333
сондай-ақ түрлі климаттық жағдайларда қалыптасқан өзіндік фаци-
алды үлгі асты: жылы қоңыр орманды, қалыпты, суық, тоңғақтық,
терең тоңғақтық типтестерге бөледі.
Құба орманды күлденген топырақ типтестердің күлденген А2
көкжиегімен генетикалық көкжиекте морфологиялық анықталған
кескіннің дифференциациясы. Қоңыр орманды глейлі топырақ
кескініне боз жəне қызғылт қоңыр дақтар мен темір мерганецті кон-
крециялар тəн.
Типтестердің шегінде жынысты топыраққұрушы тұқымдардың
белгілеріне (қалдықты-карбонатты, қызғылт, тасты) немесе сал
үдеріс ерекшеліктеріне (екіншілей-шымды, үстірт глейлі жəне терең
глейлі) қарай ажыратады.
Құба орманды топырақ түрлерін гумус құрамына гумусты А
горизонтының қуатына байланысты бөледі: көпгумусты >8%, ор-
тагумусты 3-8, азгумусты < 3%, қуатты – А горизонты > 30 см,
ортақуатты- A 20-30, азқуатты – А > 20 см.
Құрамы мен қасиеттері. Типті құба орман топырағына
механикалық элементтерінің фракциясының кескін бойынша
біркелкі реттелуі тəн. Ауыспалы иллювилды текстуралы көкжиекте
(Вt) тұнба құрамы жоғарылайды, ол лессиваждын байқалуы мен
балшықтану процесін анықтайды.
Құба орманды күлді топырақтың кескініндегі жоғарғы көкжиектен
төменгі көкжиекке қарай тұнба түйіршіктердің санының көбеюі
күлдену процесінің айқындалуымен байланысты. Тұнба құрамына
каолинитті жəне монтмориллонитті минералдары, сондай-ақ ги-
дрослюдалар, аморфты заттар мен жартылай оксидті минерал (гетит,
гиббсит) топтары кіреді.
Құба орманды топырақтың кескіні бойынша үйінді құрамы
өзгермейді.
Құба орманды топырақтың типтестері қасиеттеріне қарай:
гумустылығына, pH, топырақ құрылу процесінің бағытына қарай,
сыйымдылық дəрежесіне байланысты өзгешелеу.
Қолданылуы. Қалыпты жағдайда қоңыр орманды топырақ
ормандардың жоғары өнімділігімен қамтамасыз етеді жəне олардың
орман өсімдіктерінің қасиеттері жоғары бағаланады. Жоғары
гумустылық, жағымды су-ауа режимі топырақтың қоректі заттар-
мен, яғни өсімдіктердің жоғары өнімділігімен қамтамассыз етеді.
Таулы аймақтардағы еңісті жер бедерінде эрозияның пайда болуын
334
ескеру қажет. Жарлауыттарда жаппай ормандарды кесу, кесілген
бұталардың жиналуы, сондай-ақ жүйесіз мал бағу эрозияның да-
муына жəне топырақ қабатының жоғалуына əкеледі. Осыған орай
топырақты эрозиядан қорғауға байланысты комплексті іс-шаралар
жүргізу қажет.
Бедердің жағымды жағдайларында қоңыр орманды топырақтар
жоғары өнімді алқапқа айналады. Олар көбіне егістік дақылдарға,
көпжылдық жеміс-жидектілерге жарамды. Жыртылған қоңыр ор-
манды топырақтарда гумустың жылдам минерализациялануы,
олардың негіздермен қанықтылығы төмен болғандықтан өнімділікті
жоғарылату үшін ауысымды əктеуді, органикалық жəне минерал-
ды тыңайтқыштарды топыраққа енгізуді қажет етеді. Жалпы бұл –
тиімді өнімділікті сақтаудағы шараларды аз мөлшерде жүргізетін,
көп мақсатта пайдаланатын топырақтар.
12.15. Орманды-дала зонасының орманды сұр топырақтары
Орманды-дала зонасындағы сұр жəне сілтісізденген қара
топырақтары. Күлгін топырақты зона мен қара топырақты
зоналардың арасында жіңішке болып ирелеңдеп, батыстан шығысқа
қарай созылып, өтпелі зона – орманды-далалы, орманның сұр жəне
шалғынды-даланың сілтісізденген қара топырақтары жатыр. Бұл –
негізінен ормандар мен ормансыз шалғынды шөп өсетін алқаптардың
топырақтары. Жалпы орманды дала зонасының көлемі 150 млн гек-
тардай немесе ТМД елдерінің 6,8%-ын қамтиды.
Орманды территорияларда орманның сұр топырағы, ал ормансыз
жерлерде шалғынды қара топырақ пен сілтісізденген қалың қабатты
қара топырақ таралған.
Ауа райы орманды зонадан жылылау, ал далалы зонадан
салқындау. Зонаның батыс бөлігі жылырақ жəне жауын-шашын
молырақ, ал шығысқа қарай күн суыта түсіп, ылғал мөлшері азаяды.
Емен өскен жердегі сұр топырақ мынадай болады:
А0 – орман төсеніші 2-4 см, қара қоңыр түсті, топырақпен аралас;
А
1
– қалыңдығы 20-25 см, түсі қара сұр, өсімдік тамырлары көп
таралған;
А
2
– қалыңдығы 20 см-дей, сұр немесе қоңыр сұр түсті, аздаған
күлгін тартады;
335
В – қоңырлау түсті, нығыздалған иллювиалды қабат, қалыңдығы
90-130 см-ге жетеді;
С – ақшыл қоңыр, В горизонтынан тілім-тілім болып кейбір
жолақшалар түседі.
ТМД елдеріндегі суббореалдық белдеудің жылылау əрі ылғалы
молырақ мұхит секторларына жақын орналасқан Батыс Еуропа мен
Қиыр Шығыстың кең жапырақты ормандары түбінде орманның
құба (бурые) топырақтары түзіледі. Батыста бұл Карпат тауларының
етектері, Калининград облысының жерлерін, Беларусь пен Литва
мемлекеттерінің батыс бөліктерін, шығыста теңіз жағалау өлкесінің
таулары арасындағы ойпаттарын, Хабаров өлкесінің жəне Амур
облысының оңтүстіктерін қамтиды. Бұл топырақтардың жалпы көлемі
20 млн гектардай жерді алып жатыр. Ал таулы құба топырақтар Кавказ-
да, Қырымда, Карпат пен Сихот-Алин тау белдеулерінде орын алған.
Бұл зонаның топырақтарында қоректік заттар мол, физикалық
қасиеттері қолайлы, құнарлы келеді. Орманның сұр топырағының
құрамындағы қара шіріндінің мөлшері 2-6%, ал шалғынды қара
топырақтарда қара шірік 10%.
Бұл зона егістік үшін жақсы игерілген. Игерілу жөнінде қара
топырақты зонадан кейінгі орынды алады. Зонаның 40% астамы
жыр тылған жерлер. Негізінен бидай егіледі. Зонаның көп жерін
орман алып жатыр. Зонаның негізгі жерлері Ресей мен Украинаға
тиесілі. Қазақ станның ең шеткі терістігінде бұл зонаның бір азғантай
бөлігі кездеседі.
12.16. Құрғақ дала мен жартылай шөл даланың топырақтары
Қара топырақты шалғынды-дала зонасының оңтүстігіне қарай ауа
райы құрғақтай бастайды. Бұл алқаптардың ауа райы жылы. Ауадан
түсетін ылғалдан булану мөлшері де мол. Ылғал мөлшері жылына
200-300 мм-дей. Осыған орай, өсетін өсімдіктер де өзгереді. Қалың
өсетін бозды-бетегелі даланың орнын сирегірек өсетін бетегелі-
жусанды құрғақ дала басады. Осының əсерінен өсімдіктердің
топыраққа түсетін қалдықтары да азайып, қара шірінді мөлшері
кемиді, қара топырақтың түсі қара қоңырға өзгереді.
Құрғақ даланың зоналық топырағы – қара-қоңыр. Жалпы көлемі
107 млн гектар, яғни ТМД елдерінің 4,8%-ын алып жатыр. Негізгі
көлемі Қазақстан территориясында.
336
Қара шірінді мөлшері бұл топырақтарда 4% арасында. Қара
қоңыр топырақтың морфологиялық құрылысы төмендегідей:
А – 0-20 см, қара қоңыр түсті, нығыздалған, 35-45 см-ден əк
кездеседі.
ВС – 50 см-ден төмен ашық ақшыл, көптеген əк қосылыстары бар.
С – 100-120 см-ден гипстелген аналық тау жынысы қабаттары
кездеседі.
Бұл зонаның өзі де терістіктен оңтүстікке қарай жылжыған са-
йын бірнеше зонашаға бөлінеді. Зонаның ең солтүстік бөлігінде
күңгірт қара-қоңыр топырақ, орталығында жай қара-қоңыр
топырақ, ал оңтүстігінде ашық қара-қоңыр топырақтар кездеседі.
Ең терістігіндегі зонаша құрғақтау дала саналса, ортасындағы зона-
ша – нағыз құрғақ дала, ал зонаның оңтүстік шеткі бөлігі жартылай
шөл (шөл дала) зонашасының үлесіне тиеді. Бұл топырақтарды пай-
далануды Қазақстан мысалында қарастырамыз.
Ауа райының құрғақтығынан зонаның басым бөлігін жайылым
алып жатыр. Зонада сортаң жəне сорланған топырақтар мол. Деген-
мен, күңгірт қара қоңыр, жай қара қоңыр топырақтар зонашаларының
кейбір аймақтарында жыртылған жер көлемі бұл зонашалардың 20-
30%-ға жуығы құрайды.
12.17. Сорланған топырақтар
Сор топырақ, орманды дала, дала, шөлейт жəне шөлді
аймақтардағы құрғақ климат жағдайында топырақтың тұздануы
нəтижесінде қалыптасады. Құрамында суға тез еритін тұздар көлемі
1%-дан артық болады. Сор топырақ 2 типке бөлінеді: автоморфтық
сор топырақ жер бетіне ежелгі тұзданған жыныстардың шығуынан
қалыптасады, құрамында тез еритін тұздардың көлемі 0,5-1%-
ды құрайды (сульфаттар, хлоридтер), гидроморфтық сор топырақ
минералданған топырақ – жер қыртысы суларының жер бетіне
жақын орналасуы, олардағы тұздардың булануы барысында
жоғарғы горизонтта 6-8%, одан да көп мөлшерде тұздардың жина-
луы жағдайында дамиды. Қолдан суарған кезде жерасты ағысы жоқ
немесе ағысы өте нашар жерлерде көп ұзамай жерасты ыза сулары
пайда болып, олардың деңгейі жоғары көтеріліп, бетіне жақындап,
буланып, топырақ бетінде мол тұздар қалдырады. Бұл жағдайды
337
топырақтың екінші сорлануы, яғни жерді суарумен байланысты сор-
лану деп атайды. Құрамында тұзы мол сор топырақ немесе тұзы аз-
дау сорланған топырақтар онда өсетін өсімдіктер үшін өте зиянды.
Сор топырақта тұздардың деңгейі жоғары болса, өсімдіктер өнімі
соғұрлым төмен болады. Сондықтан суармалы егіншілік жағдайында
топырақтың сорлануымен күресу – басты мəселелердің бірі. Жера-
сты ағысы нашар алқаптарда сорланған топырақтарды тұщы сумен
шайып, ыза суларды қолдан қазылған кəрізді-коллекторлы жүйелер
арқылы басқа жаққа ағызу қажет. Жалпы сор топырақ өзінше белдем
түзбейтін, белдемаралық топырақтарға жатады. Сор топырақтарды
қолдан жақсартпайынша, оларды ауыл шаруашылына пайдалану
тиімсіз. Орталық Африкада, Австралияда, Солтүстік Америкада, Ка-
спий жағалауларындағы ойпаттарда, Солтүстік Қырымда, Орталық
Азияда, Қазақстанда таралған.
12.18. Шөл зонасының топырақтары
Терістік суық шөлді зонаның топырақтары. ТМД елдерінің
оңтүстігінде түсетін ылғал мөлшері өте аз, сондықтан да мұнда
биологиялық тіршілігі шамалы дамыған шөлді зона кездеседі.
Шөлді зона ТМД елдерінің барлық жер көлемінің 9-10%-ға
жуығын алып жатыр, көлемі 220 млн гектардан асады, оның ба-
сым көпшілігі Қазақстан мен Орта Азия республикаларында, ша-
малы бөлігі Каспий жағалауының терістік батысындағы Астрахань
облысының территорияларында.
Бұл зонаға күн сəулесі мол түседі, вегетациялық уақыт, ұзақ қорек-
тік минералдық заттар жеткілікті, ал жеткіліксізі – тек ылғал мен орга-
никалық заттар. Ауадан түсетін ылғалдың жылдық мөлшері 80-120 мм,
ал жерден булану мүмкіндігі бұдан 10-15 есе артық. Бұл өсімдіктердің
қалыпты өсуіне жеткіліксіз: Мұнда шөлге бейімделген кейбір сирек
өсетін бұта, сор шөптер шығады, ал кейбір жерлерде ол да жоқ.
Топырағында қара шірінді өте аз (0,5-1,5%) болғандықтан, оның
түсі ақшыл, бозғылт болып келеді. Зонаның терістік бөлігінде
негізінен жусанды шөптер өсіп, онда құба (бурые) топырақ, ал
зонаның оңтүстік бөлігінде жусанды-соршөптер басым, мұнда сұр
құба (серобурые) топырақ түзілген.
Бұл аймақтағы топырақтарда сулану аз, булану көп болғандықтан,
22–1427
338
топырақ құрамында карбонаттар, гипстер, суға тез еритін басқа да
тұздар мол.
Шөлдің көп жерлері жайылымды жерлер. Бұл аймақтарда өсуге
жайылымдық сор шөптер бейімделген. Мұнда түйе, қой шаруашылығы,
əсіресе, қаракөл тұқымын өсіру жақсы жолға қойылған. Бұл зонада
тақыр мен құм басып жатқан жерлер де жеткілікті. Бұл зонаның жерін
пайдалану жөнінде төменде толығырақ айтылады.
12.19. Тау етегіндегі шөл даланың,
құрғақ субтропиктердің топырақтары
Оңтүстік тау етектеріндегі шөлді даланың сұр топырақтары
Бұл топырақтар ТМД елдерінде негізінен Орта Азия республи-
калары мен Оңтүстік Қазақстан облыстарының тау етектері мен
тау баурайларында орын алған. Бұл топырақтардың аздаған көлемі
Əзербайжан республикасындағы таулар аралығы мен етектеріндегі
Кура-Аракс ойпатында кездеседі. Субтропикалық белдеуге
жатқызылу себебі бұл топырақтар зонасында жаз ыссы əрі ұзақ бо-
лумен қатар, қысы да суық емес. Тіпті, Орта Азия мен Əзербайжанда
қыстың өзі жылы. Зонаның көлемі 32 млн гектар, яғни ТМД елдерінің
1,5%-ы. Бұл зонаның терістікке қарай орналасқан шөл зонасының
ерекшелігі ерте көктемде ылғалдың мол түсуі. Сондықтан ылғалдың
басым мөлшері ауаға буланбай жерге жақсы сіңеді.
Топырақ көбіне таулы алқаптарда орын алатындықтан,
табиғаттың, оның ішінде топырақтың биіктік белдеулігі (зонасының)
ең төменгі сатысы болып табылады. Сұр топырақтардың құрамын
алғаш зерттеп, оған осы терминді қолданған орыстың дарынды
топырақ зерттеушісі С. С. Неуструев (1910). Ол 1908–1914 жыл-
дары патшалық Ресейдің халықты жаңа жерлерге қоныстандыру
басқармасында қызмет істеп жүрген кездерінде Шымкент қаласының
төңірегінде осы топырақ типін анықтаған.
Орта Азияның сұр топырақтарын жан-жақты терең зерттеген
профессор А. Н. Розанов (1951).
Табиғи жағдайда ерте көктемгі ылғалды жақсы пайдалануға
бейім, тез пісіп жетілетін өсімдіктер (эфемерлер) қалың бітік өседі.
Топырақтағы гумус: мөлшері 1,5-3,0% шейін болады. Əдетте, сұр
топырақтар типі, үш зонашаға бөлінеді: күңгірт, кəдімгі жəне ашық
339
сұр топырақтар. Неғұрлым тауға жақынырақ болған сайын онда жа-
уын-шашын да молырақ түсіп, өсімдіктер қалыңырақ өседі, бұл зо-
нашада күңгірт сұр топырақтар түзілуін қамтамасыз етеді. Таудан
алыстаған сайын жауын-шашын мөлшері кеміп, оның шөл зона-
сына өту шекарасындағы зонашада ашық сұр топырақтар түзіледі.
Ескеретін жай, барлық тау етектерінде осы айтылған топырақ зо-
нашалары түгел кездесіп, бірін-бірі ауыстыра бермейді. Кейбір зо-
нашалар аймақтың табиғи жағдайларына, ең бастысы таулардың
көлемі мен биіктеріне, т.б. байланысты түсіп қалады.
Сұр топырақтар жербеті жəне жерасты ағындарымен жақсы
қамтамасыз етілгендіктен, олардың құрамында зиянды тез ерігіш
тұздар болмайды.
Əдетте, сұр топырақтар пішіні төмендегідей:
А 0-15-20 см шымды-қара шірінді қабат. Көктемгі жауын
əжептəуір мол болғандықтан, эфемер шөптер қалың өсіп, топырақ
бетінде 0-5-7 см шымды қабат түзеді. Қабат биігірек жатса, күңгірт
сұр, ал таудың ең алысырақ шетінде орналасса, ашық сұр түсті келеді.
Механикалық құрамы шаңды-сазды. Құрылымы бос. Шөптері жақсы
тамырланған.
В 20-60 см иллювиалды-карбонатты, түсі ашық сұр, көбіне,
карбонатты қосылыстар кездеседі, құрылымы бос. Механикалық
құрамы шаңды-сазды. Өсімдіктері шамалы тамырланған.
ВС 60-80 см сары түсті, шаңды-сазды. Құрылымы бос, карбонат-
тармен қатар гипс те кездеседі.
Ауыспалы-ылғалды құрғак-шөпті-орманды жəне субтропикалық
саванналы облыстардың топырақтары.
Бұл алқаптардың зоналық топырақтары қоңыр жəне сұр-қоңыр
түсті. ТМД елдеріндс бұл топырақтар негізінен таулы аудандардың
құрғақ шөпті-орманды жəне сирек орманды жерлерінде кездеседі.
Бұл зонаға негізінен Жерорта теңізі аймағына тəн климат, яғни
ылғалды, жылы қыс, құрғақ, жазы ыстық, ал қар жамылғысы өте
аз немесе тіпті, жоқ. Сонымен қысы мен жазының гидротермика-
лык режимдері əрқалай. Қысы ылғалды əрі жылы мерзімде алғашқы
минералдар белсеңді түрде үгіліп, балшықты гидрослюдалы
монтмориллонитті-илитті құрамды екінші минералдар түзіледі.
Жалпы қоңыр (қызыл қоңыр) топырақтардың морфологиялық
пішіні төмендегідей:
А – 0-35 (50) см қара шірінді қабаты, түсі қоңыр, кесекті-капролитті
340
құрылым. төмендеген сайын кесекті-жаңғақты құрылымға ауысады,
механикалық құрамы төмендеген сайын ауырлана бастайды.
В
1
– 40-80 см қатты балшықтанған, кальцийде қаныққан, түсі ашық
қоныр немесе тіпті, қызыл қоныр, құрылымы кесекті-жаңғақты.
Балшықтанған, карбонаттар шоғырланған қабатта түсі ашық,
қоңыр-құба, тығыз, құрылымы жаңғақты, карбонатты жаңа
түзілістердің қосындылары бар.
С – 100-120 см сары түсті, механикалық құрамы жеңілденеді,
карбонаты да азаяды. Балшықтану процесі сұр қоңыр топырақтарда
ылғалдың азаюына байланысты тежеледі.
Жалпы қоңыр жəне сұр қоңыр топырақтар – табиғи күйінде
құнарлы топырақтар. Олар тез пісетін. Азықтық, əсіресе,
жемісті дақылдар үшін егіншіліке кең пайдаланылады. Ал жаз-
да құрғақшылықта қосымша суарған жағдайда бұл топырақта
егілетін дақылдар өнімі арта түседі. Онда мақта, жүзімдіктер, бау-
бақша, темекі, көкөністер, т.б. дақылдар өсіп, жақсы өнімдер береді.
Тіпті, Өзбекстанның Бостандық ауданының қоңыр топырақты тау
беткейлерінде жабайы жемісті ағаштар, оның ішінде қымбатты
жаңғақ ағаштары өсіп, жемістер береді.
12.20. Ылғалды-субтропикалық жəне ормандардың топырақтары
Ылғалды-субтропикалық жəне тропикалық орманды белдеу. Мол
ылғалды субтропикалық зонаның қызыл жəне сары топырақтары.
ТМД елдерінің оңтүстік субтропикалық кейбір аудандарында өте
аз көлемді алқапта, дəлірек айтсақ, Грузияның батыс – Қара теңіз
жағалаулары мен (Аджария мен Абхазияда) Əзербайжанның оңтүстік-
шығыс шетінің Каспий жағалауларының біраз жерлерінде (Ленко-
рань ойпатында) табиғаттың ерекше кызыл жəне сары топырақтары
кездеседі, көлемі не бары – 0,6 млн гектар. Бұл алқаптарда жылу да,
ылғал да мол. Жылына түсетін ылғал 1000-2500 мм-ге жетеді. Ауаның
жылдық орташа температурасы 16-20, қыстың ен суық айы қаңтарда
орташа температура 8-І0-тан кемімейді. Осындай қолайлы жағдай
биологиялық тіршіліктің жыл бойына үзіліссіз дамуын қамтамасыз
етеді. Ағаш пен шөп түрлері де мол əрі олар басқа аймаққа қарағанда
мұнда жылдам өсіп, мол қалдықтар қалдырады. Өсімдік қалдықтары
микроорганизмдерлің жəне басқа майда жəндіктердің көптігінен тез
ыдырайды. Ауа райы жылы болғандықтан өсімдіктер, тірі жəндіктер
341
мен микроорганизмдер мұнда жыл бойы өмір сүруін тоқтатпайды.
Тіпті өсімдіктер қыста да гүл ашады.
Күннің жылылығы мен жауын-шашынның мол түсуінен тау жыныс-
тары мейлінше үгіліп, балшықтанып суға қатты шайылған. Мұндағы
тастар да «шіріп» кеткен секілді. Тіпті, қатты дауалы тау жыныстарын
пышақпен кесуге болады. Жыныстардың құрамында фосфор, күкірт,
кальций, магний, калий. натрий толық, ал кремний тотығы біршама шай-
ылып кеткен топырақ қабатында темір, алюминий, марганец тотықтары
мол, олар бүкіл топырақ – тау жыныстарының 50-70% түзеді. Осылар
топырақтарға ашық қызғылт түс беретіндіктен, оны қызыл топырақ не-
месе латериттер деп атайды.
Бұл топырақтар пішіндері төмендегідей:
А
1
– 0-2 см ағаштар жапырақтарының қалдықтары.
А – 2-25 (35) см сұр қоңыр, төмендеген сайын қызара бастайды,
құрылымы кесекті-жаңғақты, өсімдіктер тамырлары мол.
В – 80-100 см өзгертілген құба қызыл түсті қабат, тереңдеген
сайын түсі ашық қызылға ауысады, қабатта темір конкрециялары
кездеседі, механикалық құрамдары ауыр балшықты, қатты үгілген.
Топырақ ортасының реакциясы қышқыл, рН 4-5,5. Топырақтағы
басты негіздер шайылып кеткендіктен, топырақтардын сіңіру көлемі
шамалы. 100 г топыраққа не бары 12-15 мг экв.
Сіңірілген негіздер құрамында Аl – 60-80% орын алса, қалғаны
сутегі (Н) үлесіне тиеді. Екеуі қосылып, сіңірілген негіздердің 85-
90%-ын түзеді. Өсімдік қалдықтары тез шіритіндіктен, пайда болған
қарашірік топырақ құрамындағы темірмен қосылып, берік қосылыс
құрайды да жауынға шайылмай, топырақта ұсталынып қалады,
сондықтан да қарашірік мөлшері бұл топырақтарда едəуір (7-8%),
бірақ тереңдеген сайын кеми түседі. Алайда, оның құнарлылығы
жақсы. Қарашірінді құрамында фульво қышқылы басым. Сондықтан
мұны фульватты-темірлі топырақ деп те атайды. Бұл аймақ
бұрынғы КСРО-ның негізгі субтропикалық дақылдар (шай, лимон,
апельсин, мандарин) өсірілетін бірден-бір ауданы.
ТМД елдерінде кездесетін негізгі зоналық топырақтарға
қысқаша сипаттама бердік. Бұл топырақтар түрлері кейбір табиғи
жағдайлардың ерекшеліктеріне қарай аздап өзгеруі ықтимал. Ал тау-
лы жерлердегі топырақтардың тік белдеулік өзгерулері ол таулардың
қай зоналарда, зоналардың қай секторларында орналасуларына бай-
ланысты (43-сурет).
342
43-сурет. ТМД елдерінің батыс бөлігінің негізгі көлденең зоналық
топырақтарының сызбанұсқасы. КСРО топырақ атласынан (1971)
Зоналар: 1 – тундра зонасының глейлі тундра топырақтары;
2 – орманды т ундра мен терістік орманды зонасының күлгінді-глейлі
топырақтары; 3 – орталық орманды зонасының күлгінді топырақтары;
4 – оңтүстік орманды зонасының шымды-күлгінді топырақтары; 5 – ор-
манды дала зонасының орманның құба, сұр топырақтары мен даланың
шалғынды жəне сілтісізденген қара топырақтары; 6 – дала зонасының
қара топырақтары; 7 – құрғақ даланың қара қоңыр топырақтары; 8 –
жартылай шөл мен шөл зонасының құба жəне сұр құба топырақтары;
9 – таулы аймақтардың топырақтары.
12.21. Тау аймақтарының топырақтары
Таулы алқаптың топырақтары. Қазақстан территориясында
жазық жерлердің көлемі таулы алқаптармен салыстырғанда көп.
Дегенмен, республиканың шығысы мен оңтүстік шығысында біраз
жерлерді таулар алып жатыр. Олар – Шығыс Қазақстандағы Алтай
таулары, Алматы облысының оңтүстігіндегі Жоңғар жəне Іле Алатау-
лары, Жамбыл облысындағы Қырғыз Алатауы, Оңтүстік Қазақстан
облысындағы Қазығұрт пен Қаратау таулары. Енді Іле Алатауы мы-
салында тау етегінен жоғарылаған сайын топырақ түрлерінің сипат-
|