47
өзендер, теңіздер мен мұхит жағалауларында, жерасты ағысы на-
шар өзен бойларының төменгі атырауларында, суармалы егіншілік
көптеп өріс алған, жерасты ағымы аз жазиралы алқаптарда орын
алады.
Жерасты
ыза
суларының
топырақтың
механикалық
құрамдарына қарай оған əсерлері əрқилы. Топырақ құрамы
неғұрлым жеңіл құмды, құмдақ болса, жерасты ыза суының
соғұрлым қылтүтіктер арқылы көтерілуі 0,5-1 м-ге жетеді. Ал жер
балшықты, саз балшықты болса, жерасты ыза сулары 3-4 м-ге
көтеріледі. Топырақтағы құбылыстарды жерасты ыза суларының
тек көтерілу деңгейімен ғана емес, олар тұздану мөлшерімен
жəне химиялық құрамдарымен сипатталады. Əдетте, тұщы сулар
құрамында гидрокарбонат, ал ащы суларда сульфатты-хлорлы,
хлорлы-натрийлі құрамды тұз мөлшері өте көп болады.
Тірі заттардың химиялық құрамы. Жер қыртысындағы, судағы
жəне жер бетіне жақын, ауадағы элементтер тірі организмдермен
(ағзалармен) сіңіріліп, қайтадан топталып, топыраққа бастапқы
жағдайларына қарағанда басқа түр мен арақатынас күйінде
қайтарылады.
Тірі ағзалардың орташа химиялық құрамы
(А. П. Виноградов, 1954, М. А. Глазовская, 1981 бойынша)
Мол элементтер (n. 10-n.10
-2
):
О - 70
N - 0,3
S - 0,05
С – 18
Si - 0,2
Nа - 0,02
Н - 10,5
Mg - 0,04
С1 - 0,02
Са - 0.5
Р - 0,07
Fе-0,01
К - 0,3
Аз элементтер (n. 10
-3
-n.10
-5
):
n. 10
-3
-Аl, Ва, Sг, Мn, В, Тһ, Р;
n. 10
-4
- Ті, F, Zn, Рb, Сu, Ү, Сr, Вr, Gе;
n. 10
-5
- Ni, Рb, Sn, Аs, Со, Li, Мо, Ү, Сs;
Өте аз элементтер n< 10
-5
:
Se, U, Нg, Rа.
Сонымен, келтірілген мəліметтер тірі ағзалар негізінен үш эле-
менттен (оттегі, көміртегі, сутегі) тұратынын көрсетеді, олардың
48
қосындысы бүкіл тірі ағзалардың құрамының 98,5%-ын құрады.
Азот мөлшері – 0,3%, ал бактериялар құрамында олардың мөлшері
бірнеше пайызға жетеді. Тірі организмдерде оларды өртегеннен кейін
немесе ыдырағаннан қалатын күлде де элементтер бар. Олардың ор-
таша көлемі – 1,5%, алайда ол В тірі ағзалардың қай алқаптарға орна-
ласуына байланысты. Күлдік элементтердің мөлшері 5-7%, ал кейбір
сор топырақта өсетін өсімдіктер құрамында – 20-25%-ға жетеді.
Өсімдіктер мен жануарлар химиялық элементтерді өздерінің
биологиялық қажеттілігіне байланысты таңдап сіңіреді. Сондықтан
күлдік пішіндегі элементтер құрамы жер қыртысындағы эле-
менттерге қарағанда тіпті өзгеше. Тау жынысынан немесе
топырақтан тірі организмдердің элементтерді биологиялық сіңіру
белсенділігі Б. П. По лынов пен А. И. Перельманның енгізген
сіңірудің биологиялық коэффициенті арқылы анықталады. Бұл ко-
эффициент өсімдік қалдығындағы элемент топырақтағы немесе
тау жынысындағы элементке қатынасынан алынады. Осы арқылы
организмдердің химиялық элементтерді сіңіруінің биологиялық
белсенділігі анықталады.
Биологиялық сіңірудің белсенділік қатары
(А. И. Перельман, 1972, М. А. Глазовская, 1981 бойынша)
1. Белсенді жиналатындар – Р, S, J, Сl
2. Көбірек жиналатындар – К, Са, Мg, Nа, Sr, В, Zn, Ag
3. Нашарлау жиналатындар – Мn, Ва, Сu, Nі, Со, Мg, Аs, Cd, Вe,
Нg, Sе.
4. Нашар жиналатындар – Fe, Si, F, V, Lі, Ү, Сs.
5. Өте нашар жиналатындар – Ті, Сr, Рb, Аl, U, Zr.
Сонымен өсімдіктер күлінде кездесетін элементтер, олардың
таңдамалы сіңірулерінің нəтижесінде тау жыныстарындағы эле-
менттерге қарағанда, өзгеше болады. Мəселен, өсімдік күлінде
Р, S ондаған тіпті, жүздеген есе К, Са, Мg жəне I, Ва, Zn, Ag тау
жынысындағы мөлшеріне қарағанда бірнеше есе көп. Керісінше,
өсімдік күлінде, тау жынысында көп тараған Si, Аl жəне Fe сияқгы
мол элементтер тым аз. Осы жағдайларды ескере отырып, жер
қыртысы құрамындағы атомдары қайта топталады, бұл жағдай
биосфераның геохимиясы үшін де, биосфераның ең тірі заттар мол
тараған бөлігі – топырақ үшін де маңызды. Бұл топыраққа, оның
жоғарғы қабаттарының химиялық құрамына, əсіресе, топырақтың
49
органикалық заттармен толығуына ықпал етеді. Сонымен тірі ор-
ганизмдер топырақ құрамын алғашқы тау жыныстар құрамына
қарағанда тіпті өзгертеді.
Осындай материалдык негіздерден түзілгсн топырақтың
химиялық құрамы туралы төменде айрықша айтылады.
1.7. Топырақ жамылғысына антропогендік
факторлардың əсері
Антропогенді факторлар деп адам қызметінің қоршаған ортаға
тигізетін əсерінің жиынтығын айтады. Табиғатты қорғаудың
түрлі аспектілерін ескермей жүргізген адамның шаруашылық
іс-əрекеттері қоршаған ортаның соның ішінде топырақтың
да ластануы на əкеп соғады. Нəтижесінде топырақ өндірістік,
құрылыстардың қалдықтарымен жылу электр станцияларының
күлімен, пайдалы қазбалар мен құрылыс материалдарын өндіру
кезіндегі жердің бетіне шығарылып тасталған жыныстар тау-тау
болып үйілген, мұнай өнімдері жиналған, т.б «индустриялық дала-
лар» пайда болады. «Индустриялық далалардың» топырақтарында
ештеңе өспейді. Бұның себебі, ластаушы заттардың құрамында
табиғи күйде топырақта өте аз мөлшерде кездесетін химиялық
элементтер болады. Олар көміртек күкірт молибден, мыс, кадмий,
мырыш, алюминий, никель, вольфрам, натрий, хлор, темір, бор, ба-
рий, фтор. Бұндай жағдайда химиялық элементтердің топырақтағы
қалыптасқан қатынасы бұзылады.
Топырақтың ластануы тек қана адамның индустриялық
қызметтерінен емес, сонымен бірге ауылшаруашылық өндірістің
нəтижесінде де жүреді. Топырақты (сол сияқты ауа мен суды) едеуір
ластаушы көздер мал шаруашылығының комплекстері. Көбінесе
сұйық көң дұрыс сақталмаған жағдайда суларды ластайды. Мысалы,
100 мың бас өсіретін шошқа кешендері немесе 35 мың бас ірі қара
өсіретін кешендердің қоршаған ортаны ластау дəрежесі 400, 500 мың
халқы бар үлкен өндірістік орталықпен бірдей дəрежеде болады.
Сондықтан фермаларда тазартқыш қондырғыларды салу өте қажетті
шаралардың бірі. Сонымен қатар, көп жағдайда жанар-жағар майлар-
ды сақтау мен тасымалдау дұрыс, талапқа сай орындалмайды. Олар
топыраққа түскенде, топырақтың биологиялық белсенділігін нашар-
латады. Сол сияқты минералдық тыңайтқыштарды жолдардың, не
4–1427
50
егістіктердің жиегінде ашық тастауға болмайды. Мұнай өндіру жəне
барлау жұмыстары топырақтың түрлі, жуғыш заттармен ластануы-
на себеп болады. Нəтижесінде мұнай төгіліп, топырақтың бетінде
битумды заттардың түзілуіне əкеліп соғады. Бұрғылау жұмыстары
кезіндегі қолданылатын жуғыш заттар (каустикалық сода, натрий
хлориді, дизель майы, битум) топырақтың тұздануына себеп бо-
лады. Əдетте, бұндай жерлерде өсімдіктер өспейді. Көптеген жер-
лер тұрмыстық жəне өндірістік қалдықтары жинақталған қалдық
үйінділермен ластанады. Бұл үйінділерде тұрғын үйлер, мекеме-
лерден шыққан қалдықтар, əртүрлі синтетикалық материалдардан
жасалған тұрмысқа қажетті заттардың қалдықтары, моншалар мен
кір жуатын орындардан шыққан ағызынды сулар, жаңбыр мен қар
сулары, т.б толып жатқан қалдықтардың барлығы топырақты қатты
ластайды.
Топырақ бұлардан басқа пестицидтерді дұрыс пайдаланбаған
жағдайда да біршама ластанады. Олардың химиялық тұрақты түр-
лері топырақта жинақталып, топырақ биотасының қырылып қалуына
себеп болады. Ал пестицидтердің топырақта жинақталуы жəне ондағы
организмдердің жойылуы топырақ түзілу процестерінде əсер етіп,
оның құнарлылығын төмендетеді. Сондықтан шаруашылықтарда
пестицидтерді пайдаланудың ережелерін қатаң сақтаулары қажет.
Ал тыңайтқыштарды қолданғанда ғылыми-зерттеу мекемелерінің
ұсыныстарын басшылыққа алу керек. Табиғи аймақты, топырақтың
түрін, тыңайтқыш берілетін дақылдың ерекшеліктерін ескермеу
топырақтың қышқылдануына, не сілтіленуіне əкеліп, қоректік
элементтердің антогонизмін туғызады.
Антропогендік жағдайдан пайда болған радиоактивтік ядролық
жарылыс, атом өндірістерінің қалдықтары, т.б. себептермен
топыраққа радиоактивтік изотоптарды əкеледі. Атом жарылыстары-
нан пайда болған радиоактивтік заттар ауамен таралып, жауын-ша-
шынмен жерге түсіп, топырақты жəне табиғи суларды радиоактивтік
заттармен ластайды. Антропогендік радиоактивтік изотоптар туралы
айтқанда Қазақстан жерінің басым бөлігінде олардың көп тарағанын
ескергеніміз жөн. Оның басты себебі қазақ жерінде уранның негізгі
кендері табылды. Одақ кезіндегі атомдық сынақ жарылыстары да
осында жүргізілгені белгілі. Биологиялық айналымға қосылып, жа-
нуарлар денесіне, олар арқылы адамның денесіне еніп, жайылып
радиоактивтік сəуле тигізеді.
51
Ең қауіптісі стронцийдің изотопы (
90
Sr) цезиидікі (
137
Сs), өйткені
олардың жартылай ыдырау уақыты өте ұзақ (
90
Sr - 28 жыл,
І37
Сs -
33 жыл) жəне олардың сəуле шығару күші үлкен болғандықтан,
биологиялық айналымға белсенді қатысады.
Сондықтан бұл изотоптардың топыраққа сіңіру заңдылықтарын
олардың топырақта жылжу тəртібін жақсы білу керек. Бұл
изотоптардың екеуі де топырақтың қатты бөлігіне толық сіңіріледі,
сол себептен 80-90% топырақтың жоғарғы қабатына жиналады. Оның
ішінде гумустың тұнба фракциясы мен монтмориллонитке, гидрос-
людалы балшықты минералдарға бай топырақтарға мол сіңіріледі.
Стронцийдін көп қасиеттері кальцийге, ал цезийдің қасиеттері калий-
ге жақын, сондықтан бұл радиоактивтік элементтердің топырақтағы
тəртібі осы айтылған элементтердің тəртібіне ұқсас келеді.
Радиоактивтік элементтердің топырақта таралуы. То-
пырақтағы жəне тау жыныстарындағы радиоактивтік элементтер
мөлшерлерінің арасында корреляция бар екені анықталды. Ең көп
тараған литосфераның жыныстары гранит пен балшықта – (11-18)10
-
6
n/n Ті, 7510
-6
n/n Rb, 310
-6
n/n
40
К, (3-4)10
-6
n/n жəне 10
-12
n/n Ка бар.
Басқа тау жыныстарының таралуы литосферада шамалы, сондықтан
осы көрсеткіштерді бүкіл беткі литосферадағы Кларк көрсеткіштері
деп есептеуге болады.
Топырақтағы радиоактивтік элементтердің мөлшеріне əсер
ететін жағдайдың бірі – топырақ түзілу процесінде аналық тау
жынысының өзгеру деңгейі. Мысалы, элювиалды карбонатты жы-
ныстардан түзілген топырақтарда ТРЭ мөлшері, топырақ түзуші
басқа жыныстарға қарағанда бірнеше есе көп болады, себебі
топырақ түзілу процесіндегі карбонаттардың үгілулері ТРЭ-нің
көбеюіне əкеледі. Топырақ құрамы өзі түзілген жыныстардан
айырмашылығы көп болса, топырақтағы жəне жыныстардағы
радиоактивтік элементтердің мөлшерлері өте алшақ болады,
мысалы, шымтезекті топырақтарды алсақ, ТРЭ-нің топырақ
қабаттарында тереңдеген сайын өзгеруі топырақ түзілу процесінің
ерекшеліктеріне байланысты. Карбонатты топырақтардың
жоғарғы гумус қабатында ТРЭ мөлшері жоғары болып келіп,
төмендеген сайын азаяды. Күлгіндеу, сортаңдану, балшықтану
процестері нəтижесінде ТРЭ эллювиалды қабаттарына немесе глей
қабаттарына ауысады. оның; мөлшері 1,5-3 есе артады. Орманды-
дала, қара топырақ, қара қоңыр, жартылай-шөл, шөл топырақтары
52
қабаттарында ТРЭ-нің таралу тəртібі анық белгіленбейді. Жалпы
табиғи радиоактивті элементтердің топырақ қабаттарында таралуы
балшықты бөлшектердің жəне бірлі жарым тотықтардың таралуы-
мен байланысты.
Соңғы кезде топырақтағы радий мен уранның арасындағы, то-
рий мен уранның арасындағы қатынасты топырақ түзілу процесінің
көрсеткіштері ретінде пайдалану керек деген пікір айтылып жүр.
Бұл қатынастарды гидроморфті жəне жартылай гидроморфті
топырақтардағы
процестерге
пайдалануға
болады.
Басқа
топырақтарда бұл көрсеткіштердің өзгеруі анық байқалмайды, ТРЭ
топырақтардағы процестерге қатысып, органикалық молекулалар-
ды полимерлеу құбылысына катысып, топырақтың құрылымын
жақсарта алады деген де ойлар бар. Ыдыраған радиоактивті
сəулелердің реакциялық жоғары белсенділігіне байланысты, сон-
дай құбылыстар өтуі мүмкін деп есептелді. Бірақ та мұндай əдіспен
топырақтың құрылымын жақсартудың мүмкін еместігі, оған табиғи
радиоактивті элементтер сəулелерінің дозасы бос радикалдарды
құруға жетпейтіндігі дəлелденді. Топырақтың табиғи радиоактивтік
қасиетін тау жыныстарының жəне топырақтардың жасын анықтау
үшін пайдаланады. Радиоактивті əдістердің ішінен уран-қорғасын-
ды, калий-аргонды, рубидий-строниий, радиокөміртегін пайда-
ланады. Топырақтың жасын анықтауда радиокөмір-текті əдісті
қолданады, себебі бұл əдістердің анықтайтын жасы ондаған млн
жыл, кай топырақтың болса да жасынан артық.
Қазіргі кездегі топырақтардың жасы бірнеше жүз жылдан
(күлгін) бірнеше мың жылдық (қаратопырақ). Яғни, көміртегінің
айналымы күлгін топырақтарда қаратопыраққа қарағанда тезірек
болады.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Топырақ түзуші факторларды жіктеңіз.
2. Топырақтың түзілуі үшін ең алдымен, не қажет?
3. Үгілудің қандай түрлері бар?
4. Топырақ түзілу процесі туралы айтыныз.
5. Топырақ пішінінің қалыптасуы.
6. Топырақ түзуші материалдық негіздерге не жатады?
7. Топырақ жамылғысына антропогендік факторлардың əсері
қандай?
53
Тарау бойынша тексеруге арналған тест сұрақтары
1. Қай уақыттта «Топырақтану» өзіндік ғылыми пəн ретінде
қалыптасты:
А) XIX ғ. басы
В) XIX ғ. аяғы
С) XX ғ. басы
Д) XVIII ғ. аяғы
Е) XVIII ғ. ортасы
2. Топырақтың алғашқы ғылыми анықтамасын берген ғалым:
А) В. Р. Вильямс
В) М. В. Ломоносов
С) П. А. Костычев
Д) В. В. Докучаев
Е) Н. М. Сибирцев
3. Топырақтың негізгі (маңызды) қасиеті ретінде, оны тау жы-
нысынан ажырататын – топырақтың құнарлығын анықтаған ғалым:
А) В. Р. Вильямс
В) М. В. Ломоносов
С) П. А. Костычев
Д) В. В. Докучаев
Е) Н. М. Сибирцев
4. Бірінші топырақтану оқулығының авторы:
А) В. Р. Вильямс
В) М. В. Ломоносов
С) П. А. Костычев
Д) В. В. Докучаев
Е) Н. М. Сибирцев
5. Агрономиялық топырақтанудын негізін салушы ғалым:
А) В. Р. Вильямс
В) М. В. Ломоносов
С) П. А. Костычев
Д) В. В. Докучаев
Е) Н. М. Сибирцев
54
6. Топырақтың дамуы уақыт бойынша өсімдіктер мен тау
жыныстарының өзара əрекеттесуі нəтижесінде болатындығы тура-
лы ойды алғашқы көрсеткен ғалым:
А) В. Р. Вильямс
В) М. В. Ломоносов
С) П. А. Костычев
Д) В. В. Докучаев
Е) Н. М. Сибирцев
7. Ғылыми генетикалық топырақтануды (докучаевтік кезең) са-
лушы ғалымдар: 1) В. Р. Вильямс; 2) М. В. Ломоносов; 3) П. А. Кос-
тычев; 4) В. В. Докучаев; 5) Н. М. Сибирцев
А) 1, 2, 3, 4, 5
В). 3, 4, 5
С) 1, 2, 3
Д) 4
Е) 2, 4
8. Топырақтану ғылымы нені зерттейді:
А) Топырақтардың қасиеттерін
В) Жаратылыс тарихи дене ретінде топырақтардың динамикасын
С) Топырақты еңбек объектісі ретінде
Д) Топырақты өндіріс тəсілі ретінде
Е) Жоғарыдағы барлығы
9. Топырақтанудын негізгі бөлімдерін атаңыз:
1) топырақтар физикасы; 2) топырақтар химиясы; 3) топырақтар
генезисі; 4) топырақтар географиясы; 5) топырақтар экология-
сы; 6) агрономиялық топырақтану; 7) топырақтар биологиясы; 8)
топырақтар классификациясы (жіктелуі); 9) ормандық топырақтану;
10) мелиоративтік топырақтану
А) 1, 2, 3, 4, 5
В) 3, 4, 5
С) 1, 2, 3, 6, 7, 9, 10
Д) Айтылғанның барлығы
Е) 6, 9, 10
10. Топырақтанудың фундаменталды бөлімдерін атаңыз:
1) топырақтар физикасы; 2) топырақтар химиясы; 3) топы рақ-
55
тар генезисі; 4) топырақтар географиясы; 5) топырақтар экологи-
ясы; 6) агрономиялық топырақтану; 7) топырақтар биология сы; 8)
топырақтар классификациясы (жіктелуі); 9) ор мандық топырақтану;
10) мелиоративтік топырақтану
А) 1, 2, 7
В) 3, 4, 5
С) 3, 6, 7, 9, 10
Д) Айтылғанның барлығы
Е) 6, 9, 10
11. Топырақтанудың қолданбалы бөлімдерін атаңыз:
1) топырақтар физикасы; 2) топырақтар химиясы; 3) топырақ-
тар генезисі; 4) топырақтар географиясы; 5) топырақтар экологи-
ясы; 6) агрономиялық топырақтану; 7) топырақтар биологиясы; 8)
топырақтар классификациясы (жіктелуі); 9) ормандық топырақтану;
10) мелиоративтік топырақтану
А) 1, 2, 7
В) 3, 4, 5
С) 3, 6, 7, 9, 10
Д) Айтылғанның барлығы
Е) 6, 9, 10
12. Барлық басқа бөлімдердің материалдарын қолданатын, кар-
та түсірудің, топырақ құнарлығын сипаттаудың жəне комплексті
бағалаудың, мемлекеттің жер кадастрін бірыңғай құрастырудың
бірлік таксономиялық жүйесі болатын, топырақтанудың бөлімін
атаңыз:
1) топырақтар физикасы; 2) топырақтар химиясы; 3) топырақтар
генезисі; 4) топырақтар географиясы; 5) топырақтар экология-
сы; 6) агрономиялық топырақтану; 7) топырақтар биологи-
ясы; 8) топырақтар классификациясы (жіктелуі); 9) ормандық
топырақтану; 10) мелиоративтік топырақтану
А) 1
В) 3
С) 4
Д) 5
Е) 8
56
13. Топырақтануда топырақтардың негізгі зерттеу əдістері
қанша?
А) 1
В) 3
С) 4
Д) 5
Е ) 8
14. Топырақтануда қолданылатын топырақтардың негізгі зерт-
теу əдістерін атаңыз: 1) салыстырмалы-географиялық; 2) стационар-
лы; 3) салыстырмалы-аналитикалық; 4) биоиндикация; 5) модель-
деу; 6) вариациялық статистика; 7) карталарды түсіру
А ) 1, 2, 3, 5
В) 3, 4, 5, 7
С) 1, 3, 6, 7
Д) Айтылғанның барлығы
Е) 2, 4, 6, 5
15. Қай көне грек философының еңбектерінде топырақтар
жақсы, құнарлы, кедей, құнарсыз болып бөлінген:
А) Анаксимандр, Кант
В) Анаксимен, Анаксимандр
С) Теофраст, Аристотель
Д) Геродот, Анаксимандр
Е) Кант, Теофраст
16. Қай уақытта Батыс Еуропада топырақ туралы екі көрініс
пайда болды?
А) XVIII ғ. аяғы – XIX ғ. басы
В) XIX ғ. аяғы – XX ғ. басы
С) XIX ғ. басы
Д) XVIII ғ.
Е) XVII ғ. аяғы – XVIII ғ. басы
17. Желге үгілу əсерінен пайда болған, бос тау жынысы ретінде
топырақты қарастырған батыс еувропалық бағыт:
А) Агромəденихимиялық
В) Генетикалық
57
С) Гумус теориясы
Д) Агрогеологиялық
Е) Егіншілік
18. Топырақты тек қорек элементтерінің көзі ретінде қарастыр-
ған батыс еувропалық бағыт:
А) Агромəденихимиялық
В) Генетикалық
С) Гумус теориясы
Д) Агрогеологиялық
Е) Егіншілік
19. Батыс Еувропада (XVIII ғ. аяғы – XIX ғ. бірінші жартысы)
гумус теориясының (өсімдіктер топырақтың органикалық затымен
қоректенеді) авторы:
А) Фаллу
В) Берендт
С) Рихтгофен
Д) Таер
Е) Либих
20. Топырақ табиғи дене емес, топырақтан өсімдіктер тек мине-
ралдық қорек заттарды тұтынады деген көзқарастардың авторы:
А) Фаллу
В) Берендт
С) Рихтгофен
Д) Таер
Е) Либих
21. Қай елде топырақтанудың ғылыми негіздері жəне негізгі
зерттеу əдістері жасалған:
А) Германияда
В) Грецияда
С) Қазақстанда
Д) Англияда
Е) Рессейде
22. Қай елде агрогеология ғылымы пайда болған?
А) Германияда
58
В) Грецияда
С) Қазақстанда
Д) Англияда
Е) Ресейде
23. Қай уақытта агрогеология ғылымы пайда болған?
А) XVIII ғ. аяғы – XIX ғ. басы
В) XIX ғ. аяғы – XX ғ. басы
С) XIX ғ. басы
Д) XVIII ғ.
Е) XVII ғ. аяғы – XVIII ғ. басы
24. Қай жылы орыс ғалымдарымен топырақтардың бірінші
зерттеулері басталды?
А) 1883 ж.
В) 1900 ж.
С) 1899 ж.
Д) 1750 ж.
Е) 1725 ж.
25. Ресейде топырақтарды бірінші зерттеген ғалым:
А) В. Р. Вильямс
В) М. В. Ломоносов
С) П. А. Костычев
Д) В. В. Докучаев
Е) Н. М. Сибирцев
26. Генетикалық топырақтанудың негізін салушы:
А) В. Р. Вильямс
В) М. В. Ломоносов
С) П. А. Костычев
Д) В. В. Докучаев
Е) Н. М. Сибирцев
27. Орыс топырақтануының дамуының жаңа кезенінің (XX
ғасырдың алғашқы жылдары) белгілі топырақтанушысы, то-
пырақтану бойынша фундаменталды оқулығының авторы, В. В. До-
кучаев атындағы Топырақтану институтының ұйымдастырушысы:
А) П. Коссович
59
В) Н. Сибирцев
С) Л. Прасолов
Д) С. Неуструев
Е) К. Глинка
28. Топырақтардың қасиеттерін зерттеудің негізін салу-
шы, топырақ пайда болудың, топырақтар жіктелуінің жəне
эволюциясының ерекше ойларының авторы:
А) П. С. Коссович
В) Н. М. Сибирцев
С) Л. И. Прасолов
Д) С. С. Неуструев
Е) К. Д. Глинка
29. Топырақтардың географиясы, экологиясы жəне эволюциясы
бойынша көптеген еңбектердің авторы:
А) П. С. Коссович
В) Н. М. Сибирцев
С) Л. И. Прасолов
Д) С. С. Неуструев
Е) К. Д. Глинка
30. Орыс топырақтануының жаңа кезеңі қай уақытқа жатады?
А. XVIII ғ. аяғы – XIX ғ. басы
В. XIX ғ. аяғы
С. XX ғ. басы
Д. XVIII ғ. аяғы
Е. XVII ғ. аяғы – XVIII ғ. басы
|