Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»


Мұнай мен газ кеніштерінің қалыптасуы үшін



Pdf көрінісі
бет19/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   274
Байланысты:
kartabai munai gas ken

2.2.3 Мұнай мен газ кеніштерінің қалыптасуы үшін 
қажетті ұстағыштардың жіктемесі
Төменде мұнай мен газ шоғырларының қалыптасу үдерісімен байланысты 
қақпан түрлерінің классификациясы келтірілген.
Күмбез құрылымдар және антиклинальдар
Күмбез құрылымдар мен антиклинальдар қабаттардың көтерілуі мен 
төмендеу үдерісінен қалыптасады. Олардың арасындағы айырмашылық 
жоғарыда жақсы көрсетілген. Күмбезді құрылым шеңберге жақын формаға 
(
2.7-сурет
), ал антиклиналь созылымды әжімді елестетеді (
2.8-сурет
).
Тұзды күмбездер және ұқсас құрылымдар
Бұлар тұзды массалар мен жанартау заттарының (серпетин) интрузиясы-
нан пайда болатын жиі кездесетін геологиялық құрылымдар. Осы массалардың 
көтерілу және олардың әртүрлі тұнба жыныстарынан өту үдерісі кезінде түрлі 
қақпандар қалыптасады. Қақпандар кейін көмірсутектердің жиналу аудандары-
на қызмет етуі мүмкін (
2.9-сурет
).
Бұзылыстармен байланысты құрылымдар 
Көмірсутекті шоғырлар бұзылыстар жазықтығы бойында қалыптасады
мысалы, лықсыма, бұл ығысу-қаусырма үдерістері кезінде өткізетін қабаттар 
өткізбейтін жыныстарда мөрленіп қалуы мүмкін (
2.10-сурет
).
Келіспеушіліктермен байланысты құрылымдар
Бұл құрылым түрі жасырақ өткізбейтін жыныстар ескірек ертеректе эрро-
зионды үдерістерге ұшыраған қабаттарды жапқанда қалыптасады (
2.11-сурет
).
Линзалы құрылымдар
Көмірсутектер бірте-бірте кеуекті қабаттың өткізбейтін қабатқа ауысуынан 
қалыптасқан қалта немесе қақпан деп аталатын кеуекті жыныстарда жиналуы 
мүмкін (
2.12-сурет
).
2.7- сурет. Мұнай мен газ шоғырының 
жиынтық құрылымында қалыптасуы
2.10-сурет. Бұзылуға бай-
ланысты құрылым


39
2.8-сурет. Мұнай мен газ шоғырының 
антиклиналь құрылымында қалыптасуы
2.11-сурет. Үйлесімсіздікке 
байланысты құрылым
2.9-сурет. Мұнай мен газ шоғырының 
тұзды күмбездерде қалыптасуы 
өтімсіз тау жыныстарына
2.12-сурет. Кеуекті қабаттағы 
тау жыныстарының біртіндеп 
қалыптасып ауысуындағы тұтқыш
Линзалы құрылым жаға бойымен және саға мен өзен дельтларында құм жина-
лымдарынан қалыптасады. Сәйкесінше, өнімді зоналар әктас жиналымдарының 
мықты зоналарында кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет