Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет123/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   274
Байланысты:
kartabai munai gas ken

10.24 
а-суретте
) көрсетілген. Құрылыстың басына әкелгеннен кейін секцияларды 
құрастыру су үстінде жасалады. ТТП-ның блок секцияларын центрлеу 
үшін, қосылу кезінде бір-біріне кигізілетін арнайы (конустар) құрылғылар 
қарастырылған. Секцияларды түйістіргеннен кейін су өткізбейтін төсеуіштермен 
қосады. Сосын секцияларды үрлейді, одан кейін секциялардағы люктер арқылы 
тіректің ішіне түсіріледі де секциялар ішінен түсіріледі.
10.21-сурет. ТТП моноблогын баржадан түсіру 
және жұмыс жағдайына қондыру үлгісі


269
10.22-сурет. Жүзбелі моноблокты қондыру үлгісі
10.23-сурет. Понтонмен тасымалданған моно-
блокты тік жағдайға қондыру үлгісі
Пісіріп болғасын моноблокты су толтыруды реттеу арқылы тік жағдайға 
келтіреді және орнату орнына жеткізеді. “Макдермотт” фирмасында жасалған 
үш секциялы платформаны орнату үлгісі (
10.24 б-суретте
) көрсетілген. Моно-
блок биіктігі 300 м. Бұл жағдайда секцияларды орнату сатылылығы төменгідей: 
алдымен теңіз түбіне крандар және арнайы құрылғылардың көмегімен төменгі 
секция орнатылады, сосын осы секцияға арнайы жасалған технология бойын-
ша аралық секция жалғанады. Соңғы кезеңде моноблоктың жоғарғы секциясын 
орнатады да оны ортаңғымен қосады, одан соң жоғарғы құрылым құрылысын 
қолданып жүрген әдіспен жүзеге асырады. Төменгі секцияны теңіз түбіне 
қадалармен бекіту фирманың ерекше технологиясына сәйкес жасалады. Мо-
ноблокты қадалармен бекіту өте жауапты операция саналады. Бұл жұмыстар 


270
жобаға сәйкес жүргізіледі, жобада қаданы жынысқа енгізу тереңдігі, диаметрі, 
қадалардың қабырға қалыңдығы мен саны, оларды қағу әдісі және басқалар 
көрсетіледі.
Жобалардың динамикалық есептеулер бөлімінде қада мен платформаның 
біріккен деформациясы ескеріледі. Бұл негізінен конструкцияның, қадалардың 
икемділіктеріне және моноблоктың орнатылған, бекітілген жыныс негізінің 
беріктігіне байланысты келеді. Жобалық есептеулер бойынша жұмыстарды 
дәлме-дәл орындаудың айтарлықтай маңызы бар және конструкцияның сенімді, 
ұзақ мезгіл үлкен дәрежеде жұмыс жасауын анықтайды.
Платформаға негізінен толқынның, желдің және ағыстардың көлденең 
жүктемелері көп әсер етеді, нәтижесінде қадаға берілетін қысу жүктемесі 
32000 кН дейін, ал созу – 18000 кН дейін өсуі мүмкін. Моноблокты бекітуге 
арналған қадалардың саны 42 жетеді және онан да көп, олардың диаметрі 
1-1,8 м аралығында, қабырға қалыңдықтары 30-60 мм. Бұл операциялар 
көп уақыт алады және оларды, әсіресе, солтүстік аудандарда бір маусым-
да орындауға тырысады. Осы мақсатта бұл жұмыстарды тездететін әртүрлі 
технологиялық үдерістер, операциялар және тәсілдер ойластырылған.
Мысалы, солтүстік теңіздегі Тистл кенішінде “А” платформасының моно-
блогын орнатқанда, алғашқы қадалар жұмысшы палубасынан қағылды. Осы 
палубада ендірме қадаларда монтаждалды. Палубада барлық қажет монтаждық 
жабдықтар орналастырылған, соның арқасында жұмыс қыс бойы жүргізілді. 
Жұмысшы палубада қуаты 1100 кВт үш генератор, өнімділігі 56,6 м
3
/мин алты 
компрссор, 150 адамға арналған қосалқы бөлшектер мен материалдар, тұрғын 
үй, екі цементтеуші агрегаттар, сыйымдылығы 475 м
3
сусымалы материалдар-
ды сақтауға арналған ыдыстар, 190 м
5
жуу сұйығын дайындайтын және айдай-
тын жүйелердің екі комплектісі, автоматты пісіру цехы және электроцех, жүк 
көтергіштігі 100 т кран, диаметрі 1067 мм 2135 қадалар секцияларына арналған 
қойма, құтқару жабдығы, тікұшақтарды жанармаймен қамтамасыз ету орны бар.
Аталған жабдықтар, материалдар және жай тұрғын бөлмелері 13 модульден 
тұрады, олардың жоғарғы бөлігін бұрғылау қондырғылары мен әрқайсысының 
жүк көтергіштігі 250 т екі кранға арналған алаңша (палуба) құрайды.
Моноблокты тез бекіту үшін, оны бағыттаушыларға ендірілген, тіректер 
айналасында орналасқан көп қадалармен бірге тасымалдайды. Моноблокты 
орнына орнатқаннан соң, 30 м тереңдікке диаметрі 1372 мм алғашқы қадалар 
қағылды. Қағылған 42 қаданың 13-ін жобадағы тереңдікке жеткізіп қаға ал-
мады. Қатуды жеңілдету үшін ұңғылар бұрғыланды, содан кейін қадалар 
жобадағы тереңдікке дейін қағылды. Сонан кейін, диаметрі 1372 мм алғашқы 
34 қадалардың ішінен теңіз түбінен төмен, 149 м тереңдікке дейін диаметрі 
1219 мм ұңғылар бұрғыланды және оларға диаметрі 1076 мм ендірілетін 
қадалар түсіріліп, цементтелінді. Жүк көтергіштігі 100 т тұрақты кранды 
платформаға жеткізілген жүктерді тиеп-түсіру үшін қолданды.


271
10.24-сурет. Құрамды моноблокты орнату үлгісі
а – екі секциялы; б – үш секциялы
Қадалар алты компрессордан қызған ауаның көмегімен жұмыс істейтін, 
қуаты 414,76 кН.м балға арқылы қағылды. Көп тұщы суды керек ететін бу 
қазанының орнына компрессорларды қолдану отынды 4 есе азайтты. Бір 
балғаға қажетті ауа шығыны 158,6 м
3
/мин. Қадаларға берілетін соғу күші ар-
найы автоматты құрылғымен реттелді. Бұрғылауға арналған екі қондырғы 


272
– көтергіштігі 25,4 т, тік бағыттан көлбеу ауытқуы 15°-қа дейін реттелетін 
діңгекпен, қуаты 7352 кВт лебедкамен, өту тесігінің диаметрі 1257 мм ро-
тормен, диаметрі 340 мм құбырларды және бұрғылау құбырларын тартудың 
автоматтық жүйесімен жабдықталған.
Қадаларға арналған ұңғылар кері жуумен қазылды, ол ұңғы оқпанының ең 
аз эрозиясын қамтамасыз етті. Қадаларды бекіту үшін тығыздығы 1680 кг/м
3
суға араласқан цемент пен гильсонит қоспасы қолданылды. Қадаларды төменгі 
шетіне, цемент қоспасының сақиналы кеңістіктен қаданың ішіне кіруін болдыр-
майтын кері клапан қойылды. Цементтің ұстасу мерзімі 18 сағат. Қада бұл кез-
де өз салмағымен бұрғылау қондырғысында ұсталып тұрды. Қадаларды қағуды 
есептегенде толқындық теория кеңінен қолданылады. Ол жыныс негізінің си-
паттамасы белгілі болғанда, қадаларды жобалық тереңдікке қағу үшін қажет 
балғаның соққылау санын есептеуге мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет