Оқулық Алматы, 014 Əож 159. (075. 8) Кбж 88. 37 я 73 б 24



бет134/146
Дата13.10.2022
өлшемі0,87 Mb.
#42890
түріОқулық
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   146
Байланысты:
ДАМУ ПСИХОЛОГИЯСЫ кітап (1)

Нəтижелерді өңдеу: Дұрыс жазылған жалпы сөздер саны есептеледі. Нəтижелер келесі көрсеткіштер бойынша өлшенеді:
Жоғары деңгей – 1 – 2 қате жіберілгендер; Орташа деңгей – 3 – 4 қате жіберілгендер;
Төмен деңгей – 5 жəне одан да көп қате жіберілген жағдайда.
7-ҚОСЫМША
Л. С. Выготский мен А. Н. Леонтьевтің əдістемесі Мақсаты: Есту, көру, қимыл-қозғалыс, аралас қабылдау
арқылы есте сақтауды зерттеу.
Əдістеменің нұсқауы: 1-қатардағы 10 сөзді оқып шығып, 3 секунд өткен соң оқушыларға есте қалдырғандарын жазу тапсы- рылады. 10 минут өткеннен соң жазу тапсырылады.
10 минут уақыт өткен соң 2-қатардағы сөздердің суретін көрсетіп, суреттердің аттарын өздеріне айтқызады. 30 секунд өткен соң көрген суреттерінің аттарын дəптерлеріне жазады.
Тағы 10 минут уақыт өткен соң 3-қатардағы сөздерді арасына 3 секунд салып, дауыстап оқу, ал оқушы сыбырлап, қайталап, ауа- да жазады. Содан кейін қағазға жазады немесе суретін түсіреді.



І

ІІ

ІІІ

Шөп

Шам

Аю

Ыдыс

Түн

Қалам

Теңіз

Ағаш

Өрік

Үй

Су

Үйрек

Кілт

Көз

Жидек

Жұлдыз

Жаңбыр

Парта

Кітап

Көл

Қоңыз

Орман

Шар

Жел

Доп

Құлақ

Бал

Телефон

Газет

Қоян



Нəтижелерді өңдеу: Əрбір қатардағы дұрыс табылған сөздер, суреттер сандары есептелінеді.
16 – 18 ұпай – өте жоғары деңгей
13 – 15 ұпай – жоғары деңгей 10 – 12 ұпай – орташа деңгей 7 – 9 ұпай – төмен деңгей
4 – 6 ұпай – өте төмен деңгей

8-ҚОСЫМША




АДАМНЫҢ ТОПТАҒЫ ТҰЛҒААРАЛЫҚ МІНЕЗ- ҚҰЛҚЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ДИАГНОСТИКАЛАУ
ƏДІСТЕМЕСІ

Адамның қарым-қатынастағы мінез-құлық ерекшеліктерін диагностикалау əдістемесі психологиялық əдебиетте Q-сұраптау деген атауға ие. Бастапқыда бұл əдістемеде 1953 жылы субъектінің өзі жəне ортасы туралы түсініктерін зерттеу- ге арналған В. Стефенсонмен ұсынылған топтастырудың белгілі қағидасы қолданылған. Q-сұраптауда міндет сыналушының қайсібір күйінің сəйкес келу дəрежесіне қарай топтардың нақты санына тұлғаның ерекшеліктерінің немесе күйлерінің атаулары жазылған үлестірмелерді зерттелушінің топтастыруынмен орын- далады.


Кейінірек аталмыш əдістемелік тəсіл диагностикалық əдістемелердің кең шеңберін құрастыру үшін қолданыла бастады. Атап айтқанда, америкалық психологтар Д. Сток жəне Х. Телен адамның əлеуметтік топтағы, топтық тұлғааралық қатынастар жүйесіндегі мінез-құлық ерекшеліктерін баяндауға мүмкіндік беретін сөйлемдердің тізімін құрастырады.
Əдістеме адамның шынайы топтағы мінез-құлқының негізгі алты бетбұрысын анықтауға мүмкіндік береді. Олар жиынтығында адамның əлеуметтік топтағы тұлғааралық қатынастарды қалыптастыру жəне сақтау ерекшеліктерін, оның топ мүшелерімен тəуелділік, көпшілдік, тəуелсіздік, тұйықтық,
«күресті» жəне «күрестен бас тартуды» қабылдау өзара əрекеттестігін ұйымдастыру ерекшеліктерін сипаттайды.
Сұрақнама нұсқауы
«Адамның басқа адамдармен қарым-қатынасында кездесетін əрқилы, кеңінен таралған мінез-құлқының ерекшеліктерін оқып шығыыз». Егер Сіз қайсыбір пікірді сізді өзіңіз жайлы ойыңызға сəйкес келгендігін байқасаңыз ол сипаттаманы жанына «+» белгісін қойыңыз. Егер де сипаттама Сізді көзқарастарыңыз бен түсініктерңізге қайшы келсе оның тұсына «–» белгісін қойыңыз. Егер қайсыбір пікірге қатысты нақты ойыңызды білдіру қиынға
соқса, онда оны «0» белгісімен белгілеңіз, бірақ ондай белгісіз жауаптардың аз болғаны дұрыс.
Сипаттамалардың тізімі.

  1. Достарына сыншыл.

  2. Топта дау-дамай туындап келе жатса мазасызданады.

  3. Əрдайым көшбасшының (жетекшінің) кеңестері мен нұсқауларына бағынады.

  4. Топ мүшелерімен жақын қатынастарды орнатуға бейімі жоқ.

  5. Қатынастардағы достықты жоғары бағалайды.

  6. Көшбасшыға қарсыласуға бейім.

  7. Топтың бір-екі мүшелерін ғана ұнатады

  8. Топтық кездесулерден жəне іс-шаралардан қашады.

  9. Көшбасшының немесе жетекшінің мақтауын жоғары бағалайды.

  10. Көзқарастары мен мінез-құлық мəнерінде тəуелсіз.

  11. Дауласқанда міндетті түрде біреуіне жақтасады.

  12. Қайсібір топтық істерді орындауда басқаларды басқаруды өз мойнына жүктеуге бейім.

  13. Адамдардың шектеулі шеңберімен араласуға бейім.

  14. Айналадағылар тарапынан өшпенділік байқалғанда, сырт- тай өзін байсалды ұстайды.

  15. Өз тобының көңіл-күйін қамтамасыз етуге бейім.

  16. Топ мүшелерінің жеке-дара қасиеттеріне жəне қатынастарына аса мəн бермейді.

  17. Өз қызығушылықтарында топты мақсаттарынан алаңдатуға бейім.

  18. Кейде көшбасшыға қарсыласқаннан рахат алады.

  19. Достарымен қарым-қатынаста эмоциялы, шынайы, қайырымды.

  20. Дауласқанда бейтарап қалуға тырысады.

  21. Көшбасшының белсенді болып, мойнына барлық жауапкершілікті толықтай жүктегенін қалайды.

  22. Топтағы проблемаларды, келіспеушіліктерді салқынқандылықпен, эмоциясыз талқылауға бейім.

  23. Сезімдерін көрсетуде аса ұстамды емес.

  24. Айналасында жақтастарын шоғарландыруға бейім.

  25. Топтағы қатынастардың тым ресми болғандығын ұнатпайды.

  26. Өзін əлденеге кінəлағанда жиі есі шығып, үндемей қалады.

  27. Топтың ортақ пікіріне əрдайым келіседі.

  28. Топтың жеке мүшелеріне қарағанда топтың өзіне үйірсек.

  29. Дауды міндетті түрде шешуіне жеткізу үшін оны созып, ұшықтыруға бейім.

  30. Топта назардың ортасында болғанды қалайды.

  31. Топтың ішіндегі шағын топшаның мүшесі болуға тырыса-

ды.



  1. Ымыраласуға бейім.

  2. Көшбасшы оның ойына сəйкес əрекет етпесе, мазасызда-

нады.

  1. Өзіне қатысты айтылған ескертулерді ауыр қабылдайды.

  2. Кейде зұлым да кекшіл болуы мүмкін.

  3. Топтағы көшбасшылықты өз мойнына алуға бейім.

  4. Топ мүшелерімен қарым-қатынаста ашық.

  5. Топтық келіспеушіліктерде өзін мазасыз ұстайды.

  6. Көшбасшының мапсырмаларды өзі үлестіріп, жоспар- лағанын қалайды.

  7. Топ мүшелерінің тарапынан достық пен жанашырлық көрінісіне жауап беруге бейім емес.

  8. Кейде агрессия танытуы мүмкін.

  9. Кейде басқаларды көшбасшыға қарсы қоюға тырысады.

  10. Топтан тыс жаңа таныстарды тез табады.

  11. Дауға кірісуден қашады.

  12. Топ мүшелерінің көзқарасына тез келіседі.

  13. Топтың ішінде ұсақ топшалардың қалыптасуына қарсылық білдіреді.

  14. Ашуланғанда жиі күлкілі де кекесінді болып көрінеді.

  15. Ерекшеленуге тырысқандарды ұнатпайды.

  16. Топтық қарым-қатынаста кішігірім, бірақ жақын топшаны қалайды

  17. Топта өзінің шынайы сезімдерін білдірмеуге тырысады.

  18. Топтық келіспеушіліктерде əдетте көшбасшыға жақтасады.

  19. Қатынастарды орнатуда бастамашыл.

  20. Өзгелерді сынаудан қашады.

  21. Өзгелерге қарағанда көшбасшыдан сұрағанды қалайды.

  22. Топтағы қатынастардың қалыпты дəрежеде жылы да достық болуы тиіс деп есептейді, əйтпегенде ол жөнсіздікке əкелуі мүмкін

  1. Дауларға өзі себепші болуы мүмкін.

  2. Топта едəуір жоғары мəртебеге ие болғысы келеді.

  3. Кейде топтың басқа мүшелерінің қатынастарына арала- сып, бұзуы мүмкін.

  4. Топта оны «өжет», «ақиқатқа күрескер» деп есептейді.

  5. Кейде көшбасшымен келіспегендігін ашық көрсете алады.

«Кілті».
1. «Тəуелділік» - № 3, 9, 15, 21, 27, 33, 39, 45, 51, 54
2. «Тəуелсіздік» - № 6, 12, 18, 24, 30, 36, 42, 48, 57, 60
3. «Көпшілдік» - № 5, 7, 13, 19, 25, 31, 37, 43, 49, 52
4. «Тұйықтық» - № 4,10, 16, 22, 28, 34, 40, 46, 55, 58
5. «Күрес» - № 1,11,17, 23, 29, 35, 41, 47, 56, 59
6. «Күрестен қашу» - № 2, 8, 14, 20, 26, 32, 38, 44, 50, 53


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет