Оқулық Алматы 2005 ббк 74. 00


Теория мен практиканы байланыстыру принципі



Pdf көрінісі
бет61/159
Дата06.11.2022
өлшемі1,76 Mb.
#47812
түріОқулық
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   159
Теория мен практиканы байланыстыру принципі негізіне 
классикалық философияның ақиқат пен танымдық қызметтің дерек 
көзі – тұрмыс жəне практика екендігі туралы тұжырымы алынған. 
Орынды ұйымдастырылған тəрбие əрқашан өмірдің өзінен, 
практикадан бастау алып, онымен тығыз байланыста болады, сонымен 
өсіп келе жатқан əулетті белсенді тіршілік қамына дайындайды. 
Оқудың өмірмен, теорияның практикамен тығыз байланысты болуы 
оқу мазмұнына, оқу-тəрбие процесінің келелі ұйымдастырылуына, 
оқудың тиімді формалары мен əдістерін пайдалануға, еңбек пен 
политехникалық дайындыққа бөлінген уақытқа, сонымен бірге
оқушылардың жас ерекшеліктеріне тəуелді келеді. 
Оқудың өмірімен ұштастық принципін іске асыру негізі 
– теориялық тұжырымдар мен озат мектеп ұжымдарының 
тəжірибесінен туындайды. Осыған байланысты мұғалімнің 
атқаратын міндеттері: 
- мектепте игерілетін білімдердің қажеттігін оларды қоғамдық – 
тарихи практикамен байланыстыра, оқушыларды сендіре, дəлелдеу, 
оқу процесін білімнің, оған қоса мектепте алатын құндылықтарының 
өмірлік қажетті дүние болатынын түсініп, сезетіндей дəрежеде алып 
бару; 
- тұрмыс қажеттерінен - білімге, білімнен өмір қажеттігіне өте 
отырып, баланы «білім – бай, қуатты тіршілік» қағидасымен тəрбиелеу; 
- балаларға қазіргі заманның жаңа технологиялары, өндірістік 
қатынастары, озат еңбек əдістері жөнінде əңгімелеу; 
- оқушыларды өз білімдерін практикада тексеріп, қолдануға 
табандылықпен үйрету, қоршаған дүниені білім көзі жəне сол білімді 
қолдану саласы ретінде пайдалану; 
- өз жұмысының өмірлік маңызын оқушыға түсіндіріп бере 
алмайтын бірде бір мұғалім не сабақ болмауы тиіс; 
- мектеп пен өндіріс орындарының байланысын пайдалану, 
оқушылардың 
өндіріс 
өкілдерімен 
қатынастарын 
оқу-тəрбие 
жұмыстарының жалғасына айналдыру, бұл үшін «оқу пəні -өндіріс» 
байланысын ептілікпен бағдарлап, қадағалап бару; 
- оқушылармен бірге «тұрмыстық қажет» сипатындағы мəселелер 
мен жаттығулар түзіп, оларды сабақ материалымен байланыстыра 
шешуге дағдыландыру. Оқулықты балалар өмірімен ажыралмас 
бірліктегі қоршаған болмыс деректерімен толықтырып 
баруды ұмытпау. 
- оқуды ауыл, қала, облыс, республиканың нақты болашақ даму 
жағдаяттарымен ұштастыру, аймақтың келешек дамуына орай кəсіби 
бағдарлау жұмыстарын өткізіп бару; 


- проблемді ізденіс жəне зерттеу тапсырыстары теорияны 
практикамен байланыстырудың таптырмас құралы. Оларды əрқилы 
жолдармен пайдалануға тырысу; 
- балаларды еңбекке, қоғамдық жəне жеке меншікке саналы да 
ұнамды қатынас жасауға баули отырып, мұндай қатынас үлгісін 
мұғалімнің өз бойынан көрсетуі. 
Қорытындылай келе, айтарымыз: принциптер əрқашан белгілі 
жүйеде, бір уақытта, тығыз байланысқан күйде іс-əрекетте комплексті, 
параллель жүзеге асып барады, оларды кезекпен немесе бірінің 
орындалуымен екіншісіне тізбекті өте, пайдалану мүмкін емес. 
Принциптер арасында басты не екінші дəрежелісі болмайды, əңгіме тек 
олардан туындайтын талаптардың ауқымдылығы мен жалқылық 
дəрежесі жөнінде болуы мүмкін. Барша принциптер өзара кіріге 
ұштасқан, сондықтан бірінің талаптары, екінші бір принцип 
талаптарымен мəндік жақындыққа түсіп жатады. Олардың бəрінің де 
қызметі - бағыттау, оқудың сапалы нəтижелеріне жетудің жолдарын 
көрсету. Білімдендіру ісін гуманизациялаудың мəні –оқушының тəн-
дене жəне ақыл-ес мүмкіндіктерін сақтау жəне дамыта түсу. 
Сондықтан оқу еңбегінің нəтижесі оған жұмсалған оқушы күш-
қуатының деңгейімен салыстырылып, бағаланады. Принциптер 
баланың табиғи жəне əлеуметтік мүмкіндіктерін, күш салулары мен 
еңбек нəтижелерін қалыпты мөлшерлеп отырады, егер қандай да 
себептермен ауытқуға түспесе, олар арасындағы теңдіктің (баланс) 
сақталғаны. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет