Сөре алдыңғы күй жұмыстың басталуының (жаттығудың
орындалуының) алдындағы функциялық өзгерістермен сипаттала-
ды.
Жұмыс кезеңі ең бастапқы кезеңінде қызметтердің тез
өзгеруімен сипатталатын бабына келу күйінен жəне келесі одан
кейін негізгі физиологиялық қызметтер салыстырмалы өзгеріссіз
болатын (нақтылап айтқанда, баяу өзгеретін) тұрақты жұмыс
қабілеттілік күйінен тұрады. Жаттығуды орындау үдерісінде оны
əрі қарай қажет жағдайдағы қарқындылық деңгейінде жалғастыра
алмаумен немесе сол жаттығуды мүлде жалғастыра алмаумен, яғни
жұмыс қабілеттілігінің төмендеуімен көрінетін қажу пайда болады.
Бастапқы, жұмыс алдыңғы деңгейге дейін қызметтердің
қалпына келуі жаттығуды тоқтатқаннан кейінгі белгілі бір уақыт
мерзімі барысындағы организмнің күйін сипаттайды.
Организм күйінің көрсетілген кезеңдерінің əрқайсысына түрлі
жүйелер, мүшелер мен тұтас бүкіл организмнің физиологиялық
қызметтерінің ерекше динамикасы тəн. Бұл кезеңдердің болуы,
олардың ерекшелігі мен ұзақтығы орындалатын жаттығулар сипаты-
мен, қарқындылығымен, ұзақтығымен, оның орындалу жағдайымен
жəне сонымен қатар спортшының жаттықтырылу дəрежесімен
анықталады.
Сөре алдыңғы күй
Бұлшық ет əрекетінің орындалуына дейін оны күту үдерісінде
организмнің түрлі қызметтерінің бірқатар өзгерістері жүреді. Бұл
86
өзгерістердің организмді алдында тұрған əрекеттерді табысты
орындауға даярлауда маңызы зор.
Ерте сөре алдыңғы күй жарысқа дейін бірнеше күн, сөре
алдыңғы күй спорттық жарыстар атмосферасына түскен кезде,
сөрелік күй сөреге бірнеше минут немесе секунд қалғанда туын-
дайды. Спортшының сөре алдыңғы функциялық күйі өзгерістерін
алдыдағы жұмыстардың орындалуы үшін қозғалыс жəне вегетатив-
тік қызметтердің мобильденуімен жүретін организмнің биологиялық
мақсатқа лайықты бейімделу реакциялары ретінде қарастырған жөн.
Бұл өзгерістер ОЖЖ қозғыштығының жоғарылауымен, бұлшық ет
əрекетінің сол түріне тəн қозғалыс доминантасының жасалуымен
сипатталады.
Сөреге, дене жүктемелеріне спортшының даярлығы дегеніміз
– дене жүктемесіне қажетті сапаны қамтамасыз ететін тыныштық
күйден қысқа уақытта жұмысқа көшуге, қолайлы жұмыс
қабілеттілігіне жетуге, жұмыстың бір түрінен немесе қарқындылығы
басқа деңгейге ауысуға дайындығы. Сөре алдыңғы күй кез келген
жұмыс əрекетіне тəн. Ол жоғары жетістіктерге жету спортында анық
көрінген.
Қызметтердің сөре алдыңғы өзгерістері бұлшық ет жұмысы
басталуына дейін, яғни бірнеше минутқа, сағатқа жəне жауапты
жарыстар кезінде тіпті, күндерге созылатын белгілі бір кезеңдерде
жүреді. Кейде функциялық өзгерістері ерекше айтарлықтай бо-
лып келетін сөренің алдындағы (жұмыстың алдындағы) соңғы
минуттарға тəн жеке сөрелік күйді бөліп қарастырады. Ол жұмыс
басындағы қызметтердің жылдам өзгеру фазасына (бабына келу
кезеңіне) тікелей ауысады.
Сөре алдыңғы күйде организмнің түрлі физиологиялық
жүйелерінің сан алуан қайта құрылулары жүреді. Бұл қайта
құрылулардың көпшілігі сол жұмыс кезінде жүретін қайта
құрылулармен ұқсас: тыныс алу жиілейді жəне тереңдейді, яғни
ӨВ өседі, газ алмасу (О
2
пайдалану) күшейеді, жүректің жиы-
рылуы жиілейді жəне күшейеді (жүректің минуттық қан көлемі
өседі), артериялық қан қысымы жоғарылайды, бұлшық ет пен
қандағы сүт қышқылы концентрациясы артады, дене температура-
сы жоғарылайды жəне т.б. Осылайша организм əрекеттің басталуы-
на дейін қайсыбір «жұмыс деңгейіне» ауысады жəне бұл көбіне
жұмыстың табысты орындалуына мүмкіндік береді (К. М. Смирнов,
1986).
87
Сөре алдыңғы қызметтердің өзгерістері өзінің табиғаты жағынан
шартты рефлекстік жүйкелік жəне гуморалдық реакциялар болып
табылады. Аталмыш жағдайда шартты рефлекстік тітіркендіргіштер
ретінде орындалатын əрекеттің орны, уақыты, сонымен қатар
екінші сигналдық, сөздік тітіркендіргіштер болып саналады.
Мұнда эмоциялық реакциялар маңызды рөл атқарады. Сондықтан
организмнің функциялық күйінің неғұрлым шұғыл өзгерістері
спорттық жарыстар алдында байқалады. Мұнда сөре алдыңғы
өзгерістер дəрежесі мен сипаты көбіне, спортшы үшін сол жарыстың
маңыздылығымен тура байланыста болады.
Сөре алдында оттегі пайдалану, негізгі алмасу, ӨВ тыныштық
күйдің кəдімгі деңгейінен 2-2,5 есе жоғарылауы мүмкін. Қысқа
қашықтыққа жүгірушілерде, тау шаңғышыларында сөре кезінде
ЖЖЖ минутына 160 екп/мин-на жетуі мүмкін. Бұл мидың лим-
бия жүйесімен (гипоталамус, ми қыртысының лимбиялық үлесі)
белсенетін симпатикалық-адреналдық жүйе қызметінің күшеюімен
байланысты. Бұл жүйелер белсенділігі жұмыстың басталуына дейін
артады. Ол норадреналин жəне адреналин концентрациясының
жоғарылауынан көрінеді. Катехоламиндер жəне т.б. гормондар
ықпалынан бауырдағы гликоген, май қорындағы майлардың ыды-
рау үдерістері жылдамдайды. Сондықтан жұмыстың басталуына
дейін қанда глюкоза, бос май қышқылдары сияқты энергиялық суб-
страттар мөлшері жоғарылайды. Холинэргиялық жүйкелер арқылы
симпатикалық белсенділіктің күшеюі қаңқа бұлшық еттеріндегі
гликолизді интенсификациялап, олардың қантамырларының кеңеюін
(холинэргиялық вазодилятация) тудырады.
Сөре алдыңғы өзгерістер деңгейі мен сипаты көбіне, сол
жаттығудың өзін орындау кезінде жүретін функциялық өзгерістердің
ерекшеліктерімен сəйкес келеді. Мысалы, неғұрлым жүгіру
арақашықтығы қысқа болған сайын, яғни жаттығуды орындау
кезінде ЖЖЖ жоғары болған сайын сөре алдында орташа ЖЖЖ
соғұрлым артады. Орташа қашықтыққа жүгіруді күту кезінде
систолалық көлем қысқа қашықтыққа жүгіру алдындағы мөлшерге
қарағанда, салыстырмалы көбірек артады. Сонымен сөре алдыңғы
физиологиялық қызметтердің өзгерістері негізінен арнайы болады.
Сөре алдыңғы күйдің ерекшеліктері көбінесе, спорттық жұмыс
қабілеттілікті анықтауы мүмкін. Барлық жағдайлардың бəрінде сөре
алдыңғы күйде орын алған өзгерістер спорттық нəтижеге жағымды
88
ықпал жасай бермейді. Психологиялық сөре алдыңғы күйдің:
жауынгерлік даярлық күйі, старттық қызба (лихорадка) жəне сөрелік
апатия (мең-зеңдік) сияқты 3 түрін бөліп көрсетеді. Жауынгерлік
даярлық күйі жүйке орталықтары лабилділігі (мүмкіндігі) мен
қозғыштығының қалыпты жоғарылауымен сипатталады. Жеке
мүшелер мен жүйелердің функциялық күйі жұмысты орындауға
даярлықты қамтамасыз ететін оптималды деңгейде болады. Қалыпты
эмоциялық қозу жоғары спорттық нəтижеге жетуге мүмкіндік
береді. Старттық қызба күйі қозғыштықтың, тітіркендіргіштіктің
жоғарылауымен, оқытушымен (жаттықтырушымен) жəне жолдаста-
рымен конфликті (даулы) қатынасқа бейім тұруымен ерекшеленеді.
Қарапайым қозғалыс рефлексінің жасырын (латентті) кезеңінің аза-
юы мен ажырату тежелуінің əлсіреуі айқын (объективті) байқалады.
Шұғыл көрінген қозу ықпалынан спорттық жұмыс қабілеттілігінің
жоғарылауы сияқты төмендеуі де байқалуы мүмкін.
Шектен тыс сөрелік қозу (күшті жəне ұзақ қозу) спорттық
нəтиженің төмендеуіне келіп саятын сөрелік апатияға əкеледі.
Бұл жағдайда қорғану тежелу үдерістері басым бола бастайды.
Ішкі мүшелер, қозғалыс қызметі көрсеткіштері төмендейді. Шек-
тен тыс қозу сияқты сөрелік апатия да психогендік факторлар
кешенімен қалпына келуі мүмкін. Спортшының психологиялық
күйінің қалпына келуінде аутогендік жаттықтырудың маңызы зор.
Аутогендік жаттықтыру ерте сөре алдыңғы күйде физиологиялық
жəне психологиялық қызметтерді қалпына келтіруде ерекше мəнге
ие.
Сөре алдыңғы реакциялар жасқа байланысты өзгереді. Төменгі
сынып балалары мен жасөспірімдерде сөре алдыңғы өзгерістер
дəрежесі мен орындалатын жүктеме мөлшері арасында заңдылықты
байланыстар əрқашан байқала бермейді. Кəмелеттік жаста неғұрлым
сөре алдыңғы өзгерістер көп болған сайын, соғұрлым орындалатын
жұмыс немесе жарыс күрделірек болып келеді. Бұл функциялық
күйді реттеуде екінші сигналдық тітіркендіргіштердің рөлінің
жоғарылауы салдарынан болып табылады. Төменгі сынып балалары
мен жасөспірімдерде сөре алдыңғы өзгерістердің барабар (адекват-
ты) еместігі немесе аз айқындалуы шартты рефлекстік қозғалыс ре-
акцияларын нақты ажырату мен нығайту үшін қажетті тəжірибенің
жеткіліксіздігімен байланысты болады.
89
Бой жазу
Жаттығуларды (жаттықтыру немесе əсіресе, жарыс) орындау
алдында температуралық гомеостазды реттеу үшін сөре алдыңғы
(алдын ала) тірек-қимыл жəне кардиореспираторлық жүйелер
дайындығының, яғни бой жазудың маңызы зор.
Бой жазу немесе бой қыздыру дегеніміз – жарысқа немесе
жаттықтыру сабағының негізгі бөліміне түсер алдында орындала-
тын жаттығулар. Бой жазу сөре алдыңғы күйді жақсартуға мүмкіндік
береді, бабына келу үдерістерінің жылдамдауын қамтамасыз етеді
жəне жұмысқа қабілеттілікті жоғарылатады. Бой жазудың жарыс не-
месе жаттықтыру əрекетіне жағымды ықпал ету механизмдері сан
алуан:
1. Бой жазу вегетативтік жүйке орталықтарының, үлкен
ми сыңарлары қыртысы сенсорлық жəне моторлық жүйке
орталықтарының қозғыштығын жоғарылатады, ішкі секре-
ция бездерінің қызметін күшейтеді. Осының арқасында келесі
жаттығуларды орындау кезінде қызметтердің оптималды реттелу
үдерістерінің тездетілуі үшін жағдай жасалады.
2. Бой жазу оттегі тасымалдау жүйесінің (тыныс алу жəне
қан айналу) барлық буындарының қызметін күшейтеді: ӨВ,
альвеолалардан қанға О
2
диффузия жылдамдығы, ЖЖЖ мен
жүректің минуттық қан көлемі, қан қысымы, веноздық қайтарылу
жоғарылайды, өкпедегі, жүрек, қаңқа бұлшық еттеріндегі
капиллярлық (қылтамырлық) торлар кеңейеді. Бұлардың барлығы
ұлпалардың оттегімен жабдықталуының күшеюіне жəне сəйкесінше,
бабына келу кезеңінде оттектік тапшылықтың азаюына, «өлі нүкте»
күйінің алдын алып немесе «екінші тыныс алудың» ашылуының
жылдамдауына əкеледі.
3. Бой жазу тері қан айналымын күшейтеді жəне тер бөліну
табалдырығын төмендетеді, сондықтан ол жылу шығарылуын
жеңілдетіп, келесі жаттығуларды орындау кезінде дененің шектен
тыс қызуының алдын алып жылу реттелуге жағымды ықпал жа-
сайды.
4. Бой жазудың көптеген жағымды əсерлері дене жəне
əсіресе, жұмыс атқарушы бұлшық еттер температурасының
жоғарылауымен байланысты. Сондықтан бой жазуды көбіне, бой
қыздыру деп те атайды. Ол бұлшық ет тұтқырлығының төмендеуіне,
90
олардың жиырылуы мен босаңсуы жылдамдығының жоғарылауына
мүмкіндік береді. Бой жазу тер шыққанша жүргізілу қажет. Осыдан
спорттық ортада қалыптасқан термин – «денені қыздырудан» соң
тер бөліну жылу реттелудің қажетті деңгейін ұстап тұруға, соны-
мен қатар бөліп шығару қызметтерінің жақсы қамтамасыз етілуіне
əкеледі.
А. Хилл бойынша бой жазу нəтижесінде сүтқоректілердің дене
температурасының 2°С-қа көтерілуі кезінде бұлшық ет жиырылу
жылдамдығы шамамен, 20%-ға артады. Мұнда жүйке талшықтары
бойымен
импульстердің
өту
жылдамдығы
жоғарылайды,
қан тұтқырлығы төмендейді. Сонымен қатар биохимиялық
реакциялардың өту жылдамдығын анықтайтын ферменттер
белсенділігінің жоғарылауы арқасында (ең алдымен, бұлшық етте)
метаболизмдік үдерістер жылдамдығы күшейеді. Дене температу-
расы 1ºС-қа артса жасушалар метаболизмі жылдамдығы шамамен,
13%-ға артады. Қан температурасының жоғарылауы бұлшық еттің
оттегімен қамтамасыз етілуін жеңілдететін оксигемоглобин диссо-
циация қисығының оңға жылжуын тудырады (Бор эффектісі).
Тыныштық күйде бұлшық еттер жүректің минуттық қан
көлемінің 15%-ын, ал бұлшық ет жұмысы кезінде 88%-ын алаты-
ны белгілі (О.Wade, I.M.Bishop, 1962). P.Hedman (1977) мəліметтері
бойынша тыныштық күйде бұлшық ет температурасы 33-34°С-қа,
ал бой жазудан кейін 38,5°С-қа дейін көтеріліп, ұлпаларда тотығу
үдерістері жүруі үшін қолайлы болады (S.Israel, 1979). Зат алмасу
үдерістерінің жəне ферменттік катализдің максималды жылдамдығы
37-38ºС температурада байқалады. Температураның төмендеуі
кезінде ол дереу баяулайды (Ж. Крю, 1979). Ван Гофф теориясы
бойынша ұлпалардың температурасының 10°С төмендеуі алмасу
үдерістері қарқындылығының 50% азаюына əкеледі.
Сонымен қатар бой жазу əсерлері тек дене температурасының
жоғарылауымен ғана түсіндірілмейді. Массаж, инфрақызыл
сəулемен сəулелендіру, ультрадыбыс, диатермия, сауна, ыстық ком-
престер көмегімен туындайтын пассивті процедуралармен бой
қыздыру активті бой жазудағы сияқты жұмысқа қабілеттіліктің
жоғарылауына əкелмейді. Бой жазу кезінде бұлшық еттер
«қыздырынып» қана қоймай, ең бастысы ЖЖЖ, артериялық қан
қысымы жəне т.б. функциялық көрсеткіштердің жоғарылауы
нəтижесінде бой жазудан кейін жоғары пульста (160-тан 200 екп/
91
мин. дейін) «жұмыс істеуге» əкеледі. Сөре алдыңғы шектен тыс
қозуды кетіру үшін қалпына келтіруші массаж, ал апатия кезінде
мобилдейтін массаж пайдалы. Массаждың физиологиялық əсерінің
тиімділігі психикалық реттеуші жаттықтыру құралдарын пайдалану
кезінде арта түседі.
Бой жазу мен тынығудан соң жарысқа қатысу кезінде пульс
130 екп/мин. төмен болмау керек, бұл əсіресе, циклдік спорт
түрлеріне (жүгіру, ескек есу, жүзу, веложарыс, шаңғы жарыс жəне
т.б.) қатысатын спортшылар үшін ерекше маңызды. Əйтпесе, ба-
бына келу үдерістері созылып жəне əлсіз дайындалған немесе ауы-
рып жазылған спортшыларда оң жақ қабырға астында немесе жүрек
тұсында ауырсыну немесе құрсақ қуысында шаншу, түйілу туын-
дайды.
В. М. Смирнов, В. И. Дубровскийдің 18 спорт түрлеріне жүргізген
зерттеулері бойынша көбіне, спортшы (циклдік спорт түрлерінде,
күрес, бокс жəне т.б.) жарыстарға шыққанда пульстары 160-тан 200
екп/мин. жəне одан жоғары, ал өкпе вентиляциясы 100-160 л/мин.
жəне одан жоғары болады.
Активті бой жазудың маңызды нəтижесі максималды бұлшық ет
əрекеті жағдайында тыныс алу, қан айналу жəне қозғалыс аппараты
қызметтерінің реттелуі мен үйлесуі болып табылады.
Бой жазу арнайы жаттығулардан (жүгіру, секіру, жалпы дамыту-
шы жаттығулар, созғылау жаттығулары, т.б.) тұрады жəне: 1. Жал-
пы; 2. Арнайы сияқты 2 бөлімнен құралады.
Жалпы бой жазу спорттың барлық түрлерінде бірдей бо-
луы мүмкін. Ол дене температурасының жоғарылауы, ОЖЖ
қозғыштығы, оттегі тасымалдау жүйесі қызметінің, бұлшық ет жəне
басқа мүшелер мен ұлпалардағы зат алмасудың күшеюіне əкелетін
əртүрлі жаттығулардан тұрады.
Арнайы бой жазу спорт түрлерімен тығыз байланысты. Ол
өзінің сипаты бойынша орындалатын əрекетке жуықтау болуы
тиіс. Жұмысқа сол негізгі (жарыс) жаттығуларды орындау кезіндегі
қатысатын жүйелер мен дене мүшелері қатысуы керек. Бой жазудың
бұл бөліміне ОЖЖ қажетті «құрылуларын» қамтамасыз ететін
координациялығы жағынан күрделі жаттығуларды кіргізген жөн.
Бой жазудың ұзақтығы, қарқындылығы жəне бой жазу мен негізгі
əрекет арасындағы интервал көптеген факторлармен: орындалатын
жаттығу сипатымен (спорт түрімен), спортшының функциялық
92
(жаттықтырылу дəрежесімен) жəне эмоциялық күйімен, сыртқы
жағдайлармен (ауа температурасы, ылғалдылығы жəне т.б.), жасы,
жынысы жəне жарыс масштабымен (облыс біріншілігі, Қазақстан
чемпионаты, құрлық (Азия, Еуропа) біріншілігі, Əлем немесе
Олимпиадалық ойындар) анықталады. Бой жазудың ұзақтығы жеке
түрге тəн болады. Бой жазу мен жарыс арасындағы үзіліс 15 ми-
нуттан аспау керек. Үзілістің неғұрлым ұзақ интервалы барлық
физиологиялық жүйелердің, əсіресе, кардиореспираторлық жəне
жылу реттелу жүйелерінің қалпына келуіне əкеледі. Мысалы, 45
мин. үзілістен кейін бой жазудың əсері жоғалатыны, бұлшық ет
температурасының бастапқы, бой жазу алдыңғы деңгейге оралаты-
ны байқалған.
Бой жазудың əр спорт түрінде жəне түрлі сыртқы орта
жағдайларында рөлі бірдей емес. Əсіресе, ұзақтығы салыстыр-
малы аз жылдамдықты-күштік жаттығулар алдында бой жазудың
жағымды ықпалы байқалады. Бой жазу бұлшық ет күшіне қандай
да бір нақтылы жағымды ықпал етпесе де, бірақ жеңіл атлетикалық
лақтыру сияқты жылдамдықты-күштік күрделі координациялық
жаттығулардың нəтижесін арттырады. Орташа жəне қысқа
арақашықтыққа жүгіруге қарағанда, ұзақ қашықтыққа жүгіру ал-
дында бой жазудың жағымды ықпалы айтарлықтай азырақ көрінеді.
Осымен қатар жоғары ауа температурасында ұзақ арақашықтыққа
жүгіру кезінде бой жазудың жылудың реттелуіне теріс ықпалы
байқалған.
Адамның кез келген дене жүктемесін орындауға, соның ішінде
бой жазу кезінде де энергия жұмсайтыны белгілі, сондықтан оның
қажытпайтындай болуын ескеру қажет. Осыған орай бой жазудың
жалпы бөлімінде спортшы жаттықтыру (жүн киім жақсырақ) киімін,
ал желді салқын күні желден қорғайтын костюм қоса кию керек.
Бабына келу
Бабына келу – жұмыс кезінде жүретін функциялық өзгерістердің
бірінші фазасы. Бабына келу үдерістерімен «өлі нүкте» жəне
«екінші тыныс алу» құбылыстары тығыз байланысты. Ол – дене
жаттығуларын орындау кезінде байқалатын жұмыс қабілеттілігінің
біртіндеп жоғарылау үдерісі. Бабына келу нəтижесінде организм ал-
93
дында тұрған жұмыстың орындалуына бейімделеді. Ол үдеріс бары-
сында:
1) қозғалысты жəне вегетативтік үдерістерді басқаратын
жүйкелік жəне нейрогуморалдық механизмдердің құрылулары;
2) қажетті қозғалыс стереотипін (сипаты, түрі, амплитудасы,
жылдамдығы, күші жəне ырғағы бойынша) біртіндеп қалыптастыру,
яғни қозғалыс координациясын арттыру;
3) бұлшық ет əрекетін қамтамасыз ететін вегетативтік қызмет-
тің қажетті деңгейіне жету жүреді.
Бабына келудің бірінші ерекшелігі – аталмыш кезеңдегі
вегетативтік үдерістердің жүйкелік жəне гуморалдық реттелуі
сипатымен айтарлықтай шамада байланысты осы үдерістердің
күшеюіндегі салыстырмалы баяулығы, вегетативтік қызметтің
инерттілігі.
Бабына келудің екінші ерекшелігі – гетерохронизм, яғни
организмнің жеке қызметтерінің күшеюінің бір уақытта болма-
уы. Қозғалыс аппаратының бабына келуі вегетативтік жүйелерге
қарағанда, тезірек жүреді. Вегетативтік жүйелер қызметінің түрлі
көрсеткіштері, бұлшық ет пен қандағы метаболизмдік заттар кон-
центрациясы əртүрлі жылдамдықпен өзгереді. Мысалы, жүректің
минуттық қан көлемі мен қан қысымына қарағанда, ЖЖЖ
тезірек өседі, оттегі пайдалануға қарағанда, ӨВ тезірек күшейеді
(М. Я. Горкин, 1986).
Бабына келудің үшінші ерекшелігі – орындалатын жұмыс
қарқындылығымен (қуаттылығымен) физиологиялық қызметтер
өзгерістері жылдамдығы арасындағы тура тəуелділіктің болуы,
яғни орындалатын жұмыс қарқынды болған сайын, соғұрлым оның
орындалуымен тікелей байланысты организм қызметінің бастапқы
күшеюі тезірек жүреді. Сондықтан бабына келу кезеңі ұзақтығы
жаттығу қарқындылығымен (қуаттылығымен) кері тəуелділікте бо-
лады. Мысалы, оттегі пайдаланудың қажет деңгейіне жету үшін ба-
бына келу кезеңі аз аэробтық қуаттылықты жаттығуларда шамамен,
7-10 мин, орташа аэробтық қуаттылықты жаттығуларда 5-7 мин,
субмаксималды қуаттылықты жаттығуларда 3-5 мин, максималдыға
жуық аэробтық қуаттылықты жаттығуларда 2-3 мин-қа дейін, макси-
малды аэробтық қуаттылықты жаттығуларда 1,5-2 мин-қа созылады.
Бабына
келудің
төртінші
ерекшелігі – спортшының
жаттықтырылу деңгейі жоғары болған сайын соғұрлым сол бір
жаттығуды орындау кезінде бабына келу үдерісі тезірек өтеді.
94
Жұмыс атқарушы бұлшық еттерге оттегі жеткізілуін қамтамасыз
ететін тыныс алу жəне жүрек-тамыр жүйесінің қызметі біртіндеп
күшейеді. Кез келген жұмыстың басында бұлшық ет жиырылуы
негізінен анаэробтық механизмдер энергиясы есебінен, яғни сүт
қышқылының түзілуімен анаэробтық гликолиз, АТФ, КрФ ыдыра-
уы есебінен жүзеге асырылады. Жұмыс басындағы организмнің
(жұмыс атқарушы бұлшық еттердің) оттегіге қажеттілігі мен бабы-
на келу кезеңіндегі олардың арасындағы шынайы қанағаттануының
сəйкес келмеуі оттектік тапшылыққа əкеледі.
Ауыр емес аэробтық жаттығуларды (тіпті, субмаксимал-
ды аэробтық қуаттылықты жұмыстарға дейін) орындау кезінде
оттектік тапшылық «тұрақты» күйдің бастапқы кезеңінде оттегі
пайдаланудың біраз артық мөлшері есебінен сол жаттығу кезінде-ақ
жабылады («төленеді»). Максималдыға жуық аэробтық қуаттылық-
ты жаттығуларды орындау кезінде оттектік тапшылықтың тек біразы
сол жұмыс кезінде-ақ жабылуы мүмкін, ал оның көп дəрежеде
қалпына келу кезеңіндегі оттектік қарыздың айтарлықтай бөлігін
құрай отырып, жұмысты тоқтатқаннан соң жабылуы орын алады.
Максималды аэробтық қуаттылықты жаттығуларды орындау кезінде
оттектік тапшылық оттектік қарыздылықтың өте елеулі бөлігін
құрай отырып, қалпына келу кезеңінде тұтасымен жабылады.
Оттегі тапшылығы түзілуіне əкелетін жұмыс басында оттегі
пайдаланудың баяулап артуы ең алдымен, тыныс алу жəне қан
айналу жүйелері қызметінің инертті күшеюімен, яғни бұлшық
ет əрекетіне оттегі тасымалдау жүйесінің баяу бейімделуімен
түсіндіріледі. Бірақ оттектік тапшылық туындауының жұмыс
атқарушы бұлшық еттердегі энергиялық метаболизмінің өзінің ки-
нетикасы ерекшеліктерімен байланысты басқа да себептері бар.
Бабына келу үдерістері неғұрлым тезірек (қысқарақ) болған
сайын соғұрлым оттектік тапшылық азырақ болады. Сондықтан
бірдей аэробтық жаттығуларды орындау кезінде оттектік тапшылық
жаттықпаған адамдарға қарағанда, жаттыққан спортшыларда азырақ
болады.
Достарыңызбен бөлісу: |