303
күлгінді топырақтары. Тундраның оңтүстігіне қарай өте кең алқапты
орманды (тайга) зонасы алып жатыр. Оның көлемі ТМД елдерінің,
негізінен Ресейдің территориясының 52%-ға жуығы (11520 мың км
2
).
Негізінен орманды тайга. Зонаның 20%-ға жуығы батпақты жерлер.
Олар ойпатты Сібір, Беларус, Балтық бойы аймақтарын қамтиды.
Бұл аймақта да өткен дəуірлерде түгелдей мұз жатқан. Сондықтан
мұз əсерінің қалдықтары əлі сақталған.
Бұл зонаның да ауа райы салқын, дегенмен тундрадан көп жылы,
қысы ұзақ əрі қатты суық болса, жазы қысқа, жылына жерге 350-600
мм-дей мөлшерде ылғал түседі. Булану аз болғандықтан, түскен осы
ылғалдың өзі мөлшерден артық болып, топырақ қабаттарындағы
суға ерігіш жəне басқа да заттарды топырақ астына шайып əкетеді.
Ал мұның өзі біраз жерлерде батпақты аймақтардың пайда болуына
əкеп соғады.
Кең алқапты зонаның батысынан шығысына қарай ауадан түсетін
ылғал азайып, күн суыта түседі. Бұл зандылық киыр Шығыста,
мұхит жағалауында бұзылып, мұнда ауадан түсетін ылғал да мо-
лайып, ауа райы да біршама жылынады. Дегенмен, жалпы зона бо-
йынша бір типке жататын топырақ түзіледі. Себебі зонаның Батысы
мен Қиыр Шығысында ауадан түсетін ылғал молырақ болғанына
қарай орташа температура жылырақ, булану мол болады. Əрине əр
аймақтың табиғи-климаттық ерекшеліктеріне сəйкес топырақтардың
да жергілікті провинциялық өзгешеліктері анық байқалады.
Зонаның əр алқаптарындағы қар жамылғысының қалыңдығы
да əрқалай. Еуропалық бөлігінде оның қалындығы - орта есеппен,
50-60 см, Сібірде 20-30 см. Сібірдің қары жұқалау болғанымен, ауа
райы өте суық, мұнда мəңгі тоңдар жатыр, жаңбыр жазда мол жа-
уады. Жалпы жер бедеріне келсек, Енисей өзеніне шейін жазықтық,
ал одан шығысқа қарай таулы аймақтар. Сонымен зонаның жалпы
64%-ы жазық алқаптар, таулы алқаптарда зона территориясының
36%-ы орналасқан.
Зона жерін негізінен орман алып жатыр. Оның солтүстігінде
суыққа төзімді қылқан жапырақты ағаштар өссе, оңтүстігіне қарай
қылқанды емес жапырақты ормандарға ұласады. Шырша, сəмбі
тал, қарағай, кей жерлерде емен, жабайы жүзім, шетен жəне қайың,
көктерек өседі. Шөбі жайқалған шабындықты жерлер жəне батпақты
аймақтар да ұшырасады. Жауын-шашын мол вегетациялық уақыт
жеткілікті болғандықтан, мұнда органикалық қалдықтар көп жи-
304
налмай, тез ыдырап, шіріп кетеді. Топырақ бетінде ағаш жапырағы
мол төгіледі де, оның өзі аяқ астындағы төсеніштей болып қалыңдай
береді, бара-бара минералдық затқа айналады. Топырақ ортасының
реакциясы қышқыл, яғни топырақтың сіңіру-алмасу комллексі
негізінен сутегі катионы мен аздаған алюминий катионына
қаныққан. Мұндай ортада микроорганизмдерден саңырауқұлақтар
көп тараған. Олар ылғалы мол көлеңкелі жағдайда жақсы дамиды.
Орман төсенішін ыдырататын да, гумусты синтездеушілер де осы
– саңырауқұлақтар. Олардың əсерінен гумус қышқылының бір түрі
– фульвоқышқылы басымырақ болады. Бұл қышқылға топырақтың
минералды бөлігіндегі көп заттар еріп, топырақтың төменгі
қабаттарына жылжиды. Қышқылды ортада қарашірік те жылжы-
малы болып шайылып кетеді. Осыған қоса жауын-шашынның
əсерінен сілтілер, əкті қосындылар топырақтың төменгі қабаттарына
қарай жуылып кетеді. Сондықтан бұл зоналық топырақтарының
морфологиялық құрамы қышқылға, суға аз еритін ақ-күлгін кварцқа
бай келеді. Бұл топырақтарды осы себептен күлгінді топырақтар деп
атайды. Топырақтың жоғарғы қабаттарынан шайылып, еріген заттар
топырақ астында 50-60 см тереңдікте немесе одан да төменде жина-
лады. Бұл аймақтың топырағы негізінен: күлгінді, шымды-күлгінді
жəне шымды-шалғынды топырақтар болып үш зонашаға бөлінеді.
Күлгінді топырақтар. Топырақтың күлгінді қабаты орман
төсенішіне жақын жатады. Орман төсенішінің қалыңдығы 7-8 см
(А). Бұл қабаттан төмен айрықша (А.) күлгінді ұнға ұқсаған ақ қабат
жатады. Күлгінді қабаттың қалыңдығы 30-35 см-дей. Бұл қабаттан
қышқылға, суға еритін жылжымалы заттардың барлығы шайы-
лып кеткенімен, онда суға аз еритін кремиий қышқылы қалады.
Күлгінді қабаттан кейін топырақтың иллювиалды (жиналмалы В)
қабаты басталады. Бұл қабаттың тереңдігі 80-90 см-ге дейін жетеді.
Түсі қызғылт-қоңыр, тығыздығы қатты. Топырақтың бұл қабатына
жоғарыда жатқан А
2
қабатынан темір мен алюминийдің тотықтары
жиналады, ал тез жылжитын заттар бұл қабаттан төменгі қабаттарға
дейін өтеді.
Шымды-күлгінді топырақтардың күлгінді топырақтардан
айырмашылығы сол, мұнда орман төсеніші жөнді емес, қалыңдығы
небары 2-3 см ғана. Төсеніштің өзі тек сынып түскен, шіріген
ағаштар мен қураған шөптердің қалдықтарынан тұрады.
Бұл төсеніштен кейін шымды қабат басталады. Оның түсі –
305
қоңыр-сұр, қалыңдығы 10-20 см. Бұл қабатта негізінен шөптердің
тамырлары таралған. Ал одан кейін аса дамымаған күлгінді қабат
жатыр. Тек қана шалғын шөп өсетін ормансыз жерлерде шымды-
шалғынды топырақтар кездеседі. Бірақ бұл зонада олар көп емес.
Оның біразын шалғынды батпақты топырақтар алып жатыр.
Өсімдіктер үшін қоректік заттарға бұл зонаның топырақтары ке-
дей, оның қарашірігі де өте аз (0,5-1,5%), топырақ ортасының реак-
циясы кышқыл (рН 4,5-5,5).
Бұл зонада ТМД елдерінің негізгі орман шаруашылығы дамыған.
Егін, бау-бақша егуге зонаның батыс еуропалық жақ бөлігінде тек
4,5-5,0% жері ғана игерілген.
Халық тығыз орналасқан Мəскеу, Санкт-Петербург, Балтық бойы
мемлекеттері, Беларус аймақтарындағы зонаның көп жерлері көптен
егіншілікке игеріліп, топырақтары жақсы өңделіп, тыңайтқыштар
енгізудің. нəтижесінде қолдан мəдениленген топырақтарға айналып
жақсы өнімдер беруде. Бір жақсысы бұл аймақтарда ауадан түсетін
ылғал еккен егістіктерді жақсы қамтамасыз етеді. Сондықтан мұнда
көптеген көкөністер, картоп, мал азықтық шөптер, астық егістері
тұрақты жақсы өнім береді. Тек бұл аймақтарда күн көзін мол пай-
даланатын дақылдар егілмейді.
Бұл топырақтарды егістік жерге айналдыру үшін міндетті түрде
органикалық жəне минералды тыңайтқыштар ендіріп, топырақтың
қышқыл реакциясын төмендететін əк қолдану қажет. Соңғы жылдары
ТМД елдерінің қара топырақты емес алқапты ауыл шаруашылығына
кең көлемде игеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
12.7. Əлемнің топырақ қорлары
Күн жүйесіндегі планеталар ішінде тек қана Жерде тіршілік бар.
Себебі мұнда құнарлы топырақ, ал топырақта əрқилы өсімдіктер
өсіп, органикалық заттар қорын жинап ауаға оттегіні бөліп шығарып,
басқа тіршіліктің дамуына жағдай туғызады. Дегенмен, планетамыз-
да да тіршілік дамыған, яғни құнарлы топырақ қабаты бар аймақтар
аса көп емес. Жердің басым көпшілігін, 71%-ын мұхиттар алып жа-
тыр, онда тек су өсімдіктері, негізінен балдырлар өседі. Сонда құрғақ
жердің үлесі небары 29% ғана. Құрғақ жердің барлығында бірдей
құнарлы топырақ қаптап жатқан жоқ. Көп жерлерді мəңгі қарлар
мен мұздар алып жатса, біраз аймақтарда жылжымалы құмдар мен
20–1427
306
жалаңаш тастар, біраз аймақтарды жалтыр, тақыр жерлер қамтиды.
Құнарлы жерлердің көп аймақтарың халық мекендеген қалалар мен
ауылдар, жолдар мен су қоймалары, аэродромдар, т.б. көптеген ком-
муникациялар алып жатыр. Бұл жөнінде жалпы мəліметтер 22-кес-
теде келтірілген. Ф. Н. Шипуновтың мəліметі бойынша (1968)
құрғақ жерлердің мөлшері миллиард гектар есебімен.
22-кесте
Дүние жүзілік топырақ картасының авторының бірі В. А. Ковданың
мəліметіне қарағанда (1974),
Құрғақ
жер
көлемі
Антарктида
көлемі
Антарктиданы қоспағандағы құрғақ жерлер
Жыртылған
жерлер
Шалғынды
жерлер мен
жайылым
Орман-
дар
Қазіргі
пайдала-
нылмай
жүрген
жерлер
Басқа
жерлер
Бар-
лығы
14,9
1,4
1,4
2,6
4,0
0,4
5,1
13,5
Құрғақ жерлерде 70%-ы аз өнім беретін алқаптар, онда 20%-ы өте
салқын аймақта, 20%-ы өте құрғақ аймақта, 20%-ы өте биіктік бет-
кейлерде орналасқан, ал 10%-ы топырақ қабаты өте жұқа. Сонымен,
құрғақ жердің тек 30%-ы ғана ауыл шаруашылығына пайдаланылып
жүр. Оның ішінде 10%-ында егіншілік егілсе, 20%-пайызы жайы-
лым, шалғынды жəне шабындық жерлер.
23-кесте
Əлемдегі жер қорының пайдаланылуы (Р. Ревель, 1976)
Континенттер,
елдер
Егістікке
жарамды
жерлер млн.га
Жыртылған
жерлер млн.
га, 1965 ж
Игерілген
жерлер пайыз,
1965 ж.
Австралия мен
Жаңа Азия
150
20
13
Азия 630
520
83
Солтүстік Америка
460
240
51
Оңтүстік Америка
680
80
11
Африка 730
160
22
307
Еуропа 170
150
88
Барлығы
2820
1170
268
21-кестеде Жер шарындағы əрбір континеттер жəне бұрынғы
КСРО елдеріндегі егістікке жарамды жер қорлары мен қазіргі
егістікке игерілген жер көлемі жайында америка ғалымы Р. Ревельдің
мəліметтері (1976) келтірілген.
Кестеден халық тығыз мекендеген елдерде (Азия, Еуропада) жерді
егістікке игеру мүмкіндігін барынша тауысуға жақындатқанын,
керісінше, Онтүстік Америка, Австралия жəне Африка елдерінде
игеруге жарамды жерлердін əлі де мол екендігін көреміз. Жал-
пы Одақ жері əлемнің құрғақ жерлерінің 15%-ын алып жатыр
(22-кесте). Ескеретін жай, бұрынғы Одақ елдерінің жер коры мол
болғанымен ауыл шаруашылығы үшін игеруге ыңғайлы жерлер
аса көп емес. Оның 58%-ы суық тундра, орманды аймақтарда (тун-
дра, терістік тайга). Жердің 15%-ы шөлді жəне жартылай шөлді
аймақтарда орналасқан, Топырағы құнарлы жəне климаты ыңғайлы
ауылшаруашылығы жерлері небары 27% ғана (оңтүстік тайга, ор-
манды дала, дала, оңтүстік таулы аудандарымыздың етектері). Бұл
аймақтарда қосымша жер игеру болашағы аса көп емес. Сонымен
бұрынғы КСРО-да жыртылған жер көлемі 230 млн гектарға жуық,
барлық жер көлемінің 10,2%,-ы яғни мекендеген əр азаматқа
жыртылған жер көлемі 0,8 гектардан тиеді, ал келешекте бұл
керсеткіш азая бермек.Жер шарында қазіргі кезде орта есеппен күн
сайын 275 мың адам туып, 180 мың адам өледі. Сонда күн сайын
қосылатыи халық саны 145 мың, былайша айтқанда, жер бетіне
күніне бір орташа қаланың халқынан артық адам қосылады деген
сөз. Ал бір сағат ішінде жер жүзіндегі халық 6 мыңға, бір минутта
100-ге, əр 3 секунтта 5 адамға көбейіп отырады.
Жер бетіндегі халық саны жыл санап, əсіресе, соңғы жылдары
үдемелеп өсуде. Мəселен, XVIII ғасырға дейін Жер шарындағы
халық санынын екі еседей өсуі үшін 200 жылдай уақыт керек болса,
XIX ғасырда бұл уақыт 100 жылға қысқарады. Ал қазіргі кезде жер
бетіндегі халықтың екі есе өсуі үшін небары 35-40 жыл уақыт керек
(В. А. Ковда, 1981).
Шынында құрғақ жерлердің басым бөлігі жыртуға жарамсыз жер-
лер, бірақ жыртуға жарамды жерлердің көлемі де аса аз емес. Кейбір
мамандардың есебі бойынша, дүниежүзінде ауыл шаруашылығында
308
пайдалануға болатын жер көлемін күрделі мелиорациялаудан кейін
5 млрд гектарға, яғни құрғақ жерлердің 33%-на жеткізу мүмкіншілігі
бар. Ал таяу болашақта аса күрделі мелиорациялаусыз-ақ құрғақ
жердің 20-25%-ын, яғни 3,0-3,2 млрд гектар жерді егістікке игеру-
ге болады. Бұл жағдай 1974 жылы Мəскеуде өткен халықаралық
топырақ зерттеушілердің X конгресінде анықталды. Ал сонда бұл
жеріміз қанша адамды асырай алады?
Қазіргі жағдайда астықты дақылдардың орташа түсімі жер
жүзінде 15 центнердей екен. Қазір 1,5 млрд гектар егістік жерлер
6,3 млрд-тай халықты асырап отыр, яғни бір адамды асырау үшін
орта есеппен 0,3 гектар егістік жер пайдаланылып жүр. Ал егістік
жерлерді 3,2 млрд гектарға жеткізген уақытта, жоғарыдағы есеп
бойынша, 9-10 млрд халықты асырай алады екен. Ескеретін нəрсе,
бұл егістік жерлерден дəнді дақылдар өнімдері қазіргідей гектарына
тек 15 центнердей ғана қала бермесе анық, оның өнімі күн санап
өседі. Мəселен, орта есеппен 2000 жылдардың алғашқы ширегінде
əр гектар егістік жерден алынған өнім қазіргі 15 центнер орнына 20
центнерге жетсе, бұл азық-түлікпен 10 млрд халық орнына 12-13
млрд халықты асырауға мүмкіндік туады.
Ал алыстары болашақта күрделі мелиорациялауды қажет ететін
батпақты жерлерді құрғатып, шөлді жерлерді суарып, теңіз бен
мұхит суларын тұщытып егін суаруға пайдалану арқылы игеруге
мүмкін 5 млрд гектар жермен 18-20 млрд халықты асырауға толық
болады.
Американың көрнекті прогресшіл оқымыстысы, профес-
сор Р. Ревельдің ғылыми негізде жасаған есебі бойынша, қазіргі
техникалық жетістіктерімізді ауылшаруашылық өндірісіне енгізіп,
бос жатқан жерлерді мелиорациялап, түгел игерген кезде 100 млрд
адамға тамақ өндіруге болатынын дəлелдеді. Жер бетіндегі халықтың
өсу қарқыны соңғы жылдарғы мөлшермен дамыса жылына 1,5-2%,
жер шарындағы халықтың 100 млрд-қа жетуіне 200 жылға жуық
уақыт керек. Осыған шамалас есепті Казақстанның белгілі топырақ
зерттеуші ғалымы, Ғылым академиясының академигі, профессор
В. М. Боровский де жүргізген (1975).
Бұл келтірілген есептеулер мен мүмкіншіліктер, Жер шарының
адамды асырау мүмкіншілігінің əлі де болса, өте мол екендігін, оның
қазіргіден бірнеше есе көп адамды асырай алатындығын дəлелдейді.
Дегенмен, бұл есептеулер Жер бетіндегі егістікке игеруге жарамды
309
жер қоры қанша мол болғанымен, оның шексіз емес екендігін, адам
саны көбейген сайын оның қоры кеми беретіндігін көрсетеді. Адам
саны артқан сайын игеруге оңай түсетін жақсы жерлер қоры кеміп,
игеруге қиын жерлер көбейеді. Сөйтіп бірте-бірте егістікке игеруге
жарамды жер қорының таусылуы ақиқат. Сондықтан қазірден бас-
тап қолда бар жерімізді, бізді қоршаған табиғатымызды дұрыстап,
тиімді пайдалану мəселелері қазіргі күн тəртібіне қойылып отыр.
Табиғатымыздың сұлулығын сақтап, оның ластануына жол бермеу,
табиғат байлығын тиімді пайдалану, табиғатты жоспарлы түрде, адам
мұқтаждығына ыңғайлап өзгерту – өте күрделі мəселе. Сондықтан
онымен жеке мемлекеттер емес, бүкіл дүниежүзілік масштабта
шұғылдануға тура келеді. Көптен бері бұл мəселемен Халықаралық
биологиялық бағдарлама шеңберінде шұғылданса, соңғы уақытта
«Адам жəне Биосфера» атты жаңа бағдарлама бойынша шұғылдана
бастады. Бұл бағдарламамен айналысуда дүниежүзіндегі ең ірі, əрі
дамыған мемлекеттер – ТМД елдері мен АҚШ жетекші рөл атқаруға
тиіс.
Демограф-ғалымдардың болжауынша, келешекте жер бетіндегі
халықтардың өсу қарқыны бəсеңдейді. Мəселе, қазір жалпы
халықтың өсуі жылына 1,3-1,4% болса, келесі ғасырдың алғашқы
жартысында ол 1,1-1,2%-ға төмендеп, одан соңғы жылдары əрі қарай
бəсеңдейді. Белгілі демограф-ғалым Б. И. Урланистің болжамы бо-
йынша, XX ғасырдың аяғында жер шарында халық саны 6 млрд-қа,
ХХІ ғасырдың екінші жартысында 12-13 млрд-қа жетпек. Сол кез-
ден бастап Жер бетіндегі халықтың санын əрі қарай өсірмей, бір
қалыпта ұстап тұру туралы ойлануға болады (Б. И. Урланис., 1976).
Дəл осыған шамалас Жер бетіндегі халықтың өсуі туралы болжам
В. А. Вронскийдің енбегінде (1997) келтірілген.
Осыдан жүз жылдай бұрын Энгельстің өзі келешекте халықтың
əрі қарай өсуіне шек қоятын мезгіл жетеді деп жазған болатын.
Қазірдің өзінде көптеген еуропалық елдерде адамның өсуі тіпті,
шамалы. Ал Швеция мен Жапонияда халықтың өсуі тіпті, жоқтың
қасы. Басқа көптеген елдерде, əсіресе, дамыған елдерде адамның
өсіп-өнуі жөнінде санаға сиятын бақылау жасалуда. Мұндай жағдай
ерте ме, кеш пе, барлық елдерде болмақ. Мұны заң арқылы немесе
халықты үгіттеу арқылы жасау қиын. Бұл əлеуметтік-экономикалық
дамудың нəтижесінде бүкіл халықтардың сана-сезімінің өсуі
нəтижесінде келетін тұжырым. Дегенмен, аса маңызды мемлекеттік
310
мəселемен кейбір мемлекеттер заңды түрде шұғылдана бастағанын
айта кету керек. Мысалы, əлемдегі халқы жөнінен ең үлкен Қытай
мемлекеті соңғы кездерде халықтың өсуін қолдан тежеу, тіпті, заң
арқылы жүзеге асыру саясатын жүргізуде. Бұл заңға сəйкес, əр от-
басында тек бір ғана перзент сүю қарастырылған. Міне, осы заңның
жүзеге асуы нəтижесінде Кытайда соңғы уақыттарда халықтың
өсу қарқыны бұрынғы жылдарға қарағанда көп төмендеген.
Егер жоғарыда айтылған Заң күшіне толық енген кезде Қытайда
халықтың өсуі тіпті, тоқталып, алғашында бірқалыпты, ал одан
кейін шамалап кемуі де мүмкін. Ескеретін жағдай, соңғы жылдары
Қытайда жүргізілген реформаларға сəйкес ондағы экономикалық
жағдай біршама жақсарып, халықтың əл-ауқаты жоғары деңгейге
көтерілуде. Мүмкін бұл жағдай, Қытай басшыларының халықтың
өсуін тежеу туралы заңына біршама өзгерістер еңгізуіне əкеп соғар.
Дегенмен, бұл мəселе тек Қытай мемлекетінің ішкі жұмысы екені
түсінікті. Қытайға көршілес жатқан, əлемдегі халқы жөнінен екінші
орын алатын мемлекет – Үнді мемлекеті. Бұл мемлекетте халықтың
өсуін қолдан тежеу əзірше жоқ. Соның нəтижесінде мұнда халықтың
өсу қарқыны өте биік.
Əлемге танымал Америка Ю. Одумның бағалауы бойынша
əлемдегі тіршіліктің үйлесімді болуы үшін, яғни тек материалдық
тамақтық, киімдік заттармен қамтамасыз етілуі ғана емес, сонымен
қатар масайрап дем алуы үшін əлемдегі əр адамға орта есеппен 2
гектардай жер қажет екен. Оның 0,6 гектары тамақ өндіру үшін, 0,2
гектары өндірістік қажет пен мекендеуі үшін, ал 1,2 гектары бос
болуы керек. Ол жерлер халықтың дем алып, саяхат жасауы жəне
биосфераның қалыпты экологиялық жағдайда болуы үшін қажет.
Басқа жерлер көлемі де жылдан-жылға азаюда. Ормандардың
азаюы, көптеген аймақтардың құрғақтануы, тіпті, шөлге айналуы,
ластануы үдемелеп өсуде. Дегенмен бұл жағдайлар əлемнің əр
бұрыштарында əртүрлі. Мысалы, Канадада əр тұрғынға шаққанда
жыртылған жер көлемі 2 гектардай, Аргентинада 1 гектар, Америка-
да – 0,8 гектар, Испанияда – 0,5 гектар.
Ал бұрынғы КСРО-да бұл көрсеткіш 0,85 гектар, Түркменстанда
– 0,33, Өзбекстанда – 0,22, Грузия мен Арменияда не бары 0,17 гек-
тардан келеді екен. Қытай мен Үндістанда əр жан басына келетін
жыртылған жер көлемі бұл көрсеткіштен де төмен, шамамен 0,10-
0,12 гектар, ал Жапонияда тіпті 0,04 гектар (В. П. Прошляков.,
311
1979). Ал Қазақстан əлемдегі ең жері бай елдін бірі, оның ішінде
жыртылған жер көлемі əр адамға 1,3 гектардан келеді. Ескеретін
тағы бір жағдай, гəп тек жыртылған жер көлемінде ғана емес, оның
өнімділігінде. Мəселен, көп жағдайларда суармалы жерлер, суарыл-
майтын жерлерге қарағанда өнімді бірнеше есе артық береді. Кейбір
аймақтарда, ауа райы бұл жерлерден жылына 2, тіпті, 3 рет өнім
алуға мүмкіндік береді. Тағы есте болатын жағдай, тамақтық зат-
тарды еске алғанда, əңгіме тек астықты дақылдар туралы ғана емес,
сонымен қатар жердің басқа тамақтық жəне техникалық заттарды
өндіру мүмкіншілігін ескеру керек. Мəселен, бір гектардан алынған
шай, кофе, жүзім, темекі, мақта өнімдері бір гектар жерден алынған
астық өнімдерінен көп қымбат. Оның үстіне соңғы дақылдар барлық
аймақтарда өсе бермейді. Астықты дақылдардың да барлық жер-
лерде өсе бермейтіні анық. Дегенмен, олардың өсу географиясы
жоғарғы айтылған дақылдарға қарағанда, көп тарағаны анық. Міне,
сондықтан жердің халықты асырай алу мүмкіншілігін есептегенде,
əңгіме тек тамақтық, астық өндіруде болмауы керек, қай жерлер-
де адам өміріне қажетті, аймақтың ауа райына сəйкес келетін зат-
тарды мол өндіру тұрғысында болуы кажет. Қазіргі əлемдік инте-
грация, нарық заманында Жер шарының, бір жерінде өндірілген
адам қоғамына қажетті заттар Жер шарының басқа бөлігінде өзінің
тұтынушыларын табатыны анық.
12.8. ТМД топырақтары, олардың түзілуінің
экологиялық жағдайы
Жоғарыда
келтірілген
топырақтардың
əлемдегі
таралу
заңдылықтары Жер бетінің алтыдан бір бөлігін алып жатқан кең
байтақ тəуелсіз мемлекеттер достығы елдеріне тəн. Бұл өзгерістердің
терістіктен оңтүстікке қарай жылжығанда межелері анық байқалады.
Əртүрлі зоналарға бөлінуі де осыдан. ТМД елдерінің негізгі бөлігі
мұхиттардан алыс, ішкі құрлықта орналасқан. Ресейден басқасының
жер көлемдері аса көп емес. Терістік жарты шардың бұл бөлігінде
құрлық секторында терістіктен оңтүстікке қарай кездесетін, яғни
Арктикалық тундрадан бастап, оңтүстіктегі құрғақ шөлдермен
қатар ылғалды субтропикалық зоналық топырақтарға шейін түгел
кездеседі. Топырақ түзуші факторлар зоналық тəртіпке бағынып,
312
ретімен тарағандықтан, осы факторлардың əсерінен топырақ та осы
тəртіпке бағынады.
Сонымен жазық территорияларда терістіктен оңтүстікке қарай
байланысты топырақтың да өзгеріп, əртүрлі зоналарға бөлінуін
топырақтың көлденең (ендік) зоналығы дейді.
Ал биік таулы аймақтарда табиғат жағдайы жазық алқаптарға
қарағанда өзгеше. Таулы аймақтардың ауа райы да, өсетін ағаш,
өсімдіктері мен жан-жануарлар дүниесі де басқаша. Бұл өзгерістер
тау етегінен жоғары көтерілген сайын анық білініп, көзге түседі.
Географиялық жағынан алып қарағанда таулы аймақтар бір алқапта
орналасқанымен жоғары қарай өрлеген сайын табиғатының,
климатының өзгешелігі байқала береді. Осындай өзгерістерді
топырақтан да көруге болады. Топырақтың былай өзгеріп, əртүрлі
зоналарға бөлінуін топырақтың тік (белдеулік) зоналылығы деп
атайды. Кең байтақ ТМД елдерінің əр аймақтарында топырақтардың
көлденең зоналықтары да жəне олардың тік (белдеулік) зоналықтары
тараған алқаптары кездеседі.
Дегенмен, жер бетінде таулы алқаптардың аздығына байланыс-
ты негізінен топырақтың көлденең зоналық таралуы басым. Соған
байланысты біздер ТМД елдерінің жазық территориясындағы
негізгі зоналық (ендік) топырақтардың қысқаша сипаттамасы-
на тоқталамыз. Бұны солтүстіктен оңтүстікке қарай келтірген
ыңғайлы.
Достарыңызбен бөлісу: |