ІІІ ТАРАУ
ДЕНЕ ЖАТТЫҒУЛАРЫНЫҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ
ЖІКТЕЛУІ ЖƏНЕ СИПАТТАМАСЫ
Дене жаттығулары дене тəрбиесінің білім беру, тəрбиелік жəне
сауықтыру міндетерін шешуге көмектесетін қимыл əрекеттері болып
табылады. Адам өзінің күнделікті өмірінде – тұрмыста, өндірісте
жəне дене шынықтыру сабақтары мен спорт жарыстарында болсын,
сан алуан қимыл əрекеттерін орындайды. Физиологиялық тұрғыдан
алып қарағанда жаттығу – белгілі бір мақсатқа жетуге, яғни қозғалыс
міндетін шешуге бағытталған бір-бірімен үздіксіз байланысты
қимыл əрекеттерінің жиынтығы.
Спорттық жарыстар жаттығуларында қозғалыстар жиынтығы
максималды спорттық нəтижелерге жетуге бағытталған. Мыса-
лы, спорттық жаттығуларға биіктікке секіру, найза лақтыру, ату,
спорттық ойындар, белгілі бір арақашықтыққа жүгіру немесе жүзу,
т.с.с. жатады.
Көптеген дене жаттығуларының, соның ішінде спорттық
жаттығулардың көптүрлілігі салдарынан оларды белгілі бір топтарға
жіктеу қажеттілігі туындайды. Физиологиялық жіктеу функциялық
сипаттамасына қарай ұқсас дене жаттығуларын топтарға біріктіруге
негізделген.
Дене жаттығуларының организм күйіне əсері педагогикалық,
психологиялық, биохимиялық жəне физиологиялық факторларға
байланысты көптеген себептермен анықталады. Дене жаттығуларын
жіктеуде қозғалыстардың физиологиялық заңдылықтары ерекше
рөл атқарады.
Жаттығуларды жіктеу координациялық құрылымына, қозғалыс-
тардың құрылу деңгейіне, орындалу əдістеріне, энергия пайдалану
деңгейіне, жұмыстың салыстырмалы қуаттылығына жəне дене сапа-
ларын дамытуға бағытталуына қарай жүргізіледі.
Мұндай жүйелеудің спорттық мамандандыруда дене сапаларын
жетілдіруге бағытталған арнайы жаттығуларды іріктеуде кəсіби-
педагогикалық, қолданбалы маңызы зор.
53
Дене жаттығуларын жалпы физиологиялық жіктеу
Дене жаттығуларының түрлері сан алуан. Сондықтан оны тек
бір ғана критерий бойынша жіктеу мүмкін емес. Осымен дене
жаттығуларын жіктеу кезінде бірнеше физиологиялық жүйелердің
ескерілетіні түсіндіріледі. Барлық дене жаттығулары тірек қимыл
аппаратының негізгі бөлігі – бұлшық ет қызметімен тікелей іске асы-
рылатынын ескере отырып, бұлшық еттің жиырылу механизмдерін
білген жөн (18-сурет). Себебі бұлшық еттің жұмысы оның
жиырылғыштық қасиетімен тығыз байланысты.
18-сурет. Бұлшық ет жиырылуы кезіндегі 3 əрекет потенциалы (Modifi ed
from Vander, Sherman, Luciano Human Physiology, McGraw-Hill)
54
Жоғарыда – изотониялық (бұлшық ет талшығы тонусы өзгермей,
тек ұзындығының қысқаруы);
Ортада – изометриялық (бұлшық ет талшығы ұзындығы
өзгермей, тек тонусының артуы);
Төменде – ауксотониялық жиырылу (бұлшық ет талшығы тону-
сы да, ұзындығының да өзгеруі)
Табиғи жағдайда таза изотониялық немесе таза изометриялық
жиырылулар кездеспейді. Денеде бұлшық еттің екі ұшы сүйек ры-
чагына бекитіні белгілі (8-, 18-суреттер), сондықтан ол жиырылған
кезде өзі əсер ететін мүшенің салмағына тең кедергіні немесе антаго-
нист еттердің қарсылығын жеңу керек. Демек, əрекет үстінде бұлшық
ет талшығы əрі (тонусы артады) ширығады əрі қысқарады. Қимыл-
əрекет үстінде бұлшық еттер ауксотониялық жиырылу жағдайында
болады, бірақ онда не изотониялық, не изометриялық жиырылу
басымырақ келеді. Бұлшық етке зақым келтіру ықтималдылығы осы
жиырылу барысында жоғары болып келеді.
Дене жаттығуларын жалпы физиологиялық жіктеу сəйкесінше
жаттығуларды жүзеге асыратын бұлшық ет белсенділігінің:
1. Қызметтегі белсенді (активті) бұлшық ет салмағы көлемі;
2. Бұлшық ет жиырылуы типтері;
3. Жиырылудың күші немесе қуаттылығы сияқты үш негізгі си-
паттамасына негізделе жүргізіледі.
Белсенді бұлшық ет салмағы көлеміне байланысты дене
жаттығуларының жіктелуі. Белсенді бұлшық ет салмағы көлеміне
байланысты барлық дене жаттығулары жергілікті (локалды),
аймақтық жəне ауқымды (глобалды) деп бөлінеді.
Жергілікті жаттығуларға дененің барлық бұлшық ет
салмағының үштен бір бөлігінің (1/3) қатысуымен жүзеге асырыла-
тын жаттығулар жатады. Мысалы, садақ, пистолет ату, белгілі бір
гимнастикалық жаттығулар.
Аймақтық жаттығуларға дененің барлық бұлшық ет
салмағының 1/3-ден 1/2-ге дейін қатысуымен орындалатын
жаттығулар жатады. Мысалы, тек иық белдеуі мен қол бұлшық
еттерімен, кеуде бұлшық еттерімен орындалатын гимнастикалық
жаттығулар.
Ауқымды жаттығуларға барлық бұлшық ет салмағының жарты-
сынан аса бөлігінің белсенді қатысуымен орындалатын жаттығулар
жатады. Мысалы, жүгіру, ескек есу, велосипед тебу. Көптеген
спорттық жаттығулар осы ауқымды жаттығулар тобына кіреді.
55
Бұлшық ет жиырылуы типтеріне байланысты дене
жаттығуларының жіктелуі. Жаттығуды орындауға қатысатын
негізгі бұлшық еттердің жиырылу түрлеріне байланысты барлық
дене жаттығулары статикалық жəне динамикалық болып бөлінеді.
Егер бұлшық еттер жиырылған кезде дене бір орыннан екінші
орынға ауысса динамикалық, ал егер бұлшық ет жиырылғанда, дене
қозғалыссыз қалса, статикалық жұмыс деп аталады.
Статикалық (қозғалмайтын) жаттығуларға мысалы, гимнас-
тардағы буынға тұрғанда, атқыштарда ату сəтіндегі белгілі қалыпты
сақтау жатады.
Динамикалық (жылжымалы) жаттығуларға, көптеген дене
жаттығулары жатады. Мысалы, жүру, жүгіру, жүзу жəне т.б.
қозғалыстардың барлық түрлері.
Бұлшық ет жиырылуының күші немесе қуаттылығына бай-
ланысты дене жаттығуларының жіктелуі. Дене жаттығуларын
жетекші бұлшық ет топтарының жиырылу күші бойынша жіктеуде
бұлшық ет жиырылуындағы екі тəуелділікті («күш-жылдамдық»
жəне «күш-ұзақтық») ескерген жөн. «Күш-жылдамдық» тəуелді-
лігіне сəйкес динамикалық жиырылу кезінде пайда болған күш
бұлшық еттің қысқару жылдамдығына (орын ауыстырылған дене
бөлімдерінің қозғалыс жылдамдығына) кері пропорциялы, яғни
неғұрлым бұл жылдамдық артқан сайын күштің көрінуі көместеу
болып келеді. Бұл тəуелділікті басқадай былайша түсіндіруге бола-
ды: неғұрлым сыртқы күш (кедергі, салмақ) артқан сайын соғұрлым
қысқару (қозғалыс) жылдамдығы төмен жəне көрінген күш жоғары
болады, керісінше, неғұрлым сыртқы жүктеме аз болған сайын
соғұрлым қозғалыс жылдамдығы жоғары жəне бұлшық ет күші
төменірек болады. Бұлшық еттің жиырылуына байланысты күштің
тууы оның қуаттылығын анықтайды (20-сурет).
Бұлшық еттің «күш-ұзақтық» тəуелділігі бойынша неғұрлым
күш (немесе қуаттылық) артқан сайын соғұрлым шекті ұзақтық
қысқа болып келеді. Бұл локалды (жергілікті) жəне аймақтық
статикалық пен динамикалық жұмыстармен (21-сурет) бірге
ауқымды жұмыстарға (22-сурет) да тəн.
Жүктеме мөлшеріне, яғни бұлшық ет жиырылуының күші мен
қуаттылығы жəне олармен байланысты жұмыстың шекті ұзақтығы
бойынша барлық дене жаттығуларын: күштік, жылдамдықты-күштік
(қуаттылық) жəне төзімділік жаттығулары деп 3 топқа бөлуге бола-
ды (19-сурет).
Күштік жаттығуларға көп сыртқы кедергінің əсер етуімен бір-
56
ге аз қозғалыс жылдамдығы кезінде статикалық немесе динамикалық
режимде көрінетін негізгі бұлшық еттердің максималды (немесе
дерлік максималдыға таяу) ширығуымен сипатталатын жаттығулар
жатады. Күштік жаттығуларға 20-суреттегі «күш-жылдамдық»
қисық сызығының сол жақ бөлігі сəйкес келеді. Күштің максимал-
ды көрінуімен жаттығулардың шекті ұзақтығы бірнеше секундпен
есептелінеді.
19-сурет. Дене белсенділігі континуумы (Adapted from Faulkner, Green and
WhiteIn: Physical Activity, Fitness, and Health, Ed. Bouchard, Shephard and
Stephens.Human Kinetics Publishers, 1994)
0
200
400
600
800
1000
1200
1400
1600
1800
2000
0
20
40
60
80
100
120
,
,
/
, F*V
, F
20-сурет. «Күш – жылдамдық» байланысы (бір адамның 6 əртүрлі
жүктерді максималды күш сала отырып көтеруін зерттеу барысында
алынған)
Штрих сызықпен қуаттылықтың лездік мəні, максималды қуаттылыққа
сəйкес келетін жылдамдық стрелкамен көрсетілген (Я. М. Коц бойынша)
57
Күш күштік жаттығулардың табысты орындалуын анықтайтын
негізгі қозғалыс сапасы болып табылады.
Жылдамдықты-күштік жаттығуларға жетекші бұлшық
еттер бір мезгілде салыстырмалы жоғары жиырылу күші мен
жылдамдықты, яғни жоғары қуаттылықты көрсететін динамикалық
жаттығулар жатады. Бұлшық еттік жиырылудың максималды
қуаттылығы жүктеме əсер етпеген бұлшық еттер үшін максимал-
дыдан 30%-ға жуық қысқару жылдамдығы кезінде бұлшық еттердің
максималды белсендірілуі жағдайында көрінеді. «Күш-жылдамдық»
қисық сызығында жылдамдықты-күштік жаттығулар максимал-
ды жылдамдықтан 50-60%-ға дейін ортаңғы орындарды алады
(20-суретті қараңыз). Бұлшық еттердің максималды қуаттылығын
максималды (статикалық) күштің 30-50%-ын құрайтын сыртқы
кедергінің (жүк) əсер етуі кезінде дамытады. Бұлшық ет жиыры-
луы қуаттылығы жоғары жаттығулардың шекті ұзақтығы бұлшық ет
жиырылуы қуаттылығына (жүктеме) кері тəуелділікте 3-5 секундтан
1-2 минутқа дейінгі диапазонда болады.
Қуат жылдамдықты-күштік жаттығуларда маңызды рөл
атқарады.
40 50 60
70
80 90
21-сурет. Жұмыстың шекті ұзақтығының локалды статикалық жұмыс
кезіндегі (А) жиырылу күшіне жəне локалды динамикалық жұмыс
кезіндегі (Ə) қуаттылыққа (қозғалыс жиілігіне) тəуелділігі
(Я. М. Коц бойынша)
58
Төзімділікке байланысты жаттығуларды орындау кезінде
жетекші бұлшық еттердің жиырылу күші мен жылдамдығы өте
жоғары болмаса да, бірақ оларды бірнеше минуттан бірнеше
сағаттарға дейін (бұлшық ет жиырылу күші немесе қуаттылығынан
кері тəуелділікте) ұзақ уақыт барысында ұстап тұруға немесе
қайталауға қабілетті болып келеді. Төзімділік – осы топ жаттығу-
лары үшін жетекші дене сапасы болып табылады (Күштік
жаттығулар, жылдамдықты-күштік жаттығулар, төзімділікке байла-
нысты жаттығулар туралы толығымен 7-тарауда баяндалады).
22-сурет. Рекордтық (шекті) уақыттың жүгіру (Ж), жүзу (ЖЗ) жəне
конькимен жүгіру (К) жылдамдығына тəуелділігі қисық сызығы
(В. С. Фарфель бойынша)
Дене жаттығуларының энергиялық сипаттамасы
Энергиялық құндылық жаттығулардың маңызды сипаттамасы
болып табылады. Дене жаттығуларының энергиялық құндылығын
анықтау үшін:
1. Энергиялық қуаттылық;
2. Жалпы энергиялық шығын сияқты 2 көрсеткіш қолданылады.
Энергиялық қуаттылық – жаттығуды орындау кезіндегі уақыт
бірлігіне орташа шығындалған энергия мөлшері. Олар көбінесе,
физикалық бірліктермен: ватт, ккал/мин, килоджоул/мин, со-
нымен қатар «физиологиялық» бірліктермен: оттегі пайдалану
59
жылдамдығымен (мл О
2
/мин) немесе МЕТ-пен (метаболизмдік эк-
вивалент, яғни толық жатқан қалыптағы дене салмағының 1 кг-на
1 минуттағы пайдаланған оттегі мөлшері, 1 МЕТ=3,5 мл О
2
кг/мин)
өлшенеді.
Жалпы энергиялық шығын – жаттығудың барлығын тұтасымен
орындау кезінде шығындалған энергия мөлшері. Жалпы энергиялық
шығын (жаттығудың жалпы энергиялық құндылығы) жаттығуды
орындау уақытына орташа энергиялық қуаттың өндірілуі ретінде
анықталуы мүмкін.
Жүгіру кезінде белгілі шекте бірдей арақашықтықты ұстауға
жұмсалған жалпы энергиялық шығын жылжу жылдамдығына
тəуелді емес. Өйткені жылдамдықтың (энергиялық қуаттылықтың)
артуы кезінде сол арақашықтықты ұстау уақыты төмендейді, ал
жылдамдықтың төмендеуі кезінде, керісінше, артады. Демек, уақытқа
энергиялық қуаттылықтың өндірілуі, яғни жалпы энергиялық
шығын өзгеріссіз қалады. Бірдей арақашықтықты ұстап тұруда жал-
пы энергиялық құндылық жүгіру кезінде жүру кезіне қарағанда
жоғары болады (сағатына 8 км-ге жуық жылдамдыққа дейін): жүру
кезінде арақашықтықтың əр километріне əйелдердің дене салмағына
орташа 0,72 ккал/кг шығындалса, ерлердің дене салмағына 0,68
ккал/кг жұмсалады, ал жүгіру кезінде бұл көрсеткіштер сəйкесінше,
əйелдерде 1,08 жəне ерлерде 0,98 ккал/кг көрсетеді.
Дене жаттығуларын энергиялық құндылық көрсеткіштері бо-
йынша жеңіл, қалыпты (орташа), ауыр жəне өте ауыр деп жіктейді
(1-кесте).
1-кесте
Əртүрлі жастағы ер адамдар мен əйел адамдардың энергия
шығыны бойынша (ккал/мин) дене жаттығуларының жіктелуі
Жынысы
жəне жасы
Жеңіл__жаттығу__Қалыпты__(орташа)__жаттығу__Ауыр__жаттығу'>Жеңіл
жаттығу
Қалыпты
(орташа)
жаттығу
Ауыр
жаттығу
Өте ауыр
жаттығу
Ер адамдар
20-29
4,2
4,3-8,3
8,4-12,5
> 12,5
30-39
3,9
4,0-7,8
7,9-11,7
> 11,7
40-49
3,7
3,8-7,1
7,2-10,7
> 10,7
50-59
3,2
3,3-6,3
6,4-9,5
> 9,5
60-69
2,5
2,6-5,0
5,1-7,5
>7,5
60
1-кестенің жалғасы
Əйел адам-
дар
20-29
3,2
3,3-5,1
5,2-7,0
>7,0
30-39
2,9
3,0-4,2
4,3-6,5
>6,5
40-49
2,7
2,8-4,0
4,1-6,0
> 6,0
50-59
2,2
2,3-3,8
3,9-5,5
> 5,5
60-69
1,9
2,0-3,5
3,6-5,0
>5,0
Энергиялық көрсеткіштер бойынша жаттығулар ауырлығын
бағалау кезінде: жұмыстың орындалу сипаты (статикалық неме-
се динамикалық), белсенді бұлшық ет салмағы көлемі (жергілікті,
аймақтық немесе ауқымдық жаттығулар), сол жаттығуды орын-
дайтын адамның дене өлшемі немесе салмағы, жасы, жынысы,
жаттықтырылу дəрежесі жəне жаттығуды орындауға ықпал ететін
сыртқы жағдайлар сияқты көптеген факторларды да ескерген жөн.
Демек, егер бірнеше ондаған секундқа ғана созылуы мүмкін
болатын өте ауыр жергілікті жұмыс орындалса, энергия жұмсалу
жылдамдығы 1,2 ккал/мин. аспайды (2-кесте).
Мұндай энергия шығыны жылдамдығы минутына бірнеше
ондаған рет орындалатын орташа (қалыпты) ауырлықты аймақтық
жұмыстарға да жəне бірнеше тəулікке дейін созылатын өте жеңіл
жұмыс (тегіс жердегі баяу жүріс) түрі болса, ауқымды жұмыстарға
да тəн. 50-59 жастағы əйел адамдар үшін энергия шығыны 5,5 ккал/
мин. асатын біраз ондаған секундқа ғана созылатын жұмыс өте ауыр
ауқымды жұмыс болса, ал бірнеше сағат бойы орындалатын сол
жұмыс 20-29 жастағы ер адамдар үшін қалыпты болып табылады
(1-кестені қараңыз).
2-кесте
Энергия жұмсалуы (ккал/мин) бойынша жергілікті, аймақтық
жəне ауқымдық жаттығулар ауырлығы жіктелуі
Жұмыс түрлері
Жаттығу
Жеңіл
Қалыпты
(орташа)
Ауыр
Жергілікті (қол
басы арқылы
орындалатын)
0,3-0,6
0,6-0,9
0,9-1,2
61
2-кестенің жалғасы
Аймақтық
(бір қолмен
орындалатын)
0,7-1,2
1,2-1,7
1,7-2,2
Аймақтық
(екі қолмен
орындалатын)
1,5-2,0
2,0-2,5
2,5-3,0
Ауқымды
2,5-4,0
4,0-10,0
10,0-15,0
Жаттығу ауырлығын энергиялық бағалау барысында жаттық-
паған адамдар мен жоғары дəрежеде жаттыққан спортшылар ара-
сында айтарлықтай үлкен айырмашылықтар орын алған. Спорт-
шылар энергия жұмсалуы бойынша жаттықпаған адамдар орындай
алмайтын жүктемелерді орындай алуға қабілетті келеді.
Физиологиялық тұрғыдан алып қарағанда, сол бір дене
жаттығуының ауырлығы оның орындалу жағдайларына байланыс-
ты, əйткенмен де оның энергиялық құндылығы тура сол қалыпты
жағдайдағы немесе соған дерлік болса да, мысалы, таулы жерлерде
немесе жоғары ауа температурасы мен ылғалдылығы жағдайларында
айтарлықтай көп өзгереді.
Сонымен, жаттығулар ауырлығын тек энергиялық критерий
бойынша бағалау жеткіліксіз болады. Сондықтан дене жаттығуларын
көптеген жіктеулерде энергиялық сипаттамасымен бірге басқа
бірнеше физиологиялық көрсеткіштер де (оттегі пайдалану
жылдамдығы (ОМП), жүректің жиырылу жиілігі (ЖЖЖ), өкпе
желденуі немесе вентиляциясы (ӨВ), дене температурасы, тыныс
коэффиценті (ТК), қандағы сүт қышқылының мөлшері жəне т.б.)
ескеріледі.
Спорттық жаттығуларды физиологиялық жіктеу
Барлық спорттық жаттығуларды екі үлкен топқа бөлуге бола-
ды. Бірінші топ жаттығуларына жетекші физиологиялық жүйелер
қызметінің белсенуі мен күш, жылдамдық немесе төзімділік
сияқты қозғалыс сапаларының көрінуін талап ететін өте үлкен дене
жүктемелері тəн. Мұндай жаттығуларға жеңіл атлетиканың барлық
түрлері, жүзу, шаңғы мен коньки тебу спорты, ескек есу, спорттық
ойындар, жекпе-жек жəне т.б. жатады. Ал екінші топқа автомото-
62
спорт, желкен, шана, желкерме, ат, авиапланер жəне дельтапла-
нер ісі сияқты техникалық жаттығулар жатады. Бірінші топтағы
жаттығулардың көпшілігін орындау кезінде кеңістікте спортшының
орын ауыстыруы негізінен ішкі (бұлшық еттік) күштердің есебінен
іске асырылады. Ал техникалық жаттығуларды орындау кезінде
спортшының орын ауыстыруына сыртқы (бұлшық еттік емес)
күштер ең басты ықпал жасайды. Мысалы, автоспортта – машина
двигателі, шана, желкерме спортында – тартылыс күштері, жел-
кен, авиапланер жəне дельтапланер ісі спортында – ауа ағымы
күштері əсер етеді. Техникалық жаттығуларда үлкен табыстарға
жету техникалық құралдарға (ат спортында – аттың жаратылуына,
сапасына) жəне оны меңгеру дəрежесіне өте көп байланысты. Бұл
спорттық жаттығулар спортшыларда арнайы психофизиологиялық
зейін, реакция жылдамдығы, қозғалыстың нақты координациясы,
т.б. сияқты қызметтердің жоғары дамуын талап етеді. Сонымен бірге
техникалық спорт түрлері жаттығулары ережеге сəйкес энергиялық
жəне бұлшық ет жүйесіне, вегетативтік қамтамасыз етілу жүйесіне
жəне де күш, қуат жəне төзімділік сияқты дене сапаларына шекті
талаптар қоймайды.
Бірінші топ жаттығуларын жалпы қозғалыс (кинематикалық)
сипаттамасына, яғни уақытпен өту сипатына байланысты циклдік
(тізбекті) жəне ациклдік (тізбекті емес) деп жіктейді (сызбанұсқада
көрсетілген).
63
-
Локомоторлық (орын ауыстыру) сипатты циклдік жаттығуларға
жүгіру, жүру, конькимен, шаңғымен жүгіру, жүзу, ескек есу, вело-
сипед тебу жатады. Бұл жаттығуларға қозғалыстың стереотипті
циклдерінің көп рет қайталануы тəн. Мұнда қозғалыстың тек жалпы
бейнесі ғана емес, сонымен бірге жүктеменің орташа қуаттылығы не-
месе арақашықтық бойынша спортшының (велосипед, қайық) орын
ауыстыру жылдамдығы да салыстырмалы тұрақты болады. Бұған
өте қысқа циклдік жаттығулар жəне кез келген арақашықтықтың
бастапқы кезі, яғни орын ауыстыру жылдамдығы айтарлықтай
өзгеретін қарқын кезеңі қатысты емес. Басқаша айтқанда, циклдік
жаттығулар – құрылымы жəне қуаттылығы салыстырмалы тұрақты
жаттығулар.
Ациклдік жаттығуларға орындау барысында қозғалыс белсенді-
лігі сипаты тез өзгеретін жаттығулар жатады. Жаттығулардың бұл
түріне барлық спорттық ойындар, спорттық жекпе-жектер, лақтыру
мен секіру, гимнастикалық жəне акробатикалық жаттығулар, су
мен тау шаңғысы, конькимен мəнерлеп сырғанау кіреді. Соны-
мен қатар ациклдік жаттығуларға олардың орындалу барысын-
да қуаттылығының шұғыл өзгерістері тəн. Бұған тек жарыс ғана
емес, онымен бірге жаттықтыру жаттығулары да, мысалы, түрлі
жылдамдықпен біртұтамдап орындалатын қайталама жүгіріс жата-
ды.
Техникалық жаттығулардан басқа жаттығулардың маңызды
жіктемелік сипаттамасы олардың қуаттылығы болып саналады.
Олардың циклдік жаттығуларда салыстырмалы тұрақты екендігін
ескере отырып, оларды жаттығудың орындалуының кез келген уақыт
біртұтамында орташа қуаттылығы бойынша жіктеуге болады.
Ациклдік
жаттығулар
орындалу
барысында
неғұрлым
белсенділігі (қуаттылығы) жоғары – жұмыс кезеңдерінен жəне толық
демалысқа (нөлдік қуаттылыққа) дейін белсенділігі салыстырмалы
64
болып келетін аралық кезеңдермен кезектесетін кезеңдерден тұрады.
Ациклдік жаттығуларды жіктеу кезінде негізгі жұмыс кезеңдері
қуаттылығы («шың» қуаттылығы) немесе жұмыс кезеңдері мен са-
лыстырмалы немесе толық демалыс аралық кезеңдерін қоса оты-
рып жаттығудың барлық уақытындағы «орташа» қуаттылығы бо-
йынша бағалау жүргізілетіндігі түсініксіз болып қалуда. Мұндай
көрсеткіштерді əрқайсын қолдану кезінде ациклдік жаттығулардың
физиологиялық сипаттамасы түрліше болады.
Орындалатын жаттығудың механикалық немесе физикалық
қуаттылығы – ватт, кгм/мин. сияқты физикалық шамалармен
өлшенеді. Ол дене жүктемесін анықтайды. Көп жағдайларда
спорттық жаттығулардың физикалық қуаттылығын нақты өлшеу
өте қиын. Циклдік жаттығуларда қуат (дене жүктемесі) жəне орын
ауыстыру жылдамдығы (қозғалысты орындаудың өзгеріссіз техни-
касы кезінде) сызықтық тəуелділікте байланысты, яғни жылдамдық
артқан сайын соғұрлым дене жүктемесі жоғары болады.
Организмнің сол дене жүктемесіне физиологиялық (жəне
психофизиологиялық) реакцияларының жиынтығы жүктеменің
физиологиялық қуаттылығын немесе жұмыс атқарушы адам
организміне физиологиялық жүктемені дəл анықтауға мүмкіндік
береді. «Физиологиялық жүктеме» немесе «физиологиялық қуат»
түсініктері «жұмыс ауырлығы» терминіне таяу. Əр адамда сыртқы
ортаның бірдей жағдайларында сол бір сипаттағы жаттығуды орын-
дау кезінде жүктеменің физиологиялық қуаттылығы дене жүктеме-
сіне тура тəуелділікте болады. Мысалы, жүгіріс жылдамдығы
жоғары болған сайын соғұрлым физиологиялық жүктеме де үлкен
болады.
Дегенмен, бірдей дене жүктемесі жасы жəне жынысы əртүрлі
адамдарда, функциялық дайындық дəрежесі (жаттықтыру дəрежесі)
бірдей емес адамдарда, сонымен бірге сол бір адамның түрлі орта
жағдайларында (мысалы, жоғары немесе төмен ауа температурасы
мен қысымы кездерінде) əртүрлі физиологиялық реакцияларын ту-
дырады. Осылармен қатар сол бір адамның түрліше физиологиялық
реакциялары түрлі бұлшық ет топтарымен (аяқпен немесе қолмен)
немесе дененің əртүрлі қалыптарында (жатқанда немесе тұрғанда)
орындалған қуаттылығы бойынша бірдей дене жүктемесінің əсер
етуі кезінде де байқалады. Физиологиялық қуаттылығы бірдей
жұмыстарды атқаратын (оттегі пайдалану жылдамдығы бірдей)
каноэ ескекшілері, жүзгіш пен желаяқтардың өздерінде дене
жүктемелері (реакциялары) көп ерекшеленеді.
65
Сəйкесінше, жасы, жынысы, функциялық дайындықтары
(жаттықтырылу дəрежесі) əртүрлі адамдар мен түрлі жағдайлардағы
орындаған жаттығудың физикалық қуаттылығы көрсеткіштері түрлі
спорттық жаттығуларды бірыңғай физиологиялық жүйелеуде кри-
терий ретінде қолданылмайды. Сондықтан жіктеу белгісі ретінде
көбіне, физиологиялық қуаттылық немесе физиологиялық жүктеме
пайдаланылады.
Осындай көрсеткіштердің біріне сол жаттығуды орындаудың
шекті уақыты жатады. Неғұрлым физиологиялық қуаттылық («жұ-
мыс ауырлығы») жоғары болған сайын жұмыстың орындалуының
шекті уақыты қысқарақ келеді. Түрлі арақашықтыққа жету
жылдамдығы мен шекті (рекордтық) уақыт арасындағы тəуелділікті
əлемдік рекордтар мəліметтері бойынша В. С. Фарфель талдай оты-
рып, «рекордтар қисық сызығын» салыстырмалы қуаттылықтың
4 зонасына бөлді: максималды қуаттылық зонасы жаттығудың шекті
ұзақтығы 20 секундқа дейін, субмаксималды қуаттылық зонасы
20 секундтан 3-5 минутқа дейін, үлкен қуаттылық зонасы 3-5 ми-
нуттан 30-40 минут жəне бірқалыпты қуаттылық зонасы 40 минут-
тан жоғары. Спорттық циклдік жаттығуларды осылайша жіктеу кең
тараған.
Физиологиялық қуаттылыққа сипаттама беруді тағы бір қырынан
алып қарағанда салыстырмалы физиологиялық өзгерістерді
анықтауға келіп саяды. Бірдей сол дене жүктемесіне жауап беруші
физиологиялық реакциялардың сипаты мен мөлшері ең алды-
мен, жетекші физиологиялық жүйелердің шекті қызметтік
мүмкіншіліктеріне байланысты. Неғұрлым қызметтік мүмкіндіктері
жоғары адамдарда қызметтік мүмкіндіктері төмен адамдарға
қарағанда бірдей дене жүктемесін орындау кезінде жетекші
жүйелерде реакция мөлшері (физиологиялық ығысу) азырақ болса,
сəйкесінше, жетекші (жəне басқа да) жүйелерге жəне тұтас организм-
ге физиологиялық жүктеменің əсері салыстырмалы төмен болады.
Бірдей дене жүктемесі біріншілерге қарағанда, екіншілерге салыс-
тырмалы қиынырақ («салмақтырақ»), сəйкесінше, оны орындаудың
шекті уақыты қысқарақ. Біріншілер екіншілер орындай алмайтын
үлкен дене жүктемелерін орындауға қабілетті.
Сайып келгенде, спорттық жаттығуларды физиологиялық
жіктеуде салыстырмалы физиологиялық қуаттылық көрсеткіштері:
физиологиялық жүктеме, физиологиялық ширығу, жұмыс ауырлығы
66
қолданады. Мұндай көрсеткіштерге жетекші физиологиялық
жүйелерде белгілі бір сыртқы орта жағдайларында орындалатын
аталмыш дене жүктемесіне жауап кезінде туындайтын салыстыр-
малы физиологиялық ығысулар жатады. Бұл ығысулар жетекші
физиологиялық жүйелер əрекетінің ағымды жұмыс көрсеткіштерін
шекті (максималды) көрсеткіштермен салыстыру жолымен
айқындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |