Оқулық Алматы, 014 Əож 159. (075. 8) Кбж 88. 37 я 73 б 24


Əлемдегі ең ұзақ өмір сүрген адамдар



бет112/146
Дата13.10.2022
өлшемі0,87 Mb.
#42890
түріОқулық
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   146
Байланысты:
ДАМУ ПСИХОЛОГИЯСЫ кітап (1)

Əлемдегі ең ұзақ өмір сүрген адамдар


Жалпы, адамзат тарихында ең көп өмір сүрген адам қытайлық Ли Цинъюнь деп есептеледі. Ол 256 жыл өмір сүрген. (1677-1933). Ширали Муслимов деген адам 168 жыл өмір сүрген. Одан кейінгі орында француз əйелі Жанна-Луиза Кальманды айтуға болады.
Ол 1997 жылы 122 жасында қайтыс болған. Насир Аль-Нажри Біріккен Араб Əмірліктерінде тұрады. Биыл ол 136 жасқа толады. Одан кейінгі орында 125 жыл өмір сүрген тайваньдық əйел Ху Йе- Мейді айтуға болады. Ұзақ жасау жөнінен Ресей де қалыс қалмай келеді. Онда Сархат Ибрагимовна деген əйел 131 жыл өмір сүрген. Биылғы санақ кезінде еліміздегі ең ұзақ өмір сүрген адам тіркелді. Қарағандылық Сахан Досова деген əже 2009 жылы 9 мамыр күні 130 жасында қайтыс болды.
Шамамен, ХIV ғасырдың екінші жартысында дүниеге келген Сыпыра жыраудың қанша жыл өмір сүргендігі туралы нақты де- рек жоқ.
Сыпыра көзі тірісінде-ақ аты аңызға айналған жандардың бірі болған деседі. Бұл мəліметті негізге алсақ, Сыпыра 1213- 1393 жылдар арасында өмір сүрген болып шығады, оның қанша жыл өмір сүргендігі жайында бірнеше дерек бар. Деректердің бірінде Сыпыра 120 жыл өмір сүрсе, екіншісінде 180 жасында қайтыс болған дейді. Тағы бір аңызда оның жасын тіпті 390-да деп көрсеткен. Əрине, үшінші нұсқасында тым асыра көрсетіліп жіберілген шығар. Алайда, жыраудың бірнеше ханның көзін көріп, оларға ақылшы болғанын ескерсек, бірінші жəне екінші нұсқаларын шындыққа жақын жорамал деуімізге болады. Сыпыраны суреттейтін жолдар қазақтың «Ер Тарғыны» мен
«Едіге батыр» жырларында да кезігеді. Əйгілі «Ер Тарғын» жы- рында ол «Жүзден асқан жасында басынан тоғыз ханды өткізіп, толғау айтып тоғыз ханды түзеткен қарт» болып суреттелсе,
«Едіге» жырында Сыпыра көптеген хандарды бастан өткізген, 180
жастағы «сұм аяқ, сұпа бөрікті» сұңғыла қария: Аузында отыз тісі жоқ,
Адам көрер түсі жоқ, Сұм аяқ, сұпа бөрікті,
Сыпыра сынды сұм жырау. Жібекпен жағын тарттырып,
Салтанатқа үлде мен бүлде арттырып, Алып бір келші деп еді...
Аңыздардың бірінде жырау өзі туралы былай дейді: Мен қартыңмын қартыңмын,
Не көрмеген қартыңмын. Бастыққа бастық, Бастық хан,
Оны көрген кəріңмін. Одан соңғы Кедей хан Оны көрген кəріңмін. Онан соңғы Ала хан, Оны көрген кəріңмін. Онан соңғы Қара хан, Оны көрген кəріңмін. Құлағы шұнақ Хазар хан, Оны көрген кəріңмін.
Он екі тұтам оқ атқан, Онан соңғы ер Шыңғыс, Оны да көрген кəріңмін. Мұнарасы қырық құлаш Өзден сұлтан Жəнібек Оны көрген кəріңмін.
Ұлы бабам Домбауыл, Соны көрген кəріңмін. Жүз сексенге келгенде, Сонша хандар өткенде, Жас та болсаң Тоқым хан
Сені көрген кəріңмін, - дейді ол Тоқтамыс ханға.
Осынау өлең жолдары расында да Сыпыра жыраудың өз аузы- нан шыққан болса, оның жасының жүзден əлдеқайда асқандығына күмəн келтіруге болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет