Топырақ профилі (кескіні). Топырақтың қазылғандағы тік
қабаттары топырақтың профилі (пішіні) деп аталады. В. В. Доку-
чаев топырақты бетінен төмен қарай негізгі үш қабатқа бөлді. А –
қарашірікті қабат. В – өтпелі қабат. С – топырақ түзуші аналық тау
жыныс қабаты. Олар тағы да өздерінің морфологиялық көріністеріне
байланысты əрқайсысы бірнешеге бөлінуі мүмкін. Оларды А
1
А
2
,
В
1
В
2
, С
1
С
2,
т.б. деп белгілейді.
Топырақтың түсі – топырақтың морфологиялық көріністерінің
ішінде ең негізгі белгі. Топырақ аттарының өзі де осы түстеріне
қарай қойылған. Топырақтың жəне оның қабаттарының түстеріне
əсер ететін негізгі құрамдар:
1. Қарашірінді заттары. Олар топыраққа қара немесе қара қоңыр
түс береді.
2. Темір жəне марганец тотықтары. Сары, қызыл, сия түстер
береді.
3. Кремний қосылыстары, əк, каолинит, алюминий гидроксиді
жəне суға тез ерігіш тұздар (хлоридтер жəне сульфаттар). Олардың
түстері-ақ.
4. Темірдің шала тотығы. Ол көкшіл, сұр сия түсті келеді.
Үш бұрышта ақ, қара, қызыл түстер, ал олардың араларында осы
үш негізгі түстердің азды-көптігіне байланысты неше түрлі түстер
81
болады. Топырақты анық бір түспен айту қиын, сондықтан негізгі
түске анықтама қосылады. Оның басым түсі соңына койылады. Мы-
салы, қара қоңыр, сарықұба, ашық сары деген сияқты.
Топырақ түсінің практикалық маңызы үлкен. Топырақ қабатының
қалың қара түсті болуы гумустың молдығын көрсетеді. Көкшіл неме-
се көк түс – топырақтың батпақтануы. Мұндай жерлерді пайдаһану
күрделі мелиоративтік жұмыстарды қажет етеді.
2.6. Топырақтың морфологиялық қасиеттері, олардың
түзілуінің экологиялық жағдайлармен байланысы
Топыраққа морфологиялық сипаттама бергенде алдымен оның
механикалық құрамын анықтайды. Ол үшін топырақты үгітіп
суға илеп, иіріп сақина сияқты дөңгелек жасайды. Иірілу деңгейі
топырақтың ішіндегі бөлшектердің құрамына байланысты.
Топырақтың кеуектілігі. Топырақтың бос кеуектері топырақта
көп орын алады. Кеуектердің көлемі түрлі топырақтарда ғана емес,
тіпті бір түрдегі топырақтың өзінде түрліше болады. Ірі қуыстардың
тесігі бірнеше сантиметр болуы мүмкін, уақ кеуектердің тесігі мм-
дің жүзден, мыңнан бір бөліміндей не онан да тар болады.
Топырақтағы кірмелер. Топырақта оның түзілу процесіне
қатысы жоқ бөтен заттар кездесуі мүмкін. Тас, кірпіш, т.б. Бұлар
топырақтағы кірмелер болып есептелінеді.
Топырақтағы қосылыстар. Кейбір топырақтардын пішінінде
əртүрлі жаңа қосылыстарды байқауға болады. Олардың түстерінің
топырақтың жалпы түстерінен айырмашылығы айқын көрінеді. Бұл
заттар химиялық немесе биологиялық жолмен пайда болуына байла-
нысты екіге бөлінеді. Химиялық қосылыстар:
1. Тез ерігіш тұздар NaСІ, Nа
2
SО
4
10.Н
2
О, МgСІ
2
, СаСІ
2
. Бұл
түздардың түстері ақ, көбінесе тұзданған топырақтарда кездеседі.
2. Гипс СаSО
4
Н
2
О. Бұл да ақ сарғыш түсті. Топырақтың бос
кеуекті жерлерінде шоғырланады. Құба, сұр-құба топырақтарға тəн.
3. СаСО
3
– көміртегі карбонаты, түсі ақ. Бұл тұз да топырақ
пішінінде ерекше көрініп тұрады. НСІ мен қайнаған реакция береді.
4. Fе
2
О,Н
2
О, Мп
2
О
4
, А1
2
(РО
4
)
3
, FеРО
4
. МnО, т.б. қара, қызғылт,
тот басқан сияқты түстерге боянған қосылыстар.
5. FеСО
3
, Fe
3
(РО
4
)28Н
2
О – көк, жасыл түсті қосылыстар. Батпақты
топырақтарда кездеседі.
6–1427
82
6. SіО
2
– ақ түсті, күл сияқты болып күлгінді, орманды-сұр, сортаң
топырақтарда кездеседі.
7. Қара шірінді – жолақ-жолақ қара түсті өтпелі қабатқа дейін
жетеді.
Биологиялық қосындылар:
1. Капролиттер – жаңбыр құрттарының іштерінен шығады.
2. Көртышқандардың жүрген жолдары.
3. Үлкен ағаштардың тамырлары.
4. Құрттардың топырақтағы іздері.
Осы айтылған қосындылардың құрамы, түрлері топырақтың
түзілу құбылысына байланысты. Сондықтан да осылар арқылы
топырақтың типтері, оның агрономиялық құндылығы туралы айтуға
болады.
Тағы бір морфологиялық сипаттамаға қатысы бар нəрсе – ол
топырақтың НСІ тамызғанда болатын реакцияның белсенділігі. Бұл
реакция топырақта карбонаттардың бар немесе жоқ екенін көрсетеді.
СаСО
3
+2НСІ=СаС1
2
+Н
2
О+СО
2
.
СО
2
қайнап шығады, соның деңгейіне қарап, карбонаттардың
бары-жоғын, мөлшерін айтуға болады.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Тау жыныстарының үгілуі туралы түсінік.
2. Топырақ түзуші факторлар.
3. Топырақ жамылғысына антропогендік ықпал.
4. Гипергенді минералдар.
5. Топырақтың морфологиялық қасиеттері қандай?
6. Топырақ құрылымының өндірістегi рөлі қандай?
7.Топырақтың фазалық құрамы қандай?
8.Топырақтың минералдық құрамын айтыңыз?
Тарау бойынша тексеруге арналған тест сұрақтары
1. Топырақтың морфологиялық белгілері:
А) Топырақтың пайда болу процесінде өзіне тəн құрылымының
пішінінің түзілуі
В) топырақтың дамуы мен өсімдік өміріндегі жылулық қасиеттері
С) Топырақтың нығыздылығы
83
Д) Топырақ кеуектерінің көлемі
Е) Топырақтың сіңіру қасиеті
2. Топырақтағы минералдар пайда болу жағынан қалай бөлінеді?
А) минералдық, органикалық
В) химиялық, минералдық
С) магматикалық, метаморфикалық
Д) минералды, магматикалық
Е) органикалық, химиялық
3. Топырақтың фазалық құрамы:
А) қатты, ылғал, ауа, тірі фазалар
В) минералдық, ылғал, ауа
С) тірі, химиялық, физикалық
Д) геграфиялық, жер бедері, ауа
Е) топырақтың құнарлылығы
4. Өсімдіктердегі микроэлементтердің атқаратын қызметі:
А) өсімдіктерде жүретін түрлі физикалық, биохимиялық процес-
терге қатысады
В) өсімдіктің өмірінде топырақтың жылулық қасиеттерінің
маңызы
С) топырақтың нығыздылығы
Д) топырақ кеуектерінің көлемі
Е) топырақтың сіңіру қасиеті
5. Геологиялық үлкен зат айналым дегеніміз не?
А) жер қойнауындағы жəне жер бедеріндегі тау жыныстарының
өзгеруі мен қозғалуы
В) топырақтың жоғары тамырлы қабатында микроэлементтердің
шоғырлануы
С) өсімдіктерде жүретін түрлі физикалық, биохимиялық процес-
терге қатысады
Д) топырақтың құрылымы, су-ауа режимі, жылулық, меншікті
салмақ
Е) өсімдіктің өмірінде топырақтың жылулық қасиеттерінің
маңызы
84
6. Үгілудің неше түрі бар?
А) механикалық, морфологиялық, биологиялық
В) физикалық, химиялық, биологиялық
С) физикалық, сіңіру, ауа
Д) морфологиялық, биологиялық, химиялық
Е) химиялық механикалық
7. Көп жылғы өсімдік тамыры бекіген топырақ қабаты:
A) гумус
B) топырақтың органикалық қабаты
C) топырақ массасы
D) сіңіру компоненті
E) тамырлар жиыны
8. Топырақтың морфологиялық көрінісінің ішіндегі ең негізгі
белгісі:
A) топырақ профилі
B) топырақ түсі
C) топырақ тығыздығы
D) топырақ зоналығы
E) топырақ құрылымы
9. Жер бетіндегі қатайған тау жыныстары табиғат күштерінің
ғасырлар бойы үздіксіз əсерінен бірте-бірте қирап, бұзылып,
қопсыған жыныстарға айналу құбылысы геологияда қалай аталады?
A) үгілу
B) химиялық үгілу
C) физикалық үгілу
D) механикалық үгілу
E) биологиялық үгілу
10. Топырақта ең тараған микроағзалардың тобы:
А) балдырлар
В) бактериялар
С) актиномицеттер
Д) саңырауқұлақтар
Е) жоғарыдағы барлығы
85
11. Біріккен топырақтарға не жатады:
А) сазды, құмды жыныстар, ұсақ құмдар
В) ірі жыныстар
С) тасты тұқымдар
D) жартылай тасты тұқымдар
Е) ірі құмдар
12. Іздестірулерде топырақты тандау, сақтау жəне тасымалдау қай
нормаларға сəйкес келеді?
А) тапсырысшының техникалық тапсырмасына
В) іздестірушінің техникалық мүмкіндігіне
С) ГОСТ 12071-2000
D) жобалаушы рекомендациясына
Е) СНиП РК 1.02-18-2004
13. Тропосферадағы су буы қалай пайда болады?
А) өзен жəне батпақ суларының булануынан
В) мұхит суларының булануынан
С) жер асты суларынан
D) су қоймалары мен көлдердің булануынан
Е) ауаның өзінен
14. Ылғалдану коэфициенті – бұл ...
А) буланудың температураға қатынасы
В) жылдық жауын-шашын мөлшерінің булануға қатынасы
С) жылы жəне суық күндердің қатынасы
D) мұндай коэфициент болмайды
Е) жауын-шашынды күндердің ашық күндерге қатынасы
15. Топырақтың түзілуіне қатысы жоқ заттар:
А) кірпіш
В) шыны
С) тас
Д) пластмассалар
Е) дұрыс жауабы жоқ
16. Топырақтың құнарлығын қалпына келтіру:
А) деструкция
86
В) кадастр
С) бонитировка
Д) рекультивация
Е) мониторинг
17. Топырақта тіршілік ететін организмдер:
А) гидрофильдер
В) нектон
С) эдафабионттар
Д) планктон
Е) галофильдер
18. Тұзды топырақта тіршілік ететін организмдер:
А) гидрофильдер
В) нектон
С) эдафабионттар
Д) планктон
Е) галофильдер
19. Гумус топыраққа қандай түс береді?
А) қызыл
В) сия көк
С) ақ
Д) қара қоңыр
Е) сары
20. Топырақтың негізгі сипаттамаларына не жатады?
А) түсі
В) тығыздығы
С) құрылымы
Д) механикалық құрамы
Е) аталғандардың барлығы
21. Топырақ бетіне келетін Күн сəулесі қуатының мөлшері неге
байланысты?
А) географиялық аймаққа
Б) құрлық бедеріне
С) жыл маусымына
87
Д) барлығына да
Е) ауа райына
22. Топыраққа қызыл, күлгін, сарғыш түсі не береді?
А) гумустық заттарды
Б) кремний қышқылын
С) темір қоспаларын
Д) ульмин қышқылын
Е) гумин қышқылын
23. Топыраққа ақ, аққұба, ақшыл реңді түс не береді?
А) гумустық заттар
Б) кремний қышқылын, көміртекті кальций
С) темір қоспаларын
Д) барлығы да
Е) ульмин қышқылын
24. Топырақтың беткі қарашірік жəне қоректік заттар
шоғырланған, түсі басқа қабаттарға қарағанда, күнгірттеу болатын
қабатын қалай атайды?
А) гумустық-аккумулятивті қабат
Б) иллювиальды қабат
С) гумустық-элювиалды қабат
Д) аналық жыныс қабаты
Е) қарашірік қабаты
25. Топырақ негізі қандай элементтерден тұрады?
A) тастан
B) ұсақ тастан
C) қиыршық тастан
D) тірі ағза қалдықтарынан
E) əртүрлі топырақ түзуші жыныстардан
88
3-ТАРАУ
ТОПЫРАҚТЫҢ ГРОНУЛОМЕТРИЯЛЫҚ
ҚҰРАМЫ ЖƏНЕ МАҢЫЗЫ
3.1. Топырақтың гранулометриялық құрамы,
механикалық элементтердің жіктелуі,
топырақтарды гронулометриялық
құрамы бойынша жіктелуі
Топырақтың қатты минералдық бөлігі негізінен топырақ түзілу
процестерінде əртүрлі өзгерістерге ұшыраған аналық жыныстар-
дан тұрады. Аналық жыныстар топырақ түзу процесінде жоғарыда
айтқан факторлардың əсерінен өсімдік тіршілігіне қажетті заттарға
байыған, толтырған ортаға айналады.
Топырақтың механикалық құрамы деп оның көлемі жөнінен
əртүрлі түйіршік бөлшектерден тұратынын айтады. Топырақ
түйіршіктері неғұрлым майда болса, соғұрлым топырақтар
балшықты-сазды келеді. Ал топырақ түйіршіктері ірілеу болған
жағдайда ол құмдақ немесе құмды келеді. Егер топырақ құрамында
майда түйіршіктер мен ірілеу түйіршіктер аралас кездессе, бұл
топырақтар құм-балшықты топырақтар болып саналады. Əдетте,
топырақ негізінен майда ұнтақталған түйіршіктерден тұратын
болғандықтан, түйіршік көлемі оның диаметрінің ұзындығымен
өлшенеді, ал диаметр ұзындығы мм-мен есептелінеді. Еліміздің
топырақтану саласындағы ірі ғалым профессор Н. А. Качинскийдің
зерттеуі бойынша, топырақ құрамындағы түйіршіктер өздерінің
көлеміне қарай: диаметрі 3 мм-ден іріректері – тастар, 1 мм-ден
3 мм-ге дейін – ірі құм, 0,25 мм-ден 1 мм-ге дейін – орташа құм,
0,05 мм-ден 0,25 мм-ге дейін – ұсақ құм, 0,01-деп 0,05-ке дейін –
ірі шаң, 0,001-ден 0,005-ке дейін ұсақ шаң, ал диаметрі 0,001 мм-
ден кішілеу – тозаң, 0,0001 мм-ден кішілері – коллоидтар болып
бөлінеді. Осы Ғалымның зерттеуіне сəйкес топырақтар өзінің
механикалық құрамына қарай төмендегі топтарға жіктеледі (2-ке-
сте).
89
2-кесте
Топырақтарды механикалық құрамына байланысты топқа бөлу
(Н. Л. Качинский, 1965)
Түйірі 0.01 мм-ден ұсақ
бөлшектер (балшық) пайыз
есебімен
Топырақтың механикалық
құрамына
сəйкес аты
80-нен көп
ауыр балшық
80-60
орташа жəне жеңіл балшық
60-45
ауыр саздақ
45-30
орташа саздақ
30-20
жеңіл саздақ
20-10
құмдақ
10-5
байланысты құм
5-тен төмен
борпылдақ құм
Топырақтың механикалық құрамының топырақ түзуде,
топырақты ауыл шаруашылығы жəне басқа мақсаттарға пайдалану-
да маңызы зор.
Топырақтың механикалық құрамы мен оның кеуектілігі, су
сыйымдылығы, ылғал өткізгіштігі, ылғалды жоғары көтеру қасиеті,
коректі заттарды жинау мүмкіншілігі, ауа-жылылық режимдері
сияқты қасиеттері тығыз байланысты.
Құмды жəне құмдақ топырақтардың құрылымы (структурасы)
нашар келеді əрі əртүрлі ірілікті бөлшектерден тұрады. Ылғалды
жақсы өткізеді, қолайлы ауа-жылу режимдері болады. Мұндай
топырақты өңдеу де өте оңайға түседі. Бірақ бұл топырақтар
қоректік заттарға жəне карашірікке кемшіл болады, себебі олар
ылғалмен жуылып-шайылып кетеді де, онда өсімдіктер сирек
өсіп, жөнді қалдықтар қалдырмайды. Ал балшықты топырақтар,
керісінше, ылғалды аз өткізеді, су сыйымдылығы мол, ылғал
бергіштігі, ауа режимі нашар болады. Бұл топырақтарды жырту
да оңайға түспейді. Дегенмен, бұл топырақтар қоректік заттарға
бай, құнарлы келеді.
Ауыл шаруашылығына пайдалануға ең қолайлы топырақтар –
құрамында құмды түйіршіктер мен балшықты түйіршіктер кабатта-
90
сып келетін құм-балшықты топырақтар. Бұл топырақтарда құмды
бөлшектер мен балшықты бөлшектердің пайдалы қасиеттері үйлесе
келіп, топырақтың ылғал-ауа режимдерін жақсы ұстап, топырақ
құнарлылығын арттырады.
3.2. Топырақтың гронулометриялық (механикалық)
құрамының топырақтарды түзудегі маңызы
3.2.1. Топырақтың механикалық құрамы, механикалық эле-
менттердің жіктелуі, топырақтың гронулометриялық құрамы
бойынша жіктелуі
Қатты топырақ бөліктерін микроагрегаттар жəне макроагрегат-
тар құрайды. Икроагрегаттар топырақтың элементарлы өте майда
бөлшектерінің бір-бірімен қабысып, желімденуі арқылы құрылады.
Мұндай қабысу жəне желімдену топырақтағы физикалық, химиялық
жəне биологиялық процестердің нəтижесінде өтеді. Агрегаттардың
диаметрлері əдетте 0,25 мм-ден кіші болады. Макроагрегаттар ми-
кроагрегаттардан жəне элементар топырақ бөлшектерінен құралады,
бұлардың диаметрі 0,25 мм-ден үлкен болады.
Топырақтың элементар бөлшектері əртүрлі дəрежеде бөлшек-
тенеді. Олардың диаметрі миллиметрдің он мыңнан бір бөлігінен
бірнеше миллиметрге дейін, кейде сантиметрге дейін жетеді.
Топырақ бөлшектерінің өлшемдеріне оның физикалық, физикалық-
химиялық қасиеттері тəуелді болады.
Сондықтан топырақты оның элементар түйіршіктеріне байла-
нысты жіктеу (классификациялау) қажет. Барлық түйіршіктерді
олардың өлшемдеріне (размерлеріне) байланысты топтарға неме-
се фракцияларға біріктіреді. Осы фракциялардың пайыздан үлесі
топырақтың механикалық немесе гранулометрлік құрамы деп ата-
лады.
Қазіргі кезде Качинскийдің элементар топырақ түйіршіктерінің
классификациясы қолданылады (3-кесте).
91
3-кесте
Качинскийдің классификациясы
Топырақ түйіршіктерінің
диаметрі, мм
Механикалық
фракциясы
Фракциялар тобы
0,0001
0,0001-0,0005
0,0005-0,001
0,001-0,005
0,005-0,01
коллоидтар
жұқа тұнба
қалың тұнба
майда шаң
орташа шаң
физикалық саз
0,01-0,05
0,05-0,25
0,25-0,05
0,50-1,00
ірі шаң
майда құм
орташа құм
ірі құм
физикалық құм
1,00-3,00
3,00-10,00
10,00
шағал
тас бөлшектер
тастар
топырақтың тас бөлігі
Осы ғалымның зерттеуіне сəйкес топырақтар өзінің механикалық
құрамына қарай төмендегі топтарға бөлінеді.
Тастар, тас бөлшектері, шағал, тау жыныстарының сынықтары
болғандықтан оның құрылымын, қасиеттерін сақтайды, олар
топырақтың физикалық қасиеттеріне əсер етеді.
Құм – (түйіршіктердің диаметрі 1-0,05 мм) топырақтың аз жыл-
житын бөлігі. Ол негізінен кристалды кремний қышқылдарынан
құрылады, кейбір жағдайда слюда пластинкалары мен басқа
минералдардың сынықтарынан құралады. Химиялық реакцияларға
қатыспайды десе де болады, өсімдіктер үшін қоректік зат емес, бірақ
топырақтың физикалық қасиеттеріне əсерін тигізеді. Құм-силикаты
тау жыныстарының механикалық үгітілуінің нəтижесінде пайда бо-
лады.
Шаң – (түйіршіктердің диаметрі 0,05-0,001мм) тұрақты кристал-
ды жəне аморфты кремний қышқылдарынан тұрады. Шаң фрак-
циясы салыстырмалы түрде алғанда топырақтың инертті бөлігі.
Химиялық жəне физикалық процестер бұл фракцияда нашар жүреді.
Тұнба – (түйіршіктердің диаметрі <0,001 мм) – бұл топырақтың
ең белсенді жəне жылжымалы сазды бөлшегі. Тұнба құрамына
минералдық жəне аз мөлшерде органикалық заттар кіреді. Бұл
92
фракцияның түйіршіктері бір-бірімен жақсы байланыста болады,
серпімді келеді.
Топырақтың механикалық құрамы Н. А. Качинскийдің класси-
фикациясы бойынша анықталады. Бұл классификацияның негізі
топырақ түйіршіктерін физикалық саз (түйіршіктері <0,01) жəне
физикалық құм (түйіршіктері >0,01мм) деп бөлу болып табылады.
Бірақ топырақтың механикалық құрамы бойынша оның
физикалық қасиеттері жайында жуықтап қана айтуға болады.
Топырақтың механикалық элементтерінің (фракцияларының)
құрылымы оның қасиеттерінің жиынтығын бермейді. Мысалы, тұнба
нашар су өткізгіштігімен жəне судың капиллярмен жылжуының на-
шар байқалатындығымен ерекшеленеді. Кальциймен жəне темірмен
қаныққан соң тұнба топырақ құрылымының маңызды факторына ай-
налады. Яғни топырақтың ең қолайлы физикалық қасиеттерін құруға
себепші болады. Табиғатта топырақтың механикалық құрамының
алуан түрлілігі байқалады, Механикалық құрамы ұқсас немесе
бірдей топырақтар физикалық қасиеттері жағынан бір-бірінен едəуір
алшақтануы мүмкін. Топырақтың қасиеттеріндегі үлкен алшақтық
микроагрегаттық құрамының əртүрлілігімен түсіндіріледі. Микро-
агрегаттарды микроагрегаттық анализ арқылы фракцияларға бөледі.
Топырақтың микроагрегаттарды құру қабілеті тұнбаның
мөлшеріне байланысты болады. Микроагрегаттық анализ кезінде
алынған тұнба мөлшеріне қатынасы дисперстік коэффициент деп
аталады (Н. А. Качинский бойынша). Осы қатынас үлкен болған
сайын топырақтың агрегаттар құру қабілеті азайып, топырақтың
микроқұрылымы беріктігін төмендетеді. Қара топырақтың
дисперстік коэффициенті 10%-дан аспайды, ал сортаң топырақтарда
осы көрсеткіш 60-80%-дан асуы мүмкін.
Топырақтың микроагрегаттық құрамы – динамикалық шама,
осыған орай оның негізгі физикалық қасиеттері де өзгермелі, үнемі
қозғалыста болады.
Оның толығырақ атын басым жəне серіктес фракцияның
(саз тұнба, орташа жəне майда шаң, ірі шаң жəне құм) ана-
лиз нəтижелеріне сүйене отырып анықтайды. Басым фракция
механикалық құрам атауының соңына жазылып, оның жетекшілік
маңызын көрсетеді. Мысалы, орташа саздақты, шаңды-тұнбалы
топырақ жəне т.т.
Уақыт өте келе топырақтың механикалық құрамы ауырла-
93
ну жағына қарай өзгереді, ал элювиальдық қабатта (А
2
) ол са-
лыстырмалы түрде алғанда жеңілдейді. Бұған осы қабаттан
жұқа дисперсті бөліктің төменге қарай шайылуы себеп бола-
ды. Механикалық құрамға топырақтың сулық, физикалық жəне
физикалық-механикалық қасиеттері бағынышты болады. Мысалы
құмды жəне құмдақ топырақтар əдетте, құрылымсыз келеді, бірақ
бұл топырақтарда қолайлы ауа жəне жылу тəртібі бар. Су өткізгіші
жақсы, бірақ ылғал сыйымдылығы нашар келеді. Топырақ өңдеуші
құралдарға аз кедергі жасайды. Сонымен қатар, бұл топырақтар
өсімдіктерге қажетті қарашірікке, азотқа, күлдік қоректік эле-
менттерге кедей, сондықтан басқа топырақтарға қарағанда, тез
құнарсызданып, тыңайтқыштар енгізуді қажет етеді.
Саз топырақтар керісінше, күлдік қоректік элементтерге бай-
лығымен, ылғал сыйымдылығының жоғарылығымен, су өткізгішінің,
су қайнатуының ауа алмасуының нашарлығымен жəне қолайсыз
жылулық қасиеттерімен ерекшеленеді. Бұл топырақтар топырақ
өңдеуші құралдарға үлкен кедергі жасайды. Бұл топырақтарда суды
жəне ауаны нашар өткізетін қабық жиі пайда болып тұрады.
Жеңіл жəне орташа саздақты топырақтар қасиеттері жəне құрамы
бойынша жоғарыда аталған топырақтардың ортасынан орын алады.
Бұл топырақтар – ең жақсы топырақтар болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |