–
167
–
Есеналиева Жанар
тілдің қандай типке жататындығын айқындау үшін, әдетте, сол
тілдің барлық қасиеттері мен ерекшеліктері емес, оның басты
белгілері негізге алынады.Полисинтетикалық типтің негізгі
белгілерін атаңыз.
34. Салғастырмалы тіл білімінің өзінінің алдына нақты
қоятын мақсат- міндеттерді саралаңыз.
35. Тілдерді
типологиялық жағынан оқып, үйрену
бірімен-бірі байланысты екі аспектіден тұрады:.Тілдерді ерекше
белгілеріне қарай бір-бірінен айыру; Тілдерді ортақ жүйелілік
сипатына қарай біріктіру. Осыны ғалымдардың ойларымен,
мысалдармен зерделеңіз.
36. Универсалийлер - тілдердің негізгі сипатын ашып
бере алатын көптеген тілдерге тән қасиеттер мен белгілер. Олар
дедуктивті және индуктивті, абсалютті және статистикалық,
синхронды және диахронды, жай және күрделі т.б.
болып
бөлінеді. Тілдік универсалийлерді атаңыз.
37. Лингвистикалық
универсалийлер
дегеніміз
- әлемдегі әртүрлі тілдердің
барлығына ортақ тілдік
ерекшеліктер. Универсалийлердің бірнеше түрлері болады.
Фонологиялық универсалийлерді атап, тілдердерді салғастыра
отырып,көрсетіңіз.
38. Лингвистикалық
универсалийлер
дегеніміз
- әлемдегі әртүрлі тілдердің барлығына ортақ тілдік
ерекшеліктер. Универсалийлердің бірнеше түрлері болады.
Грамматикалық универсалийдерді атап, тілдердерді салғастыра
отырып,көрсетіңіз.
39. Лингвистикалық
универсалийлер
дегеніміз
- әлемдегі әртүрлі тілдердің барлығына ортақ тілдік
ерекшеліктер. Универсалийлердің бірнеше түрлері болады.
Семантикалық универсалийлерді атап, тілдердерді салғастыра
отырып,көрсетіңіз.
40. Типология шартты түрде жалпы және жеке типология
болып екіге бөлінеді. Жалпы типология әлемдегі тілдер
арасындағы сәйкестіктер мен айырмашылықтарды тілдің
жалпы мәселелеріне байланысты қарастырады.Жалпы және
жеке типологияның ара жігін ажыратыңыз.
41. Жеке типологияның қарастыратын мәселесі жалпы
–
168
–
Салғастырмалы тіл білімі
типологияға қарағанда тарлау (шектеулі). Бұл бір тілді немесе
белгілі бір тілдер тобын ғана типологиялық жағынан зерттеу.
Жалпы және жеке типологияның ара жігін ажыратыңыз.
42. Типологияда «изоморфизм» ұғымы да ерекше рөл
атқарады. Бұл термин грек сөзі, isos –бірдей, тең, ұқсас, morphe
–түр, форма сөздерінін құралған. Тіл біліміне «изоморфизмді»
термин ретінде енгізген поляк ғалымы Е.Курилович.
Қазақ
және ағылшын тіліндегі изоморфизмдерді көрсетіңіз.
43. Тілдерді салғастырғанда кездесетін айырмашылықты
алломорфизмдер деп атайды. Қазақ және ағылшын тіліндегі
алломорфизмдерді көрсетіңіз.
44. Тіл білімі дүние жүзіндегі барлық тілдерді туыстығы
мен шығу тегі, даму жағдайларының ортақтығына қарай 60
шақты семьяға топтаса, сол тілдер құрамы мен құрылысына
қарай ірі-ірі төрт типке бөлінеді. Сол типтерді атап, ерекшелігіне
тоқтал.
45. Тілдерді құрылымы мен құрылысына қарай
топтастыру типологиялық классификация деп аталады.
Тілдерді бұлайша топтастыруда басшылыққа алынатын негізгі
белгілер: ең алдымен тілдердің грамматикалық жүйесінің
қалай құрылғандығы, белгілі
бір тілдерде грамматикалық
тәсілдердің қайсысы басымдық ететіні, сол тілдердегі сөздердің
өзгеру-түрлену жолдарының ерекшеліктері. Типологиялық
классификацияның тарихына сызба жаса.
46. Флективті типті тілдерге тән негізгі грамматикалық
тәсілдердің ерекшеліктеріне талдау жаса.
47. Агглютинативті типті тілдерге тән негізгі
грамматикалық тәсілдердің ерекшеліктеріне талдау жаса.
48. Даралаушы типті тілдерге тән негізгі грамматикалық
тәсілдердің ерекшеліктеріне талдау жаса.
49. Полисинтетикалық типті тілдерге тән негізгі
грамматикалық тәсілдердің ерекшеліктеріне талдау жаса.
50. Тілдерді типологиялық жағынан сипаттаудың негізгі
белгілерін ата.