191
Гумификация құбылысын зерттеген белгілі ғалым – Л. Н. Алек-
сандрова. Оның жасаған сызбанұсқасына қарағанда, гумус орга-
никалық қалдықтардың ыдырауы, микробиологиялық синтез,
гумификация, топырақтың минералды бөлігімен көбеюі, минерали-
зация процесі жəне минералдық құрамдас бөліктерінің биологиялық
айналымға қосылуы арқылы түзіледі. Л. Н. Александрова бойын-
ша, гумификация – органикалық қалдықтардың түзілуі арқасында
жоғары молекулярлық қосылыстардың күрделі биофизикалық-
химиялық құбылыстар арқылы органикалық құрамдардың ерек-
ше класы – қара шіріндіні түзуі. Бұл процестің белсенділігі
топыраққа түскен өсімдік қалдықтарының мөлшері, химиялық
құрамы, топырақтың ылғалы, ауа режимдері, ортаның реакциясы,
биологиялық белсенділігі сияқ ты факторларға байланысты жүреді.
Л. Н. Александрова топырақтағы органикалық қалдықтардың гу-
мификациялану типтерін – фульватты гуматты, фульватты-гуматты
көрсетті.
Белгілі ғалым Д.С. Орлов (1977) осы түсініктерге гуми-
фикацияланудың тереңдігі деген ұғым енгізіп,
Н=f(Qіt)
өрнегін құрды.
Q – жыл сайын топыраққа түсетін өсімдіктер қалдықтарының
мөлшері, і-олардың ыдырауының тездігі, t-топырақтың биоло-
гия лық белсенділігінің уақыты. Бұл көрсеткішпен əр түрге то-
пырақтардағы гумификация процесінің сипаттамасын анықтауға
болады.
6. 2. Экологиялық жағдайлардың органикалық заттардың
мөлшеріне əсері
Адамдар жəне олардың шаруашылығы жер бетінде тікелей жəне
жанама зор ықпал-əсерін тигізіп келеді. Егер жылына ауаға дүние-
жүзі бойынша 1 млрд. тонна деңгейінде антропогендік заттектер (CO
2
есептегенде), гидросфераға шамамен, 15 млрд. тонна ластағыштар
енгізіліп отырылса, жерге түсетін техногенді қалдықтардың мөлшері
90 млрд. т. Кейбір ғылыми мəліметтерге сүйенетін болсақ, XX
ғасырдың 90 жылдарының аяғында жерде жинақталған қалдықтар
көлемі 4000 млрд. тоннаға дейін көтерілген. Топырақтың ластану-
192
ына байланысты қазіргі уақытта құрлықтың жартысына жуығын
антропогендік ландшафт алып жатыр. Ғалымдардың арасында
тараған пікір бойынша, дүниежүзіндегі шөлдердің барлығының
шығу тегі де антропогендік. Атропогендік шөлдің аумағы жылдан-
жылға үнемі ұлғаюда, оның көлемі қазіргі шақта 10 млн. км
2
-ден
асып отыр, бұл бүкіл құрлықтың 7 пайызын құрайды.
Топырақты ластайтын компенеттерге қарай, топырақтың ласта-
нуының түрлері: физикалық, химиялық жəне биологиялық болады.
Физикалық ластану радиоактивті заттектермен байланысты.
Мысалы, уран рудаларын ашық əдіспен алғанда, жер қыртысында
активтілігі жоғары сəулеленетін сұйық жəне қатты қалдықтар
қалады.
Биологиялық ластану – ауру тудыратын жəне де басқа жағымсыз
жағдайға итеретін микроорганизмднрдің қоршаған ортада бо-
луы. Мысалы, ластанбаған топырақта дизентерия, сүзек жəне
тағы басқа да ауру қоздырғыштары 2-3 тəулік бойында сақталса,
ластағыштармен əлсіреген қоздырғыштар бірнеше ай мен жылдарға
дейін сақталып, едəуір аумаққа таралады.
Химиялық ластану – топырақта тірі организмдерге қауіп
туғызатын химиялық заттектердің жиналуы.
Топырақты ластайтын көздерге өнеркəсіптік кəсіпорындардың
шығарындылары, көлік, ауылшаруашылығында қолданылатын
шөпжойғыштар мен минералды тыңайтқыштар, қалдықтар, жылу
энергетика кешені, атмосфералық жауын шашын, апатты жағдайда
тасталатын шығарындылар, əскери өндірістік кешендер жатады.
Түсті металл кендерін алу, байыту жəне таза металдар алу
процестерінен шыққан өнімдермен жəне қалдықтармен топырақ
көп ластанады. Ауыр металдардан топырақтың ластануының зар-
дабы тұрақты болып келеді. Түсті металлургия кəсіпорындарының
маңындағы топырақта қорғасын мен басқа ауыр металдардың
мөлшері нормадан 10-20 есе асып отырған жерлер белгілі.
Ауылшаруашылығында улы химикаттар көп қолданылатын
қанның құрамында болатыны байқалған. Топырақ көптеген
аурулардың (ботулизм, күйдіргі, дизентерия, аскаридоз жəне т.б.)
қоздырғыштарын сақтайтын ортаға жатады.
Топырақтың ластану дəрежесін мына формуламен есептеп
анықтайды, топырақтағы заттектің ластану концентрациясының
коэффициентті (Л
i
КК) қолданылады:
193
Л
i
КК = X
i
/ ШРК
i
немесе Л
i
КК = X
i
/ Х
ф
,
Бұл жерде Л
i
КК заттегіне тəн ластау концентрациясының
коэффициенттері;
X
i
-i – заттегінің мөлшері, Х
ф
– осы заттектің фондық мөлшері.
Адамның барлық өндірістік қызметіне, бірінші кезекте ең
қажетті табиғи ресурс болып жер саналады. Жер қойнауынан
халық шаруашылығының барлық салаларына қажетті материалдар
өндіріледі, ол болмаса өндіріс дами алмайды. Өнеркəсіптер жедел
қарқынмен дамыған сайын соғұрлым бүлінген жер көлемі арта
түседі. Сондықтан жерді пайдаланушылар оны тиімді пайдаланумен
қатар, сан қырлы қорғау жұмыстарына да назар аударуы қажет.
Жер ресустарының ең негізгі тұтынатын саланың бірі – ауыл
шаруашылығы. Ауыл шаруашылығында құрлықтың 30%-дан
астамы игерілген, бұған осы салада пайдаланылатын ормандар-
ды қосатын болсақ, бұл көрсеткіш 60-65 пайызға жетеді. Ауыл
шаруашылығының қарамағындағы жер ресурстарының жарамсыз
түрге айналуына себеп болатын жағдайлар:
– топырақ эрозиясы немесе дефляциясы – су мен желдің (деф-
ляция) жəне тағы басқа табиғи құбылыстардың əсерінен жер
қыртысының түгелдей не жарым жартылай бүлінуі, топырақтың
құнарлығының төмендеуі;
– агротехниканы дұрыс қолданбағандықтан, негізінде ауыспалы
егіс болмауынан жəне қоректі заттектердің топыраққа жеткілікті
түрде қайта айналып келмеуіне байланысты қарашірінді мөлшері
төмендеп, топырақ құнарлығының біртіндеп азаюы;
– құрғатымсыз (дренажсыз) жерді суландыру жəне бақылаусыз
суды қолдану, топырақтың су астында қалуы мен екінші реттік
тұздануы (сортандануы);
– топырақтың техниканы қолдануда бүлінуі (тығыздануы, егістік
жер қабаты құрамының бұзылуы, оның төсеніш қабатындағы
жыныс тармен араласуы);
– топырақтың химиялық жəне радиациялық ластануы.
Жердің құнарсыздануы негізінен адамның шаруашылық əрекеті
əсерінен топырақтың түзілу жағдайының өзгеріп, оның негізгі
қасиеттерінің: қарашірінді құрамындағы қарашірінді мөлшерінің
азаюына, құрылымының бұзылуына, улы заттектермен ластануы-
на, екінші реттік сортаңдауына, қышқылды жаңбырдың жаууына,
13–1427
194
малдың жайылымда шамадан тыс жайылуына, пайдалы қазбалардың
ашық əдіспен өндірілуіне, өндіріс қалдықтарының сақталуының
реттелуі мен бақылаусыз жатуларына, тағы басқа өзгерістеріне
байланысты. Осы қарастырлған процестерге аймақтардың
ерекшеліктеріне қарай өздеріне тəн өзгешелігі де болады.
Топырақтың түзілу процесі аймақтық геологиялық жасына да көп
байланысты. Геологиялық жас жағынан ескі аймақтарда бұрыннан
қалыптасқан топырақ болады да, ал жаңадан пайда болып жатқан
құрғақ жерлерде топырақ түзілу процестерінің бастапқы саты-
лары жүріп жатады. Мəселен, Жер шарының теріскей жағында,
ауа райының өзгеруіне байланысты, мұздар еріп, мұз басқан жер-
лер ашылуда, осы кейінгі дəуірлерде мұздан айырылған аймақта
жаңа жас топырақтар түзіледі. Мысал ретінде сонымен қатар
Арал суының тартылуының əсерінен, оның түбінен босаған жерде
жаңадан топырақ түзілу құбылыстары басталғанын да келтіруге бо-
лады. Соңғы жылдары Арал өңірінің ежелден бері келе жатқан жері,
суы, желі мен қалыптасқан табиғи үйлесімі, яғни табиғаттың тепе
теңдігі біржолата бұзылды. Көктемнің аяқ кезінен бастап, жаз бойы
қырдан толассыз соғатын қара дауыл жер бетінің түтін жұтаңдатады.
Теңіз тартылғалы ауа райы күрт өзгереді, осыған байланысты бұл
өңірде жауын-шашын тыйылды. Ормандар мен сексеуіл алқаптары,
шабындықтар күрт азайды, көп жерлер шөл далаға айналды. Атап
айтқанда, топырақ түзілу процесіне əсер ететін факторлардың көбісі:
ауа райы, жоғарғы жəне төменгі сатыдағы өсімдік пен жəндіктер,
жер бедері, адам қоғамының əрекеттері күрт өзгерді.
Бұзылған жерлердің аумағы табиғи (климаттық, гидрологиялық,
морфодинамикалық, фитогенді жəне зоогенді) жəне антропогенді
факторлар əсерінің үдемелі қарқындылығына байланысты келеді.
Жердің шаруашылық құндылығын жоғалтуға, топырақ жəне
өсімдік жамылғыларының, гидрологиялық режимінің бұзылуына
себеп болатын жолдың бірі «техногенді шөлдену», ол адамның
өндірістік əрекеттері мен ауа райының өзгеру нəтижесіне байла-
нысты. Қазіргі заманда шөлді далаға айналған жерлердің басым
көбісінің Жер шарындағы жердің 70%-ы бүлінген болып санала-
ды. Əлем бойынша жердің шөлдену процесінің жылдамдығы орта
есеппен жылына 7-10 млн. гектарға жетіп отыр. Осыған жыл сайын
эрозия мен құм басу арқылы өнімділігін жойған тағы да 20 млн. га
жерді қосуға болады. Ормандардың қысқарылу жылдамдығы да ша-
195
мамен осы деңгейде. Əлемнің барлық түкпіріндегі жер қоры əртүрлі
дəрежеде бұзылуға ұшыраған, жалпы антропогендік факторлардың
əсерінен жылына құнарлығын жоятын жердің мөлшері шамамен,
90 млрд. тоннадай, оның ішінде жылына 7,5 млн.га эрозия процесі
арқылы бүлінеді. Қазіргі кезде эрозия процесінің нəтижесінде
бұзылған жерлер көлемі АҚШ-та – 300 млн. га үстінде болса, Ресей-
де, Белорусия мен Украинада – 100 млн. га, ал Қазақстанда шама-
мен, 18-20 млн. га.
Г. С. Макунинаның (1991) мəліметтері бойынша дүниежүзінің
əртүрлі топырақ түрлеріндегі орта есеппен гумустың жалпы
шығыны: шымды күлгін топырақ үшін – 27%, қоңыр жəне сұр ор-
ман топырағында – 30%, қара топырақта – 35%, сарғылт топырақта
– 29%, сұр топырақта – 14%, қызыл сары темірлі топырақта – 50%.
Америка экологы Л. Браун (1991) ауыл шаруашылығы жерлерін
құнарсыздану дəрежесі бойынша үш санатқа бөлді:
– құнарсыздануы бəсең – əлеуетті өнімділігі 10% аз төмендеген
жерлер;
– құнарсыздануы орташа – əлеуетті өнімділігі 10-50% төмендеген
жерлер;
– əбден құнарсызданған – əлеуетті өнімділігі 50%-дан артық
төмендеген жерлер.
Топырақтың су мен жел эрозиясы. Жоғарыда қарастырылған
факторлардың ішінде жер шарының барлық түкпірінде ең бір өзекті
проблема туғызып отырған негізгі фактордың бірі – топырақ эро-
зиясы. Эрозиялық құбылыстардың дамуына сол жердің топырақ-
өсімдік жамылғысы мен геологиялық құрылысы əсерін тигізеді.
6.3. Топырақтың спецификалық жəне спецификалық емес
органикалық заттары
Топырақтың құрамына əртүрлі қосылыстар – оңай жəне қиын
еритін тұздар, комплексті қосылыстар, силикаттар жəне алюмоси-
ликаттар, спецификалық жəне спецификалық емес органикалық
қосылыстар кіреді. Топырақта элементтердің бір бөлігі ион-
дар түрінде кездеседі, олар топырақтағы сорғыш комплексті
бөлшектердің беттерінде жабысып тұрады. Топырақтың химиялық
құрамының күрделілігіне байланысты оны сипаттау үшін өте көп
көрсеткіштер қолданылады. Ол көрсеткіштер топырақтың химиялық
196
құрамын анықтау көрсеткіштерінің жалпы жүйесіне кіріп, топырақ
құрамының, топырақ компонентерінің көрсеткіштері деген топтарға
біріктірілген.
Топырақтың химиялық құрамы мен топырақ компоненттерінің
жүйеленген жиынтығы 13-кестеде келтірілген. Онда топырақтың
химиялық құрамының көрсеткіштері 3 топқа бөлінген:
1) элементтік құрамының көрсеткіштері;
2) заттың құрамының көрсеткіштері;
3) топырақтағы химиялық элементтердің топтық жəне
фракциялық құрамының көрсеткіштері.
Элементтік құрамының көрсеткіштері топырақ массасындағы
химиялық элементтердің жалпы көлемін немесе одан бөлінген
гранулометриялық фракциялардың жаңа туындыларды сипаттайды.
Заттық құрамының көрсеткіштерінің деңгейі топырақтағы жекелен-
ген химиялық қосылыстардың мөлшері туралы ақпарат береді, ал
топтық жəне фракциялық құрамының көрсеткіштерінің деңгейлері
олардың қасиеті бойынша жақындығын, мысалы, ерігіштігі,
химиялық элементтің қосылыстары, т.б. бойынша сипаттайды.
Көрсеткіштердің жүйелену принциптері бөлінген 3 топтың əр-
қайсысында бірдей емес, себебі жүйеден көрсеткіштің жеке бөлі ніп
шығуы топырақ үлгісінің құрамындағы химиялық элементтерінің
мөлшерін сипаттауға мүмкіндік береді.
13-кесте
Топырақтың химиялық құрамының көрсеткіштерінің жүйесі
Көрсеткіш
Өлшем бірлігі
1. Топырақтың элементтік құрамының көрсеткіштері
1.Топырақ үлгісінің құрамындағы химиялық
элеметтердің массалық үлесі (%)
%, мг/кг
2.Топырақ үлгісінің құрамындағы химиялық
элеметтердің атомдарының мөлшері
ммоль/кг, мкмоль/кг,
ммоль/100г топырақ
3. Топырақ үлгісіндегі немесе қабатындағы
химиялық элеметтерінің қоры
m/га, кг/м
2
, моль/га,
ммоль/м
2
, мкмоль/м
2
4.Топырақ массасының құрамындағы грануло-
метриялық фракциясы жаңа туындыларындағы
химиялық элементтерінің массалық үлесі жəне
мөлшері
%, мг/кг, ммоль/кг,
мкмоль/кг
2. Топырақтың қатты құрамының көрсеткіштері
197
1.Топырақтың органикалық бөлімінің заттық
құрамының көрсеткіштері
%
2. Восктың, смоланың жəне т.б. компоненттердің
спецификалық емес органикалық заттардың
құрамындағы массалық үлесі
3 Топырақтың минералдық бөлімінің заттық құрамының
көрсеткіштері
1. Топырақ үлгісі құрамындағы карбонаттардың
қоры (немесе СО
2
) массалық үлесі жəне мөлшері
%, ммоль/100г
2. Топырақ үлгісіндегі немесе қабатындағы
карбонаттардың қоры
т/га, кг/га
3. Топырақ үлгісіндегі гипстің массалық үлесі
жəне мөлшері
%, ммоль/100г
4. Топырақ үлгісіндегі немесе қабатындағы
гипстің қоры
т/га, моль/га
5. Топырақ үлгісіндегі оңай еритін тұздардың
мөлшері
%,ммоль (экв)/100г
6. Тығыз немесе құрғақ қалдық
%
7. Токсикалық тұздардың қосындысы
%,ммоль (экв)/100г
8. Оңай еритін тұздардың құрамына кіретін иондар
(CO
3
2-
, HCO
3-
, CI
-
, SO
4
2-
, Ca
2+
, Mg
2+
, Na
+
, K
+
)
%,ммоль (экв)/100г
9. Топырақ үлгісіндегі немесе қабатындағы оңай
еритін тұздардың қоры
т/га, кг/м
2
, моль (экв)/
га
10. Топырақ ерітіндісіндегі немесе сумен қаныққан
топырақ фильтратындағы оңай еритін тұздардың
жалпы концентрациясы
г/л, ммоль (экв(/л
11. Топырақ ерітіндісіндегі немесе сумен қаныққан
топырақ фильтратындағы жеке иондардың
концентрациясы
г/л, ммоль (экв)/л
12. Сумен қаныққан фильтраттың меншікті электр
өткізгіштігі
мСм/см
13. Топырақтағы химиялық элементтердің топтық жəне фракциялық
құрамының көрсеткіштері
3.1. Қара шіріндінің топтық жəне фракциялық құрамының
көрсеткіштері
3.1.1. Темір қосылыстарының топтық жəне фракциялық құрамдарының
көрсеткіштері (Зонн, 1982)
3.1.2. Темір силикаттарының мөлшері
%
3.1.3. Силикат емес темірдің мөлшері
А) күшті кристалданған темір қосылыстары
Ə) əлсіз кристалданған темір қосылыстары
Б) бейорганикалық жəне органикалық затпен
байланысқан фракция – аморфты темір қосылыстары
%
3.1.4. Топырақ ерітіндісіндегі жəне П.П.К-ғы темір
А) темір ерітіндісіндегі темір концентрациясы
Ə) темірдің алмасу катиондары
Мг/л, ммоль/л,
ммоль(+)/100г
198
Сондай-ақ, қарастырылып отырған жүйе топырақтағы химиялық
элементтердің топтық жəне заттық құрамы қосылыстарының
көрсеткіштерінен басқа да, жекелей көрсеткіштер енгізілген.
Жоғарыдағы кестеде топырақты зерттеу зертханада кеңінен
қолданылатын топтың заттық құрамының көрсеткіштері əрбір
химиялық элементтің қасиетіне тəуелді.
Топтың химиялық құрамы көрсеткіштерінің номенклатура-
сына химиялық элементтердің əртүрлі тотығу дəрежесіндегі
көрсеткіштерін жатқызуға болады.
6.4. Топырақ қарашіріндісі
Қарашіріндісі заттары негізінен гумус қышқылдарынан тұрады.
Олардың құрамына гумин қышқылдары, фульво қышқылдары жəне
гумус кіреді. Бұл топтарға бөліну себебі, гумус қышқылдарын
топырақтан алыну жолдарына байланысты.
Қарашірінді қышқылдарының ауыспалы ерекше құрамдары.
Гумин қышқылдары – сілтілерде жақсы еритін қарашірінді
қышқылдарының бір тобы. Олар суда аз ериді, қышқылдарда
ерімейді. Топырақтың минералды бөлігіндегі кальций катионыны
əсерінен коагуляцияға ұшырап, шөгінді кальций гуматы күйінде
топырақта орнығады. Гумин қышқылдарының молекулалық
құрамы өте күрделі. Гумин қышқылдарының көп қасиеттері осы
функционалдық топтарға байланысты. Гумин қышқылдарының
құрамын ароматикалық құрылымдар (50-60%), көмірсутектер (25-
30%), функционалды топтар (10-25%) құрайды.
Фульво қышқылдар – қарашірінді қышқылдарының гумин
қышқылдары тұнғаннан кейін ерітінділерде қалатын тобы. Бұлар да
жоғары молекулалық құрамында азоты бар құрылымдар.
Топырақтың
органо-минералдық
құрамы.
Топырақтағы
органикалық заттар онын минералды бөлімге белсенді арақатынаста
болады. Осы арақатынастың түрлеріне байланысты топырақтағы
органикалық-минералдық құрамдар:
1. Топыраққа тəн емес органикалык сірке, құмырсқа, лимон,
қымыздық қышқылдары мен топыраққа тəн жоғарыда айтылған гу-
мин қышқылдарының сілтілі (Мg) жəне сілтілі-жер металл (Са. ка-
тиондарымен қосылған тұздары;
199
2. Айтылған қышқылдардың көп металл элементтерімен (темір,
алюминий, цинк, т.б) қосылған комплексті тұздары;
3. Адсорбцияланған органо-минералдық қосылыстар, яғни алю-
миний жəне темірлі қарашірінді комплекстері болып үш топқа
бөлінеді.
Сілтілі металдармен алюминийдің гумат жəне фулват тұздары
суда жақсы еритіндіктен, толық қабаттарында оңай жылжиды,
ал кальций гуматы суда берік болғандықтан топырақта тұрақты
шоғырланады.
Топырақтың гумус жағдайлары – органикалық заттардың барлық
морфологиялық белгілерінің, жалпы қорларының, қасиеттерінің,
олардың түзілу, өзгеру, трансформация жəне топырақ қабаттарында
жылжу көрсеткіштерінің жиынтығы.
Топырақтың қарашірінді көрсеткіштерінің жүйелерін Л. И. Гри-
шина, Д. С. Орлов (1977) ұсынған. Сол көрсеткіштер арқылы то-
пырақтардың əртүрінің гумус жағдайларына сипаттама береді.
Осыған қарап топырақтың құнарлығы туралы айтуға болады.
Топырақтың түзілген жағдайларының гумификация процесіне
жəне оның қарқындылығына əсері.
Топырақ шірінділерінің құрамы. Топырақ микрофлорасының
əсерінен барлық өсімдіктер мен жануарлар ағзалары өлген соң,
ыдырау процесіне ұшырайды, оның соңғы сатысында органикалық
заттардың толық минералдарға айналуы пайда болады.
Органикалық қалдықтар бірден минералдарға айналмай-
ды, ыдырап, олар өте күрделі жəне ұзақ өзгерістерге ұшырайды.
Сондықтан əрбір топырақта органикалық қосылыстардың əртүрлі
сатыларындағы олардың белгілі бір əр жағдайындағы ыдырауын
байқауға болады.
Топырақтағы органикалық заттардың минералдарға айналуы-
мен қатар гумификация процесі, яғни, гумустың немесе шіріндінің
түзілуі жүреді.
Ыдыраудың сипаттамасы мен интенсивтілігі жəне топырақтағы
органикалық қалдықтардың өзгеріске ұшырауы, ыдырайтын заттардың
құрамына, сондай-ақ сыртқы орта жағдайына да байланысты болады.
Оңай сіңірілетін органикалық қосылыстар өте тез ыдырайды.
Қант, органикалық қышқылдар, спирттер, содан кейін ақуыздар,
аминқышқылдар, майлар, пектиндер, гемицеллюлоза, клетчатка,
лигнин өте жай ыдырайтындарға жатады.
200
Органикалық заттардың ыдырауы нақты дəрежеде ылғалға,
ауаның болуы жəне температураға байланысты. Жеткілікті
мөлшердегі ылғал мен жылу жəне ауаның еркін келіп тұратын
жағдайында топырақтағы органикалық қалдықтардың өзгеріске
түсу процесі өте қарқынды жүреді.
Топырақтағы шірінді ыдырауға қарсы мəнді тұрақтылыққа жəне
сол қарқынмен топырақта жинақталуға қабілетті.
Топырақтағы шірінді 200 жыл бойы зерттелуде. Бірақ, оның
табиғаты туралы, түзілуі мен қасиеттері туралы сұрақ əлі толық
шешілмеген.
Басты қиыншылық тек оның құрамының үлкен күрделі екенді-
гін де ғана емес, сондай-ақ оның топырақтан таза түрінде бөлінуі
мүмкін емес болуында.
Топырақты шірінді құрамында үш топтың қосылыстары болады:
гумин қышқылдары, фульво қышқылдары мен топырақ гуминдері.
Онда салыстырмалы түрде үлкен емес көлемде воск – смолалары-
нан, немесе битумдар мен микробты жəне өсімдік тектес табиғатына
жақын басқа қосымша заттардан тұрады.
Топырақ шіріндісінің осы негізгі топтары көптеген жоғары мо-
лекулярлы азот құрамды қышқылдардың компоненттерінен тұрады,
олардың элементарлы құрамы топырақ типіне байланысты белгілі
түрде варьирленеді.
Топырақ түзуде өте үлкен рөлді гумин қышқылдары мен фульво
қышқылдары атқарады.
Гумин қышқылдары қанық боялған заттардан тұрады, олардың
құрамында 52-62 % жуық көміртегі, 31-39 % оттегі, 2,5-5,8 % сутегі
жəне 2,6-5,1%-ға жуық азот болады. Одан басқа, оларда өте аз
мөлшерде Р, S, Fe, Si, Al жəне басқа элементтер қатыры жатады.
Гумин қышқылдары негіздік катондармен жəне сілтілік жер ме-
талдарымен өзара əрекеттесіп, гуматамдар деп аталатын тұздар
түзеді. Na мен К сілтілік метамдардың гуматтары, сондай-ақ NH4 гу-
маттары суда жақсы ериді жəне топырақтан атмосфера тұнбаларымен
оңай жуылады. Сілтілік жер металдарының гуматтары, ең бастысы,
Са суда ерімейді, суға төзімді қосылыстар түзеді жəне топырақта
жақсы бекітілмейді.
Фульво қышқылдар гумин қышқылдарына қарағанда, құрамында
көміртегі аз жəне оттегі мен сутегі көп болады: олардың құрамында
44-50% көміртегі, 42-48% оттегі, 4,5-6% сутегі мен 2,5-5,5 % азот
|