–
171
–
Есеналиева Жанар
мағына. Сөздердің зат есім, сан есім, етістік екенін жекеше,
көнше, тәуелді, септеулі, жіктеулі түрлерде тұрғанынан, бастауыш,
баяндауыш, толықтауыш екенінен грамматикалық мағыналары
барын көреміз.
Грамматикалық форма
– грамматикалық мағынаның
тұрақты бейнесін көрсетіп тұратын материалдық форма.
Грамматикалық форма аффикстер, фонемалық кезектестік,
ішкі флексия, көмекші есімдер, қайталаулар, екпін, сөз тәртібі,
интонация болып табылады.
Диахрондық типология -
салыстырылатын тілдердің
мазмұнды-категориялы құрылымдарын зерттеытін типологиядағы
бағыт. Ол бір уақытта әр түрлі категорияларда болатын
құбылыстарды біріктіре байланыстырады. Барлық тілдерге ортақ
даму жолдары идеясы диахрондық типологияның негізі болып
табылады, бұл орайда бір тіл екінші бір тілдерден алда болуы
мүмкін.
Дифтонг –
екі дауысты элементтен құралған, мүшеленбейтін,
бір буын құрай алатын күрделі дауысты. Мысалы, қазақ тілінде
оқиды, ки
сөздерінде кездесетін «и» дыбысы дифтонг болып
табылады. Дифтонг қазақ, ағылшын, француз, неміс, қытай және
тағы басқа тілдерде кездеседі.
Диффикс -
түбірдің құрамына дауысты дыбыстардың
кірігуі, олардың өзгеруі немесе түсіп қалуы.
Дүние жүзі тілдері -
әр түрлі деректерге қарағанда қазір
дүние жүзінде 3500-ден 5000-ға дейін тілдер бар. Тілдердің санын
дәл айту мүмкін емес, жер шарында «лингвистикалық ақтаңдақтар»
кездеседі, кейбір аймақтарда әлі де жаңа тілдер пайда болу процесі
жүріп жатыр.
Екінші тіл –
көптілділік, қостілділік жағдайында тілдік
ортаның коммуникациясын (қатысын) толық қанағаттандыру
мақсатымен меңгерілетін қосымша тіл.
Достарыңызбен бөлісу: