Оқулық Алматы 2005 ббк 74. 00



Pdf көрінісі
бет41/159
Дата06.11.2022
өлшемі1,76 Mb.
#47812
түріОқулық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   159
Байланысты:
Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. Педагогика

жедел жолы. Бүкіл дүние қазіргі таңда əлем жəне барша планета 


азаматын тəрбиелеуге ұмтылыс жасап, білім аймағында барлық күш- 
қуатын топтастыруда. Дүниежүзілік білім кеңістігі жедел дамуда. 
Сондықтан да əлем қауымдастығы адамның жасайтын орны не елі, 
білім игеру типі не деңгейіне тəуелсіз жаhандық білім стратегиясын 
қалыптастыру талаптарын алға тартып отыр;
- тұлғаның əлеуметтенуі мен ұрпақтар жалғастығын 
қамтамасыз ету тəсілі. Адамдардың идеологиялық көзқарасы мен 
талғамдарының, əлеуметтік танымдарының, мұраттары мен тіршілік 
климаттарының түбегейлі өзгеріске түсіп жатқан заманда білім қайта 
жаңғырту мен тарихи жəне əлеуметтік тəжірибені əулеттен əулетке 
өткізу процесін қалыпты жүргізуге мүмкіндік береді, сонымен бірге 
жаңа саяси жəне экономикалық жағдайларды, қоғам жəне мəдениет 
дамуын жаңа бағыттарын жас ұрпақ санасына ендіріп, бекітуге 
жəрдемдеседі. Тек білімнің ғана үйлестіру, тұрақтандыру қызметіне 
бола , адам жаңа өмір салттары мен тіршілік шарттарына икемделіп, 
бейімделеді. 
- адамның қоғамдық жəне рухани өмірін , сонымен бірге жалпы 
халықтық рухани сана қалыптастыру тетіктері: Білім беру жəне 
тəрбиелеу мекемелері белгілі дəуір адамының əлеуметтік- мəдени іс-
əрекеттерінің ең жоғары өрнек - үлгілерін шоғырландырады. Осыдан 
білімнің əлеуметтік құндылығы білімді де ізгілікті қоғам адамының 
маңыздылығымен өлшенеді. Білімнің адамилық (гуманистік)
құндылығы əрбір жеке тұлғаның танымдық жəне рухани қажеттерінің 
даму мүмкіндіктерінен көрінеді. Біртұтас білім жүйесінің барша 
түрлері мен деңгейлерінде елдің интеллектуал жəне рухани- инабаттық 
мүмкіндіктері жинақталып, даму жолына түседі. 
- мəдени қалыпқа енген жеке мінез-құлық жəне қимыл- əрекет 
үлгілері мен қоғамдық өмірдің бекіген формаларының ауысып 
(трансляция) баруы. Оқу жəне тəрбие барысында адам өркениет 
дамуына қажет əрі мəдени-тарихи маңызы бар əлеуметтік- мəдени 
нормаларды игереді, атап айтсақ, олар: адамның əлеуметтік топтар мен 
өндірістегі, отбасы мен қоғамдық орындардағы, сонымен бірге 
ортақтасу, жеке тұлғалық жəне іскерлік қатынастардағы моральдық 
жəне ізгілік талап өлшемдері.
- аймақтық жүйелер мен ұлттық салт-дəстүрлердің даму əдісі
Кейбір аудан тұрғындарының ерекшелігі педогогикалық міндеттерге 
өзіндік өң береді. Жастардың қала не ауылдың рухани өміріне енуі осы 
білімнің арнасында өтіп жатады. Аймақтық білім жүйесінде бұқара 
халық арасындағы əрқилы əлеуметтік топтардың сұраныстары 
ескеріледі.
тұғырлы мəдени құндылықтар мен қоғамның даму мақсаттарын 
бірден бірге өткізіп тұрушы жəне іске асырушы əлеуметтік 
институт (ресми құрылым, мекеме). Əлеуметтік институттар жас 


ұрпақты бүгінгі қоғамда дербес жасауға мақсат бағдарлы дайындау 
жұмыстарын іске асырып барады.
- жеке адам мен қоғамдық өмірдегі мəдени ауысулар мен қайта 
түрленудің белсенді үдеткіш күші. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет