Оқулық Алматы, 020 ӘӨЖ 811 кбк 81. Е 79



Pdf көрінісі
бет91/110
Дата15.11.2023
өлшемі5,96 Mb.
#124104
түріОқулық
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   110
Байланысты:
Есеналиева Ж. САЛЫСТЫРМАЛЫ ТЫЛ БЫЛЫМЫ 2021 от 7 апреля

САЛҒАСТЫРМАЛЫ 
ТІЛ БІЛІМІ ТЕРМИНДЕРІНІҢ СӨЗДІГІ
Агглютинация
– түбір сөзге, көбіне, соңынан жалғанатын 
қосымшалар арқылы пайда болатын тілдік құбылыс (негізінде 
жалғамалы тілге тән ерекшелік).
Агглютинативті (жалғамалы) тілдер -
түбірге аффикс 
жалғану арқылы грамматикалық формалар түрленетін тілдер: 
түркі, монғол, венгер, банту тілдері.
Акцентуация – 
туыстас тілдер тобындағы немесе жекелеген 
тілдегі екпін жүйесі.
Алломорф – 
морфеманың альтернанттары, варианттары. 
Бір единицаға барлық мүмкін алломорфтарды біріктіретін бір 
морфеманың нақты нұсқалары.
Алломорфизм
– 
түрлі тілдердің құрылымдарын 
белгілеуде ерекшеліктерді, тілдің әр түрлі деңгейіндегі бірліктер 
құрылымындағы айырмашылықтарды білдіру үшін қолданылатын 
термин.
Аллофон
– фонемалар варианты. Фонеманың әр түрлі 
айтылуы. Фонеманың нақты фонетикалық позицияларда таралуы.
Аморфты тілдер

даралаушы тілдер. Жалғау, жұрнақ 
жалғанбайтын тілдер: қытай, жапон тілдері.
Аналитизм
– сөздің негізгі (лексикалық) және қосымша 
(грамматикалық және сөзжасамдық) мағынасын бөлек 
айқындайтын синтетизмге қарама-қарсы қойылатын типологиялық 
қасиет.
Аналитикалық тілдер

Сөйлемдегі сөздердің ешбір 
өзгеріске түспей, грамматикалық мағыналар көбінесе аналитизм 
тәсілі арқылы, яғни аналитикалық формалар, көмекші сөздер, 
сөздердің орын тәртібі және интонация арқылы жүзеге асатын 
тілдер. Аналитикалық тілдерге ағылшын, француз, итальян, испан, 
болгар, дат т.б. тілдер жатады.
Артикль –
белгілі және белгісіздік мағанасында жұмсалатын 
көмекші грамматикалық элемент. Артикль типологиялық және 
генетикалық жағынан әр түрлі тілдерде кездеседі.
Аффикс
-
өз алдына жеке қолданылмай, түбір сөздерге 
қосылып, сол сөздің мәнін, мағынасын және функциясын өзгертетін
- грамматикалық форма. Сөздің алды-артында және ортасында 
келуіне қарай: инфикс, префикс, суффикс болып бөлінеді. Қазақ 
тіліндегі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет