жалпы анықтамасы – жүйелердің əртекті
элементтерінің атқарымдарын жазу үшін бірыңғайланған модель.
Бүкіл жүйелердің динамикасы бір-бірімен түйіндесетін агрегаттық
элементтердің динамикасы арқылы ашылады.
Агрегаттың сипаттамалары:
Т – уақыт мезеттерінің жиыны.
Z – жүйелер күйі.
Х – кіру дабылы.
Ү – шығу дабылы.
t уақыт мезетіндегі күймен қатар агрегат уақыттың аз саны ішінде
ауыса алатын (t + 0) уақыт мезетіндегі күй енгізіледі. Операторлық
ауысу түрі уақыттың аталған аралығында кіру дабылдары түсе ме,
əлде жоқ па соған қатысты болады.
X(t
s
) дабылдың түсу мезеті t
s
деп алайық, сол уақытта ауысу опе-
раторын мынадай түрде жазуға болады:
Z(t
s
+ 0) = H
1
[t
s
, Z(t
s
), X(t
s
)], t
s
Î T.
(t
s
, t
s + 1
] интервалындағы агрегаттық күйі мынадай түрге ие бо-
лады:
Z(t) = H
2
[t, t
s
, Z(t
s
+ 0)], t Î (t
s
, t
s + 1
].
Z күйлерінің жиынында Z
(у)
ішкі жиынды бөлеміз, егер Z(t
*
) Z
(у)
ішкі жиынға жететін болса, онда t
*
мезеті
y(t
*
) = G[t
*
, Z(t
*
)].
93
формула бойынша анықталатын шығу дабылын беру мезеті бо-
лып саналады.
Кейбір жағдайларда шығу дабылын беру мезетінде агрегаттың
өзгеруі мүмкін, осыны есепке алу үшін Н
3
енгізіледі:
Z(t), Z
(y)
, Z(t + 0) = H
3
[t
*
, Z(t
*
)].
Н
1
, Н
2
жəне Н
3
жиынтығы бұрын қарастырылған Н-ді береді.
Н жəне G агрегаттың атқарымдық моделін анықтайды.
Агрегаттың атқарымдық үдерісі негізінен кіретін дабылдардың түсу
жəне Н
3
шығу дабылдарын беру мезетіндегі жүйелер күйлерінің
секірістерінен тұрады.
Жүйелердің атқарымын агрегаттық сипаттау əмбебап жəне
əртүрлі математикалық модельдер береді. Элементтердің атқарымы
агрегаттық көрсетуге əкелуі мүмкін. АЖ-нің агрегаттық модельдерін
жасау үшін:
• Қарапайым жүйелердің агрегаттық моделін жасау.
• Түйіндесетін агрегат моделін құру қажет.
ҚОРЫТЫНДЫ
• Сапалық əдістерде есептің қойылуын ұйымдастыруға, оны
нысандандырудың жаңа кезеңіне нұсқаларды қалыптастыруға,
нұсқаларды бағалау тəсілдемесін таңдауға, адамның тəжірибесін
пайдалануға, əрқашан да сандық бағалаулармен көрсетіле бермейтін
оның артықшылықтарына жете назар аударылады.
• Сандық əдістер нұсқаларды талдаумен, олардың мүлтіксіз дəл
сандық сипаттамаларымен байланысты. Есептің қойылуы үшін бұл
əдістерге құралдардың болмауынан, осы кезеңді жүзеге асыруды
адамға толықтай қалдырады.
• Ақпараттық жүйелерді жобалау кезінде қандай құбылысты
негізгі, қандай факторларды – басты деп санауды анықтау аса қиын
болады, яғни сол, бір нақты объектінің атқарымы үдерісінде есептің
қойылуына қатысты əртүрлі математикалық сипаттамаларды алуға
болады.
• «Ақылмандар талқысы» тұжырымдамасы жаңа идеяларға жəне
түйсіктік ойлау негізінде адамдар топтарының келісімге жетуіне
бағытталған шығармашылық ойлауды жүйелі жаттықтыру əдісі
ретінде 50-ші жылдардың басынан кең тарауға ие болды.
94
• Тəжірибеде сценарийлер типі бойынша өнеркəсіптің кейбір
салаларындағы болжамдар əзірленді. Қазіргі уақытта ұйымдар не-
месе арнайы комиссиялар дайындайтын халық шаруашылығы
салаларын дамытудың кешенді бағдарламаларына ұсынысты
сценарийлердің бір түрі деп есептеуге болады.
• Ашық пікірталас жолымен сарапшылар пікірлерінің
келісімділігіне жетудегі дəстүрлі тəсілдемеден өзгешелігі, Дель-
фи əдісі ұжымдық талқылаудан толық бас тартуды ұйғарады. Бұл
неғұрлым беделді маманның пікіріне қосылу, жария білдірілген
пікірден бас тартпау, көпшілік пікіріне еру сияқты психологиялық
факторлардың əсерін азайту үшін жасалады.
• Мақсаттар ағашы əдісінің идеясын алғаш рет өнеркəсіпте
шешімдер қабылдау проблемаларымен байланысты Черчмен
ұсынған болатын. «Мақсаттар ағашы» термині жалпы мақсаттарды
ішкі мақсаттарға, ал оларды өз кезегінде одан неғұрлым дəлірек
құрамды бөліктерге – жаңа ішкі мақсаттар мен функцияларға бөлу
жолдары алынған сатыластық (иерархия) құрылымдарын пайдала-
нуды түсіндіреді.
• Нақты жағдайларда жүйелік талдау қағидаттарын жүзеге асы-
ратын əдістемелер, жүйелерді зерттеу үдерісін жеткізу жəне проб-
лемаларды шешу үдерісін нысандандыруға бағытталған. Жүйелік
талдау əдістемесі жүйенің нысандандырылған түрде берілуінің бара
бар əдісін таңдауға мүмкіндік беретіндей жүйе туралы зерттеушінің
жеткілікті мəліметі жоқ болған жағдайларда əзірленеді жəне
қолданылады.
СОӨЖ жəне СӨЖ тапсырмалары
1. Тақырып бойынша бақылау сұрақтарына жауап беру:
1. Сапалық əдіс не үшін керек?
2. Сандық əдістер қандай сипаттамаларға байланысты?
3. Есептің қойылуына қатысты қандай сипаттамаларды алуға бо-
лады?
4.
«Ақылмандар талқысы» тұжырымдамасының мəні?
5.
Сценарий қандай түсініктерді қалыптастырады?
6.
Дельфи əдісінің мəні қандай?
7.
Мақсаттар ағашы əдісінің идеясы қандай?
95
8.
Морфологиялық зерттеудің қандай əдістері ұсынылады?
9. Жүйелерді
ұсынудың
нұсқаларын
қалыптастыруда
қандай
ішкі кезеңдерге бөлуге болады?
10. Термдер мен функторлардың көмегімен нені көрсетуге болады?
11. «Автомат» ұғымы қандай маңызға ие?
12. Предикат – математиканың іргелі ұғымдарының бірі ретінде
қандай шарттарды тұжырымдайды?
2. Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына
жауап беру:
1.
Элемент дегеніміз не?
A)
Жүйенің бөлінбейтін бөлігі
B)
Қосымша комбинация
C)
Ақпараттық символдар
D)
Жалпы бөлігі
E)
Аталғандардың барлығы дұрыс
2.
Кодталған хабар сигнал-ақпарат тасығыш түріне ие болады.
Ал олар не арқылы жүреді?
A)
Сым
B)
Арна
C)
Желі
D)
Жүрмейді
E)
Сигнал
3.
Телефон сымы -
A)
Ақпарат жібермейтін арна
B)
ЭЕМ құрылғысы
C)
Ақпарат жіберілетін арна
D)
Жалпы көздеуіш құралы
E)
Дұрыс жауабы жоқ
4.
Қазіргі уақытта неше жүйелік əдіс қалыптасқан?
A)
5
B)
1
C)
4
D)
3
E)
2
96
5.
Мыналар қайсысына сəйкес келеді?
Информатика; Математикалық бағдарламалау; Имитациялық
модельдеу
A)
Жүйелік құрылым
B)
Жүйелік арна
C)
Жүйелік тəсіл
D)
Жүйелік əдіс
E)
Жүйелік талдау
6.
Анықсыздық принципі -
A)
Анықталмаған принцип
B)
Зерттеу жолымен алынған салыстырмалық
C)
Тəжірибелік жолмен алынған салыстырмалық
D)
Дəлелдеу жолымен алынған салыстырмалық
E)
Дұрыс жауабы жоқ
7.
Бит -
A)
Сегіздік жүйедегі сегіздік белгісі
B)
Ондық жүйедегі алфавиттік белгісі
C)
Си жүйесіндегі ақпарат бірлігі
D)
Екілік алфавиттің екілік белгісі
E)
Аталғандардаың барлығы дұрыс
8.
Құрылым дегеніміз не?
A)
Бір ақпарат бірліктерінің басқа ақпарат бірліктеріне енуі
B)
Қандай да бір жүйенің кез келген элементі
C)
Кез келген уақытта объектінің күй жайын сипаттайтын шама
D)
ДБ сақталатын барлық ақпарат құрылым жүйесі
E)
ДБ түрлендіру жүйесі
9.
Желілік модель -
A)
Бір элемент құрылымы
B)
Əрбір элемент кез келген элементпен байланыса алатын құрылым
C)
Бір элемент бір ғана элементпен байланыса алатын құрылым
D)
Əрбір элементтің ешбір элементпен байланыса алмауы
E)
Дұрыс жауабы жоқ
10.
Ақпараттың бар болуының неше фазасы бар?
A)
1
B)
2
97
C)
3
D)
4
E)
5
11.
Кедергіге тұрақты деп нені айтамыз?
A)
Байланыс каналдарымен жіберілетін кодтық сөздерде қатені
түзетуге жəне анықтауға мүмкіндік беретін кодтар
B)
Жалпы айтқанда олар бір-бірінен бір символмен (элемент)
ажыратылады
C)
Кодтаудың бұл түрі дискретті сигналда, оны байланыс
каналдарынан жіберу кезінде пайда болатын қателерді іздеу жəне/
немесе түзету үшін қолданылады
D)
Деректерді жіберу сенімділігін арттыру үшін кедергіге тұрақты
кодтарды қолдану кодтау жəне декодтау тапсырмаларын шешумен
байланысты
E)
Екі кодтық сөздің арасындағы кодтық қашықтық – бұл бір-бірінен
ажыратылатын позиция саны
12.
Жүйелік код деп нені айтамыз?
A)
Екі кодтық сөздің арасындағы кодтық қашықтық – бұл бір-бірінен
ажыратылатын позиция саны
B)
Деректерді жіберу сенімділігін арттыру үшін кедергіге тұрақты
кодтарды қолдану кодтау жəне декодтау тапсырмаларын шешумен
байланысты
C)
Сенімділікті арттыру мəселесі деректерді жіберу жəне байланыс
каналдарының нақты сапасы
D)
Кодтаудың есебі жіберу кезінде qn көптіктің ішінен n ұзындығымен
оның кодтық сөзіне сəйкес
E)
Ақпараттық символдардан басталатын жəне тексеру символдармен
аяқталатын əрбір кодтық сөздері бар кодтар
13.
Варшамов-Гильберт шекарасы қандай қарым-қатынастармен
анықталады:
A)
B)
C)
98
D)
E)
Дұрыс жауабы жоқ
14.
Сызықтық кодтар деп:
A)
Екі кодтық сөздің арасындағы кодтық қашықтық – бұл бір-бірінен
ажыратылатын позиция саны
B)
Кодтаудың есебі жіберу кезінде qn көптіктің ішінен n ұзындығымен
оның кодтық сөзіне сəйкес
C)
Екілік кодтар үшін сызықтық операция ретінде модуль 2 бойынша
реттеу
D)
Ақпараттық символдардың сызықтық комбинациясын тексеріс
символдары ұсынатын кодтар
E)
Дұрыс жауабы жоқ
15.
Rk, r- бұл не?
A)
тексеріс символдардан құрылған тік бұрышты матрица
B)
ақпараттық символдары бар бірлік матрица
C)
тексеріс символдарының нөмірі
D)
ақпараттық символдардың нөмірі
E)
дұрыс жауабы жоқ
16.
Жүйелік түрдегі тексеріс матрицасы қандай түрде болады?
A)
B)
b1=a2+a3; b2=a1+a2.
C)
D)
E)
17.
Сызықтық кодтар қасиеті:
A)
бұл мағынада олар топтық кодтар болып табылмайды
B)
тексеріс символдарының нөмірі
C)
екі кодтық сөздің арасындағы кодтық қашықтық – бұл бір-бірінен
ажыратылатын позиция саны
99
D)
ақпараттық символдардың сызықтық комбинациясын тексеріс
символдары ұсынатын кодтар
E)
сызықтық кодтың кодтық векторының соммасымен берілген кодқа
жататын векторды береді.
18.
Топтық кодтар қасиеті:
A)
кодтық вектордың салмағы оның нөлдік емес компоненттерінің
санына тең
B)
өрістің элементіне əр кодтық сөздің шығарылуы кодтық сөз болып
табылады.
C)
екі кодтық сөздің арасындағы кодтық қашықтық – бұл бір-бірінен
ажыратылатын позиция саны.
D)
топтық кодтардың кодтық векторлары арасындағы минималды
кодтық қашықтығы емес кодтық векторлардың салмағына тең
E)
дұрыс жауабы жоқ
19.
Кодтың кодтық қашықтығы – бұл кодтық сөздің түрлі жұптар
арасындағы кімнің аз қашықтығы болып саналады?
A)
Хэммингтің
B)
Плоткин
C)
Варшамов-Гильберт
D)
Ньютон
E)
Бұл жай теория
20.
Екі код эквивалентті деп аталады, егер...
A)
топтық код стандартты орналасса
B)
олардың пайда болатын матрицалары координаттарының орын
ауыстырумен ажыратылса
C)
код құрайтын 2k кодтық сөзінің ішіндегі топ бойынша аралас
кластардан ажыратылуын ұсынса
D)
ақпараттық сөзінің пайда болатын матрицаға шығармасы кодтың
кодтық сөзін берсе
E)
дұрыс жауап жоқ
100
5-ТАҚЫРЫП. АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІ
АГРЕГАТТЫҚ СИПАТТАУ
Дəрістің мəнмəтіні
Мақсаты: Ақпараттық жүйелерді агрегаттық сипаттауды үйрену.
Дəріс жоспары
1. Кірулер мен шығулар операторлары
2. Агрегаттардың ең аз ақпараттық байланыстарының қағидаттары
3. Агрегат кездейсоқ үдеріс ретінде
Негізгі түсініктер: кіру операторлары, шығу операторлары,
агрегат, минималдық байланыстар
Тақырыптың мазмұны: Жүйенің атқарымдық үдерісінің
математикалық моделін алғысы келе отырып, ол нақты объектілердің
кең сыныбын қамтуы үшін, жүйелердің жалпы теориясында жүйенің
атқарымдық сипаты туралы жалпы жорамалдарға сүйенеді:
• жүйе уақыт бойынша жұмыс істейді; уақыттың əрбір мезетінде
жүйе мүмкін күйлердің бірінде болуы мүмкін;
• жүйеге кіруге кіру дабылдары түсуі мүмкін;
• жүйе шығу дабылдарын беруге қабілетті;
• уақыттың аталған мезетіндегі жүйенің күйі алдындағы
күйлермен жəне уақыттың аталған мезетінде жəне бұрын келіп
түскен кіру дабылдарымен анықталады;
• уақыттың аталған мезетіндегі шығу дабылы жүйелердің
күйлерімен жəне уақыттың аталған жəне алдындағы мезеттеріне жа-
татын кіру дабылдарымен анықталады.
Айтылған жорамалдардың біріншісі кеңістіктегі жəне уақыттағы
атқарымдық үдерістің динамикалық сипатын көрсетеді. Бұл ретте
атқарымдық үдеріс сыртқы жəне ішкі себептердің əсерімен жүйелер
күйлерінің дəйекті ауысуы ретінде өтеді. Екінші жəне үшінші жора-
мал жүйелердің сыртқы ортамен өзара əрекетін көөрсетеді. Төртінші
жəне бесінші жорамалдарда ішкі факторларға жүйелердің əсері мен
сыртқы ортаның əсері көрсетіледі.
Соның салдарынан, жүйенің болашақтағы тəртібін анықтайтын
үдерістер, уақыттың осы мезетінде жүйе қандай күйде
101
болатындығына ғана емес, сонымен бірге уақыттың бұрынғы
мезетіндегі қандай да бір болсын дəрежедегі оның тəртібіне
қатысты болатын салдар көптеген құбылыстар мен үдерістерге
тəн. Физикалық жүзеге асырылушылық қағидаты мыналар: жүйе
уақыттың аталған мезетінде «болашақтағы» факторлар мен сыртқы
ортаның əсеріне əрекет етпейді.
Жүйелерге кіруге X
∈ X кіру дабылдары түсуі мүмкін, мұндағы Х
– жүйелердің кіру дабылдарының жиыны. t
∈ T уақыттың мезетінде
түскен кіру дабылы, мұндағы Т–х(t)-мен белгіленетін, жүйелердің
атқарымы қарастырылатын, t уақыт мезеттерінің жиыны.
Кіру дабылдары сипаттамалардың кейбір жиынымен сипатта-
луы мүмкін. Мысалы, егер аэродром аймағына түскен ұшақтарды
аэродромның АБЖ кіру дабылдары деп санайтын болсақ, онда
олардың əрбірі былайша сипатталуы мүмкін: 1) ұшу нүктелерінің
координатталарымен ( І,а,ε) ( І – көлбеулік ұзақтығы, а – азимут жəне
ε – орын бұрышы); 2) жылдамдық векторымен ( І,а,ε); 3) ұшақтың
типімен ( V), жүк массасымен ( G), аэродромдағы қызмет көрсетуге
қойылатын ( δ) талаптармен жəне т.б. сипатталатын белгілермен.
Жалпы жағдайда, кіру дабылын X
1
∈ X
i
деп ұйғаратын боламыз,
мұндағы Х
і
– берілген жиын ( i=1…n).
X = X
1
×X
2
×...×X
n
тура көбейтінді кіру дабылдарының кеңістігі
деп аталады. Х
і
– элементар осьтер, Х кіру дабылы, x
1
, x
2
, ..., x
n
коор-
динаталармен сипатталатын, Х кеңістік нүктесі болып көрінеді.
Күрделі жүйелерді зерттеу кезінде, t
1
< t
2
< ... < t
k
уақыт
мезеттерінде келіп түскен кіру дабылдарының топтарымен амалдар
орындауға тура келеді. Х жиынына, t, x(t) = x
∈ мезетте дабылдың
жоқ болуын білдіретін, x
Ø
бос дабыл жатады деп жорамалдаймыз.
Əрбір t
∈ T-ға x ∈ X (бейне ƒ:Т→Х) кейбір дабылды салыстыра-
тын, x=L(t) бейнені қарастырамыз. Кез келген t’
∈ T
L
L(t) үшін L(t’)
≠ x
∅
əділетті болатын, T
L
∈ T уақыт мезетінің жиынын T
L
арқылы
белгілейміз. Х=L(t) бейнені жүйелердің кіру үдерісі, ал бүкіл t’
∈
T
L
(мұндағы x=L(t’) үшін тəртіпке келтірілген жұптардың ( t’,х))
жиынтығын – кіретін хабар деп атайтын боламыз. Х=L(t) нақты кіру
үдерісін беру үшін оған сəйкес келетін кіру хабарын ( t, X
L
)
T
көрсету
жеткілікті болады.
t
1
2
уақыт аралығын (интервалын) (t
1
,t
2
)-мен, ал жарты
аралықты – (t
1
,t
2
] жəне [t
1
,t
2
) арқылы t
1
2
жəне t
1
≤t
2
-мен, [t
1
,t
2
]
арқылы – сəйкесінше t
1
≤t≤t
2
-мен белгілейтін боламыз.
102
«Бейнені тарылту» ұғымын енгіземіз. Х жиынының у=f(x) бейнені
анықтау аймағы бар болады деп алайық. у=g(x) бейне Х
*
анықтау
аймағымен, əрбір x
∈ X
*
үшін X
*
∈ X жəне g(x)= f(x) болған жағдайда
ғана, f(x) бейне Х
*
жиынға тарылту болып саналады.
х=L(t) бейнені T
∩ (t
1
, t
2
] жиынға тарылтуды, жарты аралыққа
(t
1
, t
2
] сəйкес келетін, кіру үдерісінің фрагменті деп, бүкіл t’
∈ T
L
∩ (t
1
, t
2
) үшін (мұндағы, x=L(t’) тəртіпке келтірілген жұптардың
жиынтығын – жарты аралық (t
1
,t
2
) үшін жүйеге келіп түсетін,
кіретін хабар деректің үзіндісі деп атайтын боламыз жəне (t
1
, x
L
]
t1,
t2
-мен белгілейміз.
T
L
∩ (t
1
, t
2
] түпкі жиын, мысалы t
1
, t
2
,…,t
k
үшін кіру хабар дерегі:
(t
1
, х
1
; t
2
, х
2
; ...; t
k
, x
k
) түрге ие.
Бүкіл мүмкін кіретін хабардың жиынын {(t, X
L
)
T
} деп белгілейміз.
Ол, жүйенің атқарымдық шарттарымен рұқсат етілетін, x=L(t)
түрдегі кіру үдерістерінің жиынымен анықталады. {(t, X
L
)
T
} жиынға,
ол үшін Т
L
=0 болатын, (t, X
L
)
T
= Æ бос кіру хабарын қосып есептейтін
боламыз.
Бұдан өзге, {(t, X
L
)
T
} жиын, кіру хабарларының буындасуымен
байланысты, тағы бір талапты қанағаттандыруы тиіс. (t, X
L1
)
T
жəне
(t, X
L2
)
T
хабар {(t, X
L
)
T
} жиыннан деп алайық. Жəне t
1
< t
2
< t
3
; t
1
, t
2
, t
3
Î T болсын дейік. (t, X
L1
]
T2, T1
жəне (t, X
L1
]
T3, T2
хабарлардың үзінділерін
түземіз. Тəртіпке келтірілген жұптардың жиынтығы (t
*
,x
*
), мұнда:
;
t
,
t
T
t
,
t
T
t
3
2
L
2
1
L
*
2
1
,
t
,
t
T
t
t
L
;
t
,
t
T
t
t
L
x
3
2
L
*
*
2
2
1
L
*
*
1
*
2
1
H
H
i
i
(t, X
L1
]
T2, T1
жəне (t, X
L1
]
T3, T2
үзінділердің буындасуы нəтижесінде
пайда болған, кейбір (t, X
L–
)
T
хабарды (t, X
L
]
T1, T3
үзінді ретінде
қарастыруға болады. {(t, X
L
)
T
] жиыннан кіру хабарлары үзінділерінің
кез келген санының буындасуы, осы жиынға жататын, кейбір кіру
хабарының үзінділері болып көрінеді.
Жүйе y
∈ Y шығу дабылдарын беруге қабілетті, мұндағы Ү –
жүйенің шығу дабылдарының жиыны. t
i
∈ T уақыт мезетіндегі жүйе
беретін, шығу дабылы у(t
і
)-мен белгіленеді.
Егер у шығу дабылы y
∈ Y
j
, j = 1..m сияқты y
1
, y
2
, ..., y
m
103
сипаттамаларының жиынымен сипатталса, Ү
j
– берілген жиын бо-
лады, онда Y = Y
1
×Y
2
×...×Y
m
тура көбейтінді жүйелердің шығу
дабылдарының кеңістігі деп аталады.
Кіру үдерісіне ұқсас у=N(t) шығу үдерісі ұғымын енгіземіз, ал
сондай-ақ шығу хабарын ( t, Y
N
)
T
жəне жарты аралықтағы ( t
1
,t
2
] оның
үзіндісін ( t, Y
N
]
t1, t2
анықтаймыз.
Ақпарат – басқару элементі жəне басқарылатын еңбек заты
ретінде, басқарылатын жəне басқаратын жүйелердің есептері мен
жай-күйі туралы сапалық түсініктерді қамтамасыз етуі жəне олардың
қажет жай-күйінің мінсіз модельдерін əзірлеуді қамтамасыз етуі
тиіс.
Ақпараттық қамтамасыз ету – бұл өндіріс элементтерінің нақты
жəне мүмкін жай-күйі мен өндірістік үдерістің атқарымдық сыртқы
жағдайларымен өндіріс элементтерін өзгерту жəне түрлендіру ло-
гикасы туралы өндірістік үдерістің атқарамдық сыртқы жағдайы
туралы деректер жиынтығы болып көрінеді. Басқару жүйесіндегі
ақпараттарды сипаттау кезінде оның екі бөлігі бөлінеді:
• ақпараттардың бастапқы элементтері (деректері), белгілі
бір сыныптағы бүкіл объектілерге тəн болуы мүмкін жəне сандық
тұлғалануымен ғана өзгешеленеді;
• жіктелу байланыстарының сұлбалары, өндірістік үдерістегі
өзгерістердің логикасын көрсетеді жəне ақпараттарды түрлендірудің
бағытын негіздейді (ақпараттық модельдер).
Олар көбінесе объектінің өзіндік ерекшеліктерімен байланысты.
Бұл ақпараттық қамтамасыз ету сипаттамаларының екі деңгейін
бөліп көрсетуге мүмкіндік береді: элементтік, яғни деректердің,
сипаттамалардың, белгілердің жиынтығы; жүйелік, яғни
жаңғыртушы өзарабайланыстар жəне ақпараттық модельдер түрінде
жүзеге асырылатын, ақпараттардың жіктелу топтары арасындағы
тəуелділік.
Ақпараттардың элементтік сипаттамасы кезінде ақпараттардың
құрамы, таратушылардың формасы мен түрлері, олардың номен-
клатурасы зерделенеді. Ақпараттық жүйелерді сипаттау кезінде
ақпараттық ағындардың қозғалысы, олардың қарқындылығы мен
орнықтылығы, ақпараттарды түрлендіру алгоритмдері мен осы
объективті жағдайларға сəйкес келетін құжат айналымының сұлбасы
зерттеледі.
Басқару жүйесінде тіркелетін, берілетін жəне қайта өңделетін
104
ақпараттар жиынтығы, басқару жүйесімен бақыланатын жəне
реттелетін, нақты жəне мүмкін жай-күйлердің бүкіл алуандығын
көрсетуі тиіс.
Ақпарат пайдалану үшін дайындалуы қажет. Оның дайын-
далғандық дəрежесіне қатысты: үдеріс пен оның элементтерінің же-
келеген жақтарын сипаттайтын деректердің, көрсеткіштердің жиы-
ны ретінде, бастапқы ақпарат; мақсатқа сай өндірістік ақпараттар
алу үшін белгілі бір тəртіпке келтіруден жəне жіктеуден өткен
қайталама ақпарат; объектінің статикалық жай-күйін сипаттайтын,
жекелеген элементтер мен жергілікті үдерістердің ақпараттық
модельдері; жекелеген элементтер мен үдерістердің өзгеруін сипат-
тайтын динамиканың ақпараттық модельдері; белгілі бір шешімді
сипаттайтын жəне белсенді бағытталушылыққа ие, біріктірілген
ақпараттық модельдер болып бөлінуі мүмкін.
Кəсіпорынның (бірлестіктің) өндірістік-шаруашылық қызметін
дайындау мен оның үдерісі жəне осы қызметті басқаруда туындай-
тын ақпарат, экономикалық ақпараттар болып түсіндіріледі.
Экономикалық-ақпараттың мынадай бірқатар ерекшеліктері бар:
• негізгі массада ол дискреттік көрсету формасына ие; цифрлық
немесе цифрлық-əліпби түрінде көрсетіледі;
• материалдық таратқыштарда (құжаттарда, магниттік таспалар-
да, табақшаларда жəне т.б.) көрсетіледі;
• ақпараттың үлкен көлемдері, оның нақты атқаратын қызметіне
тəуелді болып белгіленген уақыт шектерінде өңделеді, көбінесе бұл
– циклдік үнемі (регулярно) өңдеу болады;
• бір жерде туындайтын алғашқы ақпарат басқарудың əртүрлі
атқарымдарынан өз көрінісін табады жəне осымен байланысты
бірнеше рет əртүрлі өңдеулерге ұшырайды, сондай-ақ бұл айтылғандар
деректерді көп қайтара қайта топтастыруды қажет етеді;
• алғашқы ақпараттардың көлемдері оның өңдеу операцияларының
салыстырмалы түрде саны аз болған кезде үлкен өлшемдерге жетеді;
• алғашқы деректер жəне есептеу нəтижелері, ал кейбір уақытта
аралық нəтижелері ұзақ сақтауға жатады.
Экономикалық ақпараттарды өңдеуді ұйымдастыру кезінде
бұлжытпай орындау көзделетін, уақыттылық, толықтық пен
дұрыстық талабы, өндірісті басқару жүйелеріндегі экономикалық
ақпараттарға қойылатын айрықша маңызды талаптар болып са-
налады.
105
Ақпараттық қамтамасыз етуді жасау басшылар мен мамандардың
ақпараттарға деген орташа қажеттіліктеріне бағдарланады. Мұнда
басқаруды ұйымдастырудың ілгерінді тəсілдері мен əдістері
көрсетілетін басқару туралы ақпарат ерекше орын алады.
Ақпараттарды ұйымдастыру үдерісінде, оны нормативтік-
анықтамалық рөл атқаратын шартты-тұрақтыға жəне айнымалыға
бөлу принципті маңызға ие болады. Ақпараттардың осы екі түрі де
жіктелу байланыстарын талдау негізінде, сипаттаушы, яғни белгілі
бір типтік жағдайды көрсететін компоненттермен статикада немесе
динамикада үдерісті суреттеуі мүмкін, өзара байланысты блоктарға
(модельдерге) ұйымдасады.
Ақпараттық қамтамасыз етуді қалыптастыру үдерісіне бірнеше
кезеңдер кіреді (3-кесте).
3-кесте.
Достарыңызбен бөлісу: |