ОҚулық Алматы, 2013 2 Əож кбж қ



Pdf көрінісі
бет28/37
Дата27.02.2017
өлшемі5,39 Mb.
#5017
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   37

293

 

топырақтың геохимиялық ассоциацияларын ұсынды (1981). Соны-



мен, əлем топырақтарының жүйелерінде 40 топырақ жақындастығы, 

29 генерациясы жəне 12 топырақ ассоциациялары бөлінген. Деген-

мен бұл ұсыныс барлық жерде қолдау тапты деп айтуға болмайды. 

Топырақ  классификациясы  мəселелері  тек  əлемде  ғана  əрбір  жеке 

елдерде  де  үйлесімді  жасалып,  барлық  сұрақтарға  жауап  беретін, 

көпшілікпен  қабылданған  шаруа  емес.  Бұл  мəселелер  əрбір  жеке 

елдер ғалымдарымен қатар, халықаралық топырақтанушылар наза-

рында.


12.4. Интразоналдылық топырақтар жəне олардың ерекшеліктері

Атынан белгілі болғандай, бұл топырақтар əрбір зоналарда түзіліп, 

солардың  арасында  таңдақ-тандақ  болып  кездеседі.  Зона  аралық 

топырақтар  ішінде  негізінен: 1. Сорланған  топырақтар; 2. Сортаң 

топырақтар; 3. Солодтар (кермектер) топырақтар типтері кездеседі.

Сорланған топырақтар. Сорланған топырақтар деп кұрамында 

суға тез ерігіш тұздардың біршама мол кездесетін топырақ түрлерін 

айтады. Ал суға тез ерігіш тұздар топырақтың беткі қабатынан бас-

тап,  мол  болып  кездессе,  олар  сор  топырақтар  (солончаки)  болып 

саналады. Тұздардың мөлшерден көп кездесуі ондағы өсімдіктерге 

зиянды  (улы)  əсер  ететіндіктен  бұл  топырақта  өсімдіктер  дүниесі 

жоқтың  қасы.  Мұнда  тек  тұздың  молдығына  табиғи  бейімделген 

соршөптер  (галофиттер)  өседі,  ал  тұз  мөлшері  аса  көбейіп  кетсе, 

жалаңаш  сорға  айналады.  Сорланған  топырақтар  көлемі  (сортаң 

топырақтарды  қоса  есептегенде) 120 млн  гектардай,  яғни  ТМД 

елдерінің 5,4%-ы.  Ескеретін  жай,  сорланған  топырақтар,  оның 

ішінде,  əсіресе,  сортаң  топырақтар  жеке  түзілмей,  көбінде  зоналы 

топырақтар арасында комплексті жағдайда кездеседі.

Жалпы  сорланған  топырақтарды  көп  зоналарда  кездесетін  зона 

аралық топырақ дегенімізбен, ол негізінен жауын-шашын аз түсетін, 

ауа  райы  жылы,  булануы  мол  аймақтарда  кездеседі.  Олардың  пай-

да болу жолдары əрқалай: 1) Бұл топырақ астындағы тұзданған ыза 

суларының жер бетіне жақын болып, олар буланған кезде топырақ 

қабаттарында  жəне  оның  бетінде  су  құрамындағы  тұздардың 

шоғырлануынан  пайда  болады.  Сорлану  үшін  топырақ  астындағы 

ыза сулардың жер бетіне жақындығы мен олардың тұздану деңгейі 

едəуір рөл атқарады.



294

19-кесте

Төмендегі кестеде бұрынғы КСРО елдерінде қабылданған сулардың 

тұздану деңгейі жүйелері келтірілген

(М. А. Глазовская бойынша, 1981).

Жерасты суларының 

тұздану деңгейі

Судағы тұздар мөлшері, л/г

Тұщы сулар

<1

Аз тұзданған сулар

1-3

Орта тұзданған сулар



3-10

Мол тұзданған сулар

10-50

Аса мол тұзданған сулар



>50

Жерасты  суы  топырақ  бетіне  неғұрлым  жақын  əрі  оның 

тұздану  деңгейі  жоғары  болса,  ауа  райы  жылы  немесе  ыстық 

аймақтарда  топырақтардың  тұздану  процесі  соғұрлым 

жылдамырақ болады.

2)  Қалдықты  сорланған  топырақтар,  топырақ  түзуші  тау 

жыныстарының мол тұздануынан қалыптасады.

3)  Ойпатты  жерлерде  кездесетін  кейбір  көл  суларының  ыстық 

ауа-райы жағдайында түгелдей буланып кетуінен, бұрынғы көлдер 

түбінде нағыз сор жиналып, онда ештеңе де өспейді.

4)  Сорланған  топырақтардың  пайда  болуының  тағы  бір  жолы 

–  адамның  өндірістік  əрекеттерімен  байланысты.  Оның  мəнісі 

төмендегідей.  Қуаңшылық  аймақтарда  көп  жерлерді  суармалы 

егіншілікке  пайдаланатынымыз  белгілі.  Осы  алқаптарда  жерас-

ты  ағысын  реттеп  дұрыс  жолға  қоймаған  жағдайларда  топырақ 

астындағы  ыза  сулар  суару  кезінде  жер  бетіне  тез  көтеріліп, 

жақындап,  топырақты  сорландырады.  Топырақтың  сорлануының 

осы  жолын  екінші  сорлану  немесе  адам  əрекетінен  сорлану  деп 

атайды.

Сор  топырақтардың  беткі  қабатындағы  тұздар  мөлшері 0,6-



2%  жəне  одан  да  көбірек  кездеседі.  Бұл  тұздардың  мөлшеріне, 

құрамына  жəне  топырақтың  қай  қабаттарында  шоғырлануына 

байланысты  əртүрлі  жүйеленетіні  19-кестеде  келтірілген.  Ал 

топырақтағы  тұздардың  құрамы  мен  мөлшеріне  қарай  олардың 



295

 

ауылшаруашылық дақылдарына əсері 20-кестеде келтірілген. Бұл 



мəліметтерден көрінгендей, құрамына байланысты ең зияндыла-

ры  содалы,  хлорлы,  сульфатты  тұздар  екен.  Бұдан  топырақтың 

сорлануымен  күресу  жолдары  ондағы  тұздардың  құрамына  да 

тікелей  байланысты  екені  байқалады.  Жалпы  топырақты  мелио-

рациялау мəселелерімен арнайы ғылым – топырақты мелиорация-

лау шұғылданады.



Сортаң  топырақтар  деп  топырақтың  коллоидты  сіңіру 

кешені,  негізінен,  натрий  катионына  қаныққан  топырақтарды 

айтады.  Топыраққа  сіңірілген  натрий  катионы  сілтілі  реак-

ция  береді,  ылғал  тисе  ісініп,  батпаққа  айналады,  ал  құрғақ 

жағдайда  қатып-семіп,  бағаналы  құрылым  түзеді.  Сондықтан 

олардың  физикалық  қасиеттері  өте  ыңғайсыз,  осы  себептен 

олар  құнарсыз.  Топырақтардың  сіңіру  кешендерімен  көп  жыл 

бойы  шұғылданған  орыс  ғалымы  қазіргі  осы  сортаң  топырақты 

жерлерде  бір  кездері  сор  топырақтар  болғандығын,  кейінірек 

табиғи жағдайлардын өзгеруімен бұл аймақтарда ылғал көбейіп, 

топырақ бетінің құрамындағы натрий тұздары шайылып, топырақ 

астына  кеткендігін  айтады.  Сонымен  қатар  ол  осы  тұздардың 

шайылу  процесінде  суға  ерігіш  тұздар  құрамындағы  натрий  ка-

тионы топырақтың сіңіру кешеніне мол сіңіп, қаныққандығынан 

топырақтардың жоғарғы қабаттарында суға тез ерігіш тұздардың 

төменгі  қабаттарға  шайылып  кеткендігін,  топырақтың  беткі 

қарашірінді  қабатынан  кейін  зиянды  сортаң  екінші  қабаттың 

түзілетінін дəлелдейді.

А – сортаң  қабаттың  үстіңгі  гумусты-шайынды  қабаты, 

қалыңдығы бірнеше см-ден 20-30 см-ге жетеді, құрылымы бос, түсі 

ашық сұр.

В

1



 – жиынтықты-сортаң  қабат,  түсі  қоңыр  құба,  күнгірт  қоңыр, 

қатты  бағаналы  құрылымды,  қазғанда  ірі  кесекті  бағаналы 

бөліктерге  бөлінеді,  құрғақ  кезінде  өте  қатты,  ылғалданғанда  тез 

ісініп, құрылымсыз жағдайға ұшырайды. Міне, осы сортаң қабаттан 

төменірек жоғарыдан шайылған тұздар кездеседі.

Кейбір  сортаң  топырақтарда  шайылу  процесі  көптен  басталған 

жағдайларда  тез  ерігіш  тұздар  топырақтың  тереңірек  қабаттарына 

жиналады.



296

20-кесте

Топырақтың құрамындағы суға ерігіш тұздардың мөлшері, сапасы 

жəне тұзданған қабатының орналасуына байланысты жүйелеу

(А. Н. Розанов, Е. В. Лобова, 1951)

тұзды қабаттың 

орналасу тереңдігі

тұздардың мөлшері

тұздардың құрамы 

(аниондар бойынша)

тұзданған 

қабатының 

тереңдігі, 

см

топырақ 



аты 

(тұздану 

деңгейі)

тұздар 


мөлшері, 

%

топырақ 



аты 

(тұздану 

деңгейі)

Cl:SO


4

SO

4



:Cl

аты


150 см-ден 

төмен


сорлан-

баған


0,25-0,5

нашар 


сорланған

2

0,5



хлорлы

100-150


терең 

сорланған

0,5-0,7

орташа 


сорланған

1-2


0,5-1

сульфатты-

хлорлы

70-100


терең 

сорланған

0,71,0

мол 


сорланған

0,2-1,0


1-5

хлорлы-


сульфатты

30-70


мол 

сорланған

1-2

мол 


сорланған

0,2


5

сульфатты

0-30

Сор 


топырақ

>2

сор 



топырақ

0,2


5

сульфатты



21-кесте

Сорланған топырақ құрамындағы тез ерігіш тұздардың мөлшері мен 

сапасының ауыл шаруашылығы дақылдарына əсері 

(В. А. Ковда т.б., 1960)

Сорланған 

топырақтарға 

егілген 


өсімдіктер 

жағдайлары

Сорлану

деңгейі


Топырақтағы тұз құрамының типі

сода-


лы

содалы-


хлорлы

содалы 


сульфатты

хлор-


лы

сульфатты 

хлорлы

суль-


фатты

0,60 см тұздар қосындысы, 

%

0-100 см тұздар 



қосындысы, %

Өсімдіктер 

жақсы өсіп, 

дамиды


Сорлан-

баған


0,10

0,15


0,15

0,15


0,20

0,30


Өсімдіктерге 

аздап зиян 

келтірілген, 

өнім 10-20% 

төмен

Аздап 


сорланған

0,10-


0,20

0,15-


0,25

0,15-0,30 0,15-

0,30

0,20-0,30



0 30-

0,60


297

 

Өсімдіктерге 



орташа зиян 

келтірілген, 

өнім 20-50 % 

төмен


Орта ша 

сорланған

0,20-

0,30


0,25-

0,40


0,30-0,50 0,30-

0,60


0,30-0,60

0,60-


1,0

Өсімдіктерге 

қатты зиян 

келтірілген, 

өнім 50-80 % 

төмен


Мол 

сорланған

0,30-

0,50


0,40-

0,60


0,50-0,70 0,50-

0,80


0,60-1,0 1,0-2,0

Өсімдіктер 

өспейді, өнім 

жоқ


Сор 

топырақ


0,50

0,60


0,70

0,80


1<

2<

Сортаң  топырақтардың  негізгі  белгісі – натрий  катионы-



на  қаныққан  қатты  сортаң  қабаттың  болуы.  Табиғи  жағдайларда 

сортаңдарды  осы  қабаттың  тереңдігіне  қарай  бөледі:  жоғарғы 

сортаңданған,  терең  сортаңданған  немесе  орта  қабатында 

сортаңданған. Ал əрі қарай бөліп жүйелеу олардың құрамындағы 

сіңірілген натрий катионының мөлшеріне байланысты. Егер жалпы 

топырақ сіңіру кешенінің 25-30%-дан астамы натрий үлесіне тисе, 

онда оны сортаң топырақтар қатарына жатқызады. Сонымен натрий 

үлесіне  сіңірілген  катиондардын 40-60%-ы  тисе,  ол  топырақтар 

қатты  сортаң  топырақтар  қатарына,  ал  оның  үлесі  сіңірілген 

катиондардың 15-20%-ын  құраған  жағдайда  жай  сортаңданған 

топырақтар қатарына жатады.

Сортаңданған  топырақ  зона  аралық  топырақ  қатарында  болып, 

барлық топырақ зоналарында кездесе бермейді. Олар орманды дала 

зонасынан  бастап,  дала,  құрғақ  дала,  шөлейт  зоналарында  орын 

алған.  Сортаң  топырақтардың  біршама  бөлігі  шөлді  жағдайда  да 

кездеседі. Дегенмен, бұл зонада басымырақ кездесетіні – сорланған 

топырақтар.

Сортаңданған  топырақтардың  құнарын  кемітіп,  оны  ауыл 

шаруашылығына  игеруге  кедергі  келтіретін  жағдай  оның  нашар 

физикалық  жəне  химиялық  қасиеттерге  ие  сортаң  қабаты,  мұны 

жақсарту  жолын  да  осы  қабаттан  бастау  керек.  Алдымсн  натрий 

катионынан  құтылудың  амалын  іздестірген  жөн.  Дəлірек  айтсақ, 

сіңірілген  натрийді  басқа  катионмен  ауыстыру.  Бұл  сортаңданған 

топырақты гипстеу арқылы жүзеге асырылады. Реакция төмендегідей 

жолмен жүреді:


298

(Топырақтың Na

+

+Са SО


4    

(Топырақтың Ca

++

+Nа


2

 SО


4

сіңіру кешені)  

 

 

сіңіру кешені)



Сортаң  түрлері  əрқалай  болғандықтан,  олардың  мелиорациялау 

жолдары  да  əралуан  болады.  Бұл  жайында  Қазақстандағы  сортаң 

жерлерді жақсарту мəселелері деген бөлімде айтылады.

Солодтар  (кермектер) – зона  аралық  топырақтардың  бір  түрі, 

негізінен суббореалды белдеудің құрғақтау аймақтарында орын ала-

ды. ТМД елдері мен Қазақстан, Батыс Сібір жазығы мен Солтүстік 

Қазақстан  облыстарының  орманды-далалы  зонасы  мен  шалғынды 

дала  зоналарының  ойпаңды,  ағынсыз  жерлерінің  қайыңды-

көктеректі  жəне  шалғынды  шөптер  өскен  бөліктерін  алып  жатыр. 

Жер  беті  ойпаңды  ағынсыз  болғандықтан,  бұл  жерлер  қосымша 

жер  бетінің,  сол  арқылы  жерасты  ыза  сулары  аса  тереңде  болмай, 

жер бетіне жақынырақ түзіліп 2,5-3,5 м топырақтарда гидроморфты 

жағдайлар қалыптасады. Олардың көлемі не бары 1-1,5 млн гектар-

дай.


К. К. Гедройц солодтардың пайда болуы сортаң топырақтардың 

жер бедерінің ойпаң жерлеріндегі əрі қарай шайылып, өзгерістерге 

ұшырауымен байланыстырады. Ойпаң жерлерде ылғал молырақ жи-

налып,  сортаң  топырақтардың  ылғалды  төмен  өткізбеу  қасиетіне 

байланысты топырақ бетінде ылғал жиналып көп уақыт сақталады. 

Натрийге  қаныққан  органикалық  коллоидтар  мен  балшықты  ми-

нералдар  коллоидтары  сілтілі  ортада  еріп  топырақтын  төменгі 

қабатына жылжиды.

Топырақтың жоғарғы қабатына сілтіге, қышқылға ерімейтін кварц 

жиналып,  оның  түсі  ағарып,  күлгін  тартады.  Осы  процесс  кезінде 

сіңірілген натрий ионы орнына сутегі келеді де, натрий топырақтың 

төменгі қабаттарына жиналады. Сонымен бұл құбылыстар жыл сайын 

қайталана беретіндіктен бұрынғы сортаң қабат түгел бұзылып, оның 

орнына  шайылған  күлгінденген  (солодты)  қышқыл  қабат  түзіледі. 

Түзілген  қабатта  органикалық  жəне  минералды  коллоидтар  өте  аз 

болады,  ал  оның  есесіне  қалдықты  кварц  жəне  аморфты  кремний 

балшығы  көп.  Осындай  қабаты  бар  топырақтарды  солодталынған 

топырақтар  дейді.  Бұл  топырақтарды  терістік  орманды  зонада 

түзілетін күлгінді топырақтардың құрғақтану аймақтарында, ойпаң 

бөлікше жерлерде түзілетін ерекше бір нұсқасы деп түсінуге бола-

ды. Солодты топырақтарда оларға тəн солодты (шайылған) қабатпен 



299

 

қатар, оның астында жинақты, натрий катионына бай, сілтілі реак-



циясы  бар  сортаң  қабат  кездеседі.  Сонымен  бірге,  мұнда  қышқыл 

қабат та, сілтілі қабат та алмасып отырады.

Бұл жағдайлар терістік күлгінді топырақтар зонасында орын ал-

майды. Зерттеулер солодты топырақтардың пайда болуы тек сортаң 

топырақтардың  шайылуынан  ғана  емес,  сорланып,  шалғынды-

батпақты  топырақтардың  осындай  жер  бедерінің  ойпаңды 

бөлікшелерінде орналасу жерасты ыза суларының жақын орналасқан 

жағдайларында түзілу мүмкіндіктерін анықтады.

Жалпы орманды ағаштар астында түзілген солодты топырақтар 

пішіні төмендегідей:

А



– орман қалдықтарының қабаты 0-5 см;



А

– қарашірінді-шайынды қабат, қалындығы небары 5-10 см, түсі 



ақшыл сұр, құрылымы бос-кесекті;

А

2



 – шайылған  солодты  ақшыл  қабат,  қалындығы 10-15 см, 

қатайған,  қабыршақты-жапырақты  құрылымды,  көкшіл  қоңыр-

темірлі-марганецті  таңбалар  бар,  осы  қабаттан  келесі  жиынтық 

қабатқа тілшелер жылжиды;

В

1

– жиынтықты-балшықты-темірлі қабат, көбінде сортаңданған, 



бұл  қабаттың  қалыңдығы 30-40 см-ден 80-100 см-ге  жетеді,  түсі 

күнгірт  құба,  құрылымы  ірі-орта  жаңғақты,  қатайған.  Одан  төмен 

карбонатты жинақты, балшықты қабат В

2

.



Солодтардың  жоғарғы  қабатында  қарашірінді  мөлшері 3-4%, 

бірақ  төмендеген  сайын  тез  кемиді.  Негізінен  орманды  жерлер. 

Кейбір бөлікшелері шабындыққа жақсы пайдаланылады. Мал жай-

ылымдары үшін де тиімді.



12.5. Əлемнің топырақ жамылғысы

Жер шары құрлығында тегістік жəне таулық топырақтар тараған. 

Тегістік топырқтары 6 географиялық топқа біріктіріледі.

I  топқа  полярлық  белдеудің  топырақтары  кіреді,  полярлық  тун-

дра  жəне  полярлыға  таяу  тундраның  глейлі  топырақтары.  Олардың 

кескінінде бұзылу үрдісі сəл дамыған, жиектері жұқа жəне онда айқын 

тоңды құбылыс белгілері бар. Скандинавия елдері мен Канада.

II-III топтарға қоңырсалқын жайлы бореалды аймақ топырақтары 

кіреді,  олар  тау  жыныстарының  сиалитті  бұзылу  жағдайында 

дамыған;  Топырақ  құралуында  маусымдық  ырғақ  басым,  кескіні 



300

жақсы дамыған, кейде, тіпті, қарашірінді шоғырланған. Топырақтары 

күлгін,  шымды  күлгін,  тоңды  тайгалы  бореалды,  қоңыр,  сұр 

ормандық  топырақтар,  прерилік  қара  топырақ  баріалдыға  таяу, 

қара,  қара  қоңыр,  қоңыр,  сұр-қоңыр  топырақтар  бар  обылыстар. 

Қоңыржай белдеудің мұхиттық ылғалды өлкелерінде қоңыр орман 

топырақтары кең тараған. Батыс Еуропа, Шығыс Азия мен Оңтүстік 

Америкада тараған.

IV топқа тропикке таяу белдеу топырақтары кіреді, олар қызыл, 

сары,  сары-күрең  субтропикалық  ормандар  жəне  қызғылт  қара 

субтропикалық  прерилер  топырағы,  сұр-күрең  субтропикалық 

дала топырағы, құба субтропикалық шөл дала жəне жартылай шөл 

топырақтары  Батыс  Европа,  Шығыс  жəне  Таяу  Азия,  Африка  мен 

Солтүстік Америкада тараған.

V  топ  тропикалық  белдеу  топырақтарын  біріктіреді,  онда 

экваторлық  ормандардың  фералит  топырағынан  бастап,  шөлділеу 

биік  шөптесінді  саванналардың  қызғылт-қоңыр  топырағына  дейін 

Орталық Африка, Оңтүстік Азия,  Австралия, мен Оңтүстік Амери-

када тараған.

VI топ ішкі аймақтың топырақ типтерін біріктіреді, ол үш: шым-

ды корбанатты рендзиндер, тропикалық қара жəне далалық шабын-

ды қара топырақтар типтерін қамтиды.

Таулы  облыстарға  негізінен  терістікте  тараған  топырақтар  тəн, 

бірақ мұнда өзгеше биік таулы шалғынды топырақтар дамыған.

Бұрынғы  КСРО  территориясы 15 агротехникалық  зоналарға 

бөлінген,  олар  солтүстіктен  оңтүстікке  қарай  орналасып,  ендік 

бағытта  батыстан  шығысқа  қарай  созылып,  ретті,  кең  белдеулі 

жайғасқан. Олар:

1. Полярлық тундра зонасы;

2. Солтүстік тайга зонасы;

3. Орталық тайга зонасы;

4. Оңтүстік тайга зонасы;

5. Қоңыр топырақты орман зонасы;

6. Орманды дала зонасы;

7. Дала зонасы;

8. Құрғақ дала зонасы;

9. Қоңыржай белдеудің шөлейт зонасы;

10. Шөл зонасы;

11. Тау етегіндегі жартылай шөлді зона;


301

 

12. Субтропиктік белдеудің шөлді зонасы;



13. Субтропиктік тау етегіндегі жартылай шөлді зона;

14. Субтропиктік бұталы дала жəне құрғақ орманды зона;

15. Субтропиктік ылғалды орманды зонасы;

Олардан өзге 5  таулы обылыстар бар.(Розов, 1973):

1. Орта Азиялық (құрғақ, жылы) ;

2. Карпат-Кавказдық (жылы, ылғалды) ;

3. Оңтүстік Сібірлік  (суық, ылғалды) ;

4. Солтүстік Сібірлік  (өте суық,орташа ылғалды) ;

5. Камчаткалық-Курильдік  (өте ылғалды суық).

Бұл  өңірлердің  топырақ  зоналары – тау  беткейлерінде  биіктік 

бағытта құралған.

Сонымен, бұрынғы КСРО жеріндегі көп топырақтар: тундралық, 

күлгін  қоңыр,  сұр  ормандық  топырақтар,  қара,  қара-қоңыр,  сұр-

қоңыр  жəне  сортаң  топырақтар  əлемде  де  тараған.  Сондай  ақ 

бұрынғы Одақта жоқ топырақтар да: Солтүстік Америка прериінің 

қызыл  жəне  сары  топырақтары,  преридің  қызғылт-қара  топырағы, 

биік саванналық қызғылт топырақ, тропикалық сирек орман қызыл-

кұрең  топырағы,  тропикке  таяу  жəне  тропикалық  латериттер  мен 

фераллиттер, қара топырақтар, т.б əлемде кездеседі.

12.6. Полярлы, бореалды, суббореалды, субтропикалық, 

тропикалық белдеулердің топырақтары

Полярлық белдеу. Тундра зонасы. Бұл зона Ресейдің солтүстік 

шеткі бөлігін алып жатыр. Оған Солтүстік Мұзды мұхиттағы кейбір 

арктикалық аралдар да кіреді.

Бұл  зонаның  көлемі 180 млн  гектардай,  яғни  ТМД  елдерінін 

барлық жер көлемінің 8,1%-ын алып жатыр. Бұл көлемге негізінен 

Сібір  өңіріндегі  таулы  алқаптардағы  таулы-тундралық  топырақтар 

көлемі 150-160 млн  гектар  жерде  қосылады.  Геологиялық  дəуірі 

жағынан алып қарағанда, бұл аймақ мұз дəуірінен кейін босаған ең 

жас аймақ.

Біршама жерлерін əлі де мұз басып жатыр. Бұл Ресейдің ең суық 

зонасы, қысы 7-8 айға дейін созылады да, жазы өте қысқа əрі салқын 

келеді. Бұл зонадағы вегетациялық кезеңнің ұзақтығы небары 2-3 ай 

ғана. Ылғал аз түседі, жылына 150-300 мм əрі күні суық, булану аз 


302

болады жəне топырақтың астын мыңдаған жылдар мəңгі тон басып 

жатқандықтан,  ылғалдың  жерге  сіңуі  де  жоқтың  қасы.  Ылғалдың 

жер бетіне сіңуінің мардымсыздығынан аз түскен ылғалдың өзі бұл 

жерде керекті мөлшерден артық. Батыстан шығысқа қарай мөлшері 

азайып, оның есесіне күн суыта түседі.

Бұл аймақта қалыпты өмір сүруге қажет күн сəулесі жетіспейді, 

ауа райы суық, тіршіліктің дамуына қолайсыз. Күннің суықтығынан 

топырақ  қабаттары  ұзақ  жылдар  бойы  тоң  болып  жатады.  Тек 

жаздың 2-3 айларында  ғана  топырақтың  беткі  жұқа  қабаты  еріп, 

мұздан арылады. Жалпы тундраның өзі терістіктен оңтүстікке қарай 

үш зонашаға бөлінеді: 1) арктикалық тундра; 2) кəдімгі тундра; 3) ор-

манды тундра. Алғашқысы ең терістіктегі қар-мұз басқан жалаңаш 

тундра.  Екіншісі  жөнді  дамымаған  батпақты-глейлі  топырақтар, 

біркелкі  түзілмеген  ойдым-ойдым  бөлшектерден  тұрады.  Була-

ну  аз  болғандықтан,  жер  бетін  ылғал  басып,  оның  астына  ауа 

бармағандықтан, онда анаэробтық құбылыстар жүріп, топырақтағы 

темірлі  қосылыстар  тотықсызданып,  топыраққа  көкшіл-жасыл  түс 

береді. Осындай топырақтарды глейлі топырақтар деп атайды. Жал-

пы «тундра» деген сөз жергілікті карель тілінде жөнді дамымаған, 

ормансыз  деген  түсінікті  береді.  Жөнді  дамымаған  мəңгі  мұзы 

мол  топырақтар  орманның  өсуіне  сөзсіз  қолайсыз.  Мұнда  глейлі-

батпақты топыраққа бейімделген батпақты шөптер, мүктер, қыналар 

өседі.  Ал  оңтүстікке  жылжыған  сайын  орманды  зонаға  шекаралас 

бөлігінде, əсіресе өзен бойларында орманды-тундра зонашасы орын 

алады.  Табиғат  жағдайына  сай  мұнда  өсетін  өсімдіктер  де  шама-

лы.  Негізінен  қына  мен  мүк,  қышқыл  өлең  шөптер,  бұталар,  қара 

бүлдірген  өніп-өседі,  ал  оңтүстікке  таман  жылжыған  сайын  тапал 

қайың, шілік жəне басқа ағаштар өсетін орманды-тундра басталады. 

Дегенмен, бұл жерлердің де ағаштары мардымсыз.

Тундра  топырағы  тоңның  əсерінен  əртүрлі  бөлшекке  бөлінетін 

ыдырамалы, батпақты-күлгінді болып келеді.

Бұл  зонада  негізінен  бұғы  шаруашылығы  жақсы  дамыған. 

Егіншілік  жоқтың  қасы.  Кейбір  жел  тимейтін  ықтасын  жерлерге 

топырақты  дұрыстап  өндеп,  тыңайтқыштар  енгізіп,  көң  төгіп,  аз 

мөлшерде  ерте  пісетін  көкөніс,  басқа  да  дақылдар  егуге  болады. 

Ал жабық жылытқысы бар қондырғыларда көкөністерді жыл бойы 

өсіруге болады.

Бореалды  белдеу.  Орманды  зонаның  күлгінді  жəне  шымды-



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет