Оқулық Алматы, 014 Əож 159. (075. 8) Кбж 88. 37 я 73 б 24


Бала тұлғасының дамуындағы қарым-қатынастың ықпалы



бет45/146
Дата13.10.2022
өлшемі0,87 Mb.
#42890
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   146
Байланысты:
ДАМУ ПСИХОЛОГИЯСЫ кітап (1)

Бала тұлғасының дамуындағы қарым-қатынастың ықпалы


Адамдардың қарым-қатынастары жайлы мəселе соңғы жылда- ры зерттеушілердің үлкен назарын талап етуде.


Баланың өмірінің алғашқы айларында ересекпен тікелей
қатынаста болады. Адамдар тілін меңгермеген, дербес өмірлік тəжірбиесі жоқ бала нақты жағдаятпен шектелгендей əсер туа- ды. Оның ересекпен қарым-қатынасының түрлері сол жағдаймен шектеліп, таза жағдаяттық екендігі түсінікті. Өйткені нəресте ересекпен нақты жағдайда ұсынылған объектілер мен оқиғалар арқылы көріп, ұстап, зерттеп көрген заттар мен құбылыстардың есебінен қатынаса алады. Осындай нақты жағдайдың мəнді екі аумағы – ересекті жəне оны қоршаған ортаны ажыратуға болады. Сəйкесінше, қарым-қатынастың екі жағдаяттық қалпы:

  • жағдаяттық-жеке жəне

  • жағдаяттық-іскер түрлерін ажыратуға болады.

Жағдаяттық-жеке қарым-қатынас – оның алғашқы əрі едəуір ерте формасы. Ол бала өмірінің алғашқы айларында, ересекке бағытталған алғашқы жымиысынан бастау алады. Жағдаяттық- жеке қарым-қатынас – ересек пен баланың жағымды эмоциялар- мен алмасуы.
Өмірінің алғашқы жылында-ақ баланың ересектермен қарым- қатынастары əртүрлі заттармен жанамалана бастайды. Заттарды қолдану, оның біртіндеп күрделенуі қарым-қатынастың іскер фор- масы – жағдаяттық-іскер түрін қалыптастыратын бүлдіршін мен ересектің біріккен заттық іс-əрекетінің пайда болуына ұласады. Оның бала өмірінің алғашқы жылының екінші жартысында жүзеге асу себебі – күліп, мейірбандық танытумен шектелетін ересектерді қабылдамауында. Бұл жаста оларға əлденені ұстап көру, қозғау, қайта жасау маңыздырақ, яғни олардың ересекпен бірлескен заттық іс-əрекет қажеттігі туындайды.
Осы кезеңдегі қарым-қатынастың жағдаяттылығы, ең ал- дымен заттар арқылы анықталады. Алайда, қарым-қатынастың жағдаяттық-іскер формасының шеңберінде баланың алғашқы сөздерінің қалыптасуына қажет жағдайлар орын алады. Дəл осы жəйт қарым-қатынастың жағдаяттан тыс түрлеріне көшу даярлығын білдіреді.
Бала сөйлеу тілін меңгергенімен, жағдаяттық қарым-қатынас деңгейінде тұрақтап қалады. Оның сөздері көзінің айналасындағы оқиғалар мен құбылыстарға қатысты болып, тап сол сəттегі кезіндегі тілектерін, əрекеттерін сипаттайды. Тек сəл кейінірек (үш жас шамасына таяу) бала қарым-қатынас жүзеге асқан жағдайдың шеңберінен тыс, таза практикалық серіктестікке негізделген
қарым-қатынас түріне көшеді. Бұл асу – оның өміріндегі маңызы жоғары құбылыстардың бірінен саналады; сөйлей алатын бала жағдайды көз алдына елестетумен шектелмей, оны сөзбен ересек- ке хабарлай алады.
Баланың ересекпен қарым-қатынасының жағдаяттан тыс екі түрі ажыратылады, олар:

  • жағдаяттан тыс – танымдық

  • жағдаяттан тыс – жеке.

Қарым-қатынасатың бірінші формасы балалардың танымдық іс-əрекеттің негізінде жүзеге асады. Оның көрініс беру мерзімі тұрақсыз.
Жағдаяттан тыс танымдық форманың шеңберіндегі қарым- қатынас танымдық іс-əрекеттің негізіндегі жүзеге асатындықтан, мұндағы танымдық мотивтер, яғни баланың білу, түсіну, меңгеру ұмтылысы жетекші орынды иеленеді.
Уақыт өткен сайын мектепке дейінгі жас шамасындағы баланың зейінін адамдардың өзара қатынастарындағы оқиғалар қызықтыра бастайды. Адамдар, олардың қылықтары, мінез- құлықтарының нормалары бала мен ересек қарым-қатынасының пəніне айналады. Осылайша, қарым-қатынастың ең кеш, əрі күрделі жағдаяттан тыс жеке түрі қалыптасады.
Алдыңғысы сияқты қарым-қатынастың бұл түрі де көрініс беру мерзімі бойынша біршама тұрақсыз. Оның қарапайым фор- маларын үш-төрт жастағы балалардан да байқауға болады. Алай- да, мектепке дейінгі ересек жас шамасына таяу қарым-қатынастың осы түрін меңгерген балалардың саны біршама ұлғайып, дамиды. Сол себепті, жағдаяттан тыс-жеке қарым-қатынасты мектепке дейінгі ересек жас шамасындағы балаларға тəн деп есептеуге бо- лады.
Жағдаяттан тыс-жеке қарым-қатынастың айрықша ерекшелігі баланың ересекпен өзара түсіністікке мұқтаж болуымен анықталады. Көзқарастарының ортақтастығы жəне эмоциялы баға олардың дұрыстығын білдіретін өлшем іспеттес.
Мысалы, бес жастағы балалар тобында ересекпен қарым- қатынасы жағдаяттық-іскер деңгейінде болса, жағдаяттан тыс- тұлғалық түріндегі балалар да кездесуі мүмкін. Əрине, қарым- қатынастың жетекші түрі өзара əрекеттестіктің басқа түрлерін жоққа шығаратындығын білдірмейді. Шынайы өмірде мектепке
дейінгі жас шамасындағы баланың ересекпен қарым-қатынасының жағдайдың ерекшелігіне байланысты іске қосылатын əрқилы түрлері кездеседі. Баланың тіл табысу қабілетінің өзі оның мінез- құлқының жағдайдың талаптары мен міндеттеріне қаншалықты сəйкес келетіндігіне, оның ересектермен іскер, тұлғалық жəне танымдық қатынастарын қаншалықты қолданып, өзгертетіндігіне байланысты болады.
Балалар психологиясы баланың қарым-қатынастағы баланың даму деңгейін оның қарым-қатынастың жағдаяттан тыс түрлеріндегі жоғары жетістіктері бойынша өлшейді, өйткені ол мектеп жасына дейінгі балалар үшін дамуы жоғары, күрделі. Баланың ересектермен қарым-қатынасының жағдаяттан тыс- танымдық жəне жағдаяттан-тұлғалық түрлерін меңгеру деңгейіне байланысты оның тіл табысу қабілеттілігін сөз ете аламыз. Егер ол мектепке дейінгі жас шамасының барысында жағдаяттық қарым- қатынас деңгейінде қалып қойса, егер оның сөздері негізінен айналасындағы заттарға немесе дəл сол сəттегі қалауына байла- нысты болса, егер оның қызығушылықтары заттық əрекеттермен, манипулятивті ойындармен шектелсе, онда баланың ересекпен қарым-қатынасының тежелуі болады деп қорытындылауға бола- ды.
Бала қоғамдық мектепке дейінгі тəрбие жағдайында өмірінің алғашқы күнінен бастап, құрдастарының ортасында болады. Ба- лалар қуана-қуана бірге ойнайды, еңбектенеді, ортақ іспен ай- налысады, олар тіл табысуға құмар келеді. Тəрбиеші отбасымен бірлікте мақсатты педагогикалық ықпалдың нəтижесінде баланың басқа адамдармен жəне құрдастарымен өзара қатынастарының сипатын анықтайтын тұлғалық сапаларының бастауын, мінез- құлықтарының əдеттері мен дағдыларын қалыптастырады.
Мектепке дейінгі жас шамасындағы балалардың құрдас- тарымен нақты өзара қатынастарының қалыптасуы, «балалар қауымының» құрылуы оларға тəн айрықша ерекшеліктерінің бірі деп саналады. Мектепке дейінгі жас шамасындағы баланың өзге адамдарға қатысты дербес ішкі ұстанымы «менінің» жəне қылықтарыныңүдемеліұғынылуымен, ересектер əлеміне, олардың іс-əрекетіне, өзара қатынастарына деген зор қызығушылығымен сипатталады.
Балалар қоғамы – бүлдіршіннің жан-жақты дамуына қажет жағдайлардың бірі. Жаңа адамның бітістері (ұжымшылдық,
еңбек ету міндеттерін дұрыс қабылдау, ынтымақтастық, өзара көмек көрсету, ұстамдылық) өзге адамдармен өзара əрекеттесудің нəтижесінде жеңіл қалыптасады. Бала құрдастарымен қарым- қатынаста қызығушылықтары мен талпыныстарына үндес тəжірибеге ие болу мүмкіндігіне қол жеткізеді.
Отбасындағы жалғыз бала немесе балалар бақшасына бар- майтын бүлдіршін құрдастарымен қарым-қатынастың ерекше қажеттілігін сезінеді. Өз кезегінде, отбасынан тыс құрдастарымен қарым-қатынас үлкен ресмилікті, қатынастарды орнату іскерлігін, серіктесінің мінезін есепке алуды талап етеді. Жақындардың арасындағы қолайлы əрекеттер мен əдеттер бөгде адамдармен қарым-қатынаста қолдануға келмейді. Міне дəл осы жəйт бала- ны өзара қатынастардың əртүрлі формаларын қолдануға ынта- ландырады. Баланың құрдастарымен қарым-қатынастарын орна- ту іскерліктерінен оның адамдар қоғамындағы өмірге даярлығы басталады: алдымен балалар бақшасында немесе мектепке, болашақта студенттік өмірде немесе өндірістік ұжымда.
Ойын мектепке дейінгі жас шамасындағы баланың жетекші іс-əрекеті. Ол біріккен ойын іс-əрекетінде өз əрекеттерін өзге балалардың əрекеттерімен үйлестіруге үйренеді. Балалар тобының басқа мүшелерімен шынайы қатынастары ұжымшылдық қатынастарды орнатумен шектелмей, баланың сана-сезімін де арттырады. Баланың құрдастарына, қалыптасып келе жатқан ұжымның пікіріне бағдарлануы оның əлеуметтік сезімдерін де қалыптастырады: дербестілік, топтың мүддесін ұстану қабілеті, жанашырлық. Егер ойынның желісі баланың ересектердің іс- əрекетімен жəне өзара қатынастарымен танысуына мүмкіндік берсе, шынайы өзара қатынастар оны əртүрлі жағдайларда өзін ұстауға үйретеді, сол себепті ойын барысындағы жəне шынайы өзара қатынастардың арасындағы айырмашылықтар орын алып, мектепке дейінгі баланың ойыны қызықты бола қоймайды.
Ойын жəне оның мазмұны мектепке жейінгі жас шамасының барысында түбегейлі өзгерістерге ұшырайды. Кішкентай балалардың ойынының негізгі мазмұны – ойыншықтармен ересектерді шынайы заттармен əрекеттерін жаңғыртатын əрекеттерді жүзеге асыру (еден сыпыру, нан кесу, т.с.с.). Бұл кезеңде балалардың негізінен жалғыз ойнайтынын ескерген жөн. Олар ересекпен бірге ойнауды болжайтын арнайы типтік матери-
алмен біріктірілсе де, бірге ойнамайды. Ересек балалар ойын ба- рысында əртүрлі рөлдерді ойнап ережелерге бағына алады.
Ойын барысында балалар өз əрекеттерін жеңіл үйлестіре алады. Бала тілінің əрекеттерімен үйлесімдігі құрдастарының біріне деген ұзақ мерзімді қызығушылығына сəйкес келеді. Ойын белсенді қарым-қатынастың себебіне айналады. Басқа баламен бірігіп əрекет ету қарым-қатынастың арнайы дағдыларынсыз жүзеге асырылуы мүмкін емес. Бала қатынастарын реттеу үшін, құрдастарының ықыласынан айырылып қаламау үшін өзара қатынастың əртүрлі амалдарын қолдануға үйренеді. Бала жаңа қатынастарды орнатудың барысында өзі үшін таныс балалардың тобындағы əрекеттерінің еркіндігін табыс ететін мінез-құлықтың көптеген түрлерін ашады.
Балалардың ойыны үшін олардың сөйлеу-тілінің дамуы өте маңызды. Ойын жағдайы əрбір баладан қатынасудың нақты қабілеттілігін талап етеді. Егер ол ойын барысына қатысты өз ойын түсінікті етіп жеткізе алмаса, ол бірге ойнаған достарының сөздік нұсқауларын да түсінуге қабілетсіз болады, яғни құрдастары үшін бұл əлдеқандай қиындық тудыруы мүмкін. Мұндай жағдайдағы эмоциялы жайсыздық баланың сөйлеу тілінің дамуының тежелуіне себепкер болады. Тіл – қарым-қатынастың тілдесу құралы. Мек- тепке дейінгі жас шамасына таяу бала ана тілін жақсы меңгереді. Алайда, оның жағдайы жағдаяттық, ол баланың дербес əрекеттерін аса реттей қоймайды. Ол тіл арқылы жеткізілген құбылыстардың мəнін ұғына алмайды, сөзді белгілеген заттардан ажырата алмай- ды. Мектепке дейінгі жас шамасының соңына баланың сөздік қоры біршама молаяды жəне тілдің грамматикалық құрылысы ары қарай жетіледі; тіл мінез-құлықты реттеп, психикалық үдерістердің барлық түрлерін жүзеге асырудағы қызметі артады; ішкі сөйлеу қалыптасады. Бала тілінің дұрыс əрі дер кезінде да- муы, баланың ана тілін өз уақытында меңгеруі оның тұлғалық дамуының маңызды шарты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет