ОҚулық Алматы, 2013 2 Əож кбж қ



Pdf көрінісі
бет20/37
Дата27.02.2017
өлшемі5,39 Mb.
#5017
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   37

211

 

өсімдіктерді бір мезгілде үздіксіз сумен жəне қоректену элементтер-



мен қамтамасыз етуі.

Қазіргі кезде топырақ құнарлылығы кең ауқымды түсінік. Мы-

салы,  борпылдақ  тау  жыныстарында  да  ылғал  жəне  өсімдіктердің 

қоректік  элементтері  бар,  бірақ  жалаңаш  тау  жыныстарына 

өсімдіктердің тұқымын сепсе, ол өспейді. Тек судың өзіне отырғызсақ 

та солай болады, тұқымдар көгергенмен өсімдік шықпайды.

Өсімдіктерге  ылғал  мен  тамыр  арқылы  берілетін  қоректік  эле-

менттерден басқа жарық, жылу, оттегі қажет, ал оның көк бөлімдеріне 

көміртегі керек.

Топырақ  –  əрі  тірі,  əрі  өлі  дене.  Оның  құрамында,  жоғарыда 

айтылғандай көптеген тірі микроорганизмдер бар. Олар құнарлықты 

қалыптастыруда  үлкен  рөл  атқарады.  Күн  сəулесі  топырақтың 

жылулық  режимін  анықтайды,  бұл  да  топыраққа  құнарлылық 

туғызатын  элементтердің  бірі,  өйткені  ол  ылғалдың  булануына, 

барлық  физикалық-химиялық  процестерге  молекулярлық  деңгейде 

əсер етеді. Топырақтағы фотохимиялық реакциялардың пайда болуы 

олардың белсенділігіне əсер ететін күн сəулесіне байланысты.

Сонымен топырақ аналық организм сияқты күннің энергиясын, 

қоршаған ортаның қоректік заттары мен элементтерін пайдаланып, 

оларды  күрделі  биофизикалық-химиялық  процестер  нəтижесінде 

ыдыратып,  өсімдіктерді  барлық  қажеттілігімен  қамтамасыз  етеді. 

Осыған орай топырақтың құнарлылығы – топырақтың өсімдіктердің 

өніп-өсуіне  керекті  жағдай  туғызу  қасиеті.  Топырақтың 

құнарлылығының негізі – өсімдіктің күн сəулесінен өтетін фотосин-

тез арқылы органикалық заттардың синтездеуі деген сөз.

Топырақ құнарлылығының:

1. Табиғи құнарлылық;

2. Жасанды немесе эффективті;

3. Экономикалық категориялары болады

Бұл  түсініктерді  өз  мағыналарына  сəйкес  үғыну  қажет.  Табиғи 

құнарлылық табиғи күйіндегі ешқандай адам əрекетін кажет етпейтін 

құнарлылық.  Жасанды  құнарлылық  негізінен  адам  əрекетінің 

нəтижесінде (мелиорациялау, тыңайту, т.б.) пайда болған құнарлылық. 

Ал экономикалық құнарлылы – жерден алынған өнімді бағалау.

Сонымен,  топырақ  құнары  дегеніміз – оның  өзінде  өсетін 

өсімдіктерді  бүкіл  өсу  даму  кезеңдерінде  барлық  қажетті  қоректік 

заттармен, ылғал, күн сəулесі жəне ауамен қамтамасыз етуі.


212

Жоғарыда  топырақтың  құнарына  əсер  ететін  көптеген  топырақ 

қасиеттеріне  сипаттама  бердік.  Топырақтардың  ол  қасиеттерін 

төменгі топтарға ажыратуға болады:

1.   Топырақтардың  физикалық  қасиеттеріне  оның  суға  төзгіш 

құрылымы,  ауа  өткізгіш  кеуектілігі,  ылғалды  жақсы  сіңіріп,  оны 

ұстап тұруы, оңай өңдеуге болатын жақсы физикалық-механикалық 

қасиеттері жатады.

2.   Топырақтардың  химиялық  жəне  физикалық-химиялық  қа-

сиеттеріне: топырақта қара шіріндінің молдығы, өсімдіктерге сіңімді 

азот, фосфор, калий жəне микроэлементтердің неғұрлым жеткілікті 

болуы,  топырақ  ортасы  реакциясының  ыңғайлылығы,  топырақ 

сіңіру кешенінің кальций катионына қанық болуы, топырақтың ау-

амен  қамтамасыз  етіліп,  оның  тотығу-тотықсыздану  мүмкіндігінің 

мол  болуы,  зиянды,  суға  еритін  тұздардың  неғұрлым  аз  болуы  не-

месе болмауы жатады.

3. Топырақтың  биологиялық  қасиеттеріне:  микробиологиялық 

белсенділіктің жоғарылығы негізінен бактериялардың басым, соны-

мен қатар ауадан азот жинаушы микроорганизмдердің, биологиялық 

белсенді  ферменттерді  шығаратын  микроорганизмдердің,  топырақ 

құрылымына  жəне  оны  қопсытуға  əсер  ететін  төменгі  сатылы 

жəндіктердің болуы кіреді.

4. Бүкіл  өсімдіктердің  өсіп-өнуі  мезгілінде  гидротермикалық 

режимнің, яғни өсімдіктерді кажетті ылғал мен жылумен қамтамасыз 

етудің болуы.

Осы  көрсеткіштерінің  қосындысы  топырақтың  құнарлығын 

анықтайды.  Көп  жағдайларда  топырақ  құнарлылығы  табиғи 

жағдайдың  өзінде-ақ  қамтамасыз  етілген.  Алайда  топырақтардың 

əртүрлі  табиғи  зоналарда  орналасуына  қарай  олардың  жоғарыда 

келтірілген  топырақ  құнарына  əсер  ететін  қасиеттері  əртүрлі. 

Мəселен, бір зоналарда ылғал жетіспейтін болса, керісінше, кейбір 

зоналарда  күн  сəулесі  жетіспейді.  Ал  кейбір  зоналарда  топырақ 

құрамында  зиянды  тұздар  қосындысы  тым  мол.  Осы  жағдайларға 

байланысты  əртүрлі  табиғи  зоналарда  топырақ  құнарлылығының 

əртүрлілігі  заңды  құбылыс.  Табиғи  күйінде  кейбір  топырақтар 

құнарлылығының  өте  жоғарылығымен  көзге  түседі.  Мұндай 

топырақтар қатарына В. В. Докучаев «топырақ патшасы» деп атаған 

қаратопырақтар  жатады.  Топырақтың  табиғи  құнарлылығының 

өлшеміне: оның биологиялық өнімділігінің деңгейі, яғни белгілі бір 


213

 

өлшемдегі  жерден  алынған  өсімдіктер  өнімі,  көлемі  есептелінеді. 



Бұл  көрсеткіштер  өсімдіктердің  əртүрлі  табиғи  жағдайларда  өніп-

өсуіне  байланысты  əртүрлі.  Олардың  өнімдері  гектарына  бірнеше 

ондаған центнерден бастап, бірнеше жүздеген, тіпті, мыңдаған цент-

нерге жетеді.

Бұл өнім – топырақтардың табиғи немесе мүмкіндік (потенциал-

ды) құнарлылығы жағдайында алынған өнімдер. Топырақтың табиғи 

күйіндегі құнарлығымен қатар, оның тиімділік немесе экономикалық 

құнарлығы болады. Топырақ құнарлығы адам қоғамының белсенді 

араласуының нəтижесінде іске асады. Адам қоғамының топырақты 

егістікке пайдалануы бірнеше ғасырларға созылып келеді. Егіншілік 

өнімін арттыру мақсатында топырақты өңдеп, тыңайтқыштар енгізіп, 

əртүрлі  жақсарту  шараларын  қолданып,  топырақтардың  қажетті 

қасиеттерін  өз  мұқтаждығына  қарай  өзгерту  –  адам  қоғамының 

ғасырлар  бойы  келе  жатқан  іс-əрекеттері.  Игерілген  топырақтар 

бұрынғы табиғи дене ғана емес, бұл енді адам қоғамының өндіргіш 

күші  арқылы  өзгерген  денеге  айналды.  Осыған  байланысты 

топырақтардың  табиғи  құнарлылығы  деген  түсінік  орнына  енді 

адам əрекетіне байланысты өзгерген тиімділік немесе экономикалық 

құнарлылық түсінігі пайда болады.

Адам қоғамының іс-əрекеті нəтижесінде коғамның табиғи-тарихи 

əлеуметтік  жағдайларында  пайда  болған  топырақтың  тиімділік 

құнарлығы  дəрежесі  қоғамның  дамуының  өндірістік  күштері  мен 

оның өндірістік қатынастар дəрежесіне тікелей байланысты. Бұл са-

лада адам қоғамының алғашқы дамыған қарапайым тіршіліктерінен 

бастап,  қазіргі  ғылыми-техникалық  прогреске  жеткенше  қаншама 

кезеңдер өткені белгілі. Бұл уақыттар ішінде топырақты егіншілікке 

пайдалану жүйелері де қоғамның даму құбылыстарына сай, агроно-

мия ғылымының бірте-бірте өрістеуіне жетеді. Алғашқы кезендерде, 

адам қоғамы топырақты тек өңдеу арқылы оның табиғи құнарын пай-

даланып, бір жерлердің құнары азайса, оны тастап, басқа жерлерді 

игерді.

Дегенмен, келе-келе бұл жағдайлардың тиімсіз екендігін түсінген 



адам  қоғамы,  өндеген  жерлерді  оларға  əртүрлі  минералдық  жəне 

органикалық  тыңайткыштар  енгізу  арқылы  тұрақты  пайдалану 

мүмкіндігін түсінді. Бұл салада əлемде агрохимия деген ғылым пай-

да болып, оның дамығанына да ғасырлар өтті.

Адам  қоғамы  дамып,  халық  санының  əлемде  өсуі  топырақты 


214

тиімді  пайдаланудың  басқа  жолдарын  қарастыруға  мəжбүр  етті. 

Осы  бағытта  топырақты  тек  коректік  заттармен  (минералды  жəне 

органикалық  тыңайтқыштар)  қамтамасыз  етумен  қатар  олардың 

топырақ  құнарының  бір  негізі  –  ылғал  режимін  реттеу  жолын 

іздестіруге  келтірді.  Бұл  салада  құрғақ  жəне  шөлді  топырақтарды 

қолдан  суару  əдістері  қолданылса,  ылғалы  мол  батпақты 

топырақтарды  қолдан  құрғату  жолдары  жүзеге  асырылуда.  Жалпы 

бұл бағыттағы іс-əрекеттерді су мелиорациясы деп атайды.

Топырақ құнарына олардың химиялық құрамы да көп əсер етеді. 

Мəселен,  құрғақ,  шөлді  аудандар  топырағында  мөлшерден  артық 

суға  еритін  тұздар  қосындысы  жиі  кездеседі.  Оларды  сумен  ша-

йып, артық тұздарды бұл топырақтардан кетірмейінше, ол жерлер-

ден жақсы өнім алынбайды. Сонымен қатар, кейбір топырақтардың 

сіңіру комплекстері натрий катионына қаныққан, (сортаң) топырақ 

ортасының реакциясы сілтілі, олардың физикалық қасиеттері өте на-

шар, ылғалы жоқ кезде қатып, ал ылғал болғанда батпаққа айналып 

құнарсыз болады. Керісінше, кейбір топырақтардың сіңіру комплексі, 

сіңірілген сутегі, біршама алюминий катионына каныққан (орманды 

зонаның  күлгін  топырақтары),  олардың  топырақ  ортасының  реак-

циясы  қышқыл  болып  көптеген  мəдени  өсімдіктер  үшін  құнарсыз 

болады.  Міне,  осы  жағдайларды  қолдан  жақсартпайынша,  бұл 

топырақтардан жақсы өнімдер алу мүмкін емес. Сондықтан осын-

дай  топырақтар  кездесетін  аймақтарда,  олардың  тұзын  шайып  не-

месе  топырақ  орталарының  реакцияларын  химиялық  мелиора-

циялау  (гипстеу,  əктендіру)  арқылы  жақсарту  шаралары  əлемде 

көптен  жүргізілуде.  Топырақтанудың  бұл  саласын  топырақты  ме-

лиорациялау  деп,  онымен  шұғылданатын  ғылым  мелиоритивтік 

топырақтану деп аталады.

Топырақ  құнарлылығына  əсер  ететін  жағдайдың  бірі – оның 

эрозияға ұшырауы. Бұл ғасырлар бойы түзіліп, жиналған топырақтың 

құнарлы беткі қабатының қатты соққан жел-дауылдың əсерлерінен 

немесе  қатты  нөсерлетіп  жауған  жаңбырдан,  тез  еріген  қардан, 

кей  жағдайларда  суармалы  егістік  жерлерді  суару  кезінде  суды 

мөлшерден  артық  жіберудің  нəтижелерінде  жуылып-шайылуынан 

болады. Əлемде топырақтың жел эрозиясына да, су эрозиясына да 

ұшыраған алқаптар аз емес. Сондықтан да табиғаттың бұл апатымен 

күресу жолдары – топырақтанудын бір саласы.

Əлемдегі  ғылыми-техникалық  прогрестің  нəтижесінде,  əсіресе 


215

 

өндірістің  қарышты  дамуынан  табиғатқа,  оның  ішінде  топырақ 



құнарына зиянды əсері де толып жатыр. Соның ішіндегі ең негізгілері 

жер  қойнауының  əртүрлі  тереңдігінде  жатқан  қазба  байлықтарды 

барлап,  қазып  алу  жəне  оларды  байыту  кезінде  құнарлы  топырақ 

қабаттары  бұзылып,  жер  бетіне  жер  астындағы  құнарсыз  тау  жы-

ныстары  шығып  көптеген  жерлер  құнарсызданады.  Оған  қоса, 

көптегсн  зауыт-фабрикалар  мен  жылу  электростанциялардан 

шығатын  күл-қоқыстармен  ластанып,  құнарларынан  айырылатын 

жерлер баршылық. Осындай жерлеріміздің құнарын қайта қалпына 

келтіруді қайта культивациялау деп атайды. Мұндай жағдайларда, 

шын  мəнінде,  топырақтар  адам  колынан  жасалған  антропогенді 

топырақтар  түзіледі.  Топырақтанудың  бұл  саласы  əлемде  соңғы 

жылдары қолға алына бастады.

Сонымен,  топырақ  құнарын  тиімді  пайдалану,  оны  арттыру 

жолдары  жалпы  ауылшаруашылық  ғылымдар  жетістіктеріне  агро-

номия,  агрохимия,  сонымен  қатар  топырақтану  ғылымының  са-

лаларына  (топырақ  мелиорациясы,  топырақ  эрозиясы  жəне  одан 

қорғау,  топырақты  қайта  құнарландыру)  тиесілі.  Бұл  мəселелердің 

қоғамның  дамуымен  маңызы  арта  түспек.  Табиғат  қорларының 

барлық  салаларын,  оның  ішінде  жер  қорларын  сақтау,  оны  тиімді 

пайдалану  сияқты  мəселелер  көптеген  елдердің  ата  заңдары  мен 

табиғатты  жəне  оның  барлық  салаларын  қорғау  туралы  арнайы 

заңдарында  қарастырылған.  Республикамыздың  табиғатын  қорғап, 

оның  экологиялық  жағдайларын  жақсарту,  жер  қорларын  сақтап, 

тиімді пайдалану туралы арнайы заңдар қабылданған. Мəселе – осы 

заңдарды бұлжытпай орындау.

Топырақтың  құнарлылығы.  Топырақ  ауыл  шаруашылығы 

өндірісінің негiзгi құралы жəне заты болып табылады. Топырақтың 

ең маңызды қасиетi – оның құнарлылығы, яғни өсімдіктердің өсуiне 

жəне  дамуына  керектi  жағдайлармен  бiр  мезгiлде  қамтамасыз  ету 

мүмкiндiгi.

Топырақтың  құнарлылығы  тек  оның  қасиеттерiне  ғана  емес, 

онда өсірілген дақылға, агротехниканың деңгейiне, аймақтың кли-

матына жəне т.б. байланысты болады. Əлеуметтiк-экономикалық 

қарым-қатынастардың өзгеруiне, ғылым мен техниканың дамуы-

на  қарай  топырақтың  құнарлығы  да  өзгередi.  К.  Маркс  ол  тура-

лы: «... құнарлылық  топырақтың  объективтi  қасиетi  болса  да, 

экономикалық  тұрғыдан  алғанда  ол  əрқашан  белгiлi  қатынасты, 



216

егiншiлiктiң,  химия  мен  механиканың  дамуының  осы  кезеңдегi 

деңгейiне қатынасын көрсетеді жəне сол даму деңгейiмен өзгеріп 

отырады» деп жазды.

Топырақтың құнарлығын əлеуеттi (потенциалды немесе табиғи) 

жəне тиiмдi құнарлылық деп екi түрге бөледі. Табиғи құнарлылық 

топырақтың  құралу  факторларының  əсерiмен  табиғаттың  өзі 

жасаған  құнарлылық.  Ол  топырақтың  түрiне,  механикалық 

құрамына,  физикалық  жəне  химиялық  қасиеттерiне,  қарашiрiктiң 

мөлшеріне  жəне  басқа  жағдайларға  байланысты  болады.  Табиғи 

құнарлылықтың жəне тыңайған жерлерге тəн болады.

Тиiмдi  құнарлылық  ауылшаруашылық  өсімдіктерiнiң  өсуi  мен 

дамуына  қолайлы  жағдай  жасау  үшiн  топырақ  өңдеу  құралдарын 

пайдаланғанда байқалады. Тиiмдi құнарлылық – егiншi еңбегiнiң жемiсi. 

Ғылымның дамуымен бiрге өсіп отыратын техникалық өрлеу мұндағы 

басты фактор болып табылады. Ғылым мен техниканың өрлеуiне бай-

ланысты топырақтың тиiмдi құнарлылығы да өсіп отырады.

Техникалық  өрлеу  əрекетiнiң  арқасында  топырақтың  табиғи 

құнарлылығы  мен  оның  мəдени  дамуының  əсерiнен  пайда  болған 

құнарлылығын  бiрiктiретiн  жасанды  құнарлылық  қалыптасады. 

Уақыт  өте  келе,  жасанды  құнарлылық  топырақтың  сипаттайтын 

қасиетiне айналады, тек табиғаттың əсерiнен ғана емес, адамның да 

əрекетiнiң нəтижесi болып табылатын топырақтың жаңа деңгейдегi 

құнарлылығы пайда болады. Тиiмдi құнарлылығы жоғары топырақ 



мəдени топырақ деп аталады.

Өндіріс  процестерiнiң  əсерiнен  ол  үнемi  жақсарып  оты-

руы  мүмкiн.  Бұл  топырақтың  (жердiң)  өндіріс  құралы  ретiнде 

өнеркəсіпте қолданылатын өндіріс құралдарынан (машиналар, ста-

ноктар) айырмашылығы болып табылады.

Бiрақ, мəдени топырақ құралу процесiнiң бұл бағытта жүруi үшiн 

жемiс алмастыру қағидасының жəне топырақ қорғау шараларының 

сақталуы  керек.  Əйтпесе  топырақтың  қара  шiрiгi  азайып, 

құрылымдары  бұзылады,  қоректiк  заттардың  қоры  төмендеп,  жел 

жəне су эрозиясының əсерiнен топырақтың құнарлылығы жоғалады.

Солтүстiк  Қазақстанның  өңдеудегi  топырақ  құнарлығы  жəне 

қарашiрiгiнiң  деңгейi  үнемi  төмендеуде.  Жердi  тек  жазықкескiш 

құралдармен өңдегеннің өзінде де органикалық заттардың қоры тол-

майды. Төрт танапты ауыспалы егiстiң бiр айналымның өзінде ғана 

қарашiрiктiң мөлшері 0,2% кемидi.


217

 

В. Е. Егоров, Б. А. Доспехов, А. М. Лыков жəне т.б тұжырымдау-



лары  бойынша  «қарқынды  егiншiлiктегi  құнарлылықтың  кеңейтiл-

ген ұдайы өндірісi жалпы егiншiлiктiң кеңейтiлген ұдайы өндірісінің 

мiндеттi шарты болып табылады».

Ғылыми-техникалық  прогрестiң  əсерiнен  егiншiлiктiң  қар-

қындылығы  артқан  сайын  топырақтағы  органикалық  заттардың 

маңызы  өсе  түседi.  Оны  əртүрлi  топырақ-климат  аймақтарында 

жүргiзiлген  ғылыми  зерттеу  жұмыстарының  нəтижелерiнен 

көруге  болады.  Азот  мөлшерінiң  артуынан  болатын  өсімдіктер 

өнімділігінің жоғарылауы тек органикалық заттардың теңгерiмiндегi 

толымсыздықты  жойғанда  ғана  мүмкiн.  Көміртегi  теңгерiлiмiндегi 

оң  көрсеткіштiң  маңызын  басқа  авторлар  да  атап  көрсеткен.  Со-

нымен  қатар  бiр  жылдық  дақылдарды  ауыстырмай  немесе  типi 

жəне  механикалық  құрамы  əртүрлi  топырақтардағы  ауыспалы 

егiстерде тыңайтқышсыз өсіру жыртылатын қабаттағы органикалық 

заттардың үнемi кемуiне əкелiп соғатыны анықталған. Канада мен 

АҚШ ғалымдары дəндi дақылдарды сүрi танаптарды өңдеудi пайда-

ланып  өсіргенде  органикалық  заттар  мен  нитратты  азоттың  едəуiр 

жоғалатынын атап көрсетеді. Осыдан органикалық заттардың өнімсiз 

шығын  болуын  азайтудың  жолдарын  iздестiрудiң  маңыздылығы 

айқын байқалады.

Құнарлылықтың  маңызды  факторы  саналатын  қарашiрiктiң 

мөлшерін  тұрақтандыру  жəне  үдемелi  өндіру  егiншiлiктiң  жəне 

экологиялық тепе-теңдiктiң ең ауқымды проблемасы болып табыла-

ды.  Канада  ғалымдарының  дайындаған  болжамы  бойынша,  дəндi-

сүрi танапты жүйенi əрi қарай пайдалану 2000 жылға қарай көптеген 

топырақтарды қиын жағдайға ұшыратуы мүмкiн.

Б.  Г.  Розанов  бұдан  да  үрейлi  пiкiр  айтады.  Оның  ойы  бо-

йынша,  топырақ  құнарлылығының  кеңейтiлген  үдемелi  өнімiн 

қамтамасыз  етпей,  оған  жасалатын  əсердi  əрi  қарай  қарқындату 

сөзсіз  экологиялық,  сонан  кейiн  əлеуметтiк-экономикалық  апатқа 

əкелiп соғады.

Топырақтың құнарлылығы тереңдеген сайын азайып отырады. 

А. Н. Лебедянцев тiптi, қара топырақтарда да жоғарыдан төмен қа-

рай оның құнарлылығының азаятынын атап көрсетті. Ол топырақтың 

барлық қалыңдығын жекелеген үш қабатқа бөлді; 0-5 см, 5-20 см жəне 

20-50 см. Егер 40-50 см қабаттың құнарлылығын бiрге тең деп алсақ, 

онда 0-5 см қабаттың құнарлылығы 4,5 см тең болады. Бұл жоғарғы 


218

қабатта  қарашiрiктiң  көп  болуымен,  жарық  пен  кебудiң  əсерiмен 

(20),  физиологиялық  белсендi  заттар  мен  микроорганизмдердiң 

болуымен (33), төменгi  қабаттардың  физикалық  жəне  химиялық 

қасиеттерiнiң нашарлығымен түсiндiрiледi.

Топырақтың  мəденилiгi.  Топырақты    мəдени  түрге  келтiру 

деп  оның  құнарлылығы  мен  ауылшаруашылық  дақылдарының 

өнімділігін  арттыру  үшiн  адамдардың  бағытталған  əрекетiнiң 

арқасында  агрофизикалық,  агрохимиялық,  биологиялық  жəне 

агротехникалық қасиеттерiнiң өзгеруiн айтады. Топырақты мəдени 

түрге  келтiру  шараларының  əсерi  шымды-күлгiн  жəне  сортаң 

топырақтарда күштiрек байқалады.

7.1. Құнарлықтың элементтері жəне факторлары

Өсімдіктер  өздерінің  дамуы  кезінде  қоректік  заттарды,  суды, 

ауаны  жəне  жылуды  керек  етеді.  Мəдени  өсімдіктердің  осы 

мұқтаждарын  қанағаттандыруға  қабілеті  бар  топырақты  құнарлы 

топырақ деп атайды.

Құнарлылық – топырақтың ең басты əрі ең негізгі агрохимиялық 

қасиеті, ол басқа да бірқатар қасиеттеріне тығыз байланысты бола-

ды. Топырақ құнарлылығын жақсартуға бағытталған шаралар үлкен 

комплексті келеді. Ол көптеген жұмыстарды атқарудан тұрады, атап 

айтқанда:

1) Топырақты дұрыс өңдеу системасын жүзеге асырудан;

2) Дұрыс ауыспалы егіс жүйесін енгізуден;

3) Органикалық жəне минералды тыңайтқыштарды дұрыс жəне 

тиімді қолдану шараларынан;

4). Əртүрлі комплексті мелиорациялық жұмыстарды жүзеге асы-

рудан тұрады.

Топырақ  сапалығы,  яғни  бонитировкасы  деген  ұғым  латынша 

bonita – сапалығы  деген  сөзден  шыққан.  Топырақтың  сапалығын 

бағалау дегеніміз – топырақтың сапалығын потенциалды құнарлығын 

өнім беру қасиетін, табиғи жəне мəдениеттелген фитоценоздармен 

салыстыру.  Топырақтың  бонитировкасы  іс  жүзінде  қолданылатын 

ауылшаруашылық  ерекшеліктеріне  қарап  дəрежеленуі  деп 

қарастыруға болады. Бонитеттеудің:

1.  Топырақтың  табиғи  қасиеттері  (құнарлылығы)  белгілі  бір 

дақылдар өнімімен сəйкестелінетін.


219

 

2.  Топырақтың  агроөндірістік  топтарына  қарап,  дақылдардың 



өніміне  сəйкес-тендіріп,  баға  беру  сияқты  əдістері  бар.  Топырақ 

бонитетінің  өлшемді  бағасы  болады,  оны  балмен  көрсетеді. 

Топырақтар 1-ден 100 ге дейінгі балл болмаса, нашар, орташа, өте 

жақсы бағалар арқылы кластарға, (топтарға) бөлінеді.

Топырақ  құнарлылығын  реттеу.  Өсімдік  шаруашылығының 

өнімділігін  арттыру  үшін  топырақ  құнарлылығын  міндетті  түрде 

бағдарлау  жолымен  реттеу  керек.  Интенсивті  егіншіліктің  негізгі 

мақсаты – топырақ құнарлылығын ұлғаймалы ұдайы өндіріс арқылы 

арттыру.  Сонымен  қатар,  топырақ  құнарлылығын  төмендетуге 

бағытталған қолайсыз жағдайларды, яғни эрозияны, қуаңшылықты, 

гумус  пен  қоректік  заттар  қорының  кемуін  жою,  топырақты  ме-

лиорациялауды  енгізу,  қолайлы  физикалық  химиялық  ортаны  жа-

сау,  құнарлылықты  жəне  ауылшаруашылық  дақылдар  өнімдерін 

арттыруға қолда бар барлық мүмкіншіліктерді пайдалану керек.

Топырақтың 

агрофизикалық 

жəне 

физикалық-химиялық 



қасиеттері.  Топырақ  көп  фазалы  жүйе.  Топырақ  қатты,  сұйық,  газ 

бөліктерінен  тұрады.  Бұлардың  арақатынасы  əртүрлі  топырақта 

ғана емес, тіпті, бір топырақ қабатының өзінде де əртүрлі болады. 

Топырақтың  жоғарғы  қабатынан  бастап,  төменгі  қабатына  қарай 

бірте-бірте органикалық заттар мен тірі организмдер азая береді де, 

оның қатты бөлігінде минералдық заттар басым келеді.

Топырақтың  қатты  бөлігінің  құрамы – органикалық  заттарда, 

оның негізгі бөлігі күрделі құрылымды қарашірік. Органикалық зат-

та  клетчатка,  лигнин,  белок,  қант,  шайыр,  май,  т.б  өсімдіктер  мен 

жануарлар,  микробтектес  қалдықтар  қосындылары  жəне  солардың 

ыдырау процесінде пайда болған аралық заттар болады.

Топырақтағы  органикалық  заттар  ыдыраған  кезінде  олардағы 

азот өсімдікке сіңімді түрге айналады.

Танаптың  топырақ  қабатында  өсімдіктер  мен  басқа  тірі 

жəндіктердің  қалдықтарын  бактериялар  мен  қарашірікті  құрайтын 

топырақ  түйірлерінің  органикалық  бөлігі  түзеді.  Топырақтың 

құнарлылығы  ондағы  қарашіріктің  аз-көптігіне  қарай  бағаланады. 

Топырақтың  тірі  бөлігі  топырақ  микроорганизмдерінен  (бактерия-

лар,  саңырауқұлақтар,  балдырлар),  омыртқасыздардың  көптеген 

тобынан  (қарапайымдар,  жəндіктерден,  құрттардан,  насекомда-

ры  мен  олардың  личинкаларынан),  топырақ  арасында  тіршілік 

ететін  омыртқалылар  тобына  жататындардан  тұрады.  Бұлардың 



220

қалдықтарының  бір  бөлігі  толық  минералданатын  болса,  екінші 

бөлігі қайтадан топырақтың органикалық жаңа түріне – қарашірікке 

айналады.

Өсімдіктер  өсіп  өну  кезеңінде  топырақта  сумен  бірге  қоректік 

заттарды  алады  да,  ал  олардың  негізгі  қоры  осы  қарашірік  болып 

табылады.  Қарашіріктің  негізгі  қоры  осы  қарашірік  болып  табы-

лады.  Қарашіріктің  негізгі  қасиеті – оның  өз  бойына  суды  жақсы 

сіңіргіштігі.  Сондықтан  топырақтың  физикалық  қасиетін  де 

жақсартады, яғни ол топырақ құрамындағы түрлі минералды заттар-

ды біріктіріп ұстап тұрады, қатты жаңбырдан кейін топырақ бетінде 

қалың  қабыршақ  пайда  болуы – топырақтың  құнарсыздығынан, 

ондағы қарашіріктің аздығынан болады. Топырақ қабатының жылу 

тəртібі  органикалық  қалдықтардың  шіруі  мен  жылудың  бөлінуіне 

байланысты. Топырақ қабатында пайда болған қарашірік оның өте 

ұсақ майда бөлшектерін өзара біріктіреді, жабыстырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет