс.
Аталмыш жас шамасы қарттықтың толыққанды əрі жан- жақты қамтыған, аяқталған сипаттамасын беруге болмайтынымен ерекше. Геронтологтардың пікірінше, қарттық бірінші кезекте күрделі биологиялық өзгерістерімен ерекшеленетін биологиялық феномен болып табылады.
Қарттық жас шамасындағы өзгерістер организм биологиялық деңгейде неғұрлым осал болып, дүниеден өту қаупі артып, əлеуметтік деңгейде – адам зейнеткерлікке шығып, əлеуметтік мəртебесі, əлеуметтік рөлдері, мінез-құлық паттерндері өзгеріске ұшырайтын, психологиялық тұрғыда адам орын алған өзгерістерді ұғынып, оларға икемделетін кезең.
И. В. Давыдовский қарттықты «табиғатында ығыстырылған
(қысылған) өмір» ретінде қарастырған. Қарттық жас шамасындағы
«қысылу» ауру, сырқаттан емес, физиологиялық күйден туындай- ды. Аурудың жəне қарттықтың əлеуметтік жəне физиологиялық күйлердің қатарындағы ресми ортақтастық бұл ұғымдарды теңдестірмейді. Қарттық бұл – жас ерекшелік инволюцияның нəтижесі, белгісі. Аурудың жасқа еш қатысы жоқ. Қарттықтан қашып құтылуға болмайды; аурудан да бас сауғалауға болмайды, оның орын алуы ықтималды, жиі кездейсоқ туындауы мүмкін. Қарттық қайтарымсыз əрі алған бетінен қайтпай күшейе береді, ал аурудың бетін қайтаруға болады.


Қарттықта дамудың əлеуметтік жағдайы
Қартықты даму жасы ретінде, оның адамның өмірлік кезеңіндегі бірегей орны туралы пікір білдіру үшін, қарттықты жүйелі талдау үшін Л. С. Выготскийдің жас жайлы ілімінің тұрғысында қарастыруға болады. Л. С. Выготскийдің жас құрылымының басты компонентінің мəнін ашу үшін енгізген
«дамудың əлеуметтік жағдайы» ұғымы адамның қоғамдық қатынастар жүйесіндегі орны ретінде талқыланады. А. Н. Леон- тьев жетекші іс-əрекетті іс-əрекеттің өзге түрлері дифференцияла- натын, жеке психикалық үдерістер қалыптасып, қайта жасалатын жəне тұлға дамитын іс-əрекет ретінде қарастырған Сірə, дамудың əлеуметтік жағдайы жəне жетекші іс-əрекет ұғымдары авторлар- мен балалық шақ үшін анықталғаны белгілі; алайда қарттық жас шамасының талдамасы олардың тұтастай өмір циклін талдау үшін маңызды екендігін көрсетті.
М. В. Ермолаеваның пікірінше, бұл ұғымдардың мəнін жеке ғылым тұрғысынан қарастыруға болады, өйткені жас ерекшелік психологияның өзара байланысты əдіснамалық міндеттерінің қатарын, бірінші кезекте онтогенездің айрықша бітістерін нақтылау арқылы қазіргі заманғы нақты сипатын құрастыру, даму тетіктерін зерттеудің ерекше тұстарын белгілеу, сондай- ақ, теориялық жəне эмпирикалық білімдер жүйесіндегі түйінді сəттерді анықтау міндеттерін шешуге мүмкіндік береді. Сол үшін М. В. Ермолаеваның пікірінше, қарттықтың даму жасы ретінде оның аталмыш маңызды психологиялық бітістер тұрғысынан жүйелі талдау қажет.

  1. Қарттық жас шамасындағы жетекші іс-əрекет жайлы қазіргі заманғы түсініктер

Бұл мəселе əлі күнге дейін пікірталастардың түйініне ай- налуда. М. В. Ермолаева бойынша қарттық жас шамасындағы өмірлік тəжірибені құрылымдау жəне беру жөніндегі ішкі қызметті жетекші іс-əрекет ретінде есептеуге болады. А. Г. Ли- дерс адамның өзінің өмірлік жолын қабылдауға бағытталған қызметті қарастырады Н. С. Пряжниковтың қарттықтағы дамудың əлеуметтік жағдайы жəне жетекші іс-əрекет проблемасын атал- мыш жас шамасын кезеңдерге бөлу мəселесіне орай қарастыру əрекеті теориялық тұрғыда маңызды əрі тəжірибе жүзінде өнімді болып табылады Оның қарттықты кезеңдерге бөлуде баса на- зар хронологиялық дамудан гөрі, əрбір кезеңдердің əлеуметтік- психологиялық ерекшелігіне аударылған болатын.


17-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет