ОҚулық Алматы, 2013 2 Əож кбж қ



Pdf көрінісі
бет6/37
Дата27.02.2017
өлшемі5,39 Mb.
#5017
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37

60

2-ТАРАУ

ТОПЫРАҚТЫҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ 

КӨРСЕТКІШТЕРІНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ 

ФАКТОРЛАРДЫҢ ƏСЕРІ

2.1. Топырақтың морфологиясы

Топырақтың  морфологиясы  деп  оның  сыртқы  белгілерінің 

жиынтығын атайды.

Табиғи  жағдайларға  байланысты  топырақ  жаратылу  процестері 

əртүрлі жылдамдықпен жүреді де, оның сыртқы белгілерінің жетілуі 

де əртүрлі келеді.

Топырақтың сыртқы белгілерін зерттеу далалық жəне зертханалық 

əдістермен  жүргізіледі.  Топырақтың  органо-минералдық  құрамы 

оның  сыртқы  белгілерін  құрайды.  Мысалы,  топырақ  гумусының 

(қарашірігінің) мөлшеріне жəне құрамына қарай топырақ түсі мойыл 

қара түстен (егер қара шірінді 6%-дан асса жəне гумин қышқылымен 

гумин  көп  болса)  ақшыл  сұр  түске  дейін  (қара  шірінді 1,5-2 % жəне 

фульвоқышқылдар  көп  болса)  өзгереді.  Сол  сияқты  топырақтың 

гранулометриялық құрамы, сіңген катиондардың арақатынасы, əртүрлі 

химиялық  қосындылардың  болуы  топырақ  морфологиясын  жасай-

ды.  Топырақтың  құрамы,  осыған  орай  оның  физикалық,  химиялық 

ерекшеліктері  топырақ  түзуші  (аналық)  жыныстың  минералдық 

құрамына  жəне  топырақ  түзілу  процесінде  жасалған  қасиеттеріне 

байланысты  болады.  Сонымен,  топырақ  морфологиясы  оның  түзілу 

процесі жəне агрономиялық құндылығы жөнінде ұғым бере алады.

Далалық əдісте топырақ кесіндісін (көлденең қимасын) шұңқыр 

қазу арқылы жасайды. Топырақтың морфологиясын білу үшін оның 

құрылысын  (қабатын  жəне  олардың  қалыңдығын),  бояуын  (түсін), 

құрылымын, əртүрлі қосындыларды, жаңа түзінділерді анықтайды. 

Сондай-ақ, топырақтың грануметриялық құрамын, топырақ түзуші 

жыныстың  сипатын,  ылғалдылығын,  органикалық  заттың  жəне 

өсімдіктер тамырларының таралуын, тұз қышқылынан (HCl) қайнау 

тереңдіктерін,  ыза  суларының  жер  бетінен  қашықтығын,  судың 

дəмін (тұщы, кермек, ащы, т.б.) анықтайды.

Зертханалық əдісте бұл анықтаулар топырақ құрылысын бұзбай 

жəшікпен алынған үлгілерде, монолиттерде жүргізіледі.


61

 

Топырақ түзілуі құбылыстарының əсерінен тау жынысынан пайда 



болған топырақта оған тəн құрылыс, пішін, ерекше белгілер, қасиеттер 

мен  жаңа  қосылыстар  пайда  болады.  Сөйтіп  топырақ  тау  жынысы-

нан  өзінің  құнарлылығымен  ғана  емес,  құрылысымен  жəне  сыртқы 

морфологиялық  белгілермен  ерекшеленеді.  Осы  морфологиялық 

белгілер  арқылы  топырақ  түрлері  бір-бірінен  ажыратылады,  топырақ 

түрлерге  жіктеліп,  оларға  атау  беріледі.  Басты  морфологиялық  белгі-

лерге  топырақтың  құрылысы,  топырақтың  жəне  оның  қабаттарының 

қалыңдығы,  түсі,  құрылымы  жайласуы,  механикалық  құрамы,  жаңа 

жарандылар  мен  кіріспелер  жатады.  Далалық  жағдайда  топырақтың 

морфологиялық  белгілерін  зерттегенде  тік  қазылған  шұңқырлар  пай-

даланылады.  Бұл  əдісті  алғаш  рет  топырақтанудың  ғылыми  негізін 

салушы  В.  В.  Докучаев  қолданды.  Осы  əдіс  іс  жүзінде  топырақты 

далалық  жағдайда  зерттеуде  осы  күнге  дейін  қолданылып  келеді. 

Топырақтың  құрылысы – оның  тік  кескінінде  кезектесіп  орналасқан 

əртүрлі  қабаттары.  Бұл  қабаттар  бір-бірінен  түсімен,  құрылымымен, 

тығыздылығымен,  химиялық  құрамымен,  кейде  механикалық 

құрамымен  ерекшеленеді.  Топырақтың  құрылысы  пайда  болып, 

қабаттардың ерекшеленуі топырақ түзілу процесінің жəне топырақты 

өндірісте пайдаланудың ықпалынан болады. Топырақтың тік кескінінде 

бірнеше қабаттар кездеседі. Осы қабаттарға атау қойылып, əріппен (ин-

декс) белгіленеді. Əдетте, топырақтың:

А  қарашірінді жиналған қабат;

В  иллювиальді немесе аралық қабат;

 глей;

 аналық тау жынысы;

Д  астыңғы тау жынысы;

 элювиальды қабат;

AЕ  қарашірінді элювиальды қабаты;

О  орман төсеніші;

– шымтезек сияқты генетикалық қабаттары ажыратылады.

O    (ескіше  Ао  немесе  Ад) – органогенді  қабат,  орман  ішінде 

түскен,  құраған  жапырақтардан,  ал  далалық  аймақта  шөптесін 

өсімдіктерінің  қалдықтарынан  құралған,  тың  жерде  болатын 

топырактың ең үстіңгі қабаты.

A    қарашірінді  жəне  қоректік  заттар  жиналатын  топырақтың 

жоғарғы  жағында  қалыптасқан  қабат.  Минералды  заттардың 

бұзылуы  мен  сілтісізденуі  байқалмайды.  Түсі  басқа  қабаттарға 

қарағанда, күңгірт келеді.



62

АЕ  қарашірінді элювиальды қабатта қарашірінді жиналуымен 

қатар,  минералдардың  бұзылуы  жəне  ыдыраған  заттардың  төменгі 

қабаттарға шайылып жылжуы байқалады.

Е – (ескіше  Аг) – элювиальды  қабатта  топырақ  түзілу  процесі 

кезінде  бірқатар  заттар  төменгі  қабатқа  немесе  топырақ  кескіні 

астына шашылады. Сондықтан қабатта балшықты минералдар аза-

йып кремний негізді заттар көбейеді.

В – иллювиальды  немесе  аралық  қабатта  жоғарғы  қабаттан 

шайылған  заттар,  кей  жағдайда  жерасты  сулары  арқылы  келген  зат-

тар  жиналады.  Топырақ  кескінімен  жылжушы  заттарға  байланысты 

иллювиальды қабат əртүрлі қосындылармен, мысалы: қарашіріндімен 

(Вһ),  карбонаттармен  (Вк),  темір  қосындыларымен  (Вте)  батырылуы 

мүмкін. Егер топырақта мұндай заттардың жылжуы байқалмаса, онда 

В қабатын аралық қабат, яғни қаршірінді қабаттан аналық тау жынысы 

қабатына алмасу қабаты деп атайды. С – аналық тау жынысы, топырақ 

түзілу процесінің əсері тимеген немесе оның сəл əсері болған тау жы-

нысы  қабаты.  Топырақты  қабаттарға  бөлгенде  олардың  бір  қабаттан 

екінші  қабатқа  алмасуы  сипатына  көңіл  аударады.  С.  А.  Захаровтың 

анықтауынша үш құрылым типі бар:

1) куб тəріздес  құрылым бөлшектері бір-біріне перпендикуляр 

үш ось бойы бірқалыпты қалыптасқан;

2) призма тəріздес – бөлшектердің даму балы, негізінен тік ось 

бойы қалыптасқан; 

3)  тақта  тəріздес – бөлшектер  негізінен  көлденең  жазықтық  екі 

ось  бөлшекпен  қалыптасқан.  Топырақтың  құрылымының  түрлерге 

жіктелінуі 1-кестеде келтірілген. Топырақтың құрылымының типіне 

жəне одан қабаттыға байланысты өзгереді. Мысалы, қара топырақтың 

үстіңгі қарашірінді жиналған қабатында дəнді түйіршікті құрылым, 

ал  кейбір  топырақтың  иллювиальді  қабатында  бағаналы  немесе 

приз малы құрылым кездеседі.

Топырақтың  жайласуы    оның  тығыздығы  мен  кеуекшілігінің 

сырт көрінісі. Ол топырақтың механикалық құрамына, құрылымына, 

топырақ  фауна  əрекетіне  жəне  өсімдіктердің  тамыр  жүйесінің  да-

муына  байланысты  қалыптасады.  Тығыздылық  дəрежесіне  қарай 

топырақ өте тығыздалған, тығыздалған, қопсынды, бытыраңқы бо-

лып жіктеледі. Өте тығыз топырақты күрекпен қазу қиынға түседі, 

сондықтан қайла қолдану қажет.



63

 

2.2. Топырақ пішінінің құрылымы



Түсiнiгi  жəне  маңызы.  Топырақ  құрылымы  деп  оның  ұсақ 

бөлшектер мен микроагрегаттардан органикалық жəне минералдық 

кололидтар  арқылы  желiмделiнiп,  бiрiккен  түйiршiктерiн  атайды. 

Топырақтың түйiршiктерге бөліну қабiлетiн оның құрылымдылығы 

дейдi.  Топырақтың  құрылымы – оның  құрылысын,  су-ауа,  жылу, 

физикалық-механикалық  жəне  технологиялық  қасиеттерiн  анық-

тайтын ең маңызды шарттарының бiрi.

Топырақтың құрылымы деп оның əртүрлі пішінді үлкенді-кішілі 

түйіртпекті агрегаттарға бөліну қасиетін айтады. Топырақ құрылымы 

ірі кесекті, кесек дəнді, үлкен-кіші жаңғақты, призмалы, т.б. түрлерге 

бөлінеді.  Олар  бір-бірімен  жабысқан  механикалық  элементтермен: 

құм, шаң, балшықпен қосарласа жүреді. Əрбір құрылымдық агрегат 

біріккен органикалық жəне минералды бөліктерден тұрады. Жалпы 

топырақ құрылымының пайда болуы  күрделі биохимиялық жəне 

физикалық-химиялық  процесс.  Көп  жағдайда  аралас  құрылымды 

топырақтар кездеседі.

Топырақтың  құрамында 0,5 мм-лік  микроагрегаттардан  бастап, 

одан  əлденеше  есе  үлкен  макроагрегаттар  бар.  Агрегаттарының 

көлемі 1 мм-ден 10 мм-ге дейінгі топырақ  бағалы, құнарлы. Өйткені 

мұндай  топырақ  ылғалды  үнемді  жұмсайды,  ысырап  етпейді,  яғни 

оның бөлшектерінің сіңіру құрамында кальцийдің катионы болады. Ал 

су ұстамайтын топырақтың құрамында басқа катиоңдар кездеседі.

Топырақтың  тығыздылығы    оның  борпылдақ  қуысты  неме-

се тығыз болу қасиеті, бұл көрсеткіш топырақтың тығыздығы мен 

жұмсақтығын  жəне  құрылым  бөліктерінің  арасындағы  қуыстар 

дəрежесін  білдіреді.  Топырақ  қуыстары  ауа  мен  судың,  жылудың 

жылжуына ықпал етеді.

Топырақтың  тығыздылығы  топырақтың  құрылымына,  меха-

никалық  құрамына,  органикалық  жəне  минералдық  бөлшектердің 

мөлшеріне байланысты. 

Тығыздықтың  деңгейіне  қарай  топырақ  мынадай  түрлерге 

бөлінеді:

1.  Өте  тығыз,  біртұтас  топырақ.  Мұндай  топырақ  сортаң 

жəне  карбонатты  жерлерде  кездеседі.  Ауа  мен  суды  өткізбейді, 

механикалық  құрамы  ауыр  əрі  өзі  құрғақ  болады.  Агрономиялық 

тұрғыдан бұл топырақ жыртуға жарамайды.



64

2.  Тығыз топырақ жердің жыртылған қабатынан төмен орналас-

қан. Сортаңдау жəне механикалық құрамы ауыр балшықты жерлер-

де  топырақ  тығыз  болады.  Агротехникалық  шаралар  қолданылған 

жағдайда мұндай топырақты ауылшаруашылығына пайдалануға бо-

лады.


3. Тығыздау топырақ жердің иллювиальды қабатында кездеседі. 

Мұндай топыраққа күректі күш жұмсамай-ақ батыруға болады.

4.  Борпылдақ  топырақ  үстіңгі  қабатта  болады.  Өйткені  мұнда 

органикалық  заттардың  мол  болуына  байланысты  құрылымы 

түйіртпекті, арасынан ауа, су өтетін кеуектер көп болады. Сондықтан 

мұндай құнарлы топырақта мəдени өсімдіктер жақсы өседі.

5.  Бос жылжымалы топырақ құмдақ жəне құмды жерлерде бола-

ды. Ауыл шаруашылығына пайдалану үшін арнайы агротехникалық 

шараларды қолдануды қажет етеді.

Бұл  топырақтың  маңызды  генетикалық  жəне  агрономиялық 

көрсеткіші. Топырақтың құрылымы деп, оның массасының əртүрлі 

үлкенді-кішілі түйіртпекті агрегаттарға бөліну қасиетін айтады.

Топырақ құрылымы ірі кесекті, кесек дəнді, үлкен-кіші жаңғақты, 

призмалы,  т.б.  түрлерге  бөлінеді  (16-сурет).  Олар  бір-бірімен 

жабысқан  механикалық  элементерімен:  құм,  шаң,  балшықпен 

қосарласа жүреді. Əрбір құрылымдық агрегат біріккен органикалық 

жəне минералды бөліктерден тұрады.

Жалпы топырақ құрылымның пайда болуы-күрделі биохимиялық 

жəне физикалық-химиялық процесс болып саналады. Көп жағдайда 

аралас құрылымды топырақтар кездеседі.

Ал  су  ұстамайтын  топырақтың  құрамында  басқа  катиондар 

кездеседі.

Топырақ бөлшектерінің құрылымы:

1. Құрылымы жоқ, шаң-тозаңды, борпылдақ; 

2. Құрылымы ұсақ түйіршіктері, оқ дəрісіндей, мөлшері 0,5-1 мм;

3. Дəнді түйіршіктері, диаметрі 1-5 мм;

4. Жаңғақатты құрылым, 5-10 мм;

5.  Майда  кесекті  құрылым,  топырақ  бөлшектерінің  көлемі 

бірнеше см-ге жетеді.

Топырақтың  пайда  болу  процесінде  өзіне  тəн  құрылымның 

бірі – топырақ  пішіні  түзіледі,  яғни  топырақтың  морфологиясы 

қалыптасады. Осы морфологиялық көрсеткіштер арқылы топырақ-

тар бір – бірінен жəне өзі түзілген тау жыныстарынан ажыратылады. 


65

 

Морфологиялық  құрылымды  жалпы  топырақтан  шатастырмау  ке-



рек. Морфологиялық құрылым – топырақтың сыртқы пішіні. 

Топырақтың морфологиялық құрылымын зерттеу үшін далалық 

жағдайда тік қазылған шұңқырларды пайдаланады. Бұл əдісті алғаш 

рет В. В. Докучаев қолданған, осы күнге дейін бұл топырақтануда 

негізгі əдіс болып қалды. Шұңқырды қазып, бір бетін тегістеп, оған 

күн сəулесін түсіріп қараған кезде, топырақтың бірнеше қабаттарға 

бөлінгені  байқалады.  Топырақтың  əр  қабаты  өзіне  тəн  сыртқы 

пішінмен сипатталады. Осы қабаттардың түріне қарап, топырақтың 

түзілу  процесі  туралы  көп  мəліметтер  айтуға  болады.  Əртүрлі 

топырақ типтері де осылай бір-бірімен ажыратылады.

Топырақтың құрамы:

1. Су;


2. Ауа;

3. Минералды тұздар(азот, фосфор, калий);

4. Қарашірік (өсімдік пен жан-жануардың шіріндісі, органикалық 

заттар);


5. Саз;

6. Құм.


16-сурет. С. А. Захаров бойынша топырақ  түсінің үшбұрышы

5–1427


66

Топырақтың фазалық құрамы

Топырақ  –  күрделі  дене,  ол  бірнеше  фазалардан:  қатты 

фаза (минералдық жəне органикалық), сұйық фазасы (топырақ 

ерітіндісі),  газды  фазасы  (топырақ  ауасы)  жəне  тірі  фазасы 

(топырақтағы тірі организмдер) тұрады. Бұл фазалар бір-бірімен 

өте тығыз байланысты.



Топырақтың минералдық құрамы

Майда  ұнтақталған  тау  жыныстары  мен  олардың  топырақтағы 

минералды  бөліктерінің  өзінің  пайда  болу  жағынан  екі  топқа 

бөлінеді:  Алғашқы – магматикалық  жəне  метаморфикалық  аса 

қатты  үгілмеген  минералдар.  Екіншісі – жердің  үгілу  неме-

се  топырақ  қабаттарында  алғашқы  минералдардың  көпжылдық 

үзіліссіз үгілуінің нəтижесінде, үгілудің соңғы аса майда ұнтақталған 

өнімдері  түзілген  биіктіктен  ормандық  белдеу  басталады,  онда  са-

мырсын, майқарағай, шырша, балқарағай жəне қайыңдар кездеседі.

Топырақтың  жəне  оның  қабаттарының  түстеріне  əсер 

ететін негізгі құрамдар:

1. Қара шірінді заттары. Олар топыраққа қара немесе қара қоңыр 

түс береді. 

2. Темір марганец тотықтары. Сары, қызыл, сия түстер береді. 

3.  Кремний  қосылыстары,  əк,  каолинит,  алюминий  гидроксиді 

жəне  суға  ерігіш  тұздар  (Хлоридтер  жəне  сульфаттар).  Олардың 

түстері-ақ келеді.

4. Темірдің шала тотығы. Ол көкшіл, сұр сия түсті келеді. 

Үшбұрыш  ақ,  қара,  қызыл  түстер,  ал  олардың  араларында 

осы үш негізгі түстердің азды-көптігіне байланысты неше түрлі 

түстер  болады.  Топырақтың  түсін  анық  бір  түспен  айту  қиын, 

сондықтан  негізгі  түске  анықтама  қосылады.  Оның  басым  түсі 

соңына  қойылады.  Мысалы,  қара  қоңыр,  сары  құба,  ашық  сары 

деген сияқты.

Топырақтың  түсінің  практикалық  маңызы  үлкен.  Топырақ 

қабатының қалың қара түсті болуы қара шірінді молдығын көрсетеді. 

Көкшіл немесе көк түсті топырақтың батпақтануы. Мұндай жерлерді 

пайдалану күрделі мелиоративтік жұмыстарды қажет етеді.



67

 

2.3. Топырақтың генетикалық қабаттары, 



олардың диагностикасы, символикасы

Топырақтың  құрылысы  деп  топырақ  кесіндісін  құрайтын 

генетикалық  (шығу  тегі  бойынша  бір-біріне  байланысты) 

қабаттардың  жиынтығын  атайды.  Əрбір  топырақ  типтерінің 

құрылыстары,  қабаттардың  кезектесуі  бір-бірінен  өзгеше  болады. 

Дегенмен, В. В. Докучаев негізгі үш генетикалық: А – қарашірікті-

аккумлятивтік, В – аралық (иллювиалдық), С – топырақ түзуші не-

месе аналық жыныс қабаттарды белгіледі.

Топырақтың  бояуы  оның  негізгі  айқын  белгілерінің  бірі  болып 

саналады. А. Н. Сабаниннің айтуынша, топырақта ашық жасыл мен 

көк түстен басқа қарадан аққа дейінгі түстердің бəрін кездестіруге 

болады. Ал батпақты топырақта жаңа жасалған топырақ кесіндісінен 

ашық  жасыл  жəне  көк  түстерді  де  көруге  болады.  Топырақтың 

көптеген  типтері  өз  түстерімен  аталады:  күлгін  топырақтар,  қара 

топырақтар,  қызыл  қоныр  топырақтар,  қоныр  топырақтар,  сұр 

топырақтар, қызыл топырақтар, сары топырақтар жəне т.б.

Топырақтың беткі қабатының түсі ондағы гумустық заттардың 

шамасына байланысты жасалған. Топырақтың қызыл жəне сары 

түсі жеке минералдардың (гематит, лимонит), түсіне немесе ұсақ 

дисперс ті саз минералдардың (каолиниттің, монтмориллониттің, 

т.б.)  бетінде  хемосіңірілген  темір  тотықтарына,  лас  көк  түсі 

темірдің  оксиді,  қызыл  қоңыр  фонда  қара  дақтың  жəне  қара 

жолақтың  болуы  марганецтің  гидроксидтеріне,  ақшыл  түсі  саз 

қабығынан  тазарған  кварцтың  ұсақ  дəншелерінің  түсіне,  ақ  түс 

карбонаттардың, сульфаттардың жиналуына байланысты болады. 

Топырақ  кесіндісінің  төменгі  қабатының  түсі  негізінен  топырақ 

түзуші  (аналық)  жыныстың  бояуына,  оның  құрамы  мен  үгілу 

дəрежесіне  сəйкес  келеді.  Солтүстік  жарты  шардың  тропиктен 

тысқары  аймағында  топырақтың  қызғылт  қоңыр  түсті  бояуы 

мұнда көп тараған кайнезой эрасының төрттік кезеңіне топырақ 

түзуші жыныстарына байланысты.

Топырақ қабаттарының түсі ылғалдылығына, жарықтың түсуіне, 

структуралық  жағдайына  байланысты  да  өзгереді.  Мысалы,  бір 

топырақтың  өзі  құрғақ  күйінде  сұр,  ылғал  күйінде  қара  сұр  түсті, 

структурасыз  (ұсақ,  ұнтақ)  топырақ  ұсақ  кесекшелі  жəне  дəншелі 

күйіндегіден  гөрі  ақшыл  түсті,  күндізгіден  гөрі  кешкісін  қара 



68

қоңырлау түсті болады. Сондықтан топырақ түсі ауа-құрғақ үлгісінде 

жəне күндізгі шашыраңқы жарықта анықталады.

Дегенмен,  топырақ  түсін  визуалдық  анықтау  қателіктерге 

соқтыруы мүмкін. Сондықтан ФМ типті фотометрді қолдану керек.

Топырақ  структурасы  да  маңызды  морфологиялық  белгі  болып 

есептеледі.  Топырақтың  қарапайым  бөлшектері  (гранулометриялық 

элементтері) бір-бірімен жабысып, қарашіріктік жəне минералдық зат-

тармен желімделіп əртүрлі мөлшерде жəне формада кесекшелер (агре-

гаттар, структуралар) түзеді. Профессор С. А. Захаров топырақ структу-

расын негізінен үш типке бөледі: куб тəрізді топырақтың структуралық 

бөліктері өзара перпендикуляр үш осьпен бірқалыпты жетілген; призма 

тəрізді структуралық бөліктер негізінен тік (биіктік) осьпен жетілген; 

тақта тəрізді структуралық бөліктер екі көлбеу осьпен жетілген жəне тік 

бағытта қысқараған. Аталған типтердің бəрі де мөлшеріне, қабырғалары 

мен  қырларының  сипатына  қарай  кіші  бөліктерге  бөлінеді.  Оны 

С. А. Захаров, С. А. Монин төмендегідей бөліп көрсетеді:

1-кесте

С. А. Захаров бойынша топырақ құрылымының жіктелуі

Тегі


түрі

мөлшері


сипаттамасы

Тоң 


кесекті

1-тип. Куб тəрізді

пішіні дұрыс емесе, беті 

тегіс


ірі тоң кесек

ұсақ тон кесек

>10 см

1-10 см


Кесекті

ірі кесекті

кесекті

ұсақ кесекті



шаң тəрізді

3-10мм


1-3 мм

0,25-1мм


<0,25мм

дұрыс емес доғал пішінді, 

опырылған, беті бұдырлы, 

қырлары байқалмайды

Жаңғақ 

тəрізді


ірі жаңғақты 

жаңғақты


ұсақ жаңғақты

>10мм


7-10мм

5-7 мм


дұрыс пішінді, қырлары 

жақсы білінеді, беті тегіс

Дəнді

ірі түйіршікті



түйіршікті

ұсақ түйіршікті

3-5мм

1-3мм


1-0,5мм

пішіні сəл дұрыс, кейде 

домаланған, қырлары жақсы 

білінеді, беті бірде бұдырлы, 

бірде тегіс, жылтыр

Бағана 


тəрізді

2-тип. Призма тəрізді

бөлшектер нашар 

пішінделген, қырлары 

түзу емес, қабырғалары 

дамымаған

ірі баға тəріздес

бағана тəріздес

ұсақ бағана тəріздес

5см


>3-5см

3-5см


<3см

69

 

Бағаналы



ірі бағаналы

ұсақ бағаналы

5-3см

<3см

дұрыс пішінді, тік бағытта 

жақсы жетілген, жəне үстіңгі 

жағы дөңгелене біткен, 

астыңғы жағы тегіс

Призмалы


ірі призмалы

 ұсақ призмалы

нəзік призмалы

қарындашты 

(ұзындығы 5 см)

3-5см


1-3см

0,5-1см


0,5см

<1см

қабырғалары жақсы 

жетілген, тегіс, жылтыр 

бетті, өткір қырлы.

Тақта-

ланған


3-тип. Тақта тəрізді

жетілген қатпарлы, көлденең 

жымдастығы бар

тақталанған 

плиткалы

пластинкалы

жапырақты

>5 мм


3-5мм

1-3мм


<1мм

Қабыр-


шақты

жұмыртқа


қабыршақты

ірі қабыршақты

ұсақ қабыршақты

>3мм


1-3мм

<1мм

мөлшері үлкен емес 

көлденең жымдастығы, өткір 

қыры бар


Топырақтың типтеріне тəн өзіндік құрылымы. Мысалы, дəншелі 

структура  қара  топыраққа,  жаңғақша  стуктура  орманның  сұр 

топырағына,  тақталы  жəне  жапырақшалы  структуралар  күлгін 

топыраққа, бағаналы, ірі призма тəрізді жəне тоң кесекті структура-

лар сортаң топырақтарға тəн.

Топырақ 


құрылымы 

деп 


оның 

тығыздығының 

жəне 

қуыстылығының  сырт  көрінісін  атайды.  Топырақтың  тығыздығы 



далалық  жағдайда  өңдеуші  (плуг,  тырма,  культиватор)  құралдарға 

тигізетін  қарсы  əсерімен  анықталады.  Топырақ  құрылымын  бос 

(пышақ,  күрек  жеңіл  кіреді),  тығызданған  (аталған  құралдар  біраз 

күш салғанда кіреді), тығыз (құралдар күшпен кіреді) құрылымдар 

деп бөледі.

Топырақтың  қуыстылығын  қуыстардың  мөлшеріне,  структура 

аралық  жарықтардың  енділігіне  қарай  анықтайды.  Ұсақ  қуысты 

құрылымда  қуыстың  диаметрі 1 мм-ден  кем,  қуысты  құрылымда 

қуыстар  ірі,  тар  жарықты  құрылымда  ол 3 мм-ден  артық  бо-

лады.  Тығыз  жəне  қатты  топырақтарда  ағаш  жəне  шөптесін 

өсімдектердің  тамырлары  жайылып  өсе  алмайды.  Қаттылығы 

60-65  кг/см

2

,  тығыздығы 1,9 г/см



3

  топыраққа  өсімдік  тамыры 

кірмейді. Топырақтың қуыстылығы, аэрациясы, су өткізгіштігі, ауыл 

шаруашылығы машиналарының тарту күшіне тигізетін қарсы əсері 

осы тығыздыққа байланысты болады.


70

Топырақты  зерттегенде  өсімдік  тамырларының  тереңдеп  жайы-

луын  да  белгілеу  керек.  Шөптесін  өсімдіктердің  тамырлары  беткі 

қарашірікті қабаттарды жасайды, ал ағаш өсімдіктері тамырларының 

гумус жасауда ролінің аз екенін байқаймыз.

Інқазғыш жануарлар (борсық, суыр, саршұнақ, тышқандар, т.б.) 

топырақтарды араластырумен болады. Бұл қарашірікті қабаттардың 

қалыңдауын күшейтеді. Бұлар шөбі шүйгін өскен жерлерде көп бо-

лып,  өз  алдына  топырақ  əртүрліліктерін  жасайды.  Мысалы,  індік 

қара топырақ осы жолмен түзілген.

Топырақтың  қалыптасуында  əртүрлі  химиялық  қосындылар 

түзіледі. Олар топырақ массасында біркелкі тарайды немесе əртүрлі 

формалы болып жиналады. Гипергенез (грек тілінде гипер – үстінде, 

генезис – шығу  тегі,  яғни – жер  бетінде  үгілуден  шыққан)  жəне 

топырақ  түзілу  процесінде  жасалған  сырт  пішіні  анық,  топырақ 

массасынан  жақсы  ажыратылатын  химиялық  қосындыларды  жаңа 

түзінділер дейді. Бұлардан басқа биологиялық текті жаңа түзінділер 

де болады. Олар зоогендік (капролиттер – құрттар экскременттері, 

илеу жасағандағы құмырсқалар кесекшелері, құрт жолдары, індер) 

жəне  фитогендік  (кесекшелер  бетіндегі  тамыршалар  іздері – ден-

дриттер, т.б.) болып бөлінеді.

Жаңа  түзінділер – ерітінділерден  кристалдану,  коллоидтық 

ерітінділерден гельге түсу, гельдердің қайта кристалдануы, алмасу 

жəне т.б. процестерінде жасалады. Дегенмен, жаңа түзінділердің жа-

салуы топырақ жаратылу процесімен бірге жүретіндіктен биогендік 

процесс те болып есептеледі. Жаңа түзінділер көмірқышқылды əк, 

темір жəне марганецтің түйірлері (бобовина), темірдің сары дағы не-

месе сызығы, марганецтің қара дағы түрінде болады. Солтүстіктегі 

темір-марганец жаңа түзінділері орнына оңтүстікке қарай карбонат-

ты (СаСО


3

, MgCO


3

) жаңа түзінділер басым келеді.

Далалық аймақ топырақтары жаратылуында темір-марганец, 

темір-силикат  жаңа  түзінділері  жасалуы  тоқтап  карбонат-

ты  жаңа  түзінділер,  олардың  ішінде  гипстің  ұсақ  кристалды 

тұздары  (бір  негізге  бекіген  кристалдары),  конкрециялары 

көптеп жасалады.

Құрғақ даланың қоңыржай климаттық жағдайында гипстік жаңа 

түзінділерге  жұқа  қабық  жəне  жиынтықтар  жасайтын  суда  ерігіш 

хлоридтер мен сульфаттар қосылады.

Шөлді аймақ гипсті жəне хлоридті-сульфатты жаңа түзінділер ба-



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет