Оқулық Алматы, 014 Əож 159. (075. 8) Кбж 88. 37 я 73 б 24



бет115/146
Дата13.10.2022
өлшемі0,87 Mb.
#42890
түріОқулық
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   146
Мəліметтерді өңдеу əдісі – сандық (статистикалық) жəне са- палы талдау (мəліметтердің топтарға жіктелуі жəне т.с.с.) əдістер.
Интерпретациялық əдістер – генетикалық жəне құрылымдық əдістер.
Генетикалық əдіс – зерттеудің бүкіл өңделген мəліметтерінің психикалық жаңа құрылымдары қалыптасуының фазаларын, са- тыларын дағдарысты мезеттерін қарастырып, даму сипаттамала- рында талқылануына жағдай жасайды. Ол даму деңгейлерінің арасындағы «тігінен» генетикалық байланыстарды орнатады.
Құрылымдық əдіс – тұлғаның барлық зерттелінетін сипаттамаларының арасындағы көлденең, құрылымды байланыс- тарды жүзеге асырады.
Преформизм – индивидтің жетілген формадағы барлық қасиеттері мен сипаттамалары бала біту мезетінен бастап беріліп, алдын ала анықталып, ұрық жасушаларының өзінде болатын психикалық даму тұжырымдамасы. Преформизм – баланың психикалық дамуының қозғаушы күштері тұрғысында нативизмнің бір түрі.
Рекапитуляция (латын тілінен аударғанда rekapitulato) теориясы – онтогенездегі жеке дара даму түрлер мен адам тегі тарихының жылдам қайталануын білдіреді.
Даярлық заңы – индивидте стимулдың нақты түрімен бекітуге даярлығының болуы.
Либидо – адамзаттың жетістіктерін анықтайтын жəне оның дамуының негізін құрайтын адам белсенділігінің қуаты.
Танатос – өлімге құштарлық ретінде тепе-теңдікке қатысты жалпы бетбұрыс: адам ғайыптан келіп, ғайыпқа кетуі тиіс. Өлімге құштарлық бұл – өмірлік циклдің аяқталғандығының көрініс.
Ығыстыру – бейсаналылыққа ығыстыру, санадан тыс сақтау жəне аластату;
Регрессия – мінез-құлық пен ойдың алдыңғы формаларына, объектілі қатынастарға, дамудың едəуір ерте кезеңдеріне қайта оралу;
Кету – физикалық қашу немесе ойша іштей кету;
Реактивті құрылыс – Супер Эгомен сыналатын тілектермен жəне ойлармен байланысты мазасыздықты бейсаналы жасыру, қалаулы мінез-құлықтың тікелей қарама-қарсы үлгісін таныту;
Проекция – адамның өзі үшін сынға ұшыраған жəне кешірілмейтін тілектер мен ойлардың өзгеге таңылуы;
Идентификация – едəуір құдіретті жəне билікке ие адамдардың бағдары мен көзқарастарын, құндылықтарын бір жүйеге келтіріп, өзіне таңуы; балалар өздерін ата-аналарымен са- лыстырады;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет