356
Біздің шамалауымызша ол жерлердің кемінде жартысы бүлінген
жəне ластанған жерлер. Бұл жерлер негізінен Атырау, Батыс
Қазақстан, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Маңғыстау, Оңтүстік
Қазақстан, Қызылорда облыстарында орын алған.
Бұзылған, шаңы шыққан жерлер қатарына бүлінген жайылым
жерлер де жатады. Жайылымдардың тарлығынан олардың біркелкі
суландырылмағандығынан қыстау мен мал суаратын жəне елді
мекендер төңірегіндегі миллиондаған гектар жайылымдар «тұяқ
тесті» алқаптарға айналған. Ауылшаруашылығы айналымына жа-
рамай қалған жайылымдар көлемі академикі А. Асановтың (1991)
мəліметіне қарағанда, 15 млн га, ал өнімі көп кеміп, бүлінген
жайылымдардың жалпы көлемі 60 млн гектардан асады.
Өнімділігі көп кеміп, бүлінген жерлер қатарына біздер тағы да
ауыр техника мен транспорт салмағымен бұзылған жəне мұнай-битум
қалдықтарымен ластанған Каспий өңіріндегі жайылым жерлерді де
жатқызамыз. Шамамен, олардың көлемі 4-5 млн гектардай. Соны-
мен құнары қатты кеміп бұзылған, ластанған жерлер көлемі респу-
бликада 85-90 млн гектарға жетеді. Олардың құнарлығын қалпына
келтіру үшін əртүрлі топырақты қайта құнарландыру шараларын
қолдану қажет. Бұл шаралардың күрделілігі, мерзім ұзақтығы əр
жерде əртүрлі болады.
Ескеретін тағы бір жай, жерді қайта құнарландыру объектілеріне
су тасқынынан кейін сайлы-салалы, құм-тасты болып қалған
алқаптар жəне су астынан жаңа босаған жерлер де жатады.
Республикамыздағы мұндай бүлінген жерлерді қайта құнарландыру
жұмыстары жайында кітаптың соңғы бөлімінде тоқталмақпыз.
Қазақстандағы экологиялық апат аймақтары Балхаш көлі аймағы,
Арал теңізі аймағы, Каспий теңізінің терістік-шығыс алқабын
айтуға болады. Бұлардың ішіндегі экологиялық апатқа өте қатты
ұшырағаны Арал теңізі бассейні орналасқан жер.
Арал мəселесі, оның тағдыры, оған суын құятын екі үлкен
өзендермен – Əмудария жəнс Сырдариямен байланысты. Сонымен
күдіреті күшті Орталықтың су министрлігінің тікелей араласуы-
меи Орта Азия республикалары мен Қазақстанда мақта, күріш, т.б.
егістерін өрістету кездерінде өзен бойларында бірнеше су қоймалары
салынып, екі өзен сулары ауыздықталып егіс алқаптарына пайда-
ланылды. Сонымен, 1960 жылға дейінгі сақталып келген, өзендер
құятын сумен Арал айдынынан булану тепе-теңдігі бұзыла бастады.
357
Əрине, Арал қасіретін толық сипаттап жату мүмкін емес, сондықтан
тек бұл жайындағы қорытынды мəліметтерді келтірейік. Арал
деңгейі осы жылдар арасында 17-18 метрге төмендеді, теңіз жүздеген
шақырымға шегінгендіктен, су астынан босаған алқаптар теңіздің
бұрынғы көлемінің жартысына жуықтады. Теңізге құятын тұщы
судың күрт кемуінен теңіз суының тұздылығы көп артты. Бұрынғы
1 литрдегі 8-11 г тұз енді 30-35 г-ға жетті. Теңізде балық құрыды.
Құрғаған теңіз табанынан жел суырып ұшыратын тұз бен шаңның
зияны тек Қызылорда облысы, Қазақстан ғана емес, əлемнің талай
түкпірлеріне баратыны туралы деректер келіп түсуде. Сондықтан
Арал қасіретін тек жергілікті емес, дүниежүзілік қасірет деп түсіну
керек.
Арал қасіретіне тікелей ұшыраған Қызылорда облысы түгелдей,
Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан жəне Қарағанды облыстарының Арал
бассейнімен шектескен аймақтары үкіметіміздің шешімі бойын-
ша экологиялық апат аймағы болып жарияланды. Арал апатын
халық бұрынырақ сезген еді, бірақ оған араша түсу орталықтың
құдіреті күшті кезде мүмкін болмады. Оның үстіне «шегініп бара
жатқан Аралды жуырда келетін Сібір суымен «толтырамыз» де-
ген үміт бар еді. Тек 1986 жылы орталык көптен айтылып келе
жатқан мол сулы Сібір өзендерінің суын Орта Азия мен Қазақстанға
бұру жөніндегі жобаларды үзілді-кесілді тоқтатқаннан кейін бүкіл
Арал аймағындағы халық «Аралға араша», «Арал тағдыры – адам
тағдыры» деген ұрандарды айта бастады. Бірақ бұл тілектің орын-
далу уақыты өтіп кеткен еді. Арал аймағы экологиялық апатқа
көптен ұшыраған-ды. Енді Аралды бұрынғы қалпына келтіру іс
жүзінде мүмкін емес. Əңгіме – экологиялық жағдайды əрі қарай
ушықтырмау үшін ең болмағанда теңіз деңгейін осы қалыпта сақтау
жайында болып жүр. Арал апатының халық шаруашылығына, адам
өміріне тигізген зияны көптен бері айтылып келеді. Сырдария суы
Аралға шамалы жеткенімен, жалпы Қызылорда облысының халық
шаруашылығына, оның күріш тағы басқа егістеріне, мұқтаждарына
негізгі өзек болып отырғаны шындық. Бірақ «су басындағылар су
ішеді, су аяғындағылар у ішеді» дегеннің кері келіп, дарияның суы
бүкіл Өзбекстан, Оңтүстік Қазақстан жерлерін басып өтіп, ондағы
мақта, тағы басқа егістіктерді «химияландырудың» əсерлерін өзімен
бірге ала келеді. Аралға жақындаған сайын дария суына облыстың
жоғарғы аудандарындағы күріш, тағы басқа егістіктерді «химиялан-
358
дыру» əрекеттерінің «жемістері» қосыла береді. Судың тұздылығы
артып, оның химиялық құрамы нашарлап адамнан бастап бүкіл
тіршілікке, жер экологиясына қатты зиянын тигізуде. Ол туралы
нақтылы материалдар баспасөзде айтылып жүр.
Арал бассейніндегі апат теңіздің шегінгенінен, Каспий
аймағындағы апат, керісінше, теңіз деңгейінің биіктеуінен, құрғақ
жерлерді басып, өзінің көлемін ұлғайтуға байланысты болып отыр.
Осыған қарап, табиғатта тепе-теңдік заңы жоқ деп қалай айтасың?
Егер біз Аралға құятын суларды ауыздықтап, егістік суаруға мол
жұмсағандықтан, теңіз деңгейі төмендейді десек, ал Каспий теңізі
туралы болжам ақталмады. Бұрынғы Одағымыздың көптеген
ғалымдары Каспийге құятын Еділ, Жайық т.б. өзендердің суларын
ауыл шаруашылығына мол пайдалану таяу болашақта бұл теңіздің
де деңгейін төмендетеді деп болжам жасаған еді. Бұл жағдайдың ал-
дын алу үшін мол сулы терістік өзендерін (Печора, Солтүстік Двина)
Еділгс қарай бұру туралы кезінде жобалар да жасалды.
1970 жылдың соңынан бастап теңіз денгейі төмендеуінің орны-
на, керісінше, біртіндеп биіктей бастады. Сонымен 1978 жылдан
бері қарай теңіз деңгейі 2 м-ден астам биіктеді, ал оның көтерілуі
тоқтар емес. Кейбір ғалымдардың болжауынша, теңіздің биіктеуі
XXI ғасырдың ортасына дейін созылмақ. Сонда мұндай таңғажайып
оқиғаны немен түсіндіруге болады? Бұл жайында əр түрлі
көзқарастар бар. Біздің ойымызша, бұл жайында көңілге қонарлық
мəліметті геология-минералогия ғылымының докторы, Түрікмен
Ғылым академиясының толық мүшесі К. Н. Аманниязов келтіреді
(1999). Ғалымның пікірлерін, Орталық Каспий Жерорта теңізі
белдеуінің салалас аймағына жатады. Ол Үлкен Кавказ бен Үлкен
Балқан құрылымымен жалғасып, су астындағы жер қабатының
тектоникалық əсері салдарынан біртіндеп көтеріліп келеді. Теңіз
денгейінің көтерілу «құпиясы» осында. Қазірдің өзінде жағалауы
жайпақ Атырау, Астрахань, Ленкоран, Манғыстау аймағын жəне
Түркіменстан мен Əзербайжанның біраз жерлеріне су жайыла бас-
тады. Ал теңіз одан əрі көтерілген сайын су басқан жер көлемі де
молайып келеді.
Теңіз денгейі пəлен метр көтерілді деп айтуға ғана жеңіл.
Шын мəнісінде көтерілген əрбір метр түгілі əр сантиметрінде
халық тағдыры жатыр. Себебі көптен қалыптасқан теңіз
жағалауында каншама халықтың мекен-жайы, өндіріс орындары,
359
халық шаруашылығының құрылыстары, қазба байлықтар, ауыл
шаруашылығына пайдаланатын қаншама жерлер бар. Осылардың
су астында қалуы нағыз экологиялық апат. Бұл апаттан жеңілірек
құтылудың жолдары К. Аманниязовтын еңбегінде баяндалған. Бұған
қоса Каспий өңіріндегі экологиясы бүлінген жерлерден басқа мұнай
мен газ барлау, өндіру кездерінде топырақ қабаттары бұзылған,
ластанған жерлерді де қосу керек.
Енді Балхаш көлінің аймағы туралы біраз сөз. Балхаш көлінің су
режимі өзін оңтүстік пен оңтүстік шығыстан қоршаған Іле, Жетісу,
Кетпен, т.б. таулардан жəне Қытай территориясынан басталатын
жеті өзенмен тікелей байланысты. Сондықтан бұл алқапты халық
көптен «Жетісу» алқабы деп атайды.
Ірі жеті өзенмен бірге суын Балқашқа құятын басқа да майда
өзендер толып жатыр. Дегенмен, Балқаш тағдырын шешетін негізгі
күре тамыр – Іле өзені. Басын Қытайдан алатын бұл өзен осы өңір дегі
ең мол сулысы. Балқаш көлін көрген академик Л. С. Берг оны «табиғат
таңғажайыбы» деген болатын. Осындай шөлді аймақ та бірнеше
ғасырлар бойы тұщы көлдің сақталуы, академикті таңғал дырған
еді. Кейінірек бұл құпиялық оқиғаның кейбір сырлары шешілді.
Біріншіден, Балқашка құятын өзендер өз бастауын таудың мұздары
мен қарларынан алады. Жол-жөнекей көп тұздана қоймайды, ба-
стауымен құятын көлге дейінгі ара қашық емес. Екіншіден, көлдің
барлық айдыны (акваториясы) түгелдсй тұщы емес екені анықталды.
Оның шығыс бөлігі əжептеуір тұзданған, ал оңтүстік батыс бөлігі –
мол сулы Іле өзені келіп құятын аймағы тұщы.
Ал 1960 жылдан бастап Іленің төменгі сағасын суармалы егіске,
оның ішінде суды көп қажет ететін күріш өсіруге пайдалануға бай-
ланысты Балқаш өңірінің экологиясы нашарлай бастады. Іле суын
ауыздықтап, Қапшағай су қоймасын жасау Іленің төменгі сағасындағы
аймақтарды құрғатып, сол аймақтағы мал шаруашылығына, онда-
тра, балық шаруашылығына өте үлкен зиян келтірді. Балқаш көлінің
деңгейі төмендеп, суы тұздана бастады. Көлдің арғы бетінде орнала-
сып, оның тұщы суын қажетке жаратып отырған республикамыздың
ірі өндіріс орталығы – кен-металлургия комбинатына, Балқаш
қаласына көп нұқсан келтіре бастады. Құрылысы 1970 жылы бітіп,
суға толтырыла бастаған Қапшағай су қоймасының жобалық көлемі
28 шаршы шақырым болатын, 1987 жылы, яғни 17 жылдың ішінде
көлдегі су деңгейі 2 м төмендеп, оның Балқаш қаласы тұсындағы
360
тұздылығы 2 еседей артты. Сөйтіп Балқаш көлін жоғалтып алу каупі
туды. Нəтижесінде «Балқашты сақтайық!» деген ұран баспасөзде,
теледидар мен радиода көтеріле бастады. Жұртшылықтың бұл
əрекеті елеусіз қалған жоқ. Сол кездегі əкімшілік, басшы органдар
Балқаш деңгейін одан əрі төмендетпеу үшін біршама игі істерді
жүзеге асырды. Біріншіден, су қоймасындағы су көлемін жобадағы
28 шаршы шақырымға жеткізбей, сол 1987 жылғы деңгейде – 13,5
шаршы шақырымда қалдыру. Екіншіден, бұдан əрі суды көп қажет
ететін күріш шаруашылығын өрістетуді тоқтату. Оның орнына су
аз жұмсалатын мал азықтық шөптер егіп, мал шаруашылығымен
айналысатын шаруашылықтар ұйымдастыру. Осындай шараларды
жүзеге асыру нəтижесінде көл деңгейі орта есеппен 340,7 м өлшемде
қалыптасты. Ал Балқаш өңіріндегі экологиялық жағдай одан əрі
онша төмендеген жоқ.
Біз бұл Қазақстан территориясындағы экологиялық апат
аймақтары туралы қысқаша шолуымызда республикамыздағы
барлық экологиялық мəселелерді қамтыдық деп айта алмаймыз.
Тың игеру кезіндегі жіберілген кейбір экологиялық қателер жайын-
да сол аймақтардағы жерлерімізді егіншілікке пайдалану бөлімінде
сөз болды ма? Ал атом жарылыстары мен «ғарыш қоқыстарының»
Қазақстанның экологиясына тигізетін əсерлерін толық зерттеу
болашақтың ісі.
13.2. Қазақстанның жазық территориялардың
көлденең зоналық топырақтары
Қазақстанның жазық алқаптарында климаттың, топырақтың
терістіктен оңтүстікке қарай өзгеруі табиғаттың көлденең
зоналық заңына бағынса, таулы алқаптардағы топырақ, климат
жағдайларының тау етегінен, таудың биік шыңына қарай өзгеруі
табиғаттың тік зоналық заңына бағынады. Енді біз Қазақстан тер-
риториясында кездесетін зоналық топырақтардың қысқаша сипатта-
масына жəне бұл топырақтарды ауыл шаруашылығында пайдалану
мəселелеріне тоқталамыз.
1) Республиканың қиыр терістігінде біраз территорияны
жеткілікті ылғалданған орманды-далалы зонаша алып жатыр.
Бұл зонашада ауадан түсетін ылғалдың орташа жылдық мөлшері
330-350 мм, жерден буланатын ылғалдың мөлшерімен шамалас,
361
ылғалдану коэффициенті бірге жуық. Жер беті жазық, ойпатты
келеді, сондықтан бұл аймақта ылғалды-шалғынды топырақтар
көп таралған, негізінен шайылған орманның сұр топырағы мен
шалғынды қара топырағы жəне сілтісізденген қара топырақтар
кездеседі. Топырақтың беткі қабатындағы қара шірінді мөлшері
8-9%. Зонаша негізінен Батыс Сібір ойпатында орналасқан. Мұнда
суарылмайтын егіншілік дамыған, негізінен жаздық бидай егіледі.
Картоп, көкөністер өсіріледі, етті-сүтті мал шаруашылығы дамыған.
Егістікке жарамды жерлердің барлығы түгелдей игерілген. Қалған
жерлері орман, шабындық пен жайылым үшін пайдаланылады.
Қазақстан территориясында бұл зонаша не бары 0,4 млн (республи-
ка жерінің 0,2%) гектар, зонаның негізгі бөлігі, терістіктегі Ресей
жерінде.
2) Осы зонашадан оңтүстікке қарай байтақ қара топырақты да-
лалы зона жатады. Өзінің топырағы мен климаттық жағдайына
қарай бұл зона екі зонашаға бөлінеді. Бұл аймақтың біразы Батыс-
Сібір ойпатында жатыр. Солтүстік Қазақстан облысының көпшілік
жері, Қостанай, Павлодар облыстарының терістік жағы, Ақмола,
Қарағанды, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының солтүстік
шеттері осы зонада орналасқан. Ылғал көбінесе күз жəне қыс ай-
ларында түседі, ал мамыр мен шілде аралығы біршама құрғақ бо-
лады. Егістік өніміне əсер ететін қатты құрғақшылық бұл аймақта
сирек қайталанады. Оның топырақтары мен топырақ зонаның Батыс
Сібір провинциясында кəдімгі қара топырақ жəне оңтүстіктің қара
топырағы кездесетді.
Егістікке жарамды жерлердің бəрі жыртылған. Бұл аймақта
негізінен суарылмайтын астық егіледі. Дегенмен, сортаң, сорланған
топырақтар жəне комплексті учаскелер күрделі мелиорациялауды, ал
жыртылған жерлер фосформен тыңайтуды қажет етеді. Бұл зонаның
көлемі – 25,4 млн гектар, яғни республика жерінің 9%-ға жуығы. Бұл
алқаптың көп жері 1954-1958 жылдары тың игеру кезінде астықты
дақылдар үшін жыртылды.
2) Кəдімгі топырақты зонаша республиканың 11,7 млн гекта-
рын, яғни барлық жерлердің 4,3%-ын алып жатыр. Ауадан түсетін
ылғал 300-330 мм. Негізгі топырақтары – кəдімгі ортагумусты қара
топырақтар. Топырақ қарашіріндісінің мөлшері беткі 0-10 см қаба тын-
да 7-8%, табиғи күйінде құнарлы топырақтар. Егістік өніміне əсер
ететін құрғақшылық орта есеппен он жылда бір рет қайталанады.
362
3) Оңтүстік қаратопырақты зонаның көлемі 13,7 млн гектар, рес-
публика жерлерінің 5,1%-ы. Ауадан түсетін ылғал жылына 280-300
мм, оның жылы уақытта түсетіні 150-180 мм. Топырақтардың басым
бөлігі азгумусты қара топырақтар. Топырақтың беткі қабатындағы
қарашірінді мөлшері 4-6%. Топырақтар жамылғысында сортаңдан-
ған, əктенген топырақтар түрлері басымырақ кездеседі. Егістік
өніміне əсер ететін құрғақшылық он жылда 2-3 рет қайталанады.
4,5) Қара топырақты далалы зонаның оңтүстігінде Қазақстан ба-
тысынан шығысына қарай-Шығыс Қазақстан облысына дейін созы-
лып құрғақ жəне шөлді-далалы қара қоңыр топырақты зона жатыр.
Оның көлемі 90,4 млн гектардай, яғни бұрынғы КСРО-дағы мұндай
зонаның 70% жерін қамтиды. Бұл аймақта Павлодар облысының
көп жері, Солтүстік Қазақстан облысының батыс жағынан біраз
бөлігі, Қостанай, Ақмола облыстарының көпшілік жері, Ақтөбе,
Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының көп
жерлері орналасқан.
6) Шөлді-далалы зонаша солтүстіктегі далалы аймақ пен
оңтүстіктегі шөлді аймақтың аралығында жатыр. Сондықтан бұл зо-
нашада солтүстіктегі далалы зона мен оңтүстіктегі шөлді зонаның
табиғи ерекшеліктері кездеседі. Климаттың құрғақ болуына байла-
нысты мұнда өсетін шөптердің түрлері аз, əрі сирек. Топырақтың
құнарлылығы кем, əсіресе, оның құрамындағы қарашірік аз, топырақ
түсі ашық қара-қоңыр, көбінесе сортаңданған. Ауадан түсетін ылғал
мөлшері жылына орташа есеппен, 180-210 мм-ақ, бұл егістің өнімді
шығуын қамтамасыз ете алмайды.
7,8) Жартылай шөлді зонашаның оңтүстігін кең алқапты шөл
зонасы алып жатыр. Бұл зонада Батыс Қазақстан облысының біраз
жері, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстары түгелімен, Ақтөбе,
Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының
біраз жерлері, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының
басым көпшілік жерлері орналасқан. Бұл алқапта ауадан түсетін
ылғал мөлшері өте аз. Ылғалдану коэффициенті 0,1-0,05-ке шейін
кемиді. Жылына түсетін ылғалдың мөлшері 80-150 мм-дей. Үсіксіз
уақыттың ұзақтығы 170-220 күнге жетеді. Күні бұлтсыз, ыстық, 100-
дан жоғары болатын күндердің температура қосындысы Түркістан
маңында 4700 градусқа жетеді. Бұл аймақ нағыз шөлдің өзі. Жерге
тек ерте көктем мен күздің соңғы айларында ылғал түседі. Сондықтан
өсімдік тіршілігіне екі биологиялық тыныштық кезең өтеді, оның
363
біріншісі қыстың суық, екіншісі, жаздың құрғақ кезінде болады.
Өсімдіктер мен табиғаттың осындай қысымшылығына бейімделген.
Онда: сирек шығатын бұташалар, жусан жəне кейбір сортаңданған,
сорланған топырақтарға бейімделген шөптер өседі. Өсімдік си-
рек шығатындықтан, олардың топырақта қалдыратын қалдықтары
да мардымсыз. Сондықтан топырақта қарашірік аз, оның мөлшері
топырақтың беткі қабатында не бары 1-1,5%. Осының салдарынан
топырақ түсі бозғылт тартып, өзін түзген тау жынысына ұқсайды.
Бұл зона екі: а) сор шөпті жусан өсетін құба топырақтар, терістік
шөл; б) жусанды сор шөптер өсетін сұр құба топырақтар, орталық
шөл болып зонаға бөлінеді. Сонымен қатар екі зонашада, əсіресе,
соңғысында тақыр түсті топырақтар мен тақырлар, үйме құмдар
жəне сорланғар жерлер көптеп кездеседі.
Аймақ негізінен мал жайылымына қолайлы. Мұнда тек суар-
малы егістіктен ғана өнім алынады. Өзен бойларында орналасқан
тақыртүстес топырақтар күріш егуге ыңғайлы. Топырақ құнарлылығы
аз болғандықтан, суарған кезде азотты, фосфорлы жəне органикалық
тыңайтқыштарды қолдану керек. Шөл аймағы Қазақстандағы ең мол
жерді алып жатыр. Оның көлемі 119 млн гектар, яғни республика
территориясының 44%-ға жуығы. Жалпы жартылай шөл мен шөл зо-
наларын сипаттай келіп, ол алқаптарды өнімсіз, құнарсыз деп айтуға
əсте болмайды. Өйткені осы жердің ыстығына бейім, сорланған
топырақтарда өсетін сор шөптерді қой малы, оның ішінде қаракөл
қойлары, «шөл кемесі» атанған түйе малдары сүйсіне жейді. Ал мұнда
қолдан су беріп, мелиорация шараларын қолданған кезде, шөлдің
ұзақ күнін ұнататын кейбір қымбатты дақылдар, суға да қанығып мол
өнімдер береді. Дегенмен осыған қарап, барлық шөл жерлерді бау-
бақшаға айналдыруға болады деген қиялға берілмеген абзал. Себебі
қоғам үшін шөлдер шөл күйінде де қажет. Табиғатта бір жер шөл болып
бірін-бірі толықтыратын, бірін-бірі теңгеретін заңдылық.
13.3. Сортаң топырақтар
Елуінші жылдары басталған тың игеру эпопеясынан кейін
Қазақстанда бос игерілмей жатқан жақсы жерлер қалмады. Ал
қосымша күш жұмсап, жерді жақсартып пайдалануға болатын-
дай етіп игеретін жерлер жеткілікті. Сондай жерлердің бірі –
сортаңданған жерлер.
364
Сортаңданған жерлер – тұзданған жерлердің бір түрі. Бұл
жерлердің шын мəнісінде сорланған топырақтарға қарағанда жоғары
кабаттарында өсімдіктердің өсуіне зиян келтіретін ащы тұздары жоқ,
олар кезінде бар болғанымен, кейін жауын-шашынмен жуылып,
топырақтың төменгі қабаттарына шайылып сіңіп кеткен. Деген-
мен, кезінде суға ерігіш тұздардың құрамындағы натрий катионы
топырақтың құрамына еніп, барынша қанығып, сіңіп қалған. Бұл
жерлерде топырақтың сіңіру құрамының 20%-дан астамы осы на-
трий катионының үлесіне тиеді. Мұндай жерлерді егістікке иге-
руге қиындық келтіріп тұрған – осы натрий катионы. Құрамында
натрийі мол топырақтарда органикалық жəне коллоидты мине-
ралды бөліктер бірігіп, байланысу орнына, ылғалдан ісініп, ыды-
рап, сумен төмен шайылады. Осының нəтижесінде топырақтың
жоғары қабатындағы құнарлы заттар төмен ығысып, жоғары
қабаттың түсі кремнийге байығандықтан бозғылт тартады, оның
есесіне топырақтын төменгі қабаты ұнтақталған коллоидты
жəне органикалық қосылыстарға қанығып, түсі қара қонырға ай-
налады, ал оның реакциясы сілтілі болады. Су тиген кезде бұл
қабаттың көлемі ісініп, жібіп, батпаққа айналады, ал кепкен кезде
құрылымы ірі кесекті, бағаналы болып, қатып қалады. Бұл қабатта
суға ерігіш тұздар жоқ, ал төменгі қабатта жоғарыдан шайылып
сіңген тұздар жеткілікті. Осы тұздардан жоғары жатқан сорланған
қабаттың физикалық қасиеттерін алдын ала жақсартпайынша,
мұндай жерлерден жақсы өнім алуға мүмкіңдік жоқ. Қазақстанда 75
млн гектардай сортаңданған жерлер бар.
Қазақстанның сортаңданған жерлерін зерттеу жұмыстары 1956
жылы басталған еді. Бұл жұмыстарды Қазақстан Республикасы
ҰҒА-ның Топырақтану институты негізінен үш бағытта жүргізген
болатын.
1. Сортаңданған жерлерді картаға түсіріп, агромелиоративтік
қасиеттерін анықтау үшін территориялық зерттеулер жүргізу.
Сортаң топырақтың əртүрлі табиғи аймақтарда орналасуына,
агромелиоративтік қасиеттеріне қарай оларды игеру, жақсарту
жолдары да əрқилы. Сондықтан сортаң жерлерді алдымен картаға
түсіріп, олардың əрқайсысының шекараларын анықтау қажет.
Мұндай жұмыстарды Қазақстанның терістігі, орталық жəне
шығысында Топырақтану институтының ғалымдары, батысын-
да кезіндегі Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылым академиясы
|