Оқулық Алматы 2005 ббк 74. 00



Pdf көрінісі
бет90/159
Дата30.01.2023
өлшемі1,41 Mb.
#63890
түріОқулық
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   159
Байланысты:
Бабаев С. Б., О албек Ж. К

Қадағалау əдістері дегеніміз – бұл оқушылардың оқу танымдық іс - 
əрекеттері мен мұғалімдер жұмыстарының нəтижелілігін айқындауға 
жəрдемші жол, тəсілдер. 
Педагогикалық практикада ауызша, жазбаша, тəжірибелік, 
компьютерлі (машынды) қадағалау жəне өзіндік қадағалаулар 
қолданылуда.
Ауызша қадағалау – оқушыларға ауызекі сұрақ қоюмен 
орындалады. Ол шəкірттердің білім, ептілік жəне дағдылар деңгейін 
айқындауға, сонымен бірге оқушының материалды баяндау 
қисынымен танысуға, меңгерген білімдерін процестер мен төңіректе 
болып жатқан оқиғаларды түсіндіре алу ептіліктерін байқауға, өз 
пікірін білдіру мен дəйектеу жəне қателікті көзқарастарға қарсы тұрып, 
дəлел келтіре алу ұқыптарын анықтауға мүмкіндік береді.
Жазбаша қадағалау – жазба бақылау тапсырмаларын (жаттығулар, 
бақылау жұмыстары, шығармалар, істелген жұмыстар бойынша есеп 
беру ж. т. б.) орындау формасында жүргізіледі. Мұндай қадағалау əдісі 
барлық оқушылар білімін бір уақытта тексеруге мүмкіндік береді, 
алайда жазба жұмыстары көзден өткізіліп, бағалау көп уақытты талап 
етеді.
Тəжірибелік қадағалау – оқу, тұрмыс жəне өндірістік ептілік, 
дағдылардың қалыптасуын не қозғалыс, қимыл дағдыларының 
орнығуын анықтауда пайдаланылады. 
Ақпараттық технологиялардың дамуымен компьютерлі қадағалау 
ен жаюда. Мұндай машынды қадағалау оқытушының да, оқушының 
да уақытын үнемдеуге көп көмегін тигізеді. Компьютерлі қадағалау 
арқылы білім деңгейін өлшестіру мен бағалауға бірыңғай талаптар 
белгілеу мүмкін. Бұл қадағалауда оқу нəтижелерін статистикалық 
талдау мен өңдеу өте жеңіл. Білім бағалаудағы мұғалім 
субьективизміне машын шек қояды. 
Машынды қадағалау қолданумен өзіндік қадағалауды да оңтайлы 
ұйымдастыруға болады, дегенмен өзіндік қадағалауды қарапайым 
жолмен де өткізу мүмкін. Бірақ бұл үшін оқушыларды өз бетінше 
қателіктерін байқауға, танымдық міндеттердің қате шешілу себептерін 
талдауға, оларды болдырмау, түзеу жəне реттеуге үйрету қажет.
Əртүрлі қадағалау əдістерінің бірге қолданылуы аралас 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет