ОҚулық Алматы, 2013 2 Əож кбж қ



Pdf көрінісі
бет19/37
Дата27.02.2017
өлшемі5,39 Mb.
#5017
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   37

201

 

болады.  Əлсіз  ерітінділерде  бұл  заттар  əлсіз – сары  түсті,  ал  кон-



центрленгенде – қызыл-сары түстес келеді, осыған байланысты олар 

«фульво қышқылдар атауын алды. (fulvus -сары).

Фульво  қышқылдары  күшті  қышқылдық  реакцияларға  ие  жəне 

суда жақсы ериді: сондықтан олар қарқынды түрде топырақтың ми-

нералды бөлігін бұзады. Сондай-ақ зольдің түзілу процесінің даму-

ында маңызды рөл атқарады.

Фульво  қышқылдар  сілті  катиондарымен  жəне  сілтілік  жер  ме-

тандарымен  өзара  əрекеттесу  кезінде  тұздар  түзеді,  ерітіндінің  кез 

келген  реакциясы  кезінде  суда  ериді  жəне  топырақтың  жоғарғы 

бөлігіндегі судың шықпайтын тотығымен жуылуға қабілетті.

Гуминдер – қарашірінді  заттар  топтарын  зерттеуге  жəне  бөлу 

үшін өте қажетті болып келеді. Олар топырақ шіріндісінің ең инертті 

бөлігін сипаттайды.

Қарашірінді  заттардың  топырақтың  минералды  бөлігімен 

əрекеттесуі нəтижесінде, əртүрлі органикалық-минералды комплек-

стер түзіледі, олардың табиғаты əлі толық зерттелмеген.

Гумин  қышқылдары  мен  фульво  қышқылдарының  қатынасы 

əртүрлі топырақтарда бірдей емес.

Золь астындағы топырақтан қара топыраққа өту шамасы бойын-

ша шіріндінің жалпы құралы жоғарылайды жəне онда біртіндеп гу-

мин қышқылдарының құрамы бірнеше төмендейді, нəтижесінде осы 

екі қарашірінді заттардың топтары арасындағы қатынасы кеңейеді. 

Байқалатыны, қарашірінді қышқылдардың жинақталуы мен түзілуі 

үшін  қажетті  жағдай,  бір  уақытта  жалпы  шіріндінің  жинақталуы 

үшін жағымды болады.

Мұндай  түрдегі  табиғи  жағдайлар  қара  топырақта  зона-

да  бірден  байқалады.  Одан  оңтүстіктен  солтүстікке  дейін  гумин 

қышқылдарының  құрамы  төмендейді,  ал  фульво  қышқыл  құрамы 

жоғарылайды.

Шіріндінің химиялық құрамы топырақ сапасына əсер етеді. Егер 

шіріндіде  гумин  қышқылдары  басым  болған  жағдайда,  топырақ 

жақсы қасиеттерге ие болады.

Микроорганизмдер  шіріндіні  түзумен  қатар,  сондай-ақ  іштен 

келетін,  еріткіш  қосылыстардан  ішкі  өзінің  жасушаларынан 

органикалық  заттарды  синтездейді.  Микроорганизмдер  жасушала-

ры өлген соң топырақта қалады.

Осылайша,  топырақтың  органикалық  заттары  түсінігі  астында 


202

əртүрлі  қосылыстардың  өте  күрделі  комплексі  түсіндіріледі,  өзіне 

енгізілгендерге: 1) ыдырамаған  жəне  əлсіз  ыдыраған  өсімдіктер 

мен жануарлар қалдықтары, 2) тірі жəне өлі микроорганизмдердің 

ақуыздық денесі, 3) топырақ шіріндісі, немесе гумус, 4) органикалық 

қалдықтардың ыдырауынан пайда болатын əртүрлі аралық өнімдер, 

5) өсімдіктердің қиын ыдырайтын құраушы бөлігі, мысалы, дубильді 

заттар (смолалар, лигнин жəне басқалар), 6) топырақтың минералды 

қосылыстарымен  органикалық  қалдықтардың  ыдырау  өнімдерінің 

өзара химиялық əрекеттесуі нəтижесінде түзілетін заттар.

Бұдан  көрінетіні,  шірінді  немесе  гумус,  органикалық 

қосылыстардың  тұрақты  категориясымен  сипатталатын  жəне 

анықталған  түрінде  топырақта  органикалық  заттардың  тек  бір 

бөлігін құрайды.

Бірақ,  көптеген  жағдайларда  шірінді  үлесіне  топырақтағы 

органикалық қосылыстардың барлық құрамының өте көп мөлшерін 

құрайтыны  байқалады.  Сонымен,  шымды-зольданған  топырақтағы 

органикалық заттардың жалпы мөлшерінің 60-70%-ын қарашірінді 

құрайды, ал ашық жер мен баспақта -70-80%, қара топырақта – 80-

90% болып келеді.

Топырақтағы  органикалық  заттар  туралы  сұрақта  топырақтың 

маңызды құраушы бөлігі ретінде шіріндінің мəні зор болады.



Топырақтағы шірінді заттардың өндірістік мəні

Ыдырау  кезінде  бірқатар  күрделі  өзгерістерге  ұшырайтын  олар 

біртіндеп минералға айналады жəне топырақты азотты жəне зольді 

азықтар элементтерімен байытады.

Осылайша,  шірінді  заттар,  топырақтың  өнімділігін  арттыруда 

негізгі  жағдайлар  мен  қажетті  минералды  қоректік  қосылыстарды 

топырақты  түзудің  маңызды  көзі  болып  табылады.  Бірақ  олардың 

рөлі осымен шектелмейді.

Шірінді  заттар,  топырақтың  бірқатар  физикалық,  химиялық, 

биологиялық  қасиеттерін  жақсартады,  сондай-ақ  оның  өнімділігін 

арттырады.

Органикалық  заттар – маңызды  фактор,  олар  топырақтың 

құрылымын  түзуге  негізделеді.  Олардың  ыдырауы  кезінде  əртүрлі 

қышқылдар түзеді, ол қышқылдар топырақтың минералды бөлігінің 

химиялық  желдетілуін  тездетіп,  оңай  қозғалатын  өсімдіктің  зольді 

азықтық қосылыстарын түзеді.

Шірінді  заттар  топырақтың  жылу  қасиетін  жақсартады,  бұл 


203

 

қасиеті өсімдіктің дамуы мен өсуіне жағдай жасайды. Шіріндінің ең 



басты бөлігінің бірі – гумин қышқылы – өсімдіктің дамуы мен өсуін 

тездетеді.

Топырақтағы  органикалық  заттар,  қоректік  материал  бо-

лып  табылады,  ал  бұдан  шығатыны,  олар  топырақтағы  көптеген 

микроорганизмдердің өмір сүруі үшін қажет.

Топырақта шірінді көп болса, ол микроорганизмдерге бай бола-

ды, онда өсімдік үшін қоректік заттардың жинақталуында маңызды 

рөл  атқаратын,  биологиялық  жəне  химиялық  процестер  қарқынды 

жүреді.

Топырақта  органикалық  заттардың  жинақталуы  органикалық 



тыңайтқыштар  енгізіп,  жасыл  тыңайтқыштар  мен  басқаларды 

қолданғанда  жүзеге  асырылады.  Кез-келген  дақылдардың  жемісін 

жинап  болған  соң  топырақ  қабатында  тамыр  қалдықтары  қалады, 

олар ыдырап, сондай-ақ біртіндеп шіріндіге айналады. Топырақтағы 

қоректік  элементтерді  қолдану  жəне  сақтау  мен  қалыптастыру 

органикалық заттардың ыдырау жағдайының өзгеруіне сəйкес жол-

мен жүргізіледі.

Сонымен,  органикалық  заттарды  анаэробты  ыдырау  жағдайына 

қойып,  біз,  сонымен  оның  ыдырауын  төмендетуге  ықпал  жасай-

мыз, керісінше, топырақта аэробты жағдай жасап, біз органикалық 

заттардың  минералдарға  айналуын  тездетіп,  өсімдікті  зольді  жəне 

азот азығымен қамтамасыз етуді үдетеміз.

Осылайша,  органикалық  қосылыстардың  топырақ  түзуде  мəні 

үлкен  жəне  алуан  түрлі  болғандықтан,  шірінді  мөлшеріне  мəнді 

дəрежеде  топырақтың  өнім  беру  (нақты)  қабілеті  тəуелді  бола-

ды.  Сондықтан  топырақтың  жалпы  салмағынан 1-3% аспайтын, 

топырақтағы  шірінді  құрамы  бар  мұндай  зоналарда,  жоғарғы 

жəне  тұрақты  өнім  жасау  кезінде,  топырақты  органикалық  заттар 

жүйесімен құнарландыру – агротехниканың актуальды міндеті.

Топырақтағы органикалық заттардың ыдырауына аэробты 

жəне анаэробты процестердің ерекшеліктері 

Микроорганизмдердің ең басты екі типіне сəйкес – аэробты жəне 

анаэробты  жəне  органикалық  заттар  ыдырауының  негізгі  екі  типі: 

аэробты жəне анаэробты бөліп алады. Ыдыраудың аэробты процесі 

саңырауқұлақ  микрофлорасының  жəне  аэробты  бактериялардың 

өмір  сүруімен,  анаэробты  процесс – анаэробты  бактериялардың 

өмір  сүруінен  пайда  болады.  Бұл  екі  процесс  əрбір  топырақта  бір 


204

уақытта жүреді, бірақ топырақ жағдайының сипатына байланысты 

бір жағдайда аэробты процесс, ал басқасында – анаэробты процесс 

басым болады.

Борпылдақ,  жақсы  желдетілетін  топырақтарда  барлық  уақытта 

аэробты процесс басым болады. Керісінше, тығыздалған, ауыр не-

месе батпақты бірдей органикалық заттардың бар болуынан тұратын 

топырақта анаэробты процестер басым болады.

Əрбір  топырақтың  жоғарғы  бөлігінде,  онда  ауа  еркін  енеді, 

сондықтан,  басты  түрде  аэробты  процесс  жүреді,  төменгі 

қабаттарда, газ алмасу қиын жерлерінде – анаэробты процесс өтеді. 

Бұдан басқа, əрбір жекелеген, көп немесе аз нығыздалған топырақ 

үйіндісінде  біруақытта  екі  мүмкін:  үйіндінің  ішінде  анаэробты,  ал 

жоғарғы бөлігінде – аэробты процесс жүруі мүмкін. Қоршаған орта 

жағдайына  байланысты  органикалық  заттардың  ыдырауы  біркелкі 

жүрмейді, аэробты жағдайларда ол тез, ал анаэробтыда жай жүреді. 

Аэробты  процесс  жылу  энергиясының  түзілуімен,  ал  анаэробты 

температура жоғарылауының өзгеруінсіз жүреді.

Дақыл өсімдіктері үшін қолайлы жағдай топырақта тек аэробты 

жəне  анаэробты  процестердің  біруақытта  дамуы  кезінде  жасалуы 

мүмкін.

Екі  процестердің  қолайлы  бірігуі,  тек  борпылдақ,  жақсы 



желдетілген топырақтарда мүмкін болады.

Қарашірінді  күн  сəулесінің  аккумуляторы.  Топырақтың  негізгі 

құнарлы көрсеткіші қарашірік (қорда) немесе гумус болып табыла-

ды. Гумус жеткілікті болғанда өсімдік жақсы өсіп, мол өнім береді. 

Алайда, кейінгі 40-50 жылдарда (тың жерлерді игеруден бастап) жер-

ді жүйесіз пайдалану гумустың азаюына себеп болып отыр.  Оның 

азаюы  ауышаруашылық  дақылдардың  өнімділігін  төмендетеді. 

Гумустық заттар топырақ микроорганизмдері үшін энергетикалық мате-

риал болып та саналады. Сонымен қатар, гумустық заттар топырақтың 

физикалық-механикалық  қасиеттеріне  əрі  олар  арқылы  оның  су-

ауалық жəне жылулық режимдеріне, биологиялық жəне сіңірушілік 

белсенділігіне  оң  əсер  етеді.  Жыртылатын  қабаттың  қалыңдығы 

орта есеппен, 0,25 м. Ол өсімдік саларда өңделеді. Дəл осы қабаттан 

топырақты ластаушылар атмосфералық ауаға, өсімдікке түседі, жер 

бетіндегі  су  көздеріне  тарап,  жерасты  суына  сүзіледі.  Топырақтың 

бұл қабаты өздігінен органикалық қалдықтардан, патогенді микро-

организмдерден, энзогенді химиялық заттардан қарқынды тазарады.


205

 

Топырақтың үстіңгі қабатынан басқа оның жерасты суына жақын 



қабаты  да  назардан  тыс  қалмау  керек.  Өйткені  онда  органикалық 

қосылыстар,  ағын  сулар  зарарсызданады,  ыза  суы  мен  топырақ 

ауасының сапасы қалыптасады. Канализация жəне су жүйелері де, 

тұрғын үйлер мен мал қораларының іргетасы да осы қабатқа салы-

нады. Топырақ типіне жəне оның химиялық құрамына өсімдік сипа-

ты, жемшөп пен ауыз судың химиялық құрамы байланысты болады. 

Топырақтағы  барлық  қоректік  заттар  (макро-  жəне  микроэлемент-

тер)  микробтардың  көмегімен  өсімдіктер  оңай  пайдалана  алатын 

түрге айналады.

Топырақтың  қарашірінді  жағдайлары.  Топырақтың  қара-

шірінді  жағдайлары  –  органикалық  заттардың  барлық  мор-

фологиялық белгілерінің, жалпы қорларын, қасиеттерінің, олардың 

түзілу,  өзгеру,  трансформация  жəне  топырақ  қабаттарында  жылжу 

көрсеткіштерінің жиынтығы.

Топырақтың қара шірінді көрсеткіштерінің жүйелерін Л. И. Гри-

шина,  Д.  С.  Орлов (1977) ұсынған.  Сол  көрсеткіштер  арқылы  то-

пырақтың əртүрінің қарашірінді жағдайларына сипаттама беріледі. 

Осыған қарап, топырақтың құнарлылығы туралы айтуға болады.

6.5. Топырақтағы қара шірінді мөлшерінің азаюы – маңызды 

экологиялық мəселелердің бірі

Топырақ  қара  шірінді  өсімдікті  азотпен  жəне  басқа  қоректік 

элементтермен  қамтамасыз  етудің  ең  негізгі  қажетті  көзі  бо-

лып  табылады.  Топырақта  қара  шіріндінің  жиналуына  байланы-

сты  қоректік  элементтердің  мөлшері  арта,  ал  олардың  ыдыра-

уы  топырақ  құрамында  өсімдікке  сіңімді  элементтерді  көбейте 

түседі. Демек, қара шірінді мөлшері топырақ құнарлылығының ең 

маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Топырақтағы қара 

шірінді мөлшері ондағы жалпы органикалық заттардың жəне оның 

физикалық,  химиялық  қасиетінің  өзгерісінен  реттеліп  отырады. 

Өнім  жиналғаннан  соң,  топырақта  өсімдік  қалдықтарының  қалуы 

(жоңышқа, т.б.) немесе органикалық тыңайтқыштар қолдануы оның 

құрамындағы қарашіріндінің мөлшерін көбейтіп отырады.

Өкінішке орай, қазіргі уақытта, өсірілген өсімдікпен бірге кететін 

органикалық  заттарды  топырақ  құрамына  қайтару  үшін  қажетті 


206

органикалық  жəне  минералдық  тыңайтқыштарды  жеткіліксіз 

қолдануға  байланысты  топырақтағы  қара  шірінді  түзілу  процесi 

қарқыны  төмендей  түсіп,  топырақтың  бiртiндеп  азып-тозуы, 

құнарсыздануы байқалады.

Демек,  топырақ  тозуының  негізгі  факторларының  бiрi  оның 

құрамындағы гумустың азаю процесі болып табылады. Сондықтан 

суармалы  алқаптардағы  егіншілік  жүйесінде  қара  шірінді  қорын 

қажетті деңгейде сақтау жəне үнемдеу қазіргі таңдағы негізгі өзекті 

мəселелердің біріне айналған.



6.6. Топырақтардың қара шірінді жағдайын реттеу

Өсімдіктер  мен  жануарлар  қалдықтарының  ыдырау  процесінде, 

яғни  органикалық  заттардың  минералдануымен  бірге  топырақта 

күрделі органикалық қосындылардың түзілуі – гумификация процесі 

жүріп,  топырақ  гумусы  немесе  қарашірігі  жасалады.  Топырақ 

қарашірігінде гумин жəне ульмин қышқылдары, балауыз, смолалар, 

витаминдер, фенолдар, антибиотиктер жəне т.б. болады.

Қара  шіріндінің  ыдырауында  көміртегі,  нитраттар,  фосфаттар 

жəне  т.б.  бөлінеді.  Қара  шіріндінің  құрамына 5% дай  азот  кіреді. 

Сондықтан қарашірік заттары топырақты күлдік жəне азот қоректік 

элементтерімен  байытады.  Мұнымен  қоса,  қарашірік  заттары 

топырақтың структурасын түзуде, аэрациясын, жылу режимін, сіңіру 

қабілетін, су сыйымдылығын, т.б. физикалық, химиялық қасиеттерін 

жақсартуда басты фактор болып есептеледі.

Əрбір  топырақ  зоналарында  Қара  шіріндінің  мөлшері  əртүрлі. 

Ол  қара  топырақтарда  көп,  ал  оңтүстікке  жəне  солтүстікке  қарай 

ауысқан сайын мөлшері кемиді. Мысалы, қара топырақтарда гумус 

топырақ  массасының 8-12, кейде 15 пайызын  құрайды.  Орманның 

сұр  топырақтарында 3-5 %, сұр  топырақтарда 1-3%, құмайт 

топырақтарда 0,5-1% жəне одан да аз болады. Қара шірінді заттар қара 

шірінді құрамына кіретін жоғары молекулалы азаотты қышқылдық, 

органикалық  қосындыларға  жатады  жəне  негізінен  коллоидтық 

түрде (ацидоидтар) болып келеді. Ацидоитар 2 валентті Са,Mg, Fe 

жəне 3 валентті Fe, Al катиондарымен коагуляцияланып гельге өтеді 

(тұнбаға түседі). Қара шірінді заттар қара шірінді массасының 80-

90 пайызын құрайды. Оның құрамына негізгі үш топ қосындылар: 



207

 

гуминдық  қышқылдар  (гумин,  ульмин  қышқылдары),  гумин  жəне 



ульмин (топырақтың минеральдық бөлігімен өте берік байланысқан 

гуминдық жəне фульвоқышқылдардың кешендері) кіреді.

Академик В. Р. Вильямс қара шіріндінің құрамына органикалық 

заттың үш ыдырау типтеріне жататын үш қарашіріктік қышқылдар 

(ульмин, гумин жəне крен қышқылдарды) кіреді деп дəлелдейді.

Ульмин  қышқылы  шөптесін  өсімдіктер  қалдықтарының 

анаэробтық бактериялармен ыдырау (шіру) процесінде түзіледі. Түсі 

қара қоңыр, суда ериді, құрғағанда, тоңазығанда жəне уақытқа бай-

ланысты (үлкейе-ескіргенде) ерімейтін формаға – ульминге өтеді.

Ульмин  қышқылының  сілтілік  металдармен  (К, Na), сондай-ақ 

аммониймен жасаған тұздары суда ерігіш. Ал сілтілік жер металда-

рымен  (Са,  Мg),  сол  сияқты  темірдің,  алюминийдің  оксидтерімен 

жасаған тұздары суда ерімейді. Ульмин жəне гумин қышқылдарының 

тұздары аэробтық бактериялармен, саңырауқұлақтармен ыдырайды.

Гумин  қышқылы  шөптесін  өсімдіктер  қалдықтарының 

аэробтық  бактериялармен  ыдырау  процесінде  түзіледі.  Түсі  қара 

ульмин  қышқылынан  гөрі  суда  нашар  ериді.  Гумин  қышқылы 

құрғағанда  жəне  тоңазығанда  суда  ерімейтін  желімдік  коллоидтық 

затқа – гуминге ауысады.

Бұл  қышқылдың  калий,  натрий  жəне  аммониймен  жасаған 

тұздары  суда  ерігіш,  ал  кальций,  магний,  темір,  алюминиймен 

жасаған тұздары суда ерімейді.

Ульмин  жəне  гумин  қышқылдары  гуминдік  қышқылдар  деп 

те  аталады.  Олардың  тұздары  сілтілік  металдардан  басқа  əртүрлі 

металдармен  ерімейтін  қосындылар  жасайды  да,  топырақта  жи-

налып,  соңғысына  қоңыр  не  қара  түс  береді.  Топырақ  гумин 

қосындыларымен қанша бай болса, сонша мойыл қара түс алады.

Крен  қышқылы  ағаш  өсімдіктері  қалдықтарының  аэробтық 

саңырауқұлақтармен ыдырау процесінде түзіледі, реакциясы күшті 

қышқыл, түссіз жəне суда ерігіш. Крен қышқылы құрамы өзгермесе, 

суда  ерімейтін  күйге  өтпейді.  Крен  қышқылының  барлық  тұздары 

суда тез ериді. Сондықтан шымды-күлгін топырақ түзілуінде басты 

рөл атқарады.

Крен қышқылы тотықсызданғанда апокрен қышқылына ауысып, 

суда  ерігіштігін  кемітеді.  Бұл  екі  қышқылды  фульвоқышқылдар 

дейді.

Топырақ  түзілуінде  қара  шіріндінің 60-70% құрамын  жасайтын 



208

гуминдік қышқылдардың жəне фульвоқышқылдардың маңызы зор. 

Гуминдік қышқылдардың пайыздық элементарлық құрамы:

Н – 2,8 – 5,8; 0 – 31 – 39; С – 52 – 62; N – 2,6 – 5,1.

Гуминдік  қышқылдардың  сілтілік  жер  металдарымен  жасаған 

тұздарын  гуматтар  дейді.  Мұнда  калийдің,  натрийдің,  аммонийдің 

гуматтары суда ерігіш, атмосфералық қалдықтармен топырақтан тез 

шайылып кетіп отырады. Ал кальцийдің, магнийдің гуматтары суда 

ерімейді, берік гельдер жасап топырақта жиналады.

Фульвоқышқылдары  (грекше  фульвос – сары)  гуминдік 

қышқылдардан  көміртегі  аз  болуына,  суда,  спиртте,  сілтіде  тез 

еритіндігіне қарай ерекшеленеді. Аз концентрацияда түсі əлсіз сары, 

күшті концентрацияда қызғылт сары. Элементарлық құрамы пайыз-

бен:

Н – 4,6 – 6,0; 0 – 42 – 48; С – 44 – 50; N – 2,5 – 5,5.



Сонымен,  қарашірік  топырақтың  органикалық  затының  ең 

маңызды бөлігі екен. Онда жасырын қор – потенциалдық формада 

күн  сəулесінің  энергиясы  жинақталған.  Қарашірікте  өсімдіктердің 

негізгі қоректік элементтері С, N, Ca, К, Mg, Р жəне т.б. ұзақ уақыт 

сақталады.  Қарашіріктің  микробиологиялық  ыдырауында  одан  С, 

СО

2



,  нитраттар,  фосфаттар,  сульфаттар  босайды.  Органикалық  зат 

топырақтың  физикалық,  химиялық  жəне  биологиялық  касиеттерін 

жақсартып,  құнарын  арттырады,  ұсақ  кесекті  структура  жасай-

ды.  Топырақтың  органикалық  заты  топырақ  микроағзалардың 

интенсивті тіршілігі үшін қоректік орта болып есептеледі. Сондықтан 

топырақта қарашірік қанша көп болса, сонша микроағзалар да көп 

болады, биохимиялық, микробиологиялық процестер күшті жүреді. 

Олардың 1 г топырақтағы саны күлгін топырақта 300 миллионнан, 

қара топырақта 3 миллиардқа жетеді.

Топырақтың органикалық затының жиналуын реттеу органикалық 

тыңайтқыштарды  (көңді,  компостарды,  жасыл  тыңайтқыштарды) 

енгізу,  далалық  шөп  себуді,  химиялық  мелиорацияны  (қышқыл 

топырақтарды  əктеуді,  сортаң  топырақтарды  гипстеуді)  жəне 

топырақты дұрыс баптауды, т.б. қолдану арқылы жүргізіледі.

Қара  шіріндінің  негізгі  бөліктерінің  ерігіштігі  əртүрлі 


209

 

болғандықтан, оларды тиісті реактивтермен экстракциялап (лат. экс-



трарере – шығару, сығу) бөледі. Сулық жəне сілтілік сығындыларды 

кезекпен қолдана отырып, Қара шірінді төмендегі құрамдарға бөлуге 

болады.

1)  суда  еритін  қара  шірінді  қосындылары  (фульвоқышқылдар 



жəне олардың тұздары);

2) сілтіде еритін қара шірінді қосындылары (гуминдік қышқылдар 

жəне олардың тұздары);

Топырақ  қара  шіріндісін  анықтаудың  бірнеше  түрлері  бар. 

Олардың ішінде академик И. В. Тюриннің əдісі көбірек қолданылады. 

Бұл  əдіс  топырақта  жаңа  түзілген  органикалық  қосындылардың 

жəне ыдырап бітуге жақын өсімдік қалдықтарының жалпы мөлшерін 

анықтауға мүмкіндік береді. Мұнда қара шіріндінің жалпы мөлшері 

жанама  жолмен  көміртегінің  шамасына  қарай  анықталады.  Əдіс 

органикалық  заттың  (гумустың)  көміртегін 1:1 есебімен  суда 

сұйытылған күкірт қышқылында дайындалған калий дихроматының 

(K

2



Cr

2

O



7

) ерітіндісімен тотықтыруға негізделген. Талдау көміртегінің 

мөлшерін  анықтауға  негізделгендіктен  зерттеуге  алынған  топырақ 

үлгілері органикалық қалдықтардан өте тазарған болуы керек. 



Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.Топырақтағы органикалық заттар дегеніміз не?

2. Топырақ қара шіріндісі дегеніміз не?

3.Топырақты ластайтын компонеттерге не жатады?

4. Топырақтың ластануының түрлерін атаңыз

5. Топырақ эрозиясы дегеніміз не? 

6. Топырақтың химиялық жəне радиациялық ластануы.

7. Топырақтың суы дегеніміз не?

8.Топырақтың жел эрозиясы дегеніміз не?

9. Топырақтың қатты құрамының көрсеткіштері қандай?

10.  Топырақтың  минералдық  бөлімінің  заттық  құрамының 

көрсеткіштері қандай?

11.  Қара  шіріндінің  топтық  жəне  фракциялық  құрамының 

көрсеткіштері қандай?

12. Топырақ қара шіріндісі дегеніміз не?

13. Топырақтағы шірінді заттардың өндірістік мəні қандай?

14. Топырақтағы қара шірінді мөлшерінің азаюының экологиялық 

маңызы.


14–1427

210

7-ТАРАУ

ТОПЫРАҚ ҚҰНАРЛЫЛЫҒЫ

Топырақтың  басқа  табиғи  денелерден  ерекшелігі  –  оның 

құнарлылығы. Құнарлылық деген – топырақтың өсімдіктерді өніп-

өсуіне  қажетті  қоректі  элементтермен  жəне  сумен  қамтамасыз 

ету  қасиеті.  Жер  бетінде  адамның,  өсімдік  пен  жануарлардың 

өмір сүруі топырақтың осы қасиетімен тікелей байланысты. Көне 

дəуірлердің өзінде топырақтың құнарлылығын отпен, күнмен, су-

мен теңеп, оған табынған болатын. Көне Мысырда құнарлылықтың 

патшасы  болып  Изида,  ал  Римде  –  Прозерпина  саналған.  Біздін 

дəуірге  дейінгі IV ғасырда  Қытайда  топырақтарды  «ақ», «көк», 

«сары»  деп,  олардың  құнарлылығын  «аз», «көп», «орта»  деп 

бөлді. Грек философтары Аристотель, Феофраст, Лукреций, Вер-

гилий, Колумелла, Плиний, т.б. топырақ құнарлылығы туралы өз 

трактаттарында  жазған.  Сол  кезден  топырақ  құнарлылығының 

көздері туралы ойланып, топырақ неге тозады, қалай оны дұрыс 

пайдалануға болады деген ойлар туа бастады. Феодализм мен ка-

питализм  кезеңінде  əртүрлі  топырақтар  құнарлылығына  қарай 

бағаланып, сол бойынша салық салу жолдары іздестірілді. XVIІ-

ХІХ  ғасырларда  топырақ  құнарлылығына  социолог  жəне  эконо-

мист ғалымдар да назар аудара бастады.

Топырақ туралы мəліметтер жиналып, табиғат зерттеу ғылымдары 

дамығандықтан,  топырақ  құнарлылығына  да  көзқарастар  өзгере 

бастады.  Ерте  кезеңдерде  топырақ  құнарлылығының  кему  себебі 

оның ішіндегі «майлар», «тұздар», тағы басқалардың азаюына бай-

ланысты  деп  есептелді,  кейінірек  құнарлылықтың  себептері  «су», 

«қарашірінді», «минералды элементтер» деп саналды. Содан кейін 

ғана құнарлылықты топырақтың барлық қасиеттерімен байланысты-

ра бастады. Осы көзқарастармен бірге, топырақ құнарлылығы деген 

түсініктер де өзгерді. Қара шірінді теориясы дамыған кезде А. Тэер 

(1830)  топырақтың  құнарлылығы  –  топырақтың  өсімдіктерді  қара 

шіріндімен  қамтамасыз  етуі,  ал  Либих (1840) барлық  минералдық 

элементтермен қамтамасыз ету деген пікірді айтты.

Осы  заманның  ғылыми  əдебиеттерінде  топырақ  құнарлылығы 

жөнінде академик В. Р. Вильямстің (1936 ж.) анықтамасы жазылған. 

Оның  айтуынша,  топырақ  құнарлылығы  дегеніміз – топырақтың 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет