Оқулық Алматы, 2014 2 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет10/47
Дата31.03.2017
өлшемі9,2 Mb.
#10684
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   47

Бұлшық еттің қажуы. Бұлшық етті ұзақ уақыт белгілі бір ыр-

ғақпен  тітіркендіріп  отырса,  ол  қажиды,  оның  жиырылу  қабілеті 

біртіндеп төмендеп, ақыры мүлде жауап бермей қояды. Бұл уақытша 

құбылыс.  Біраз  үзіліс  жасап,  тынықтырса,  ет  қайтадан  жиырыла 

бастайды,  біртіндеп  жиырылу  қасиеті  бастапқы  қалпына  келеді. 

Бұлшық еттің қажуын жазып алуға болады, ол эргограмма деп ата-

лады. Бұлшық еттің жиырылуы пессимум жиілігінен де тоқталады. 

Бірақ  қажу  мен  пессимум  жиілікте  жиырылу  тоқтағанмен  бұл 

екі  құбылыстың  себебінде  жəне  физиологиялық  қасиеттерінде 

ерекшеліктер  бар.  Бұлшық  еттің  қажуы  ұзақ  уақыт  жиырылу 

қызметін атқару нəтижесі, дем алған соң еттің жұмыс қабілеттілігі 


106

бұрынғы  қалпына  келеді.  Пессимум  жиілікте  тітіркендіргіш 

жиілігін  төмендетсе  (өзгертсе)  болғаны,  бұлшық  ет  дем  алмай-

ақ  тітіркендіргіш  күшіне  сəйкес  жиырылады  жəне  қажыған  етте 

кездесетін химиялық өзгерістер мен контрактура мұнда болмайды. 

Қажи бастаған кезде еттің латенттік кезеңі ұзарады, жиырылу күші 

(амплитудасы) біртіндеп төмендейді. Бұлшық еттің босауы көпке со-

зылады,  жұмысы  тоқтағанмен  ет  толық  босамайды.  Мұны  қалдық  

жиырылу (сіресу) немесе контрактура деп атайды. Контрактураның 

шамасы  тітіркендіргіштің  күшіне  байланысты.  Контрактура  кей-

де  басқа  себептермен  де  ауру  сезімін  тудыратын  тітіркендіргіштің 

əсерінен,  ацетилхолиннің  немесе  адреналиннің  көбеюінен, 

симпатикалық жүйке қозуынан жəне еттегі ыдыраған заттар бұрынғы 

деңгейіне келмесе, жұмыс кезінде зат алмасуы қарқынына байланы-

сты еттің температурасы 45-60°С-қа дейін жоғарыласа пайда бола-

ды. 


Өткен ғасырдың өзінде бұлшық ет қажуының: 

1. Энергиялық ресурстардың түгесілуі, əлсіреуі;

2. Энергиялық заттар ыдырау өнімдерінің жинақталуынан бітелу 

немесе улану;

3. Оттегінің  жеткіліксіз  түсуінен  тұншығу  сияқты 3 негізгі 

механизмі қалыптасқан. 

Қазіргі кезде түрлі жаттығуларды орындау кезінде қажудың пай-

да болуында бұл механизмдер рөлінің əр алуан екендігі анықталған. 

Қаңқа  еті  бірыңғай  салалы  бұлшық  етке  қарағанда  тез  қажиды. 

Бұлшық еттің қажу себебі толығынан зерттелмеген.

И. Шифф бұлшық еттің қажуы оның энергия қорының əсіресе, 

гликогеннің  азаюынан  деп  түсіндіреді  («əлсіреу»  теориясы). 

Бірақ  қажыған  бұлшық  етте  гликоген  біржола  жойылып  кетпейді, 

оның  деңгейі  қажыған  соң  да  əжептəуір  болады.  Е.  Пфлюгер 

бұлшық  еттің  қажуы  ұзақ  жұмыс  істеу  салдарынан  етте  сүт,  фос-

фор қышқылдарының жəне басқа да ыдырау өнімдерінің жиналуы-

нан («улану» теориясы) деп санайды. Осыған байланысты бұлшық 

еттегі  зат  алмасу  бұзылады.  Фосфор  қышқылы Ca²

+

  иондарымен 



əрекеттесіп, еттің қозу жəне жиырылу қасиеттерін төмендетеді жəне 

əрекет потенциалының тууын кешіктіреді. Тəжірибе жүзінде денеден 

жекеленіп алынған бұлшық ет қажыған соң, оның қоректі ерітіндісін 

(Рингер  сұйықтығын)  төгіп,  қайта  жаңартса,  бұлшық  еттің  жұмыс 

қабілеттілігі тез қалпына келетіні дəлелденген. 


107

Жекеленген  бұлшық  етте  оттегі  жоқ  тек  азотқа  толған  ауада 

сақтап тітіркендірсе ондай бұлшық ет тез қажиды («тұншығу» тео-

риясы).

Осы  аталған  пікірлер  бұлшық  еттің  қажу  сырын  толық 

анықтамағанымен,  оның  жеке  себептерін  көрсете  алады.  Орга-

низмнен  бөлінбеген  бұлшық  ет  қажыған  кезде,  оның  химиялық 

құрамындағы  гликогеннің,  АТФ  қышқылының,  креатинфосфаттың 

азаятыны  жəне  актиннің  өзгеретіні  анықталды.  Актомиозиннің 

сульфогидрилдік тобы азаяды немесе ол басқа заттармен қосынды 

құрады.  Сөйтіп,  бұлшық  ет  қажығанда  оның  ферменттік  қасиеті 

төмендейді.  Мұндай  химиялық  өзгерістердің  дəрежесі  жекеленген 

бұлшық еттерде өте жоғары, ал организмнен бөлінбеген бұлшық ет-

терде  өте  төмен  болады.  Өйткені  бұлшық  етке  қан  арқылы  оттегі, 

қоректік  жаңа  заттар  жеткізіліп,  ыдырау  өнімдері  уақытында 

шығарылып  тұрады.  Организмнен  бөлініп  алынбаған  бұлшық 

етті  жиырылуы  тоқтағанша  жүйке  арқылы  тітіркендіріп,  одан  соң 

бұлшық еттің өзін тітіркендірсе, бұлшық ет жиырылып қажығанын 

көрсетеді. Мұнда бұлшық еттен бұрын мионевралдық синапс қажиды 

(Н. Е. Введенский). Демек, организмде ет жұмысының тоқтауы оны-

мен байланысты синапстардың, нейрондардың қажуынан да болуы 

мүмкін. Сайып келгенде, біртұтас организмде еттің қажуы көп се-

бептер ықпал ететін үдеріс. 

Анаэробтық  жаттығуларды,  əсіресе,  максималды  жəне 

максималдыға  жуық  қуаттылықты  жаттығуларды  орындау  кезінде, 

бұлшық еттік қажудың пайда болуында фосфагендердің бұлшық ет 

ішілік қорының түгесілуі маңызды рөл атқарады (32 А-сурет). 

Оларды  орындау  соңында  бастапқы  деңгейден  АТФ  мөлшері 

30-50%-ға, ал КФ 80-90%-ға төмендейді. Бұл жаттығулар үшін фос-

фагендер  жетекші  энергиялық  субстрат  болып  табылатындықтан 

олардың түгесілуі бұлшық ет жиырылуының қажетті қуаттылығын 

ұстап тұра алмауға əкеледі. Неғұрлым жүктеме қуаттылығы төмен 

болса,  соғұрлым  жұмыс  соңында  жұмыс  атқарушы  бұлшық  ет-

терде фосфагендер мөлшері аз кемиді (32 Б-сурет) жəне бұл кему 

бұлшық ет қажуының туындауында көп рөл атқармайды. Аэробтық 

жаттығуларды орындау кезінде бұлшық ет ішілік фосфагендер азай-

майды  немесе  айтарлықтай  болмайды.  Сондықтан  бұл  механизм 

аталмыш жаттығуларды орындаудағы қажудың дамуында қандай да 

бір рөл атқармайды. 



108

0

0

5

20

5

10

15

20

25

5

10

15

20

20

40

40

60

60

80

80

100

100

10

15

20

5

10

15

20

5

10

15

20

 



 



 

 

. %

/

 

 

 

 

 



/

%

20

40

60

80

100



32-сурет. Шекті ұзақтықтығы əртүрлі анаэробтық жəне аэробтық жаттығу 

барысында жұмысшы бұлшық еттердегі фосфагендер (А) мен лактат (Ə) 

концентрациясы (стрелка жұмысты тоқтату кезімен сəйкес);

Əртүрлі салыстырмалы аэробтық қуаттылықты жаттығулардан 

кейін жұмысшы бұлшық еттердегі фосфагендер (Б) мен лактат (В) 

концентрациясы (Д. Карлссон бойынша)

Максималдыға  жуық  жəне  əсіресе  субмаксималды  анаэробтық 

қуаттылықты,  сонымен  қатар  максималды  аэробтық  қуаттылықты 

жаттығуларды  орындау  кезінде  жұмысшы  бұлшық  еттердің  энер-

гиямен  қамтамасыз  етілуінде  анаэробтық  гликолиз  (гликогенолиз) 

жетекші  немесе  маңызды  рөл  атқарады.  Бұл  реакция  нəтижесінде 

бұлшық  ет  жасушасында  сутек  иондары  концентрациясының 

жоғарылауына (рН төмендеуіне) əкелетін сүт қышқылы көп мөлшерде 

түзіледі  (32  Ə-сурет).  Нəтижесінде  гликолиз  жылдамдығы  жəне 

сəйкесінше, бұлшық ет жиырылуының қажетті қуаттылығын ұстап 

тұруға  қажетті  энергия  өндірілу  жылдамдығы  тежеледі.  Сонымен 

жұмысшы бұлшық еттерде сүт қышқылының жинақталуы бұлшық ет 

қажуының (рН төмендеуі) субмаксималды анаэробтық қуаттылықты 

жаттығуларды  орындау  кезінде  жетекші  жəне  максималдыға  жуық 

анаэробтық,  максималды  аэробтық  қуаттылықты  жаттығуларды 

орындау кезінде өте мəнді механизмдері болып табылады.


109

Максималды  анаэробтық  қуаттылықты  жаттығуларды  орындау 

кезінде  бұлшық  еттік  гликогенолиз  жүріп  үлгермейді.  Сондықтан 

бұлшық  ет  жасушаларында  лактаттың  жинақталуы  көп  болмай-

ды.  Аэробтық  қуаттылықты  жаттығу  кезінде  неғұрлым  жүктеме 

қуаттылығы төмен болса, соғұрлым анаэробтық гликолиздың бұлшық 

еттің  энергиямен  қамтамасыз  етілуінде  рөлі  аздау  болады  жəне 

сəйкесінше, жұмыс соңында бұлшық етте лактат мөлшері соғұрлым 

төмен болады (32 В-сурет). Максималды анаэробтық қуаттылықты 

жаттығуларды орындау кезіндегі сияқты максималды емес аэробтық 

қуаттылықты  жаттығуларды  орындау  кезінде  де  бұлшық  етте 

лактаттың айтарлықтай жинақталуы болмайды. Сондықтан бұл ме-

ханизм бұлшық ет қажуының дамуында соншалықты маңызды рөл 

атқармайды. 

Қажудың  дамуында  көмірсу  ресурстарының  (бірінші  кезек-

те  жұмысшы  бұлшық  ет  пен  бауырдағы  гликогеннің)  түгесілуі 

маңызды, ал кейбір жаттығулар үшін шешуші рөл атқарады. Бұлшық 

ет гликогені анаэробтық жəне максималды аэробтық жаттығулардың 

энергиялық қамтамасыз етілуі үшін (фосфагендерді есептемегенде) 

негізгі  субстрат  болып  табылады.  Жаттығуларды  орындау  кезінде 

бұлшық ет гликогені шығыны көп емес, яғни бастапқы мөлшерден 

30%-ға дейін жəне бұлшық ет қажуының маңызды факторы ретінде 

қарастырыла алуы мүмкін емес. 

Максималдыға 

жуық 

жəне 


субмаксималды 

аэробтық 

жаттығуларда көмірсулар (бұлшық ет гликогені мен қан глюкозасы) 

тотығу реакцияларына пайдаланылатын жұмысшы бұлшық еттердегі 

негізгі  энергиялық  субстрат  болып  табылады.  Субмаксималды 

аэробтық  жаттығуларды  орындау  үдерісінде  бұлшық  ет  гликогені 

əсіресе,  айтарлықтай  шығындалады,  сондықтан  жалғастыруды 

тоқтатқан сəт көбіне негізгі жұмысшы бұлшық еттерде гликогеннің 

толықтай  немесе  тіпті,  толық  шығындалуымен  сəйкес  келеді.  Бұл 

аталмыш  жаттығуларды  орындау  кезінде  бұлшық  ет  гликогенінің 

түгесілуін қажудың жетекші механизмі деп есептеуге негіз болады.

Неғұрлым  төмен  (орташа  жəне  төмен)  аэробтық  қуаттылықты 

жаттығулардың  энергиямен  қамтамасыз  етілуінде  көмірсулармен 

қатар  майлар  да  (жаттығу  қуаттылығы  неғұрлым  төмен  бол-

са,  соғұрлым  олардың  салыстырмалы  рөлі  көбірек)  маңызды  рөл 

атқарады.  Мұндай  жаттығуларды  орындау  соңында  жұмысшы 

бұлшық  еттердегі  гликоген  мөлшері  субмаксималды  аэробтық 


110

жаттығулар  кезіндегі  дəрежедей  болмаса  да  айтарлықтай 

төмендейді.  Сондықтан  оның  түгесілуі  қажудың  жетекші  факторы 

ретінде  қарастырылмайды.  Дегенмен,  бұл  маңызды  фактор,  себебі 

жұмысшы  бұлшық  еттегі  гликоген  мөлшерінің  төмендеу  шегі  бо-

йынша олар жүйке жүйесі үшін жалғыз энергиялық көз болып та-

былатын  қан  глюкозасын  көп  дəрежеде  пайдаланады.  Жұмысшы 

бұлшық  еттердің  глюкозаны  пайдалануының  артуынан  бауырдағы 

гликоген қоры төмендейді. Гликогеннің ыдырауы қанға глюкозаның 

түсуін  қамтамасыз  ететіндігі  белгілі.  Сондықтан  орташа  аэробтық 

қуаттылықты  жаттығуларды  орындау  кезінде  қандағы  глюко-

за  мөлшері  төмендеп,  гипогликемия  дамиды,  ол  ОЖЖ  қызметінің 

бұзылуына  жəне  қажуға  əкелуі  мүмкін.  Бұлшық  ет  пен  бауырда 

гликогеннің бастапқы мөлшері неғұрлым жоғары болған сайын, бұл 

жаттығуларды  орындау  кезінде  соғұрлым  кешірек  гипогликемия 

дамиды  жəне  қажу  пайда  болады.  Арақашықтықта  көмірсуларды 

(глюкозаны) қабылдау бұл құбылыстардың алдын алады жəне пай-

да болу уақытын алыстатады. Осымен қатар егер көмірсулар сөреге 

дейін қабылданса, онда қанға инсулиннің бөлінуі жоғарылайды жəне 

жұмыс кезінде глюкоза концентрациясы төмендейді, яғни соғұрлым 

гипогликемия тез дамып қажу пайда болады. 

Қажу  мектеп  жасындағы  балаларда  ОЖЖ  қызметінің  бірқатар 

ерекшеліктеріне  байланысты  ересектерге  қарағанда  тезірек  дами-

ды.  Балаларда  ішкі  тежелу,  əсіресе,  ажырату  жəне  кешікпе  теже-

лу  үдерістері  тезірек  бұзылады.  Мұнда  зейін  төмендеуі,  қорғаныс 

тежелуі  дамуы  мен  ми  қыртысы  жасушалары  қозғыштығының 

төмендеуі нəтижесінде белсенділіктің дереу төмендеуіне ауысатын 

қозғалыс мазасыздығының пайда болуы көрінеді. 

Балаларда  қажудың  феноменологиялық  картинасы  мен  оның 

дамуындағы жеке факторлардың рөлі ересектердегі сияқты сан ал-

уан. Дегенмен, балаларда қалпына келу үдерістері өтуі мен қажудың 

дамуы жылдамдығының ересектерден айтарлықтай айырмашылығы 

бар.  Балалармен  сабақ  жүргізу  біркелкі,  бірсарынды  (монотонды) 

болмау  керек,  түрлі  жұмыс  түрлерін  кезектестіріп  отыру  қажет. 

Сонымен  қатар  балалардың  жұмысқа  қабілеттілігінің  біріншіден, 

соңғы сабаққа жəне дүйсенбіден сенбіге қарай төмендейтінін еске-

ре  отырып,  оқушының  күн  режимінде  дене  мен  ой  жүктемелері 

мазмұнына, сол сияқты оларды белсендіру құралдары мен əдістеріне 

мəн беру аса маңызды.


111

Қажудың түрлері

Қажу дене жəне ой еңбектерінде пайда болады. Ол жедел (қысқа 

мерзімде  туады)  жəне  созылмалы  (ұзақ  мерзімде – айлар  немесе 

жылдар бойы) əртүрлі физиологиялық жүйелер мен тұтас организм-

де байқалады. Қажу жалпы жəне жергілікті болып бөлінеді. Жалпы 

қажуда тұтас организмнің əрекеттері өзгереді, ал жергілікті қажуда 

кейбір  бұлшық  еттердің,  жеке  талдағыштардың,  т.б.  қызметтері 

төмендейді.

Дене 

жүктемесінен 



кейінгі 

жергілікті 

қажу 


жүйке 

орталықтарында,  синапстарда  жəне  бұлшық  еттің  өзінде  туатын 

өзгерістерге  байланысты.  Жүйке  орталықтары  қызметі  өзгерістері 

олардың белсенділігі мен ширақтығының төмендеуінен, қозу-тежелу 

үдерістері байланыстарының бұзылуынан туады. 

Реципроктық  қарым-қатынастың  нашарлауынан  қосарлас  (си-

нергист) бұлшық еттердің өзар үйлесу тəртібі жойылады. Сондықтан 

бұлшық  еттердің  ширақтығы  мен  қозғыштығы  төмендейді  жəне 

оның  күші  мен  жиырылу  жылдамдығы  əлсірейді.  Қажу  кезінде 

еттің энергия қоры азайып, кальций мен калий иондарының балан-

сы  өзгереді,  синапстың  ацетилхолинге  сезімталдығы  төмендейді. 

Қажудың пайда болуы бұлшық ет қан айналысына да байланысты. 

Өте  жақсы  жаттыққан  бұлшық  еттер  шыдамды  (төзімді)  келеді. 

Жергілікті өзгерістер нəтижесінде организмнің жалпы қажуы туа-

ды. Ол орталық жүйке жүйесінің жоғары бөлімдерінен басталады. 

Өйткені  қозғалыс  орталығы  мен  вегетативтік  жүйелер  қызметін 

реттейтін орталықтардың өзара əрекеттесу үйлесімі бұзылады. Со-

нымен қатар жалпы қажу кезінде оны сана арқылы ерікті үйлестіру 

нашарлайды.  Бұлшық  еттің  жиырылу  күші  мен  жылдамдығы, 

шыдамдылығы  төмендейді.  Жалпы  қажу  кезінде  жүректің  жиы-

рылу  күші  əлсірейді,  жиілігі  артады.  Қанның  систолалық  көлемі 

өсіп, диастолалық қысымы көтеріледі. Осыған байланысты жұмыс 

атқарушы  мүшелер  қанмен  нашар  қамтамасыз  етіледі.  Сонымен 

бірге  өкпе  вентиляциясы,  оттегіні  пайдалану  азаяды.  Организмнің 

энергия қоры сарқылады, əсіресе, гликоген жетіспейді.

Жалпы  қажу  статикалық  қимылдарда,  бұлшық  еттің  үздіксіз 

жиырылуы  кезінде  пайда  болады.  Бұл  жағдайда  кенеттен  жүрек 

əлсіреп, əртүрлі аймақтарда қан айналысы бұзылады, демікпе, циа-

ноз,  үйлесімсіз  қимыл  байқалады.  ОЖЖ  мүшелер  мен  жүйелерді 

бірлестіріп,  əрі  олардың  қызметтерін  үйлестіріп  үлгермейді. 



112

Сондықтан вегетативтік жүйе организмді дер кезінде қоректік зат-

тармен, энергиямен қамтамасыз ете алмайды. 

Жедел  (жіті)  қажу  дағдыланбаған  адамдарда  ұзақ  жұмыстың 

алғашқы  сəтінде  кездеседі.  Ол  мүшелер  мен  жүйелерді  бұрынғы 

қалпына  келтіру  қоры  азайғандықтан  жəне  реттеуші  механизмнің 

олқылықтарынан туындайды. 

Бұл  қажу  қоршаған  орта  температурасы  мен  ылғалдылығы 

жоғары болған жағдайда тез пайда болады. Өйткені адам қатты тер-

леп, организм маңызды микроэлементтерден арылады. Қажудың бұл 

түрі  кəрі  адамдарда  айқын  көрінеді,  олардың  организмі  бұрынғы 

қалпына баяу келеді. 

Созылмалы  қажу  жүйке-бұлшық  ет  жəне  вегетативтік 

жүйелердің  өзгерістеріне  əкелетін  қарқынды  жұмыстардан  кейін 

байқалады.  Мұнда  орталық  жүйке  жүйесінің  меңгеру  əрекеті 

өзгеріп,  организмнің  күш  салу  мүмкіндігі,  жұмыс  қабілеттілігі, 

күрделі  үйлесімдігі  əлсірейді.  Тахикардия  байқалып,  диастолалық 

қысым  көтеріледі.  Сонымен  қатар  жүйке  үдерістерінің  балансы 

өзгереді, жұмыс жəне тұрмыс жағдайындағы төзімділік пен сақтық 

жойылады.  Организмнің  қолайсыз  жағдайларға  бейімделу  қабілеті 

төмендейді, сондықтан ол жиі ауруларға шалдығады. 

Ақыл-ой  жұмыстарында  қажу  тез  басталады.  Мұнда  зейін, 

зерде  (ес)  əлсірейді,  тез  шешім  қабылдау,  анық  қисынды  сөйлем 

құрау,  дерексіз  ойлау  қабілеті  төмендейді.  Ақыл-ой  қажуы  да  же-

дел  жəне  созылмалы  болып  бөлінеді.  Жедел  ой  қажуында  негізгі 

физиологиялық көрсеткіштер тəулік ішінде бұрынғы орнына келеді. 

Ми  қыртысында  шектен  тыс  тежелу  байқалады,  қан  айналысы 

өзгереді, талдағыштардың орталық бөлімінің қызметі нашарлайды. 

Жалпы  физиологиялық  тұрғыдан  алып  қарағанда,  дене  мен 

ой  еңбегінен  туындайтын  қажудың  айырмашылығы  шамалы. 

Сондықтан оны болдырмау шаралары бірдей болады.

Қажуды  анықтау  үшін  объективті  жəне  субъективті  белгілер 

қолданады.  Субъективтік  белгіге  шаршау  түйсігі  жатады.  Ол 

белсенді жұмыс істеп отырған жүйке орталықтарының тежелуінен 

туады. Объективті белгілер жұмыс қабілеттілігінің өзгеруінен жəне 

қажумен қатар білінетін əртүрлі жүйелердің өзгерістерінен тұрады. 

Біріншіден,  жұмыс  қабілеттіліктің  сандық  көрсеткіштері,  нақтылы 

мерзімдегі  жұмыс  өнімі  төмендейді.  Мұны  корректуралық  кесте-

лер немесе эргографиялық зерттеулер арқылы тексереді. Екіншіден, 

жұмыс қабілеттілік сапасы, арнайы бақылау тапсырмаларын орын-



113

дау  нашарлайды.  Үшіншіден,  жұмысқа  байланысты  үйлесімді 

əрекеттер бұзылады.

Жұмысқа  қабілеттілік  сапасына  əлеуметтік  жағдайлардың 

(тұрмыс  салты,  молшылық  жəне  т.б.)  мəні  зор.  Сонымен  бірге 

оған  кейбір  ішкі  факторлар:  денсаулық  күйі,  жүйке  жүйесінің 

ерекшеліктері де əсер етеді. Ал жүйке жүйесінің қызметі ішкі секре-

ция бездерінің қызметімен байланысты болады. 

Қажудың түрлері, оның даму сатылары адамның жеке қасиетте-

ріне,  жұмыс  жағдайлары  мен  тəртіптеріне  байланысты  келеді. 

Сондықтан  оны  болдырмау  үшін  қоршаған  ортадағы  санитарлық 

жəне гигиеналық шараларды жақсарту керек. Жаттықтыру жəне жа-

рыс өткізілетін орындардың (спорт залдар, гимнастикалық, бокс зал-

дары жəне т.б.) арнайы гигиеналық талаптарға сай жабдықталуына 

аса  мəн  берілу  қажет.  Жұмысты  қолайлы  ұйымдастырудың  да 

(жұмыс  орны,  тұлға  қалпы,  бірсарынды  еңбекті  азайту)  маңызы 

бар.  Жұмысқа  қабілеттілікті  үнемі  жаттығу,  жұмыс  дағдыларын 

қалыптастыру, кəсіби үйрету, тиімді тынығу арқылы жоғарылатуға 

болады.

Түрлі спорттық жаттығуларды орындау кезіндегі қажу

Түрлі  жаттығулар  үшін  қажу  механизмдерінің  жəне  жетекші 

жүйелердің (локализация) арнайы комбинациясы тəн. 

Максималды  анаэробтық  қуаттылықты  жаттығуларды 

орындау кезінде қажудың дамуында ОЖЖ мен орындаушы жүйке-

бұлшық ет аппаратында жүретін үдерістер маңызды рөл атқарады. 

Бұл  жаттығулар  кезінде  жоғары  моторлық  орталықтар  жұмыс 

атқаратын  бұлшық  еттердегі  жұлын  мотонейрондарының  макси-

малды  санын  белсендіріп  жəне  жоғары  жиіліктегі  импульсация-

сын  қамтамасыз  ету  керек.  Осындай  қарқынды  «моторлық  топ» 

тек  бірнеше  секунд  ғана  болады.  Əсіресе,  импульсация  жиілігі 

ерте  төмендейді  жəне  жылдам  мотонейрондардың  істен  шығуы 

жүреді.  Жұмысшы  бұлшық  еттердегі  фосфагендер,  əсіресе,  кре-

атинофосфат  тез  шығындалады,  демек,  осы  жаттығуларды  орын-

дау  кезіндегі  қажудың  жетекші  механизмдерінің  бірі  осындай 

жұмысты  қамтамасыз  ете  алатын  негізгі  субстраттар  ретіндегі 

фосфагендердің  түгесілуі  болып  табылады.  Анаэробтық  гликолиз 

баяу дамиды, сондықтан жұмыстың бірнеше секундында жиырыла-



114

тын бұлшық еттердегі лактат концентрациясы елеусіз жоғарылайды. 

Вегетативтік қамтамасыз ету жүйелері бұл жаттығуларды орындауда 

жəне сəйкесінше, қажудың дамуында шешуші рөл атқармайды. 



Максималдыға  жуық  анаэробтық  қуаттылықты  жатты-

ғуларды орындау кезінде де қажудың дамуын ОЖЖ мен орындаушы 

бұлшық ет аппаратында жүретін өзгерістер анықтайды. Максимал-

ды анаэробтық жұмыс кезіндегі сияқты бұл жаттығуларда да ОЖЖ 

негізгі  жұмыс  бұлшық  еттерін  жүйкемен  жабдықтайтын  көптеген 

жұлын  мотонейрондарының  жоғары  жиіліктегі  импульсациясы 

мен  белсенуін  қамтамасыз  ету  қажет.  Бұлшық  ет  жасушаларының 

өзінде  анаэробтық  метаболизм  субстраттары – фосфагендер  мен 

бұлшық ет гликогенінің қарқынды шығындалуы жүруінен қанға сүт 

қышқылының  айтарлықтай  мөлшері  шығарылады.  Максималдыға 

жуық  анаэробтық  жұмыс  кезінде  қажудың  маңызды  себебі 

фосфагендердің  түгесілуімен  қатар  бұлшық  ет  пен  қанда  сүт 

қышқылының  жинақталуы  болып  табылады.  Бұл  бір  жағынан, 

бұлшық  етте  гликогенолиз  жылдамдығын  төмендетсе,  екінші 

жағынан,  ОЖЖ қызметіне жағымсыз ықпал етеді.

Субмаксималды  анаэробтық  қуаттылықты  жаттығуларды 

орындау  кезінде  фосфагендер  ресинтезі  жеткілікті  жылдамдықпен 

жүреді,  сондықтан  жұмыс  соңында  олардың  айтарлықтай 

шығындалуы  байқалмайды.  Бұл  жаттығулардағы  қажудың  басты 

механизмі  (энергия  өндірілудің  негізгі  жолы  ретінде)  қарқынды 

гликогенолизбен байланысты бұлшық ет пен қандағы лактаттың 



жинақталуы  жəне  соның  салдарынан  бұлшық  ет  пен  қанда  рН 

төмендеуі  болып  табылады.  Бұл  фактордың  екеуі  де  бұлшық 

еттегі  гликогенолиз  жылдамдығының  төмендеуіне  əкеледі  жəне 

ОЖЖ  қызметіне  теріс  ықпал  етеді.  Субмаксималды  анаэробтық 

қуаттылықты жаттығулар кезінде жұмысқа қабілеттілікті лимиттеуші 

қосымша  (дегенмен,  өте  мəнді  емес)  фактор  оттегі  тасымалдау 

жүйесінің  қызметтік  мүмкіндіктері  болып  табылады.  Сондықтан 

осындай жұмыстарды орындау кезіндегі қажу механизмдерінің бірі 

бұлшық еттің оттегімен жеткіліксіз жабдықталуы болып саналады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет