ОҚулық Алматы, 2013 2 Əож кбж қ



Pdf көрінісі
бет4/37
Дата27.02.2017
өлшемі5,39 Mb.
#5017
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37

37

 

налды.  Оларда  өсетін  өсімдіктер,  мекендейтін  жəндіктер  көбейді, 



төменгі  сатыдағы  өсімдіктермен  қатар,  жоғары  сатылы  өсімдіктер 

өсіп, тірі жəндіктер мен жануарлар пайда болды.



Топырақ  түзілу  процесінде  биологиялық,  экологиялық 

факторлардың рөлі төмендегідей жіктеледі.

1.  Жоғары  өсімдіктер  əрекеті:  топырақ    өсімдік  жүйесіндегі 

химиялық 

элементтердің 

айналымын 

жəне 


топырақтың 

органикалық затының синтезін қамтамасыз етеді.

2. Топырақ жануарларының əрекеті: өлі органикалық заттарды 

бұзып  жəне  түрлендіріп,  топырақтың  химиялық  жəне  физикалық 

қасиеттеріне зор əсер етеді.

3.  Топырақ  микроорганизмдерінің  əрекеті:  топырақтың 

органикалық  жəне  біраз  мөлшерде  минералды  затын  тереңдете 

түрлендіреді.

Топырақты  мекендейтін,  онда  өсіп-өнетін  организмдердің 

молдығы  топыраққа  жай  ғана  əсер  етіп  қоймай,  топырақтағы 

қосылыстардың  бағытына,  олардың  қасиеттеріне  зор  ықпал  етті. 

Мəселен, топырақтың əр зонада орналасуына қарай, олардың əрбір 

грамында  мыңдаған,  миллиондаған,  тіпті,  миллиардқа шейін ми-

кроорганизмдер  кездеседі.  Олар  да  өнеді,  өседі,  өледі  (14, 15-су-

рет). Топыраққа түскен бүкіл органикалық заттарды ірітіп-шірітіп, 

ыдыратып, оларды əртүрлі газдарға, минералды заттарға бөлетін, 

органикалық  заттардан  күрделі  топырақ  шіріндісін  (гумусты) 

түзетін де осы – микроорганизмдер.



Өсімдік-топырақ жүйесіндегі органикалық заттың динами-

касын бағалау көрсеткіштері:

Биологиялық масса  өсімдік қауымдастықтары тірі органикалық 

затының жалпы мөлшері.



Өлі органикалық зат  өсімдіктердің өлген бөліктеріндегі жəне 

топырақта жиналған түсу өнімдеріндегі органикалық зат мөлшері.



Жылдық өсім  өсімдіктің жер беті жəне жерасты бөлігінде жыл 

ішінде өсіп қосылған органикалық зат массасы.



Түсінді  (опад) –  жыл  ішінде  өлген  органикалық  заттың  аудан 

бірлігіне шаққандағы мөлшері (əдетте ц/га) 

Өсімдіктер  топырақтан  сіңірген  күлдік  элементтер  (С,  О, 

Н, N-тан  басқа  химиялық  элементтер)  оның  органикалық  заты 

құрамына кіреді. Өлгеннен кейін органикалық зат топыраққа түсіп 

микроорганизмдер əсерінен терең түрленуге ұшырайды, ал күлдік 



38

элементтердің  басым  бөлігі  өсімдіктердің  сіңіруіне  қолайлы 

пішінге еніп, жаңа органикалық заттың құрамына кіреді, бір бөлігі 

топырақта кідіріліп немесе сумен төмен шайылады. Нəтижесінде 

топырақ-өсімдік  жүйесіндегі  күлдік  химиялық  элементтердің 

заңды айналымдық миграциясы, яғни биологиялық зат айналы-



мы жүреді.

Топыраққа тек микроорганизмдердің ғана емес, сонымен катар 

онда мекен ететін көптеген зоофауналар, қарапайымдылар төменгі 

жəне  жоғары  сатылы  жан-жануарлар,  кұрт-құмырсқалардың 

пайдасы көп. Мысалы, жауын құрты əртүрлі өсімдіктер қалдығымен 

қоректеніп, денесі арқылы органикалық заттарға бай, суға шыдам-

ды топырақ түйінділерін (капролитті құрылым) шығарып топырақ 

қабаттарын əрі-бері тесіп өтіп, ондағы су ауа режимін жақсартады. 

Осыған байланысты, Ч. Дарвиннің «Топырақты адам қоғамы соңғы 

мыңдаған  жылдар  бойы жыртып келеді. Ал оған дейін топырақты 

бірнеше мыңдаған жылдар осы жауын құрты жыртып келген» деген 

тамаша айтылған сөзі бар (Ч. Дарвин. 1986).

Қазіргі  кезде  топырақта  өмір  сүретін  организмдерді  тек  оны 

мекендейтін тіршілік иесі ретінде емес, оның бір бөлігі деп қарайды, 



14-сурет. Топырақ актиномицеттері мен саңырауқұлақтары:

а – актиномицет мицелиі (х1000); б – бірклеткалы мукорлық 

саңырауқұлақ; в – көгерткіш саңырауқұлақ (х100) 

(В. В. Добровольский оқулығынан, 1999)

39

 

яғни  бұлар  да  топырақ  құрамына  кіреді  деген  сөз.  Сондықтан 



топырақты  тірі  дене  деп  есептейді.  Топырақтану  ғылымының 

геологиялық  ғылымдар  емес,  биологиялық  ғылымдар қатарына 

жатқызылуы да осыдан болса керек.

Ауа райының топырақ түзудегі рөлі орасан зор. Климатқа, яғни 

ауадан  түсетін  ылғал  мөлшеріне.  ауа  температурасының  ыстық, 

суығына,  үсіксіз  уақыттың  қысқа  немесе  ұзақтығына  қарай  əр 

жерде əртүрлі өсімдік, жан-жануарлар мен микроорганизмдер 

тіршілік етеді. Олардың əрекетінен əр жерде əр түрлі топырақтар 

түзіледі. Мəселен, шөлде шөл топырағы түзілсе, тундрада мəңгі 

тоң  астында  дамымаған,  мəңгі  жас,  құнары  аз  топырақ,  ал  ауа 

райы  жайлы,  одан  түсетін  ылғалы  мол,  күн  сəулесі  жеткілікті 

аймақтарда құнары мол қаратопырақ түзіледі.



15-сурет. Топырақ балдырлары: а – жасыл балдыр;

б – көк-жасыл жіпше балдыр; в – диатомдық балдыр (х 1000).

Топырақ  түзілу  құбылысының  жылдамдығы  (белсенділігі) 

ғарыштан  келетін  күн  сəулесінің  қуатына  тікелей  байланысты. 

Күн  сəулесімен  қатар,  тірі  организмдерге  ылғал  қажет,  осыған 

байланысты топырақ түзілу жылдамдығы, күні, жылы əрі ылғалы 

мол  аймақтарда  өте  жоғары,  ал  керісінше,  ылғалы  аз,  күні  суық 


40

немесе ыстық аймақтарда бұл құбылыстардың белсенділігі төмен. 

Осы  себептен  де  климат  жағдайларына  топырақтың  химиялық 

жəне минералдық құрамдары тікелей байланысты.

Күні  жылы,  ылғалы  мол  аймақтарда  топырақ  минералдары 

негізінен  қатты  үгілген,  балшықты  екінші  минералдардан,  ал 

күн  райы  ыстық  немесе  суық,  ылғалы  өте  аз  аймақтар  топырақ 

құрамындағы  минералдардың  басым  бөлігі,  жөнді  үгілмеген 

алғашқы минералдардан тұрады.

Ылғалы  мол  аймақтын  топырағында  суға  ерігіш  тұздар  аз 

кездессе,  керісінше,  құрғақ,  шөл  аймақтар  топырақ  құрамы  суға 

ерігіш  тұздарға  бай  келеді.  Ауа  райының  жиі  желді  болып  келуі 

де  топырақтағы  құбылыстарға,  оның  құнарына  көп  əсер  етеді. 

Сонымен  қатар  айналамызды  қоршап  тұрған  экологиялық 

факторлардың  əсерлері де топырақтың түзілуіне көптеген əсерін 

тигізеді.



Топырақ түзуші тау жыныстарының топырақ түзуге əсері. 

Түзілген  топырақтың  химиялық,  минералдық  жəне  механикалық 

құрамы  өзін  түзген  тау  жыныстарының  құрамына  өте  ұқсас 

келеді.  Топырақ  түзуші  тау  жынысын  топырақ  түзуші  аналық  жы-

ныс деп атайды. Осыдан топырақтың өзін түзген аналық жынысы-

на  ұқсас  болуы  занды  нəрсе.  Сонымен  аналық  топырақ  түзуші  тау 

жынысы  өзі  түзген  топырақтың  көптеген  химиялық,  физикалық-

химиялық  жəне  физикалық  қасиеттерін  анықтайды.  Тіпті,  кейбір 

аймақтарда  топырақ  түзуші  тау  жыныстарының  химиялық  құрамы 

бұл аймақтарға тəн емес құрамы басқа топырақты түзеді. Бұған мы-

сал  ретінде  бұрынғы  КСРО-ның  кең  алқапты,  күлгінді  топырақты 

аймағында кездесетін қара шірікті, əктасты топырақты айтуға бола-

ды. Бұл жерлерде топырақ түзуші тау жыныстарының əкті заттарға 

бай болуы, аймақтың ішінде терістік аймаққа тəн емес, қарашірікті, 

əкті заттарға бай топырақ түзуге əсер етеді. Тау жыныстарының өзі 

түзген  топыраққа  əсері,  əсіресе,  шөлді  аймақтарда  айқын  көрінеді. 

Себебі  бұл  аймақтарда  ауадан  түсетін  ылғал  аз  болғандықтан, 

топырақ  түзілу  белсенділігі  өте  төмен  болып,  тау  жынысына  оның 

əсері аз тиеді. Сондықтан тау  жыныстарының  құрамына  күрделі 

өзгерістер енгізе қоймайды.

Топырақ түзуге, оның құнарлылығын арттыруға жер бедерінің 

тигізетін əсері маңызды орын алады. Жер бедерінің əртүрлі болуына 

қарай, оған судың келуі, сумен бірге қоректік заттардың ілесе келуі, 


41

 

тіпті, күн сəулесінің түсуі түрліше болады. Тегіс жерлерге ауа ылғалы 



жақсы  сіңеді.  Ал  беткейлі,  дөңесті  жерлерге  ылғал  дұрыс  сіңбей, 

су ойпатты жерлерге жиналады. Жер бедеріне қарай күн сəулесі де 

бір  тегіс  түспейді.  Мысалы,  таулы  алқаптарда  терістік  беткейлер-

ге  күн  сəулесі  аз,  оңтүстік  беткейлерге  мол  түседі.  Жер  бедерінің 

біркелкі  болмауы  топырақ  түзілуге  жəне  олардың  құнарлығына 

əсер етеді. Топыраққа жер бедерінің əсері туралы айтқанда, оның 

аса  биік  (макро)  немесе  орта  (мезо)  немесе  майда  (микро)  деп 

бөлінетін  естен  шығармағанымыз  жөн.  Аса  ірі  таулы  алқаптарда 

топырақ-климаттық  зоналық  зандылықтар  жазық  аймақтардағы 

топырақтың таралу заңдылығына сəйкес келе бермейді. Бұл ірі биік 

таулы  алқаптарда  топырақ-климаттық  жағдайлардың  тау  етегінен 

биіктікке қарай таралып, өзгерулері табиғаттың белдеулік заңына 

бағынады (ол жайында кітаптың соңғы тарауларында сөз болады). 

Ал топырақтың мезо жəне микро жер бедерлеріне қарай өзгерулері 

зоналық топырақтарға əртүрлі топырақ тіркестері мен кешендерінің 

қабаттаса кездесулеріне əкеледі.



Топырақ  түзуге  аймақтың  геологиялық  жасының  əсері. 

Геологиялық  жаңа  аймақта  топырақ  та  жас,  яғни  жаңа  түзіле 

бастаған  топырақ,  ал  геологиялық  ескі  аймақтың  топырағы  да 

ескі. Міне, осы тұрғыдан алғанда кең байтақ ТМД елдерінің теріс 

жағында жаңа жас топырақтар түзіліп жатса, оңтүстік жағында көне 

дəуірден келе жатқан топырақтар кездеседі. Себебі бұрынғы КСРО-

ның  теріскей  жағы  кейінгі  дəуірлерде  ғана  мұздан  арылған.  Ал 

оңтүстік аймақтардың мұздан арылғанына бірнеше дəуірлер өтті. 

Тіпті, оңтүстік аймақтың көп жерлерін мұз баспаған. Сондықтан 

бұл  алқаптарда  топырақтың  даму  құбылыстары  ерте  басталған. 

Осыған  қарап,  жалпы  оңтүстік  өңірлерде  жаңадан  түзіліп  жатқан 

жас  топырақ  жоқ  деп  айтуға  болмайды.  Мəселен,  соңғы  жылда-

ры  шегініп  бара  жатқан  Арал  теңізінің  суы  тартылуынан  оның 

бұрынғы түбінде жаңадан топырақ түзілу құбылыстары басталды.

Топырақ  түзу  процестеріне  адам  қоғамының  тигізетін  əсері. 

Адам  өзінің  саналы  əрекеттерінің  нəтижесінде  жерді  қолдан  суа-

рып  немесе  құрғатып,  мелиорациялап,  топырақтың  табиғи 

даму  құбылыстарына  көп  өзгерістер  енгізді.  Бұл  өзгерістердің 

көбі – топырақтың  пайдалы  қасиеттерін  жақсартуға,  топырақтың 

құнарлылығын арттыруға бағытталған шаралар.

Жер жыртылып, топырақ өңделгеннен кейін табиғи өсімдіктер 


42

орнына  мəдени  дақылдар  егіледі,  ал  олардың  табиғи  өсімдіктерге 

қарағанда, топыраққа тигізетін əсері əрине, өзгеше.

Топырақтарды көп жыл бойы суарып, тыңайтқыштар енгізуден 

топырақтардың  бұрынғы  табиғи  қасиеттері  өзгеріске  түсіп, 

жаңа  «мəдениеттелген»  сапалы  топырақтарға  айналады.  Бұған 

Орта  Азиядағы  көп  жылдар  бойы  суарылып  келе  жаткан

 

жази-



ра  алқаптардың  топырақтары  мысал  болады.  Адамның  саналы 

əрекетінің арқасында, табиғи жағдайда құнарсыз жатқан топырақ-

тар (шөлді, батпақты, сорланған, сортаңданған) құнары артқан, са-

палы топырақтарға айналды.

Дегенмен,  осы  əрекеттердің  барлығы  оң  нəтиже  беріп  жүр  деп 

айтуға болмайды. Суармалы алқаптардағы егістікті суарудағы жəне 

жерді мелиорациялаудағы жіберілген қателіктерден құрамында тұзы 

шамалы  топырақтың  екінші  рет  сорлану  құбылыстары  басталып 

немесе батпақтанып, топырақтары егістікке жарамай, істен шығып 

қалатын жағдайлардың да болып тұратыны рас.

Ал кейде жыртуға жарамсыз, механикалық құрамы жеңіл немесе 

сортаң топырақтар жыртылып, одан кейін жел эрозиясына ұшырап, 

пайдаға аспай қалатын жерлер қаншама. Мəселен, Қазақстанда ХХ 

ғасырдың 1950 жылдардағы  тың  игеру  кезінде  мұндай  жағдайлар 

кездесті. Павлодар облысында мыңдаған гектар жыртуға жарамсыз 

жеңіл топырақтар мен Ақтөбе, Қостанай, Көкшетау, Ақмола, т.б. об-

лыстарында сортаң топырақтар жыртылып, көптеген зиян шектік.

Осы  сияқты  халық  шаруашылығына  зиян  келтіретін  жайларға 

жол  берілмей,  керісінше  топырақты  өндеу,  мелиорациялау,  хи-

мияландыру,  оның  құнарын  арттыруға  бағытталуы  тиіс.  Ол  үшін 

əрбір  аймақтың  өзіндік  ерекшелігін,  топырағының  қасиеттері  мен 

құрамын жете білген жөн.

Қазіргі  ғылыми-техникалық  үдеу  мен  қоғамның  дамуы 

нəтижесінде  адамзат  топырақ  түзу  құбылысын,  оның  құнарын 

арттыру  жолын  бүтіндей  өз  қолына  алып,  жаңа  бетбұрыс  жасауға 

кірісті. Өндірістік күштерінің дамуымен көптеген қолдан бүлдірген 

жерлерді қайта құнарландыру (рекулътивация) жұмысы жүргізілуде.

Ертеректе  адам  қоғамының  топыраққа  əсерлері  негізінен 

жергілікті  мелиорацияланған  жерлермен  шектелетін.  Ал  қазір 

адамзат қоғамының топыраққа, жалпы табиғатқа тигізетін əсерлері 

өзгерді. Тек жыртылып, мелиорацияланған (суарылған, құрғатылған) 

жерлермен  ғана  шектелмей,  тіпті,  жыртылмаған  жерлерге  де  тию-



43

 

де,  яғни  əлемдік  деңгейде  тарауда.  Өйткені  жыртылмаған  жерлер-



де  өндіргіш  күштерінің  нəтижесінде  игерілген  топырақтардың  тек 

ылғал  тəртіптері  ғана  емес,  сонымен  қатар  əртүрлі  тыңайтқыштар 

енгізіп, арам шөптермен күресу үшін улы химикаттар сепкендіктен, 

топырақ құрамы елеулі өзгерістерге ұшырайтыны белгілі.

Осы кезде өндірістің дамуымен көптеген жылу электро-станция-

ларынан əртүрлі зауыттардың биік мұржаларынан шығатын түтін 

құрамдарында зиянды газ қоспалары жеткілікті. Ол газдар ауа там-

шыларымен қосылып кең алқаптарда қышқыл жаңбыр болып жа-

уып,  топырақ  құрамына  мол  өзгерістер  енгізеді.  Сонымен  қатар 

көптеген аймақтарда топыраққа атом жарылыстарының əсері де 

аз емес. Əрине, бұл зерттеуді қажет ететін мəселелер.

Сонымен,  жоғарыда  құрғақ  жерлердің  барлық  аймақтарының 

топырақ  түзілуіне  əсер  ететін  негізгі  факторлар  сипатталды.  Ал 

кейбір  жерлерде  топыраққа  əсер  ететін  жергілікті  (локалды)  фак-

торлар  кездеседі.  Мəселен,  кейбір  алқаптарда  жерасты  суының 

топырақ бетіне жақын жатуы, ол жерлерде шалғынды топырақтың 

түзілуіне  əкеп  соғады.  Өзен  бойларындғы  біраз  алқаптар  жыл 

сайынғы су тасқындарының əсеріне тап болады.



1.6. Топырақтардың табиғи туындысы ретінде жалпы 

ерекшелігі жəне түзілуінің материалдық негіздері

Топырақтың  түзілуіне  жоғарыда  сипатталған  топырақ 

түзуші  факторлармен  қатар,  оның  түзілуіне  тікелей  қатысы 

бар  материалдық  негіздердің  рөлі  ерекше.  Топырақ  түзуші 

материалдық  негіздерге:  аналық  тау  жынысы,  осы  қабаттағы  ауа 

құрамы  мен  ылғал,  мекенденетін  бүкіл  жоғары  жəне  төменгі 

сатылы  организмдер  қосындылары  жатады.  Табиғаттың  ауа  райы 

мен  жер  бедерлерінің  өзгешелігі  нəтижесінде  əртүрлі  топырақтар 

түзіледі.  Ескеретін  жай,  бұл  топырақ  түзуші  материалдық 

негіздердің  кейбіреулері,  мəселен,  аналық  жыныстар,  тірі  ор-

ганизмдер қосындылары жоғарыда сипатталғаннан əрі топырақ 

түзуші факторлар əрі топырақ түзуші материалдық негіздер рөлін 

атқарады.  Сондықтан  олардың  қай  рөлде  маңызы  басымырақ 

екенін бөліп айту қиын. Ол жағдайлар тек шартты түрде бөлінеді.

Əдетте,  бір  затты  түзуге  қатысатын  материалдық  негіздерінің 


44

үлесін зерттеу олардың химиялық құрамын анықтаудан бастала-

ды. Биосферадағы əртүрлі табиғат денелерінің химиялық құрамын 

сипаттағанда,  оның  құрамындағы  əртүрлі  элементтердің 

орта  есеппен  алатын  орнын,  үлесін  пайызбен  шығарады.  Жер 

қабатындағы  элементтердін  орташа  құрамын 1924 жылы  алғаш 

есептеп  шыққан  американдық  ғалым  Ф.  У.  Кларк  болды. 

Сондықтан  мұны  Кларк  көрсеткіші  деп  атайды.  Кейінірек  жана 

қосылған  мəліметтерге  байланысты  бұл  Кларк  көрсеткіштері 

бірнеше рет толықтырылды (А. Е. Ферсман1934-1939, А. П. Вино-

градов, 1962). Сонымен қатар, ауа құрамындағы, судағы жəне тірі 

заттардағы элементтер кларкы да есептелінетін болды.



Тау  жыныстарының  орташа  химиялық  құрамы.  Тау 

жыныстарындағы химиялық элементтердің Кларк үлестеріне бай-

ланысты олар:

1. Мол элементтер, кларк көрсеткіштері – n10-n10

-2

2. Аз элементтер, кларк көрсеткіштері – n10



-2

-n10


-.3

 

3. Өте аз элементтер, кларк көрсеткіштері – n10



-3

-n10


-5

     


Тау жыныстарының орташа химиялық құрамы, % есебімен, бо-

лып үш топқа бөлінеді (А. П. Виноградов, 1962; М. А. Глазовская, 

1981 оқулығынан).

Мол элементтер (n10-n10

-2

):

0-47  



С а-3,29           Ті - 0,45     К, - 0,06       С- 0,023 

Si-29  


N3-2,5             Н - 0,15    S-0,047        Сі - 0,017

АІ-8,05  К - 2,5              Mn-0,10   Sr -0,035        Sr - 0,017;

Fe - 4,7   Mg -0.87           Р - 0,10 

Аз элементтер (n10

-3

-10


-5

):

Lі, Ве, В, N, Sе, Ү, Сг, Ni, Са, Zn, Са< Рb, Сa, Nb, V, Lа< Nd, Тһ< 



Rb, Gе, Аз, Вг, Мо, Sn, Сs, W, U, Сd, Sn, Sb, 

Өте аз элементтер (<10

-5

):

Sе, Рd. Аg, Те, Re, Нg, Ві, Rd, т.б.



Сонымен,  тау  жыныстарындағы  негізгі  үлестерді  О, Si, Al 

құрайды,  олар 84.05% алады.  Оларға  тағы Fe, Са, Na, К,  мен 

Мg-ді  қоссақ,  сегіз  элементтердің  үлесіне  тау  жыныстарының 

98,87%-ы  тиеді.  Ал  енді  оларға  қалған 10 элементті  қоссақ 

барлығының  мөлшері 99,82% құрады.  Бұл  элементтердің 


45

 

барлығының (18) мол элементтер аттарына ие болғандарымен, тау 



жыныстары  құрамындағы  үлестерінің  алшақтығын  көрсетеді.  Ал 

аз элементтер мен өте аз элементтерден (78) тау жыныстарының 

үлесіне бар болғаны 0,18% ғана тиесілі. Дегенмен тау жыныста-

рында,  одан  түзілген  топырақтарда  майда  элементтердің  үлестері 

өте  аз  болғанымен,  олардың  тірі  организмдердің  тіршілігі  үшін 

маңызы үлкен.

Топырақтар  түзілу  құбылыстары  нəтижесінде  жалпы  тау 

жыныстарының  құрамын  сақтай  отырып,  оған  көптеген 

элементтердің  кларктары  жөнінде  өзгерістер  енгізеді.  Мəселен, 

топырақтағы  оттегі  мөлшері  тау  жыныстарындағы 47% орнына 

55%,  сутегі 0,15% орнына 5%. Көміртегі 0,023% орнына - 0,1%, 

фосфор 0,1% орнына 0,5%, т.б.



Жер  бетіне  жақын  ауаның  химиялық  құрамы.  Топырақ 

түзуші  тау  жыныстарының  құрамымен  салыстырғанда  топырақ 

бетіндегі  ауаның  құрамы,  ондағы  кездесетін  аз  элементтердің 

қатынас мөлшері өте алшақ.

Жер  бетіне  жақын  ауаның  орташа  химиялық  құрамы, % 

(М. А. Глазовская, 1981 бойынша):

 N - 75,51                Ne - І.310

-5

  



N

2

О - 1.510



-4

 О - 23.15                Нe - 7,210

-5

 

 Н



– 310


-6

 Аz - 1,28                СН

4

 - 1,210


-4

 

 Хе - 1,810



-5

 СО


2

 - 0,046            К - 2,910

-4

               О



3

 - 3,610


-6

Келтірілген  мəліметтерден  азот  жер  қыртысында  аз  эле-

менттер  қатарында  болса,  ауа  құрамында  ол  негізін  құраушы  це-

мент.  Ауадағы  азот    топыраққа  берілетін  азоттық  негізгі  көзі  əрі 

биологиялық  тірі  организмдерге  қажетті  белок  түзетін  эле-

мент. Топыраққа ол ауадан түсетін ылғалдар жəне ауадан aзотты 

сіңіретін микроорганизмдер арқылы келеді. Ауаның құрамындағы 

екінші негізгі элемент  оттегі. Онымен тотықтандыру реакция-

лары, соған байланысты тау жыныстарының үгілуі мен топырақ 

түзілу құбылыстары тікелей байланысты. Озон  ауа құрамындағы 

өте аз элемент, өте белсенді тотықтырғыш.

Жасыл  өсімдіктер  үшін  жəне  топырақ  түзуде  ауадағы  көмір 

қышқыл газының маңызы ерекше. Жасыл өсімдіктердің жапырағы 

арқылы  фотосинтез  жүреді.  Осының  нəтижесінде  көмір  қышқыл 

газындағы көміртегі өсімдіктердің барлық органикалық бөліктерін 

түзеді:  олар  кейін  топыраққа  беріледі.  Органикалық  заттардың 



46

шіріп-ыдырау  құбылыстарынан  пайда  болған  топырақтың  қара 

шіріндісінде (гумус) көміртегінің үлесі  58%, ол негізінен ауадағы 

көмірқышқыл газынан түседі.

Жер  бетіндегі  жəне  топырақ  кеуектеріндегі  көмірқышқыл  газы 

(СО


2

 + Н


2

0 Н


2

СО

3



) ылғалмен қосылып, көмір қышқылын түзеді, ал ол 

қышқыл жер қыртысындағы, топырақтағы басқа əртүрлі химиялық 

элементтермен қосылып, түрлі реакцияда жүруі арқылы карбонатты 

тұздар түзеді.



Топыраққа  түсетін  ауа  ылғалдары  мен  жерасты  ыза 

суларының химиялық құрамы 

Ауадан түсетін ылғал топырақтан барлық тіршілік атаулыны жəне 

ондағы  жүретін  бүкіл  химиялық  реакцияларды  қамтамасыз  етеді, 

ерітеді, жуып-шайып тез еріген тұздарды топырақ қабатынан əкетеді.

Ауадан түсетін ылғал, əдетте, таза су емес, ол өзімен ауа газдарын, 

шаң-тозаңдарды,  тұздарды,  қышқылдарды  ілестіре  келеді.  Кей  кез-

дерде ауадағы топырақ бетінен немесе теңіз беттерінен ұшқан тұздар 

ылғалмен еріп, топырақ бетіне қайта сіңіп жатады.

Мұхит пен теңіз беттерінен желмен ұшқан тұздар əдетте мұхит, 

теңіз  жағалауларында  кездесетіні  таңғаларлық  нəрсе  емес  Оның 

мəнісі: су толқындарынын жағалауға соғылуынан көптеген су там-

шылары пайда болады. Бұл тамшылар желдің қатты күшімен ауаға 

ұшады да, су тез буға айналады, ал тамшы құрамындағы тұздар жел-

мен əр тарапқа ұшады, кейін ауа ылғалымен топыраққа сіңеді.

Кейінгі  жылдары  жоғарыда  айтылған  табиғи  құбылыстармен 

қатар,  ауадан  түсетін  ылғалдың  химиялық  құрамдарына  өндірістік 

күштердің де əсерлері тимей қойған жоқ. Əртүрлі жылу электростан-

цияларынан немесе ірі-ірі зауыттардың биік мұржаларынан шыққан 

түтіндер  ауаны  ластауда.  Аралға  құятын  екі  ірі  өзен    Əмудария 

мен  Сырдарияның  суын  түгел  жер  суаруға  пайдаланғандықтан, 

Арал  теңізі  көп  шегініп,  бірте-бірте  тайызданып,  көлемі  тіпті 

азаюда.  Осыған  байланысты,  бұрынғы  теңіз  табанының  көп 

алқаптары судан босап, құрғап, ал құрғаған жерлерден жыл сайын 

миллиондаған  тонна  тұздар  мен  шаң-тозаңдар  ауаға  көтерілуде. 

Бұлар  көтерілген  жерлерінен  алыс  аймақтарға  тарап,  қышқылды 

немесе тұзды жаңбырлар болып түсуі анық.

Топыраққа  ауадан  түсетін  ылғалдармен  қатар,  оның  бетіне 

жақын жатқан жерасты ыза суларының химиялық құрамдарының да 

тигізер  əсері  мол.  Бірақ  əлемде  ондай  жерлер  аса  көп  емес,  олар 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет